» » Әскер әліміз-армия абыройымыз

 
 
 

Әскер әліміз-армия абыройымыз

Автор: admin от 15-02-2017, 03:34, посмотрело: 992

0

 

 

Рухы күшті ел - алынбайтын қамал

Жүргізуші: Кеш жарық, ардақты азаматтар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай

сезім мен нұр құйып, 7 мамыр – Қазақстан Қарулы күштер мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.

Жүргізуші:        Жүрекке адалдықтың ескен гүлін

Ғажайып келешектің төккен үнін

Ардақты ағаларға шын көңілден

Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.

 Жүргізуші:   Құрметті азаматтар, біздің мектептің ұстаздары, жігіттер!

Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз!

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

Жүргізуші:   Туым-теңдігім,

Елтаңба –елдігім,

Әнұраным-айбыным!-демекші, тәуелсіз еліміздің көк байрағы, елтаңбасы мен әнұраны бар.

Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,

Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.

Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп

Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалады.

Жүргізуші: Жете бер аңсап күткен тілегіңе,

Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.

Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,

Алды бол қатарыңның бұл өмірде,

- деп мектеп директоры Мұғалбеков Жаңабай ағай, Қытайбеков Төлеп ағай, оқу-ісінің меңгерушісі  Қасымбеков Әбубакір ағай, тәрбие ісінің меңгерушісі Тлеубаев Зиябек ағай, алғашқы әскери дайындық пәнінің  мұғалімі Кенжеханов Бауыржан ағай, құқық пәнінің мұғалімі Байбаков Еркін ағай, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мейірбеков Қошетер ағайлар сіздерді бүгінгі айтулы мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Жүргізуші: Армысыздар, кешіміздің асылдары,

 Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.

 Сіздер үшін ән мен жыр, өлең мен күй,

 Сіздер үшін алуан өнер шашулары –

дей отырып ендігі кезекті әдеби монтаж.

Нұрсауле,  Ақнұр, Бақытжамал, Ұлжалғас

 

Жүргізуші:  Әр адамның өмірдегі ең қымбаты – елі, жері, Отаны. Отан – ана.

«Отан үшін отқа түссең күймейсің, суға түссең де батпайсың» Отан сенің қорғанышың. Ал біздің Отан – Қазақстан. Қазақстанның жері қаншалықты ұлан – байтақ. Қазақстан –көп ұлтты ел.

Жүргізуші:  Қазақстан өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар құдіретті жер.Қазаққа тән ата- бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат, ұлтшылдық қасиеттер мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жеткен. Қазақстан Республикасы тәуелсіз, еркін ел-дей отырып ендігі кезекте жас өркендердің әдеби монтажына кезек береміз.

 

Ұлан, Құрбанбек, Ыдырыс

Жүргізуші:   Ардақтаймын Отанымды ардақтаймын,

   Әрқашанда елімді мен жақтаймын.

    Елімнің сәндеп тұрған кең даласын,

    Ешқашан жауымызға алдыртпаймын.

Жүргізуші:  Еркіндік басты сөзі ұланымыз,

   Тәуелсіз біз қазақтың қыранымыз.

   Әрқашанда отан үшін біз дайынбыз

                       Елім деп айтылады  жыр әніміз – келесі кезекте 4-сынып оқушысы .................................................  «Жаса, Қазақстан!» әнімен қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:   Абылай сынды ақылгөй ханы бар, қазақта қара қылды қақ жарған үш кемеңгер билері – Төле би, Қазыбек, Әйтеке билердің шешендік сөз үлгілеріне құлақ салайық.

Жүргізуші:   Атадан жақсы ұл туса,

   Елінің туы болады.

   Атадан жаман ұл туса,

   Көшінің соңы болады                            Қазыбек би

Жүргізуші:  Уа, халқым!

Көсіле шабар жерің бар!

Ту көтерген елің бар.

Атадан қалған сара жолың бар,

Сөз қадірін біліңдер.                                  Төле би

Жүргізуші:  Отанын сүюді Бауыржан Момышұлындай өнеге етіп қалдырған басқа қаламгер жоқ.

Жүргізуші:  Ол «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгісі.

Жүргізуші:  Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткен!

Жүргізуші:  Отан үшін отқа түс – күймейсің.

Жүргізуші:   Опасызда Отан жоқ.

Жүргізуші:  Елсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды» дейді.

Ендігі кезекте батыр Бауыржан атамыздың қанағат сөздерінен.

Жүргізуші: Ата-бабамыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті алдық.Ендігі мәселе – соны ертеңге жеткізу, келесі ұрпаққа, болашаққа Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау.

Жас ұландарымыздың ант тапсыру рәсімін тамашалаңыздар.

Жүргізуші:  Ел – халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады.

Жүргізуші: Кешіміз өтіп жатыр салтаннатты

Төгілген күн нұрының шапағаты.

Ортада биші қыздар би билейді,

Халайық қол соғыңыз мархабатты.

  Алдарыңызда 10-сынып қыздарының  «Сарбаздар» биі тамашалаңыздар.

 

Жүргізуші:  1979-1989 жылдар арлығында болған Ауған соғысында ауылымыздың абзал азаматы Сұлтанбаев Ержан Серікбайұлы қатсқан еді.Сол Ауған жерінде өз борышын адал атқарып аулымызғы аман-есен оралды.

Ержан ағамызға арнаған Жібектің жүрек жарды лебізін тыңдаңыздар.

 

Жүргізуші: Бәрімізде ұстаздан тәлім-тәрбие аламыз. Ал патриоттық тәрбиені кеңінен насиқаттап жүрген мектебіміздің әскери-жетекшісі Бауыржан ағайдың еңбегін айтып өтпесек болмас.

Мектебімізде аикидо үйірмесін ашып жас буындарға тәлім берді.

Мектеп жігіттерін бірнеше  жылдан бері оқу дала жаттығу  жұмыстарына апарып мақтау қағаздарымен мараптталып келуде.

Жүргізуші:  Отан дейміз от жаққан жерімізді

           Отан дейміз өсірген елімізді

           Отан дейміз туған жер, атамекен

            Биік тау, орман-тоғай көлімізді-

дей отырып ендігі кезекте ән  «Атамекен»

Жүргізуші: Арыстандай айбатты

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты

                     Мен жастарға сенемін!- деп Мағжан Жұмабаев жырлағандай, жастардың жүрегінен жалын, көзінен нұр ұшқындап тұрсын!

Жүргізуші: Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.