» Материалы за Ноябрь 2018 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Ұстаздар мерекесі

Автор: admin от 8-11-2018, 04:49, посмотрело: 2534

61
Ұстаздар мерекесі
Ұстаздар мерекесі
Ұстаздар мерекесі
Ұстаздар мерекесі
Ұстаздар мерекесі
Ұстаздар мерекесі

Категория: Галерея

 

Алғашқы қоңырау

Автор: admin от 8-11-2018, 04:47, посмотрело: 1195

1
Алғашқы қоңырау
Алғашқы қоңырау
Алғашқы қоңырау
Алғашқы қоңырау
Алғашқы қоңырау
Алғашқы қоңырау

Категория: Галерея

 

Мектепішілік семинар

Автор: admin от 8-11-2018, 04:46, посмотрело: 893

1
Мектепішілік семинар

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Сынып дарабозы

Автор: admin от 5-11-2018, 05:12, посмотрело: 1276

1 Тақырыбы: Сынып дарабозы

Мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ой - өрісін іс - жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бір - бірімен достық, ынтымақтастықта болуға, бір - бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу. Табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.

3 «А» сыныбында өткелі отырған «Сынып дарабозы» интеллектуалдық сайысқа қош келдіңіздер! Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!

Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар. – деген Жүсіп Баласағұн.

Қазір біз, балалар, осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, өнерімізді, білімімізді саралап, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
Сайысқа төрелік ететін мұғалімдер:

Алдымен оқушылар номерлерді алып, қатарға тұрады. 1. 2 3 4 дегендей

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»
«Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.» - дей келе сайысымыздың кезеңдерін таныстырып өтейін.

І. Бәйге.
ІІ кезең ” Тапқыр болсаң ұтып көр”
III кезең «Кім жылдам?»
IY кезең Тіл - өнер.
Y кезең. Жорға.

«Бәйге» кезеңнің шарты: Сұрақтар тест түрінде беріледі. Сұрақтар төрт жауаптың біреуін таңдап, таңдаған нұсқаның нөмірін қағазға жазып белгілейміз.. /30 сек. уақыт беріледі/. Бастаймыз. Әр дұрыс жауапқа 3 ұпай беріледі.

Бәйге. І кезең. Тест
1. Қазақтың тұңғыш ағартушы ұстазы, қазақ хрестоматиясын жазған.
А) Абай Құнанбаев Ә) Ахмет Байтұрсынов
Б) Ыбырай Алтынсарин * В) Сакен Сейфуллин
2. Күздің үшінші айы
А) Қазан Ә) Қараша * Б) Желтоқсан В) Қаңтар
3. Қандай құс бейбітшілік белгісі, хат тасушысы атанған?
А) қарлығаш Ә) қыран, бүркіт Б) көгершін * В) торғай
4. Қазақ тілінде неше әріп бар?
А) 43 әріп 2 таңба Ә) 52 әріп 2 таңба Б) 40 әріп 4 таңба В) 40 әріп 2 таңба
5. Барлық қабырғалары тең фигура қалай аталады?
А) үшбұрыш Ә) төртбұрыш Б) шаршы * В) тіктөртбұрыш
6. 1 - 10 арасында қанша жұп сан бар?
А) 4 Ә) 10 Б) 5 В) 6

Бұл кезеңде сендер таңдап алған нөмір бойынша сұраққа жауап бересіңдер. Сұраққа тез, жылдам жауап қайтару керек. Әркім өз сұрағына өзі жауап береді. Басқа оқушыларға жауап беруге болмайды. . Әр дұрыс жауапқа ұпай беріледі.

«Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.» - деп келесі «Тапқыр болсаң ұтып көр» кезеңін бастаймыз.

ІІ кезең ” Тапқыр болсаң ұтып көр”
Әр оқушы ұяшықтан таңдайды. Ұяшықтың артында сұрақтар берілген, сіздер соған жауап берулеріңіз тиіс.
1. Көне заттарды сақтайтын орын (мұражай)
2. Мұсылман діні (ислам)
3. Үш кемеңгер би (Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би)
4. Қалталы жануарлар елі (Австралия)
5. Ахмет Яссауи мазары қай қалада? (Түркістан)
6. Аспан денелерінің ішінде Ай үлкен бе, Жер үлкен бе? (Жер)
7. Абай Құнанбаев кім? (ақын).
8. Табиғат деген не? (айналаны қоршап тұрған дүние).
9. Кез - келген фигураның периметрін қалай табады? (барлық қабырғала - рының ұзындықтарын қосу арқылы)
10. Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар, ақпан).
11. Өлі табиғатқа не жатады? (тау, тас, т. б.).
12. Құрбақа қыста не жейді? /ештеңе/
13. Бүлдіргенді жақсы көретін аң. \Аю\
14. 7 дм неше см бар? /70см/

III кезең «Кім жылдам?»
«Ең қиыны жарыстың «Кім жылдам» келді
Мықтылары келіпті жеңсін енді.
Тез жауап бер, ойланып тұрып қалмай,» - деп келесі кезеңді бастаймыз. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі.

1Әліппенің атасы кім?
2. Ғылым таппай мақтанба өлеңінің авторы кім?
3. 1 дм-де неше см бар?
4.Табиғат нешеге бөлінеді?
5. Зат есім деген не?
6.Үш биді атап бер.
7.Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
8. Еліміздің рәміздерін ата
9. Мен қызық кітап оқыдым сөйлеміндегі зат есімді тап

10. Дауыссыз дыбы нешеге бөлінеді?
11.Жылт-жылт еткен,
Жылғадан өткен. Бұл не?
12. Ы.Алтынсарин қандай өлең жазған?
13.Еліміздің астанасы қай қала?
14. Қазақстан Республикасының Туының авторы кім?
15. 20*30 көбейткенде неше болады?
16. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
17.Жалқы есім деген не?
18. Тәуелсіздік күні қай күн?
19.7 атаны атап бер.
20. 8 наурыз –қандай мереке?
21. Жабайы аңдарды атап бер?
22. Өлі табиғатқа не жатады?
23.Мәтіннің қандай түрлері бар?
24. Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан кім?

Көрермендерге сұрақтар:

1. Кім барлық тілде сөйлейді? /жаңғырық/
2. Жаңылмастан жетеуі
Кезек қызмет етеді. /Апта күндері/
3. Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын.
Ең қажетті құралмын.
Білсеңдер, қане айтыңдар? /Тышқан/
4. Жердің табиғи серігі (Ай)
5. Он екі ақ парақ -
Он екі ақ қанат,
Жауабы әсем - ақ,
Сызылған тақталап /дәптер/
6. Тебеннің ұшы түйір,
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр - шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. /қалам/
7. Дүниеге тұмсықсыз - ақ келеді,
Дегенменен тұмсығынан өледі /қарындаш/
8. Ол - оқушы құралы,
Қатеңді түзетіп тұрады /өшіргіш/
9. Бұрыштың түрлері? /доғал, сүйір, тік, жазыңқы/
11. Математикалық төрт амал? / +-*/
12. Ұзындықты өлшейтін құрал? /сызғыш/

13. Тісі түскен адам (кетік)
14. 1кг неше грамм бар? 1000 грамм
15. Жүз жылдың басқаша атауы? /ғасыр/

IY кезең. Тіл - өнер. 3 тілде
«Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие білім табар мән.
Бұл бәйге, ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда» - дегендей «Тіл - өнер» сайыс деп аталады.
Бұл кезеңде берілген сұрақтардағы көп нүктенің орнындағы сөзді тауып, оны екі тілге аударамыз. Орысша, ағылшынша. Жауабын дұрыс тапса 10 ұпай, орыс тіліндегі аудармасы дұрыс болса 20 ұпай, ағылшын тіліндегі аудармасы дұрыс болса, 30 ұпай беріледі. Ұяшық нөмірін таңдайсыңдар.

1. Жұт... ағайынды / Жеті - семь - seven/
2. Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді /қалам - ручка - pen/
3. Екі қолға... күрек /бір - один - one/
4. Кімнің баласы болма,
Адамның баласы бол /атаның – дедушка – grandfather/
5. Өнер алды қандай жол? /қызыл – красный - red/
6. Мысыққа ойын керек,
... өмір керек /тышқан – мышь – mause/
7. Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен /кітап – книга - book/
8. Жылт – жылт етеді
Жылғадан өтеді /су – вода – water/
9. Батыр туса – ел ырысы,
... жауса жер ырысы. /жаңбыр – дождь – rain/

«Көңілді, тапқырлар, білгіштер
Бар өнерін аларыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса, егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.» - деп соңғы кезеңді бастаймыз.
Бұл кезеңде тақырып және соған сәйкес ұпай санын таңдайсыңдар. Ұпайларға сәйкес сұрақтар бар, соған жауап бересіңдер. Жауап қате болса, онда келесі ойыншы жауап береді.

Y кезең. Жорға. Тақырып таңдау.
Ертегілер елінде 20 30 40
1001 мақал 101 жұмбақ 20 30 40
Қызықты математика 20 30 40
1. Ертегілер елінде.
20 ұпай: Мақта қыз бен мысық
30 ұпай: Мыстан кемпір
40 ұпай: Тазша бала
2. 1001 мақал, 101 жұмбақ
20 ұпай: /досың/
30 ұпай: / кітап/
40 ұпай: /көз қорқақ, қол батыр/
3. Қызықты математика
20 ұпай: /630/
30 ұпай: /1000/
40 ұпай: /Түйеқұс ұшпайды /
Осы сайыстан кейін жеңімпаз анықталады.
Келесі кезекті әділқазыларға береміз.
Болашақтың іргесін қалайтын,
Қазақстанның мерейін көтеретін азамат пен азаматшалар сендерсіңдер.
Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.
Сендерге әрдайым биік белестер тілейміз! – деген ризалық сөзбен сабақ аяқталады.

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Біздің айналамыздағы ақпарат

Автор: admin от 1-11-2018, 01:09, посмотрело: 1314

0 Пән: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Орта мерзімді жоспар бөлімі:
"Тірі табиғат"
Күні:
Сынып: 3-сынып Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны: 26
Қатыспағандар саны: 0
Сабақ тақырыбы Біздің айналамыздағы ақпарат
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме) 3.1.1.1 енгізу (тінтуір пернетақта) және шығару құрылғыларын
(монитор мен принтер) ажырату;
3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру;
Сабақ мақсаттары Барлық білім алушылар үшін:
Сезім мүшелерінің қызметімен қоршаған әлемнен қабылдаған
ақпараттарды түрлері бойынша ажыратады.
Көптеген білім алушылар үшін:
Ақпаратты қабылдауда сезім мүшелерінің қызметін
түсіндіреді.
Кейбір білім алушылар үшін:
Ақпаратты қабылдайтын сезім мүшелерінің қызметінің
маңыздылығына дәлелді мысал келтіреді
Бағалау критерийлері - айналадағы қоршаған ортадан түрлі ақпарат көздерін қабылдауды біледі;
- сезім мүшелерінің қызметін түрлі ақпаратты ажырату үшін қолдана алады;
- ақпараттың берілуі бойынша түрлерін ажырата алады.
Тілдік мақсаттар Білім алушылар орындай алады:
Пәндік лексика және терминология: ақпарат, хабар, ақпарат
түрлері, ақпарат көздері, ақпаратты қабылдау, ақпараттың
берілуі.
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар
топтамасы
Талқылау:
- адамдар үшін ақпаратты қабылдау немесе беру не үшін
қажет?
- неліктен ақпараттың берілу түрлері әртүрлі?
- сезім мүшелері арқылы ақпаратты қабылдау ерекшелігін
қалай түсіндірер едіңіздер?
Жазу:
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.
Тірек білім, білік, дағдылар
«ақпарат» ұғымы, сезім мүшелерінің қызметі
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар Ауа райы, жыл мезгілі туралы әдебиеттік оқу пәнінен алған білімдерін қолданады.
АКТ қолдану дағдылары Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;
Ресурстар Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б
Бастапқы білім Компьютер және программалар
Сабақтың барысы
Сабақтың
жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы Сергіту жаттығуы
«Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін атап, қалай өсіп келе жатқандарын айтады.
Мыс: Мен Балнұр, балдай тәтті үйдің еркесімін. Мен Асқар, барлығынан біліміммен барлығынан асып түссем деймін т.б.
«Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік,сенімділік,рахаттану,алаңдау)
Жаңа топ құру.
Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.
1-топ «Сары кәмпиттер»
2-топ «Көк кәмпиттер»
3-топ «Қызыл кәмпиттер»
Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты,дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
Оқу мақсатын таныстыру
Күтілетін нәтижені анықтау

«Мен ақылды баламын» сергіту жаттығуы.

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,
толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Сабақтың ортасы Ширату тапсырмасы.
Миға шабуыл сұрақтарымен жұмыс жасау.
Ақпарат алмасу не үшін қажет?
Сынып, аула, отбасы және басқа да қоршаған ортадан қандай
ақпарат алуға болады?
Сөйлесуден басқа ақпарат алмасудың қандай түрлерін
білесіңдер?
Топтық тапсырма: Кесте толтыру.
Ақпаратты
қайдан
аламыз? Ақпаратты кімнен
аламыз? Ақпарат
алу көздері

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.
Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)
Сұрақ: - адамдар үшін ақпаратты қабылдау немесе беру не үшін қажет?
Оқулықпен жұмыс: Мұғалім «Жаңа білім» «Есіңде сақта»
айдарларына түсіндірме береді.
Түйінді сөздерге талдау жүргізу.
Топтық жұмыс: «Ақпараттың берілу түрлері» 1-сурет
бойынша білім алушылар ақпарат түрлеріне ойдан мысалдар құрастырады.
Жұптық жұмыс:
Айналаңнан бір затты алып, зертте. «Зат атауы?», «Қандай
ақпарат береді?», «Зерттеуде қай
сезім мүшесін көбірек пайдалануға болады?»
«Неліктен?» сұрақтарына жауап іздеп, пікіріңді жұбыңмен бөліс
Топтық жұмыс: Қоршаған ортадан (орманда, тауда, шөл
далада, теңіз жағасында, жайлауда) адамға ақпараттың
берілуін және қабылдауын қалай түсіндірер едіңдер? Қандай
сезім мүшесі бәрінен артық ақпарат қабылдайтынын
дәлелде.
Дескриптор:
айналадағы қоршаған ортадан түрлі ақпарат көздерін қабылдауды біледі;
- сезім мүшелерінің қызметін түрлі ақпаратты ажырату үшін қолдана алады;
- ақпараттың берілуі бойынша түрлерін ажырата алады.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Белсенді оқу тапсырмалары.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Сергіту сәті
«Жақсылық тамшысы» Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді. Оқушылар сергіту сәтін жасайды.
Сабақтың соңы Жаңа білім мен тәжірибені қолдану
Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»
Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалары орындау
Электронды қосымшамен жұмыс
ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
Оқушыларға«Нысана»кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейд

Оқулықтағы қосымша тапсырмалар.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

«Нысана» кері байланыс парағы
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген
кезеңінде қолданыла алады. Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылат ын
Қауіпсіздік техникасы
ережелерінің тармақтары.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да
ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың
жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу
қажет?

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Алғашқы қоңырау

Автор: admin от 1-11-2018, 00:39, посмотрело: 1081

1 «Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2018-2019 оқу жылындағы 1 қыркүйек Білім күніне арналған «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынының бағдарламасы.

1.Оқушыларды сапқа тұрғызу

2. Қонақтардың орналасуы

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын шығару.

4. Салтанатты жиынды ашу, мектеп директорына сөз беру

5.Әнұран шырқалады.

6. Құттықтау сөз (қонақ, ата-ана,ұстаз)

7. Ән жолданады.

8. 1- сынып оқушыларының әдеби монтажы

9. Салтанатты жиынның жабылуы.

10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын шығару

11..Алғашқы қоңырау қағылады.

12.. Салтанатты жиынды жабу үшін мектеп директорына сөз беріледі.

13. Әнұран шырқалады.

Жүргізуші:

Алтын шапақ шашыратып көгінен,
Күз кеп жетті сағыныштан сезіммен.
Балапандай ұясына асыққан,
Шәкіріттерін шаттандырып сеніммен.

1 қыркүйек - Білім күні мерекесіне арналған «Қазақстаным- жүрегім, Түркістаным- тірегім!» атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер! Құрметті ұстаздар , ата-аналар, оқушылар! Барлықтарыңызды бүгінгі 1 қыркүйек- Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз ! Құттықтай отырып зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан , бейбітшілік пен ынтымақтастық тілейміз Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын. Бүгінгі алғашқы қоңырау мерекесіне арналған
«Қазақстаным- жүрегім, Түркістаным- тірегім» атты салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз.
Түркістан (қаз. — Қазақстандағы қала, Түркістан облысының әкімшілік орталығы. Түркістан – V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған. Есім ханнанбастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. ХІV ғасырда Ақсақ Темір іргетасын қалаған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бар.
Мағжан ақын «ер түріктің бесігі» деп жырға қосқан Түркістанның облыс орталығы болуын да ерекше атап өткен жөн. Бұны тек түркістандықтар үшін ғана емес, тұтас қазақ халқы үшін аса маңызды оқиғалардың бірі деп білемін. Себебі, осыған дейін рухани астанамыз ретінде аталып келген қалаға енді білдей бір облыстың жүгі жүктеліп отыр. Бұл, әрине, қаланың өсіп-өркендеуіне оң әсерін тигізетін игілікті іс. Соның арқасында кеше күллі түркі әлемінің алтын ордасы болған Түркістанның қайтадан түлеп, түрленетін, тәуелсіздік тұғырының биіктей түсуіне өзіндік үлес қосатын кезең туып отыр.
«Осындай басымдықтарды ескеріп, Елбасының Шымкентке республикалық маңыз беріп, Түркістанды облыс орталығы ретінде қайта құруын тарихи әрі әділ шешім деп есептейміз. Бұл тек екі қала халқына ғана емес, барша оңтүстік жұртына жүктелген зор жауапкершілік. Осыған орай Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындарын тарихи оқиғамен шын жүректен құттықтай отырып, өңірдің одан әрі өсіп-өркендеуіне тілектестігімді білдіреміз.

Жүргізуші:

Туым- теңдігім,
Елтаңбам-елдігім,
Әнұраным –айбыным!
Тәуелсіз еліміздің көк байрағын, елтаңбасын, әнұранын асқақтатып қадірлей білейік ағайын!
Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,
Қазағым сен қашанда тұғырдасың!- деген жыр жолдарымен Қазақстан Республикасының мемлекеттің Туына назар салайық!
(Ту көтеріледі)

Жүргізуші:
Таусылмасын жүректе асқақ әнім,
Тек биікте самғатам жыр қыранын.
Азатпыз, Тәуелсізбіз, Еркінбіз деп
Шырқайық ұлы Отанның әнұранын!
(Барлығы: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындайды.)

Жүргізуші:

«Қазақстаным- жүрегім, Түркістаным- тірегім» мерекесін салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Мұғалбеков Жаңабай Дербісұлына ұсынамыз.

Жүргізуші:
Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,
Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.
Қуаныш пен салтанатты шақтарда
Қонақтар да ақ тілегін ақтарар.
Сөз кезегі қадірменді қонақтарда.
( қонақтарға сөз беріледі)

Сіздердің құрметтеріңізге, ақ тілектеріңізге арнап 11 сынып оқушылары Илесбек Арайлым мен Төлбас Аяжан «Аяулы мектебім» әнін жолдайды, қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:
Өмірдің бейбіт бағы гүл,
Асудан асып асқарлы
Мінекей биыл тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды.
Шаттықпен шалқып толғана
Ой толқытқан жүрегін
Өмірге алмақ жолдама
Сыр шертсін енді түлегің

Он бірінші сынып оқушыларының әдеби монтажына құлақ түріңіздер.
ЖАЗИРА
Кеше ғана аттаған,
Мектеп табалдырығын
Бүлдіршін едік бастаған
Ақ бантикті тұлымың

Иә, кеше, кеше еді,
Сәби едік балдырған
Азамат болып көшелі,
Табылмақпыз сан қырдан

Сусындап білім нұрына
Өткеріппіз он жылды
Қанығып өмір қырына,
Зердеге түйдік мол сырды.

БЕК
Оқыған әпке, ағаңыз,
Қадірлі мектеп – бұл мектеп.
Сендердей біз де болғанбыз,
Есейдік, міне, қараңыз.
Құт болып алғаш қадамың,
Жағарсың білім шырағын.
Биылғы жыл ерекше, Ұғарсың оның шын мәнін.

АРАЙЛЫМ
Құттықтап білім күнімен,
Сыйланар сізге әліппе.
Бар білімнің бастауы,
Қадірлеп оны дәріпте.

ЖАНАТ
Ақыл білім көп бердің,
Анамдайсың мектебім.
Сенде өсіп көктедім,
Сенсің өмір көктемім.
Алғыстарым көп менің,
Асыл анам мектебім!

Жүргізуші:
Егемен елдің төсінде,
Шуағын шашсын арай ,күн
Азамат болып өсіңдер,
Қызыға жұрттар қарайтын.

Сіздердің құрметтеріңізге арнап 11 сынып оқушыларының «Мектеп вальсін» қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Біреулер енші ап өмірден,
Аттанбақ болса асып қыр
Біреулер балғын көңілмен
Алғашқы қадам басып тұр
Сондықтан да назарды,
Солар жаққа бұрайық
Балдырғандарды базарлы
Қарсы алып, қол ұрайық.

Жүргізуші:
Айқара ашқан есігін
Қайнары білім нұрының
Мектебің – алтын бесігің
Жылы ұяң, міне сыныбың
Қаламсап алып қолыңа,
Достасарсың да әріппен
Шуағын себер жолыңа,
Жан серігің - әліппең – дей келе, бүгінгі мектеп
табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып
оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тілейміз.

Жүргізуші:
Халқымыз “Ата-баба дәстүрі- асыл мұра” дегендей “Бала- бауыр
етім” деп баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әрбір
қадамына қуанып, шілдехана, бесік той, тұсау кесер, сияқты тойларын жасаған. Ал бүгінгі тойымыз бүлдіршіндердің 6-ға келіп, 1- сыныпқа қабылданып ,“Алғашқы қоңырау мерекесіне қатысу сәті.
Бұл той- баланың бал дәурен шағымен қоштасып, білімге
талпынған қадамы.

Құрметті халайық, олай болса, оқушыларымыздың тойын бастауға
рұқсат етіңіздер!
(1-сынып оқушыларының әдеби монтаждары, өлеңдері тыңдалады,
өнерлері тамашаланды)

Музыка әуенімен ойнап келе жатқан балалар дауысы естіледі. Осы кезде 2-3 балдырған (қолдарында добы, қуыршағы, машинасы бар) өзара таласып келіп ортаға кіреді.

Жүргізуші: Ойын қуған, жүрген думан бұл кімдер?
Сылдыраған балаң тілмен естіледі бір үндер.

1-балдырған: Мамам айтқан күзде мектепке барасың деп,
Көп-көп оқу құралдарын аласың деп.

2-балдырған: Онда мына машинаңды неге тастамайсың?
Сен әлі еш нәрсені түсінбейтін кішкентайсың.

3-балдырған: Жоқ, ол жетіге толды,
Үлкен бала болды.
Мына қуыршақты, машинаны
Бөпесіне сыйлайтын болдық.

Балалар ойыншықтарын бөпелеріне береді. Осы арада мектепке бара жатқан 2-сынып оқушылары ортаға келіп қосылады.

2-сынып оқушысы: Балалар, мектепке бармайсыңдар ма?

1- Балдырған: Мектеп.Мектеп деген ол не өзі?
Оның бар ма мұрны, аузы, көзі?

2-сынып оқушысы: Мектеп – ол үлкен орда,
Оқимын дегеннің бәрі сонда.

2- Балдырған: Онда не береді?
Менің де барғым келеді.

2-сынып оқушысы: Жетіге толсаң, ойын қумай бос текке,
Оқисың, әрине, сен де мектепте.

3- Балдырған: Мектептен үйрендің сен нені?
Көп пе оның сендерге бергені?

2-сынып оқушысы: Мектепте бәріміз білім аламыз,
Жан-жақты дамып өседі санамыз.
Біз секілді ағылшын тілін меңгересің,
Мектепте домбыра қағуды үйренесің,
Үйірмеде билегенде бір ғажайып күйге енесің.
Ән сабағына қатысып ән айтасың,
Интернетке кіріп жаңалықпен қайтасың.
Спорттың неше түрімен шынығасың,
Қарның ашса, асханада сусын ішіп тынығасың.
Бүгін 1- қыркүйек білімнің күні,
Сыңғырлайды мектепте қоңырау үні.
Мектебім мінеки, ақ ордам тым асқақ,
Ұстазым, достарым тұр әне қол бұлғап.
Жүріңдер, үңіліп мектептің сырына,
Шығайық біз бірге білімнің шыңына.

Жүргізуші: Қадамыңа гүл бітсін деп ал халқым,
Қол соғып бір қошеметтеп тұр жалпы.

Ортаға 1-сыныпқа қадам тастаған бүлдіршіндер келеді,
Жүрек жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді.

1-оқушы: Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің.

2-оқушы: Қуаныш бүгін – мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем.

3-оқушы: Бірінші қыркүйек күні мен
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем, қарсы алар мектебім
Сүйкімді қоңырау үнімен.

4-оқушы: Биыл мен де мектепке
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер, қаламым.

5-оқушы: Мектепке енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.

11 сынып оқушыларының атынан жас бүлдіршіндірімізге арналған сыйлықтарын тапсыруға рұқсат етіңіздер.

Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндерімізге сәттілік тілей отырып , 4 сынып оқушысы Керімбай Еркебұлан «Каникул» әнін жолдайды, қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:
Күтіп тұр, алда сан қызық,
Асулар асқар, неше сын
Кеудеңе үміт жанғызып,
Азамат болып өсесің.
Үміттің отын жандырған
Қызырдан болсын қолдаушың
Хош келіпсің, балдырған
Қадамдарыңа нұр жаусын!
Ұшталған үміт арманнан,
Таудай бір болсын талабың! – дей келе 11-сынып түлектерінің құрметіне Оразалы Дінмұхаммед пен Бектас Арайлымның “Мектебім” әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:
Жаңа оқу жылы құт болып,
Ізгілік оты жағылсын.
Бөбек пен түлек жұп болып,
Алғашқы қоңырау қағылсын – алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу үшін ортаға мектебімізден биыл түлеп ұшатын және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған оқушыларды шақырамыз.

(Бірінші және он бірінші сынып оқушылары қоңырау соғады)

Ендеше балғын балалықпен қоштасып, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1-сынып оқушылары мен алғашқы ұстаздарына қошеметпен қол соғып қояйық! Мектепке 1-сынып оқушылары мен ұстаздарын алғашқы білім күніне арналған сабаққа шақырамыз.

Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар – алғашқы қадамдарың құтты болсын, алтын ұя мектебіңде білім нәрімен сусындап, жарқын болашаққа сеніммен қараңдар.
Ақ жол, бүлдіршіндер!
Біліммен асып - тасайық
Тілеуін берсін көк көптің
Тілекпен осы ашайық
Есігін енді мектептің

Жүргізуші:
Осымен 1 қыркүйек білім күніне арналған «Қазақстаным- жүрегім, Түркістаным- тірегім» мерекесі өзі мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!

Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын! “Алғашқы қоңырау!” мерекесі 2018-2019 оқу жылының алғашқы сабағымен жалғасады.

Ақ жол сіздерге, мектеп оқушылары!

Категория: Мектеп дәстүрі