» Материалы за Май 2016 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Бітірушілерге тілек

Автор: admin от 12-05-2016, 07:15, посмотрело: 3606

5

Категория: Бітірушілерге

 

Ұрпақ тәрбиесі

Автор: admin от 12-05-2016, 07:09, посмотрело: 1135

0

Категория: Ата-аналарға

 

Жолда жүру ережелері

Автор: admin от 12-05-2016, 07:06, посмотрело: 1068

0
Жолда жүру ережесі
 
Тақырыбы: Жолда жүру ережесін білесің бе?
 
Мақсаты:

1) оқушыларға көше қатынасы ережелерін меңгерту;
2) жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру;
3) оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу.


Түрі: сайыс сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап
Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, плакатқа жазылған ескерту сөздер, макеттер, оқушылардың салған суреттері, сабақ интерактивті тақтада өтеді.
 
Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жол жүру ережесі заңды тәртіп -
Ол ортақ
Үлкен кіші баршамызға!
 
Сабақ барысы: Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Мақсатын ашып көрсету.
     Кіріспе сөз: Ең алғашқы автомобиль немесе өздігімен жүретін арбаны қарапайым шаруа адамы Леонтий Шамшуренков 1752 жылы ойлап тапқан.Оны арнаулы педальді басу арқылы жүргізуге болады.
       1764 жылы бу двигателі ойлап табылғаннан кейін автомобиль конструкциясы да күрделене берді. Техника дамыған сайын адам өміріне қауіп те көбейді. Осыған сәйкес жолдажүру ережелері енгізілді. Бұл жол белгілерінің еі ббелгілі түрі – бағдаршам.
        1868 жылы Лондон қаласында бағдаршамның семофор типтес түрі пайда болды. 1914 жылы АҚШ-та алғашқы электрлі бағдаршам пайда болды.
            Енді бүгінгі тақырып бойынша сынып оқушылары топқа бөлініп сайысқа шығады. Осы топтарды ортаға шақырайық.
Сайыс болған жерде әділ  бағасы берілу керек. Әділ бағаларын беру үшін  апайларымызды таныстырайық.
1. Маликова Қызтумас апай
2.Қазыбаева Нағима апай
 
Сайысымыздың шарттары мынадай:
І- «Бағдаршам» бекеті
ІІ- «Жол белгілері» бекеті
ІІІ- «Жүргізушіі» бекеті
ІҮ- «Қиылыстар» бекеті
Ү- «Өнер» сайысы
 
1-топ – «Бағдаршам»
2- топ – «Жол белгілері»
«Бағдаршам» Ұраны: Қызық жарық жанғанда
                                     Қалт тоқтай қал табанда.
                                    Сары шамы жағылса,
                                   Сақ абай бол  барынша.
                                  Жасыл шамы жол ашық,
                                  Зымырай бер бел асып.
Сәлемдеме: Данышпан ағалар қылған талап,
                    Жол бойын тұру үшін қадағалап.
                   Орнатып қойыпты олар бағдаршам,
                  Жүргіншілер өтсін деп соған қарап.
«Аялдама»   Ұраны: Тоқта, демал, аялда.
                                   Күтеді әлі жол алда.
 
Сәлемдеме: Жол бойында тұрады аялдама,
                    Жолаушыңды отырғыз аялда да.
                   Жүргізушіден жолаушы өтінеді,
                   Тоқтарсың деп аялдауға таялғанда.

І- «Бағдаршам» бекеті
("Бағдаршам" ойынына барлық оқушы топпен қатысады.)
Ойын жүргізушісі алдын ала дайындаған үш түсті көрсетіп, оқушылардың қаншалықты жинақы екенін байқайды.

Ойын шарты
1) Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын қозғалысқа келтіреді.
2) Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.
3) Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.
 
ІІ- «Жол белгілері» бекеті
Бұл кезеңде «Жол белгілері» берілген қағаздарды қиып тастап сол белгілерді құрастыру. Бұл шапшаңдық пен жылдамдықты қажет етеді
      
ІІІ- «Жүргізушіі» бекеті
Сұрақтарға жауап береміз
1 Жиек жол дегеніміз не? – Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
2 Жаяуға қай жермен жүруге болмайды? – Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
3 Мына белгі нені білдіреді? – Абайла! Балалар!
4 Қала көшелерінде қанша жасқа дейін велосипедпен жүруге болмайды? – Тек 14 жастан кейін ғана рұқсат етіледі.
5 Автобусқа қай есіктен кіріп, қай есіктен түседі? – Артқы есіктен мініп, алдыңғы есіктен түсу керек.
6 Мына көліктер қалай аталады? – Өрт сөндіру, жедел жәрдем.


ІҮ- «Қиылыстар» бекеті
Жұмбақтар шешу
1. Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып,
Тапшы мұны пысығым. ( жол)
 
2.Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)
 
3. Көліктің  қаншасын үстінен өткізген , 
Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)
 
 4.Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та , 
Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.(Бағдаршам) 
 
5.Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар, 
Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол) 
 
6.Өзі сөйлей білмейді, 
Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. («Бағдаршам») 
 
Ү- «Өнер» сайысы
Әр топ мүшелері өздері жол ережесіне байланысты көріністерін көрсетіп, әндерін айтады.
 
    Қорытынды. Ән.«Әрқашан күн сөбесін» аяқтау.
 
Айналайын абайла
Жан-жағыңа қарайла
 Жолда-жүру ережесін
 Есте сақта қалайда.
 Міне, балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білеміз. Жол рержесін әрқашан есте сақтау керек. Жол ережесін жақсы білсек өзімізді жол апатынан сақтаймыз. Ал  енді осы ережелерді әрқашан орындап, аман болайық!



 

Категория: Оқушыларға

 

Мектептегі іс-шаралар

Автор: admin от 12-05-2016, 06:01, посмотрело: 953

0

Изменил: admin

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Ғылыми жұмыс

Автор: admin от 12-05-2016, 00:28, посмотрело: 1254

0

«Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы:

Жержаңғақтың маңызы.

  

Авторы: Қылышбекова

Жаңылай Дәулетқызы

 

Бағыты: Адам денсаулығы және

  қоршаған ортаны қорғау

 

Жетекшісі: Мусаева Гүлсара

Уәлибекқызы

  

Оқушының аты-жөні:   Қылышбекова Жаңылай  Даулетқызы

Туылған күні, айы, жылы:  25.07.1999

Қатысатын үйірмесі: «Жас биолог»

Ғылыми жұмыстың тақырыбы:  Жержаңғақтың маңызы.

Бастаған жылы:  2013 жыл

Сыныбы:  9

Мақсаты: Ғылыми зерттеуге қызығушылығымды одан әрі дамытып,              

        биік шыңдардан көріну.

 

Ұраны: Біле бергім келеді, біле бергім

           Біле беру емес пе, тілегенім!

Мазмұны

І.Кіріспе..........................................................................................4

ІІ.Негізгі бөлім

2.1. Жержаңғақты өсіріп алу жолдары....................................................................6

2.2. Жержаңғақ майының пайдасы..........................................................................10

2.3. Жержаңғақтың адам  өміріндегі  маңызы........................................................11

2.4. Жержаңғақты қолдану.......................................................................................13

ІІІ.Қорытынды................................................................................15

ІV.Пайдаланған әдебиеттер............................................................................16

                                      

Кіріспе

Жержаңғақ (Arachіs) — бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Майлы дақыл. Оңтүстік Америкада 30-ға жуық түрі бар. Қазақстанда 18 ғ-дың соңында әкелінген A. hupogaea түрі өсіріледі. Жержаңғақ — ылғал және жылу сүйгіш, бір жылдық жаздық дақыл. Өсіп-өну кезеңі 120 — 150 күн. Биіктігі 25 — 75 см, түзу сабақты немесе төсемелі сабақты, бүйірінен өскен өркендері бар. Тамыр жүйесі мықты, тереңге (180 — 190 см) кетеді. Гүлі сары не сарғылт түсті, гүлшоғыры жапырақ қолтығында орналасқан. Жемісі 1 — 7 тұқымды бұршақ. Оның құрамында орта есеппен 42% май, 22% белок және 12% көмірсу бар. Әдетте, әр өсімдікте 600 — 700 жеміс болады. Гектарынан 9 ц-дей тұқым, 20 — 50 ц құрғақ шөп алынады. Жемісінен алынған майы тамаққа, кондитер өнеркәсібіндепайдаланылады. Сабағы мен жапырағы малға жемшөп. Жержаңғақ басқа бұршақ тұқымдастары сияқты жерді құнарландырады. Өсімдік ауруларымен және зиянкестерімен сирек зақымданады. Жержаңғақ Оңтүстік Қазақстан облысының суармалы аудандарында өсіріледі.

Жержаңғақтың отаны – бұл Оңтүстік Америка деп саналады. Шынымен де солай. Бірақ Еуропада ол Үндістаннан, болмаса Қытайдан пайда болған деседі. Айтпақшы, сондықтан да оған қытайлық жаңғақ деген атау дарыған. Шындықты айту керек, оны еуропалықтар бірден ұнатты, тек емес болып шықты! Жержаңғақтың үш жартысы протеиндер.

Бұл дәмді жеміс жібектік пілләға ұқсайтын арнайы қорғаныс қорабында болады. олар ақтүйнектер сияқты жер астында піседі.

 Зерттеудің мақсаты мен міндеттері

         Осы ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты жержаңғақтың биологиялық  ерекшеліктерін  зерттеу.

         Тіршілік процесіндегі өсімділігін және әдемілігін сонымен бірге өсімдіктің шипалығын анықтау.

Жержаңғақ өсімдігінің тағамдық, емдік, сәндік қасиеті жайлы толық мағлұмат алу.

Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады.

-             ғылыми әдебиеттерге  шолу, мәлімет   жинақтау

 жержаңғақтың өсірілуі, мерзімінің және мөлшерінің оның өнгіштігіне және көшеттерінің өсірілуі.

өскіндердің биологиясын және морфологиясын анықтау.

 жержаңғақтың өсуінің ерекшеліктерін анықтау.

 жержаңғақтың табиғаттағы және адам өміріндегі пайдасын анықтау жолдары.

Зеттеудің  әдістемесі

Мен  ауылымда    өсірілген жержаңғақ жөнінде мәліметтерді  жинақтап, тәжірибе   жүргіздім.

Зерттеудің  теориялығы және   практикалығы: Зерттейтін  жержаңғақты  жөнінде мектеп   кітапханасынан, ғаламтордан  мәліметтер  жинақтадым.

Бақылайтыным:Жержаңғақты  фотосуретке түсіріп, оның  шығу   тегін, адам үшін  пайдасы  жөнінде мәліметтер  жинақтадым.

 Жержаңғақты өсіріп алу жолдары

        Мен жержаңғақты  ғылыми жұмысқа  алғаным жержаңғақты ағам бізге үйде ашытып, ішінен дәнін алдырды. Сол кезден бастап жержаңғаққа қызықтым. Жержаңғақты көктемде егеді. Ол 150-180 күнде піседі. Жазда 3-4 рет суғарады. Дәні жердің астында піседі. Сары гүлдері болады. Тармырында 25-30 шақты жержаңғақ дәндері болады. Ол күзде піседі, оны  трактормен жерден қазады. Сосын қазған  жержаңғақты топырақтан ажыратады,оны күнге кептіреді. Кепкен шөпті төсенішке ұрады. Дәнін бір бөлек алып, шөбін мал азығы ретінде қолданылады. Жержаңғақты үйде де қуырып, жеп отырамыз.

Суретте менің істеген жұмыстары көрініп тұр. (Видиосымен)

 Жержаңғақ майының пайдасы.

Жержаңғақ дәмді ғана емес, пайдалы да тағам. Оның құрамында бірігей амин қышқылдары, A, D, E, В1, В2, РР, Е дәрумендері, биотин, қанықпаған лионол қышқылы, өсімдік майлары, темір, кальций, натрий сияқты микроэлементтер бар. Жержаңғақ құрамындағы белоктар амин қышқылдарының аса оңтайлы қатынаста болуымен сипатталады, сондықтан олар адам ағзасына жақсы сіңеді. Жержаңғақта жасушалардың өсуіне және жаңаруына оң ықпал ететін фолий қышқылы мол. Нағыз қазынасы – бұл ақуыздар. Олар магний, темір, калий сияқты минералды заттармен керемет сіңіріледі, мұның барлығы жержаңғақ құрамында көп. Сонымен қатар сіңірілуіне амин қышқылдары мен В тобының дәрумендері, С және РР дәрумендері ықпал етеді.  

Жержаңғақ дәнінде 50% жуық май және 30% жуық белок, ағзаға қажетті дәрумендер мен  микроэлементтердің көпшілігі бар.  Жержаңғақ құрамындағы майлы қышқылдардың 80% қанықпаған, олады пайдалану қандағы  холестерин мөлшерін едәуір азайтады. Жержаңғақ қосылған тағамдарды ет жемейтін және түрлі диеталар ұстайтын адамдар ұнатады.

Соңғы кезде жүргізілген зерттеулер жержаңғақ құрамындағы тағамдық талшықтар қатерлі ісіктердің кейбір түрлерін болдырмауға көмектесетінін, ал жержаңғақты үнемі пайдалану жүрек-қан тамырлары ауруларына ұшырау қаупін едәуір азайтатындығын көрсетті.  

 Жержаңғақтың адам өміріндегі  маңызы

Сіз күн сайын жейтін 8-10 жаңғақ максималды пайда береді! Жаңғақтар: Аптада 5 рет жеу, ұстамалы жүрек ауруы және жүрек ауруларының қауіпін 30-50% арасында азайтады. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті. Ғалымдардың пікірінше, күнделікті рационға жержаңғақ, кешью және бразилиялық жаңғақтарды қосу арқылы жүрек дертіне шалдығу қаупін  30% төмендетуге болады. Сондай-ақ, жаңғақтар онкологиялық аурулардың алдын алуда да 10% пайдасы бар.

Бір зерттеушінің сөзіне қарағанда, жаңғақтың құрамындағы пайдалы заттар организмді холестериннен арылтуға септеседі, яғни түрлі дерттердің пайда болу қаупін бәсеңдетеді.Сарапшылар жаңғақтарды көбірек пайдалануға кеңес береді. 

Осының барлығы дәмді жеміске ағзаны жылдам құнарландыруға жәрдемдеседі. Жержаңғақты жақсы көретіндердің есте сақтау қабілеті жақсарады, олардың назарлылығы артады, ұзақ ауырғаннан кейін де күші жылдам қалпына келеді.

Дегенмен басты құндылығы полифенолдар, олар антиоксиданттарға бай. Химиялық құрамы бойынша олар қызыл шараптың құрамдастары сияқты, бұлар адамның жүрек – қан тамыр жүйесіне пайдасын тигізеді. Айтпақшы, зерттеулер көрсеткендей қуырылған жержаңғақта полифенолдар төрт есе көп болады екен.

Жержаңғақтың пайдасын диетолог-дәрігерлер бұрыннан бері айтып келуде, ол ағзамызға тез сіңетін өсімдік ақуыздарына, жасұныққа, В тобындағы дәрумендерге (тиамин және рибофлавин), микро- және макроэлементтерге (темір, кальций, натрий, фосфор) аса бай құнарлылығы жоғары өнімге жатады, ал құрамында фолий қышқылы біздің ағзамыздың жасушаларының жаңаруы мен қайта қалпына келуіне ат салысады. Бір қызығы, бұл дәннің түрі басқа тағамдардан келетін ақуыздардың ағзаға сіңуін баяулатады. Ғалымдар жержаңғақтың пайдасын зерттей келе, оның құрамында көп антиоксиданттардың бар екенін анықтады, ол ағзамыздың жасушаларын ерте қартаюға алып келетін бос радикалдардың әсерінен қорғайды. Дәнді қуырған кезде оның құрамындағы антиоксиданттық әсерге ие полифенол қосындысының мөлшері 20% артады, алайда мұндай күйде қант диабетімен ауыратын кісілерге қолдануға болмайды, ал жержаңғақты шикі күйінде қолдану дәл осы қан құрамындағы қант мөлшерін реттеп отыруға көмектеседі.

Жержаңғақтың өтті айдайтын әсері бар – жағымды мен пайдалыны қоса отырып өт жолындағыларды түрткілеп айдаудың қажеті жоқ, мұны жержаңғақ өз қолына алады. Ол гастрит барысында аса пайдалы және ерлердің, әйелдердің жыныстық потенциясына жағымды әсер береді.

 Жержаңғақты қолдану

Жержаңғақтың антиоксиданттық әсері тамырларды атеросклероздан қорғауда, ерте қартаюдан және ісіктерден қорғауда байқалады. Негізінен жержаңғақтың құрамындағы жасушалардың қорғаушыларының мөлшерін қожақат пен қойбүлдірген сияқты жидектермен салыстыруға болады, тек қана осы салада теңдесі жоқ анардан қалыс қалады.

Иә, сонымен қатар жержаңғақ  майын алуға қолайлы, оның тағамдық сапасы зәйтүн майына пара - пар.

 Қарсы қолданылатын аурулар:

- ұмытшақ аурулары;

- жүрек аурулары;

- бауыр аурулары;

- қандағы холестерин мөлшерінің шектен тыстығы;

- есту қабілетінің нашарлауы;

- ұйқысыздық;

- депрессия;

- тез шарша.

Категория: Сатып алу жоспары

 

Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінің мекен-жайы

Автор: admin от 11-05-2016, 07:43, посмотрело: 707

0

Оңтүстік Қазақстан облысы,


Мақтарал ауданы,

 

Атамекен ауыл әкімшілігі,

 

Қоғалы ауылы,


Бәйтерек көшесі н/з.

Категория: Мекен жайымыз

 

Суреттер

Автор: admin от 11-05-2016, 07:07, посмотрело: 2896

15

Категория: Галерея

 

Ж.Сүлейменов атындағы ЖОМ

Автор: admin от 11-05-2016, 05:44, посмотрело: 2032

12                                                                                                                       
                                                                                                                                                                                 Бекітемін:                            
                                                                                                                                                                           Мектеп директоры:   
                                                                                                                                                                           Ж.  Мұғалбеков
 
 
                 1 күн
    Тақырыбы :
 
1-сабақ: Бірлескен және топтық жұмыс.Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.
2-сабақ: Сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару. Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін негіздеу. Мұғалім мен оқушының көзқарастары.
Мақсаты:
 
Мұғалімдер  топта  ұйымдастыру әдістемесіне  талдау жасайды және ынтымақтыстықта оқыту туралы қорытынды шығарады.
Оқу нәтижесі:
 
Мұғалімдер топта  және сапалы түрде жұмыс істейтіндердің арасындағы айырмашылдықты ескере отырып, шағын топтағы жұмыс моделін құрады және оқыту мен оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу керектігі жөнінде негіздеме айтады.
Түйінді идеялар:
 
Мұғалімдердің бір-бірімен бірлескен жұмысының бірінші сабағын ұйымдастыру сапасы оқудың бұдан әрі қарай жүретінін түбегейлі әсер етеді. Осыған байланысты сергіту сәтінен (разминка) бастап, тренерлер сабақтарында қолданатын оқыту мен оқу тәсілдерінің негізінде тиісті модельді құру арқылы шағын топтардағы жұмысты ұйымдастыру әдістемесіне мысалдар келтірген маңызды.
Сабақ барысы
Уақыты
Тапсырмалар түрлері
Мектеп тренерінің іс-әрекеті
Мұғалімнің іс-әрекеті
Ресурстар
1 күннің  (1сабағы )
15 мин
«Достық» танысу шеңбері
Шеңбер құрып, танысу жолдарын айтады.
Өздерінің жетістігі мен қуанышы туралы айтып бөліседі.
 
«Тұлға ізі» әдісі арқылы топқа бөлу
Тренердің көмегімен топқа бөліп отырғызу.
 
Өзіне ұнаған түс алып, жаңа 1 күнмен құттықтап бір-біріне береді.Алған  түсімен топқа бөлініп отырады
Гүл дестесі
 
 
Сауалнама
Сауалнама алу.
 
20 мин
«Бумеранг» әдісі бойынша  ой қозғау:
Тапсырма: Топ ережесін құру
1.Топта қалай жұмыс істеу керек?
2.Топ жұмысы нәтижелі болу үшін не істеу қажет?
 
Сұрақ-жауап.
Топтық жұмыс:
Топ ережесін құрады;
СТО әдәсі
Постер,
Маркер.
Түрлі түсті қағаздар, т.б.
10 мин
Сұрақ :
Үлгі көрсету. Слайд №1
1.Топ ережесін осы күнге дейін пайдаланғандарыңыз бар ма?
2.Тағы қандай топ ережесін құруға болады?
Сұраққа жауап бере отырып топ ережесі туралы ойларын толықтырады.
СТО әдісі,
Слайд №1
 (2 сабағы )
10 мин
Миға шабылу:
 
Слайд №2-4: тренердің көмегімен толықтыру.
1.Топ мүшелері қанша адамнан тұрады деп ойлайсыздар?
2. Топ мүшелері бір-біріне қалай қолдау  көрсететін болады?
3.Жұмыстың соңғы нәтижесін қалай ресімдейсіз?
4.Топ мүшелеріндегі ілгерілеуді қалай  қадағалауға болады?
Әр топтың ақылдаса шешкен жауаптарын айтады
СТО әдісі
Слайд №2.
 
20 мин
Оқыту және оқу әдістемесін не үшін өзгеріс енгізу керек деп ойлайсыздар?
Ал МАНда былай депті:
Өз бетінше оқып тану әдісі:
 
«Бағдарламаның теориялық негіздері»
«Мұғалімнің ұстамы»
«Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім»
«Сапалы және табысты оқыту»
Қатысушылар тақырыпты топпен оқып,  спикер арқылы бір-біріне түсіндіреді
МАН 4-8 бет
15 мин
қорытындылау
Слайд №5-8
Мектеп тренері арқылы бағдарламаның теори ялық негіздерін түсіндіру
Қатысушылар қосымша түсінік алады
Слайд №3, МАН
 (3 сабағы )
10 мин
«Жарайсыңдар!» әуенімен қатысушыларды сергіту сәтіне шақырады.
Үлестірмелі қағаздар арқылы топқа бөлу.
Бірлескен түрде сергіту сәтіне қатысты
Музыка
10 мин
Ойын. 
 
Ортаға қатысушылардың ішінен ерікті шақырылады. Тапсырма: Ерікті қатысушыны жан-жақты сипаттама беріп, суреттеу, кейіптеу, мінездеме беру.
Сұрақ: Бұл әдісті қалай атауға болады?
Берілген тапсырма арқылы қатысушылар топтың түйінді идеясын айтады.
 
10 мин
 «Қасқыр мен бұзау»  
Бейнесюжет көрсету  
 
Қатысушылар бейнефильм  (үзіндіні) көреді.
Бейнефильм
15 мин
Топтарға бейнефильм бойынша тапсырмалар беру.
Тақырыпқа сәйкес ресурстар таратылады.
Тапсырмалар бойынша қатысушылар сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыра отырып, бірлескен жұмыс жасайды.
Тапсырма
 (4 сабағы )
25 мин
1-топ:«Баяндап берушілер»
 
 
 
 
2-топ: «Зерттеушілер»
 
 
 
 
 
3-топ:                                 «Сұрақ құрастырушылар мен бейнелеушілер»
 
 
4-топ:
«Сілтеме табушылар мен дәнекершілер»
 
Тапсырмасы: Бейнефильмнен көрген сюжеттің мазмұнына өз көзқарастарын қосып, баяндау.
 
Тапсырмасы:
Бейнефильм кейіпкерлеріне мінездеме бере отырып, сюжеттегі іс-әрекеттерге антоним, синоним сөздерін табу.
Тапсырмасы:   Сюжетке жоғары деңгейлі сұрақтар дайындау және сюжет бойынша сурет салу.
 
Тапсырмасы:          Бейнефильм мазмұнына сәйкес мақал-мәтел, афоризмдер,
қанатты, нақыл сөздер тауып, сәйкестігін дәлелдеу және сюжетті бүгінгі өмірмен байланыстыру
Бейнефильм бойынша «Топтық тергеу» стратегиясы бойынша  тапсырмалармен сын тұрғысынан ойлана отырып, жұмыстарын жасайды.
Маркер ,
Түрлі түсті қағаздар, А4, постер,т.б.
10 мин
«Топтық тергеу» әдісінің құрылымен таныстыру
Слайд №8-9
«Топтық  тергеу» әдісін теориялық тұрғыдан таныстыру Слайд №8-9
 
10 мин
Рефлексия :
Жаттығу "Кездескенше"  (Барлық қатысушылар шеңбер жасап түргеп тұрады)
-Менің қолымда кішкентай ғана сиқырлы күн бар. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлады.Оны сіздер бір-біріңізге бере отырып, бүгінгі сабақ туралы өз әсерлеріңізді қалай болғаны жайлы айтып, пікірлеріңізді білдіресіздер, әрине, осымен бірге әріптестеріңіздің бағалап, атына өз тілектеріңізді жолдайсыздар.
Қатысушылар өз ойларын білдіреді және бірін-бірі бағалайды.
 
 
 
 
                                 Мектеп тренері:                                        Муталиева А.У.

Категория: Мектеп