» » "Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндік

 
 
 

"Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндік

Автор: admin от 22-02-2018, 22:46, посмотрело: 2179

2 «Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік іс-шара мектепішілік жоспары жасалынып, бекітілді.
Мектебімізде ақпанның 01күні онкүндіктің ашылу салтанаты болып өтті. Ашылу салтанатында 1-ші және 2-ші ауысымда оқитын оқушыларға онкүндіктің іс-шара жоспарымен таныстырып, әр сыныптан 1 оқушыдан ортаға шығып сынып атынан бір-бірлеріне жүректен шыққан тілектерін айтып шықты. Сергіту сәті жүргізілді. «Мен алғысымды білдіремін...» тақырыбында жәшік қойылды. Оқушылар өздерінің алғыс айтқысы келген кез келген адамға (ұстаздарына, достарына, сыныптастарына,
бауырларына және т.б.) қағазға жазып жәшіккі салуға болатыны айтылды. Кітапханашы А. Балтабекова «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.
Ақпанның 02 күні «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында 1-11 сыныптар аралығында оқырмандар байқауы болып өтті. Оқушылар ақын жазушыларымыздың «Ана» туралы өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, өз шығармашылығынан өлеңдер оқыды. Жоғары сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен, «Құлақтан кіріп бойды алар» тақырыбында әдебиет кеші өткізілді. Оқушылар «Мен алғысымды білдіремін...» тақырыбында жәшікке өздерінің алғыс хаттарын жәшікке салып отырды. Мектебіміздің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Байбутаева Құндыз қорытынды сөз сөйлеп, ұстаздарға және оқушыларға шығармашылық табыс тіледі.
Ақпанның 03 күні өзін-өзі тану пән мұғалімі Каликова Жанардың ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушыларымен патриоттық, адамгершілік және мейрімділік, ізгілік жайлы «Ізгілік – адамның басты рухани-адамгершілік құндылығы» тақырыбында пікірталас сайысы болып өтті. Қатысушылар «Мейірімділік» (жақтаушы) топ және «Сүйіспеншілік» (даттаушы) топ болып екі топқа бөлінді. Оқушылар сайысқа белсене қатысты.
Ақпанның 05 күні өзін-өзі тану мен бейнелеу өнері және еңбек пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 1-11 сынып оқушыларының арасында «Ана, жақсылық, бейбітшілік және достық» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Оқушылар көрмеге белсене қатысты.
Ақпанның 06 күні 1-11 сынып оқушылары аралығында «Ән - көңілдің ажары» атты ән байқауы, 07 күні балалардың қатысумен сахналық көріністер дайындап көрсетті. Сахналық көріністерде адами құндылықтар, адамгершілік, мейрімділік, ізгілік, қамқорлық, әдептілік жайлы көрсетілді. 08 күні тәлімгер Ш. Смадиярованың ұйымдастыруымен «Күлкі жаныңды жадыратады» тақырыбында ата-аналар мен мұғалімдерге арналған мерекелік концерт болып өтті. Сонымен қатар, «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. 09 күні өзін-өзі тану пән мұғалімі Ж. Каликова 9А сынып оқушыларымен «Әдептен озбайық» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақты Санұр телеарнасынан келіп түсірді. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. 10 күні «Мен алғысымды білдіремін...» тақырыбында жәшік ашылды. Жәшікте 130 хат келіп түскені анықталды. Хаттар иелеріне тапсырылды.
Ақпанның 12 күні 1-11 сынып аралығында өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар ұйымдастырылды. Атап айтсақ: 1А сыныпқа Б. Темірбекова, 1Ә сыныпқа «Шыншылдық адамдықтың белгісі» тақырыбында, 2 А сынып П. Байманова, 2Ә сыныпқа Г. Исаева «Дос болуды үйренеміз» тақырыбында,
4 сыныпқа Г. Қапалова «Еріншектік пен еңбекқорлық» тақырыбында, 5А сыныпқа «Адами қарым-қатынастар әлемі» тақырыбында, 6Ә сыныпқа З. Тлеубаев «Денің сау болсын десең...» тақырыбында, 7 сыныпқа Г. Ерімбетова «Ұжымдағы өзара қарым-қатынас» тақырыбында, 11А сыныпқа Ж. Каликова «Ағайын - ел ырысы» тақырыбында сабақтар өтілді. Онкүндік іс-шара туралы мақала жазылып, аудандық «Өркен» редакциясына жіберілді. 12 күні «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің жабылу салтанаты болып өтті. Іс-шараға белсене қатысқан оқушыларға мадақтау қағаздары мен ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.


Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
<
  • 0 комментариев
  • 0 публикаций
  • ICQ:
12 апреля 2018 14:50

Lanmazhef

  • Группа: Гости
  • Регистрация: --
  • Статус:
 
Народ кто желает играть в современные игры на самых высоких настройках с динамичными теняими
даже на самых слабых ПК или ноутах. Без лагов и фризов (Но нужен более менее нормальный интернет).
Читайте статья по настройке компа здесь.
Видео по установке и настройке смотрите тут.
Играю уже пол года на ведре 2005 г. Буду рад кому помог разорить буржуев игровой индустрии!!!