Мектеп тарихы
Киров ауданына қарасты «Қоғалы»
елді мекені 1975 жылы құрылған.Елді мекендегі «Целина» орта мектебінде
1976-1979 жылдар аралығында Алиев Жаманбай мектеп директоры болып қызмет
атқарды.
1982 жылы «Қоғалы» қаракөл қой шаруашылығының білікті басшысы Жолдасбек
Сүлейменовтың тікелей ұйтқы болуымен 450 оқушы мен 80 орынды интернатқа арналып
жаңа мектеп пайдалануға берілген . Осы кісі марқұм болғаннан кейін
мектепке 1996 жылы 1 қарашада Жолдасбек Сүлейменов аты берілді. Мектепті
1979 жылдан 1983 жылға дейін Жарасов Мақсымхан, 1983-1985 жыл аралығында
Әуезхан Сейтеков басқарған. Жарасов Мақсымхан 1985 жылдан бастап
2004 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін басқарып, кейін мектепке Жарасов
Асанхан 2004 жылы директор болып тағайындалып, 2010 жылға дейін директор
қызметін атқарады.
Жасыл желекке оранған мектеп ауласында қазір мәуелі және түрлі ағаштар мен
гүлді өсімдіктер бар.
Бастапқы кездегі мектеп айналасын жасыл баққа айналдыруда кездескен
қиыншылықтың негізгі ерекшелігі «Қоғалы» елді мекенінде ауыз судың
да, ағын судың да тапшылығы. Баланы табиғатты аялауға, еңбекке баулуға
тәрбиелеу мақсатында әр сыныпқа 2 – 3 соттықтан жер телімі бөлінген.Қазақстан
Республикасы Президентінің атындағы «Нұрсұлтан» телімінде Елбасымыздың есімі
үнді өсімдігімен қоршалып көп жылдық өсімдікпен өрнектелген.
Жалпы мектеп үлескілерінде «Нұрсұлтан», «Нұр Отан», «Әлия – Мәншүк», «Менің
Отаным Қазақстан»деген сөздер түрлі гүлдермен жазылған.
1991 жылы облыс көлемінде мектеп ауласы «Оазиске» айналғандығы жөнінде
мектептің іс – тәжірибесін насихаттау мақсатында облыстық оқу басқармасының бас
маманы Ш.Ж.Сазабаеваның басшылығымен семинар – кеңес өткізілді.
1993 жылы Киров ауданының әкімі К.Сарсенов аудан көлемінде мектептің оқу
тәжірибе үлескісінің жұмысын насихаттау үшін семинар өткізді.
1994 жылы Киров ауданы мен Ташкент облысының Зеңгі Ата ауданымен тәжірибе
алмасу аясында мектепте семинар кеңес өтті.
1995 жылы Киров ауданының әкімі О.Нұржановқа аудан көлемінде ауыл әкімдерімен
совхоз директорларының басын қосып «Жас ұрпаққа артар үміт мол және іздеген
жетер мұратқа»-деген тақырыпқа семинар кеңес өткізді.
1999 жылы 19 мамырда Мақтаарал ауданының әкімі И.Үмбетаев облыс көлемінде
«Табиғатты аялау және экалогия»жөніндегі озат тәжірибені насихаттау тақырыбында
семинар кеңес өткізді.
2000 жылдың 23 маусымында Ж.Сүлейменов атындағы мектептің көгалдандырудағы іс
тәжірибесі жөнінде «Хабар»агенттігі теледидардан 20 минуттық хабар берді.
Бұл телехабар Республика көрермендерінің үлкен қызығушылығын туғызды.
2000 жылдың 9 қазанында облыстық теледидар «Күнпарақтан» мектептің
көгалдандырудағы іс-тәжірибесі жөнінде 10 минуттан 2 рет хабар берді.
2005 жылы Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналып мектепте мәрмәр тастармен
көмкерілген «Даңқ мемориялы»ашылды.Естелік тақтада ауылдағы соғыс
ардагерлерінің,еңбек ардагерлерінің тізімі, ал алдында мәңгі алау жанып тұр.
Әрине,бір мектептің тәжірибе алаңында қайта – қайта семинар кеңестер өткізілуі
бекерден бекер емес.Қоғалы ауылы Мырзашөлге сұғына орналасқан қияндағы қыстау.
Мұнда су тапшы. Шөлді жердің табиғаты да қатаңдау.Алайда, Ж.Сүлейменов атындағы
жалпы орта мектеп ауласына кірсеңіз, өзіңізді бейне бір абат бақта жүргендей
сезінесіз.
Бүгінгі таңда Ж.Сүлейменов атындағы,жалпы орта мектебінде 2010 жылдың маусым
айынан бастап Мұғалбеков Жаңабай Дербесұлы мектеп директоры қызметін атқарып
келеді.
Қазір мектепте 23 сынып комплектісінде 333 оқушы оқиды.Оларға 47 мұғалім сабақ
береді.Жоғары білімдісі – 40,арнаулы орта білімдісі – 7,жоғары санатта –
1,бірінші санатта – 18, екінші санатта – 17 ұстаз бар.
Ж.Сүлейменов атындағы ЖОМ
Жолдасбек Сүлейменовтың мүсіні