Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Сандар және шамалар туралы түсінік

Автор: admin от 23-05-2018, 01:14, посмотрело: 2069

3 Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Мектеп: Ж. Сүлейменов ЖОМ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Куралбаева А

Сынып: 6 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Сандар және шамалар туралы түсінік
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.1.1.2 қандай шамалар тура пропорционалды болатынын түсіну және мысалдар келтіру; есептер шығару;
Сабақ мақсаттары - Шамалардың тура пропорционалдығын біледі.
- Шамаларды тура пропорционалдығына мысалдар келтіреді.
- Шамалардың тура пропорционалдғына есептер шығарады.
Бағалау критерийі - Шамалардың тура пропорционалдығының анықтамасын біледі.
- Шамалардың қасиеттерін қолданып, мысалдар келтіреді.
- Мәтінді есептердің тура пропорционалдғын анықтап,есептер шығарады
Тілдік мақсаттар Тура пропорционалдың анықтамасын айтады.
Қасиеттерін пайдаланып есептер шығара алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:
Қатынас
Пропорция
Тура пропорция
Кері пропорция

Қазақша Русский English
Қатынас Отношение Ratio
Пропорция Пропорция Proportion
Тура пропорционалдық Вариация Variation
Кері пропорционалдық Обратная вариация Inverse variation
Шеткі мүшелері Крайний Extreme
Ортаңғы мүшелері Среднее число Means

Құндылықтарды
дарыту

Оқушылардың бойына патриоттық және азаматтық жауапкершілікке баулу; ынтымақтастыққа, бірін – бірін сыйлауға,сыни тұрғыдан ойлауға қалыптастыру

Пәнаралық байланыстар Қазақ тілі,орыс тілі, ағылшын
Бастапқы білім
Пропорция, қатынас
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
10 минут Оқушылармен сәлемдесем,түгелдеймін.
Ынтымақтастық атмосферасын құрамын. Оқушыларды «Шаттық шеңбер » бойымен тұрғызып, «Гүлмен тілек» әдісі арқылы топқа бөлемін. Мұнда оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып,бір-біріне тілек тілейді және және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа бөлемін.
I топ Білімділер
II топ Алғырлар
III топ Болашақ
Бағалау парақшасын тарқатамын.Топ басшысын сайлайды.
Үй жұмысын қайталау мақсатында «Таза тақта » әдісін қолданамын. Мұнда оқушылар өткен тақырып бойынша тақтаға сұрақтар немесе ережелер жазып тақтаны толтырады,содан кейін сұраққа жауап беріп,өшіріп отырады.Соңында барлық сұрақтарға жауап бергенде тақта таза болып шығады. Топ басшы бағаалап отырады.Смайлийликпен бағалаймын.
Гүл
шоғы

Сабақтың ортасы
15 минут

10минут

Жаңа тақырып: қандай шама тура пропоционал болатынын түсіну ,есеп шығару.
Әр топтың көшбасшысы «Өкіл» әдісімен тақырыпты бөліп, оқушылар тақырптың (оқу материалдың бір бөлігін) маман ретінде сарапшылыр тобында зерделеп,талдап,бастапқы тобына қайтып, білгендерін өз тобының мүшелеріне үйретеді. Мұнда алдымен жеке, сосын жұппен,шағын топта талқылайды.
«Галереяны шарлау » әдісін қолдана отырып, сабақты қалай түсінгенін пысықтаймын.Мұнда қабырғаға дайындалған постер ілінеді.Постерде шамалардың тура пропорцияналдығының анықтамалары,қасиеттері және есептер жазылған.

№92
Көлемі 70 см 3 күмітің массасы 735 г.
1)Көлемі 25 см 3 күмістің массасы неше грамм?
2)Массасы 420 г күмістің көлемін табыңдар?
«Галереяға саяхат» - топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, қабырға газеттерін қарайды,сараптайды,талдайды және жапсырма қағаза пікірін немесе сұрағын жапсырып кетеді.Галереяға саяхат аяқталған соң,топтар жұмыстарға шолу жасап,өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды,талқылайды,сұрақтарға жауап береді және қортынды жасайды.Жауап берген оқушыларды смайликтермен бағалаймын.

Бағалау критерийі Дескриптор
Шамалардың тура пропорциялдығын аықтамасын біледі Мәтінді түсініп оқиды
Қасиеттерін біледі Шамалардың тура пропорционалдығын ажырата алады.
Есеп шығарады Белгісіз мүшені табады
Жауабын жазады

Оқулықпен жұмыс .
№ 90 ; 91 есеп
Есепті пропорция құру арқылы шығар.
Автоматты станок сағатына 5 бөлшек дайындап, берілген уақытта 348 бөлшек дайындады.Егер осы автоматты станок сағатына 75 бөлшек дайындайтын болса, берілген уақытта неше бөлшек дайындайтын еді?
Бағалау критерийі Дескриптор
Шамалардың тура пропорциялдығын аықтамасын біледі Мәтінді түсініп оқиды
Қасиеттерін біледі Шамалардың тура пропорциялдығын ажыратады
Есеп шығарады Белгісіз мүшені табады
Жауабын жазады

Слайдта көрсетілген жауаптармен сәйкестендіріп,
жұптар бірін – бірі тексеріп, қатесін дұрыстайды.
Қалыптастырушы бағалау.
Смайликтермен бағалаймын.
500 г ерітіндіде 40 грамм тұз бар. Осы ерітіндінің 200 г неше грамм тұз бар?
«Теңге алу» ойнын ұсынамын. Мұнда оқушылар жоғарыда ілініп тұрған теңгені алып, сұраққа жауап береді.
Дескриптор
Қойылған сұраққа толық жауап береді
Көңіл күйлерін көтеру мақсатында «Мадақтау» тәсілі арқылы бағалаймын. плакат
маркер
Топтық жұмыс
Жұптық жұмыс

слайд
түсті қағаз

Сабақтың соңы
5 мин Кері байланыс: жазбаша кері байланыс БББ кестесі
Бағалау дескриптор арқылы қортынды бағалары қойылады.
Үйге тапсырма: № 94 есеп

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Оқушыларға «Таза тақта » әдісі арқылы үй жұмысын сұрадым. «Өкіл» , «Галереяны шарлау» әдісі арқылы трптық, жұптық жұмыс ұйымдастыру. Деңгейлік тапсырма беру. «БББ» арқылы кері байланыс жасадым Оқушылар үнемі бағаланып отырады,осылайша педагогикалық қызмет пен саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарап түзетіліп отырады.Деңгейіне қарап смайликпен бағалап отырамын. Қауіпсіздік техникасының сақталуына сыныпта ашық тұрған электр сымдарын ұстамауды,приборлармен жұмыс жасағанда абай болуын талап етемін.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы,қол жетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса , неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?Сабақ кезәнде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма?

Категория: Мектеп

 

Простое предложение. Повест,вопрос, побуд пред

Автор: admin от 23-05-2018, 00:56, посмотрело: 1098

25 Дата: Класс: 5 урок 58
Тема: Простое предложение. Повест,вопрос, побуд пред
• Цель урока: • развитие умения сотрудничать с одноклассниками для успешной работы в группе с целью решения поставленных учебных задач; формулировать собственную позицию и мнение;
• Понимают о теме « Предложение. Простое предложение. Грамматическая основа предложения» и правила их правописания. При дифференцированной работе ученики умеют выполнять разноуровневые задания. Могут решать социальные проблемы с ровесниками, знают о своих способностях. Способны использовать методы оценивания для обучения, способны использовать диалог при обсуждениях в группе и в парной работе.
Деятельность учителя Деятельность обучающихся наглядности
3 мин. Организационный момент. Приветствует учеников, проверяет готовность к уроку, желает успеха.
предлагает ученикам разделиться на группы с помощью разноцветных стикеров на 3 группы по 5 учеников :
1 группа – розовыестикеры
2 группа – оранжевыестикеры
3 группа – зелёные стикеры
Ученики: с помощью разноцветныхстикеров делятся на 3 группы, затем распределяются по группам. Ученики осмысливают поставленную цель. Делятся на группы. пазлы

5 мин. I. Проверка домашней работы. С помощью метода «Ромашка Блума» проводит проверку домашней работы
Опрос домашнего задания.
Учитель: организует опрос домашнего задания. Ученики задают друг другу вопросы.
1. По форме тонкие вопросы (взаимоопрос)
Ученики: обмениваются вопросами.
Учитель: раздаёт листы взаимооценивания. Приложение

Составленных вопросов

Корректность вопросов 1
вопросы составлены по изученной теме 1
простота или сложность вопроса 1

№ группы Сумма баллов

Критерии баллы

взаимоопроса

Корректность вопр
сов 1
Затян
т
сть ответа 1
Развёрнутый ответ 1
Аргументированность ответа 1
№ группы Сумма баллов


Индивидуальное задание на карточках (2 человека).
Спишите и подчеркните грамматические основы.
Осень взмахнула кист..ю волшебной,
Ле…ким багрянцем покрыла листву.
Нежным пурпуром, песней прощ…льной
Грозд…я рябины скатились в тр…ву.
3. А мы с вами ответим на 6 вопросов и увидим, какая картина появится перед нами (* по ходу вопросов открывается часть иллюстрации)
и т. д.
1). Какой раздел науки о языке изучает словосочетание и предложение? (1)
Синтаксис.
2). Что такое словосочетание? (2)
(Таблица с опорными словами «Словосочетание»)
Словосочетание – это сочетание слов, связанных между собой грамматически и по смыслу. В словосочетании различают главное и зависимое слово.
3). Какие сочетания слов не являются словосочетанием? (3)
Словосочетанием не является грамматическая основа,
однородные члены предложения,
самостоятельное слово с предлогом.
4). Назовите основные признаки предложения? (4)
(Таблица «Признаки предложения»)
- слова связаны по смыслу и грамматически
- грамматическая основа
- интонация законченности.
5). Что такое грамматическая основа предложения? (5)
Подлежащее и сказуемое.
6). Как называется предложение, если оно состоит только из одного главного члена? (6) Односоставное.

4). Перед нами открылось семейная фотография.
- Как вы думаете, почему мы на уроке обращаемся к теме семьи?
- Придумайте прилагательные к слову «семья»

«С»- счастливая, славная, спортивная, современная
«Е»- единая, единственная.
«М»- маленькая, милая, музыкальная, многодетная, мечтательная.
«Я»- ясная, яркая.
- Какая орфограмма в слове «семья»?
Ученики отвечают на вопросы учителя.

20 мин. III. Актуализация знаний.
По методу «Кластер» проводит изучение новой темы.

Подберите к слову «преследователь» синонимы. Распределите каждое слово к подходящим картинкам.
- Если убрать цифры, получится текст? На какую тему?
- Что такое тема текста?(то, о чем говорится в тексте)
- Основная мысль текста? (то, ради чего был написан текст)
- Как автор выражает главную мысль? (в заглавии или в одном из предложении)
Задание по группам:1)выписать в первых четырех строчках; 2группа- во вторых четырех строчках; 3 группа- найти предложение, в котором один главный член.
.Лист- опросник.
Какой материал мне был знаком? Что я нового узнал на уроке? Какие трудности я испытал при объяснении
материала?
Определите границы предложений. Комментируются вставленные орфограммы.
Демонстрируют свои знания.
Ученики фиксируют его в тетрадях.
.

Учебник


10 мин. IV. Закрепление урока. По методу «Поп корн» проводит закрепление урока.
Предлагается текст.
Горные вершины
Спят во мне ночной;
Тихие долины
Полны свежей мглой;
Не пылит дорога,
Не дрожат листы;
Подожди немного,
Отдохнешь и ты. Учащиеся проявляют свои способности по данной теме.
Вдруг откуда-то шакал

5 мин. V. Итог урока. Этап рефлексии:
- О чем говорили на уроке?
- Что удалось без особых усилий?
- Что было трудно? Оценивают рабо
ту своих одноклассников.
На стикерах записывают свое мнение по поводу урока.
стикеры

светофор
2 мин. VI. Домашнее задание. Объясняет особенности выполнения домашней работы. Записывают домашнюю работу в дневниках.


дополнительная информация
дифференциация. Как вы планируете поддерживать учащихся? Как вы планируете стимулировать способных учащихся оценивание. Как вы планируете увидеть приобретенные знания учащихся? межпредметные связи, соблюдение СанПиН ИКТ компетентность. Связи с ценностями

рефлексия.
были ли цели обучения реалистичными?
Что учащиеся сегодня узнали? На что было направлено обучение?
Хорошо ли сработала запланированная дифференциация? Выдерживалось ли время обучения?
Какие изменения из данного плана я реализовал и почему? Проводит рефлексию.
-Какую цель мы поставили сегодня на уроке?
-Достигли мы целей, которые ставили в начале урока?
Итоговая оценка
Какие два аспекта в обучении прошли очень хорошо( с учетом преподавания и учения)?

Какие два обстоятельства могли бы улучшить урок( с учетом преподавания и учения)?

Что узнал об учениках в целом или отдельных лицах?
1.

2.

1.

2.

Категория: Мектеп

 

Ғылыми жұмыс: Сандар сырының құпиясы қайда жатыр?

Автор: admin от 23-05-2018, 00:27, посмотрело: 2218

1 Оқушының аты-жөні: Дербіс Зарина Қарсыбайқызы
Туылған күні,айы,жылы: 01.09.2001 ж.
Мекен-жайы: Атамекен а/ә, «Қоғалы» е/м
Мектебі: «Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» КММ
Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Сандар сырының құпиясы қайда жатыр?
Жұмыстың дайындалған бағыты,секциясы: Математикалық модельдеу, « Математика»
Бастаған жылы: 2015 жыл
Сыныбы: 10
Мақсаты: Осы ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты ғасырлар бойы қалыптасқан сандарға байланысты наным-сенімдерінің құриясын ашып, олардың әлемдегі сырына қанығу
Ұраны: «Дүниенің барлығы сандардан тұрады»


Аты-жөні: Қалдыбекова Назипа
Әкесінің аты: Сапарбекқызы
Туған жылы: 26 қаңтар 1985 жылы
Бітірген оқу орны: Халықаралық Қазақ –Түрік Мемлекеттік Университеті
Лауазымы: Математика пәнінің мұғалімі
Еңбек өтілі: 4 жыл


Мазмұны
І.Кіріспе
«Сандар сырының құпиясы қайда жатыр?»
ІІ.Негізгі бөлім
1.Сандар тарихы
2.Сандар сыр шертеді
3.Сандар қасиеті
4.Зерттеу жұмысымда қол жеткізген деректерім
ІІІ.Қорытынды
Ұсыныстар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Аннотация


Кіріспе
Гипотеза:
Математика пәнінің элементтері - қазақ халқының танымдық мұрасы мен мәдениетінде бірге дамыған ілім.
Тақырыптың өзектілігі:
Санның адам өміріндегі рөлінің маңыздылығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Ал осы сандардың қайдан, қалай шыққандығына және ол сандардың әрқайсысының өзінше бір мағынаны білдіретіндігіне күнделікті тіршілікте біз аса мән бере бермейміз. Осы жұмысты оқу арқылы біз сандар әлеміне саяхат жасаймыз.
Бұнда оқушылар сандар жайлы білімдерінің артуы арқылы сандардың сиқырлы құпиясын білуге қызығушылығы арта түседі. Зерттеу жұмысының өзектілігі де осында жатыр.

Ғылыми жобаның мақсаты:
Осы ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты ғасырлар бойы қалыптасқан сандарға байланысты наным-сенімдерінің құриясын ашып, олардың әлемдегі сырына қанығу.
«Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің бағдарламасында: «Көп ғасырлы мәдениеттің тіршілігі топырақта тыныстап жатса, тарихи өткені шырынмен қоректенсе, сонда ғана ұлттық жаңғырту орын алады»- дей келіп, «Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарай танып - бағамдауға болады. Демек, Қазақстанның мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатына екі түрлі міндет жүктелді: бірі: - өзіндік этникалық мәдениетті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін нығайту, екінші жағы – төл мәдениетті оңтайлы өрістете отырып, жалпы адамзат мәдениетіне ену үшін тиімді жағдай жасау».
Ендеше ұлтымыздың сан ғасырлар бойы сенімі мен ұстанымы болып келген сандар сырының киелі ұғымдарына шолу жасап, олардың өмірдегі қолдану аясына, күнделікті тұрмыстағы атқаратын роліне тоқтала отырып, тұжырым жасау әрбірімізді қызықтырары сөзсіз.
Сондықтан біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерінің пайда болу кезеңін тамашалаймыз. Жан жағымызға қарасақ сандар тек қана математика емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда маңызы зор. Қарап отырсақ, осы қарапайым он сан болмаса біз телефонда соға алмаймыз. Жалпы таным проблемасымен ескілікті наным - сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп кездеседі. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған.

Жобаның міндеті:
- Сандар сырымен танысу
- Әрбір сандардың орнын көрсету
ІІ. Негізгі бөлім
1. Сандар тарихы.
Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі – математика. Математиканың алғашқы бесіктерінің бірі Мысыр елі болды. Адамзат даналығының ойлап тапқан жаңалығы ол – жазу. Қазіргі әлем халықтары жазуды жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай жазып жүр. Неге? Өйткені олар бұл әдісті соқаның қозғалысынан алған екен. Осы жазулардың негізінде пайда болған таңбалардың бірі цифр. Цифр дегеніміз – сөздерді қағаз бетіне қондыру үшін қолданылатын әріптер қандай қажет болса, сандарды жазу үшін керекті таңбалар. Цифр деген сөздің төркіні арабтың «Әс-сифр» деген сөзінен алынған, ал оның мағынасы үнді халқының бос орын – «Сунья» деген сөзінің аудармасы екен.
Күнделікті өмірімізде қолданылатын сандар шамамен бұдан 1500 жыл бұрын Үндістанда пайда болған. Әуелі сандар сызықшамен белгіленген. Кейін қалыптаса келе қазіргі таңдағы біздер қолданып жүрген сандар пайда болды. Адам баласы қазіргі біз түсінетін сандарды үйренуге талай ғасырларды бастан кешірген. әуелі олар табиғи сандарды (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9) меңгерсе, нөлдің пайда болуынан сандарға революция жасалған, сөйтіп сандарды игеруде жаңа жүйелерді өмірге әкелді.
0 – «цифр» деген мағынаны береді. Ежелгі Үнді жерінде цифр – «сунья», арабтарда «сифр» сөзімен түсіндіріледі, яғни «бос орын», «түк жоқ» деген мағынаны білдірген. Ғылым мен өнердің қайта өркендеген дәуірінде (ХҮ-ХҮІ ғасырларда) математикалық еңбектер латын тілінен аударылып, «сифр» сөзі сол қалпы қалдырылған. Тек алғашқы әрпі ғана «ц» болып өзгертілген. Нөл таңбасы басқа сандарға елеулі өзгерістер әкеліп, санау, есептеу, сату және уақытты белгілеп берді.
Бір санын үйрену үшін саннан бұрын заттың белгілерін, қасиеттерін салыстырғанын олардың бізге жеткен халық педагогикасынан-ақ байқаймыз. Мысалы, Ай, Күн – біреу, өзі де біреу. Осы бір санның сөздік баламалары – жеке, дара, жалғыз, сыңар, жалқы, саяқ деген ұғымды білдірген.
Екі санын да осы тәріздес меңгерген, ол санның сөздік баламалары – жұп, қос, егіз болса, жұптан тұратын ұғымдар – екі көз, екі құлақ, қол мен аяқ болған. Сонымен бірге сан, сансыз, қыруар, көп, мол деп санауға болмайтын заттарды атаса, ол заттардың ең кішкентай бөлшектерін кішкентай, титімдей, бір тамшы,

бір мысқал, құйтымдай десе, енді бірде жазықтарды – даладай, ат төбеліндей, түйнектей, алақандай десе, судың мөлшерін – терең, таяз, бөлшек ұғымдарды – жарым, жарты деген.
2. Сандар сыр шертеді
0 саны. Бұл сан абсолюттік символы. Шексіздік белгісі және жаратылмаған әлемнің саны болып табылады. Бұл барлық заттардың бастамасы. Графикалық жоба бойынша сақина немесе дөңгелек ретінде белгіленеді.
1 саны. Бір санын қазақ халқының ұғымында Алла жалғыз, Алладан басқа тәңір жоқ. Қай тілде болсын бірлік сөзінің түпкі түбірі саналады. Адам өмірін басқаратын, әр пенде ұмтылатын сан болып есептеледі. 1 санының омонимдері «намыс», «ұтыс» болып саналады.
2 саны. Күні-түні демалмайтын екеу: Ай және Күн. Қосылу, толықтыру символы. Жақсы мен жаман, ер мен әйел, күн мен түн, ақ пен қара. Екі санына қазақ халқының көзқарасы міне осындай болып келеді.
3 саны. Жалпы түркі халықтарында, соның ішінде қазақ халқында үш саны қасиетті болып есептелінеді. Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл. Үш жүз: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз. Үш құсты аққуды, қарлығашты, байғызды өлтіруге болмайды. Үш адамның ниеті бұзық өтірік айтатын, сөзінде тұрмайтын, аманатқа қиянат жасайтын. Адам Атаны жаратқанда жіберген үш қасиет ақыл, ұят, сабыр. Үш нәрсенің үш нәрсесіз болуы: басы бар, ақылы жоқ іс, ғылымы бар, амалы жоқ іс, байлығы бар, қайырсыз іс қылушы. Қазақтың үш биі Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би. Ел басқарған, азулы сөздер айтып, ел арасындағы дау-дамайларды шешіп отырған қазақтың үш биі. Аптаның үшінші күні, яғни сәрсенбінің сәтті күні деп сапарға шығатын болған. Осы күні басталған істің бәрі де сәтті болады.
Қазақ халқынан өзге де ұлттарда үш саны қасиетті болып саналған. Бір мен екінің қосындысы ретінде қандай да бір істің бастамасын да, жалғасын да білдіреді. Қытайларды үш саны біраз құбылыстың символикасы болып табылады. Жарықтың үш көзі – Жұлдыз, Күн, Ай. Үш бастау – Аспан, Жер, Адам. Отбасының үш элементі – еркее, әйел, ұрпақ. Үш саны қытайлардың түсінігінде Марс арқылы басқарылады және жалынға теңеледі. «Өсу» сөзінің синонимі.
4 саны. Қазақта төрт құбыласы сай, яғни «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген мәтел екеуінің мағынасы бір болып келеді. Ертеде бұл сан тұрақтылық пен беріктілік, әділдіктің белгісі болған. Ол шаршы болғандықтан, әлемнің төрт бұрышын, жылдың төрт мезгілін, табиғаттағы төрт құбылыс – от, жер, су, ауаны білдірген. Төрт аяғы тең жорға, төрт тұрманы түгел сай деген сандық мәндер арқылы айтылатын ұлағатты ұғымдар бар.


Төрт кітап: Мұсаның кітабы – Таурат, Дәуіттің кітабы – Забур, Исаның кітабы – Інжіл, Мұхаммед пайғамбардың кітабы – Құран. Төрт асыл: иман, намаз, ілім, мейір-шапағат.
Төрт дария: Ніл, Фират, Жейхун (Амудария), Сейхун (Сырдария). Қазақта Жаратқан Иеміз Адам Атаны жаратқанда өлім, ләпсі, ашу, нәпсіні, яғни төрт нәрсені адаммен бірге жерге жібереді деген ұғым бар. Сонымен бірге дүниеге жаңа келген нәрестенің тағдырына жақсылықты, жамандықты, рызықты және өмірді жазған. Төрт түлік мал, яғни қой мен ешкі, сиыр, жылқы, түйе. Төрт түлік мал қазақтың бірден-бір күн көріс көзі болып табылған. Қазақ халқының өмірін төрт түлік малсыз елестету мүмкін емес.
5 саны. Жоғарыда айтылған төрт бастаманың ортасында орналасып, жан-жағын басқарып тұрады. Қазақта бес нәрсені баянсыз – бұлттың көлеңкесі, еңбексіз келген байлық, қоқақтың достығы, жалған мадақ, опасыздың махаббаты деп түсінген. Қазақ халқы тілді, дінді, тарихты, дәстүрді, атамекенді бес анық деп атаған. Абай атамыздың өлеңінде «Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой, Бес асыл іс көнсеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ, Бес дұшпанды білсеңіз.» деп, бес саны жайлы айтып кеткен.
6 саны. Қазақта адамның күнделікті өмірде алты парызы бар. Біріншісі адамдардың бір-біріне сәлем беруі, екіншісі шақырса бару, үшіншісі кеңес сұраса – ақыл қосу, төртіншісі кез келген адамның сұрағына жауап беру, бесіншісі ауырып қалған адамның көңілін сұрау, алтыншысы қайтыс болған адамның жақындарына көңіл айту. Ақыл, білім, жомарттық, әділдік, шыншылдық, кең пейіл – адамның алты асқары. Алты саны дүниенің жаралуын білдіреді.
7 саны. Қазақтардың таным-түсінігінде жеті санының алар орны ерекше. Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі, соның ішінде қазақтар ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаған. Біздің ата-бабаларымыз жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң жүйелерін жеті санымен сәйкестендірген. Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады.
Жеті қазына – қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады: жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан, майланғыш ау, өткір кездік. Ер жігіттің жүйрік аты – қанаты. Құмай тазысы – абыройын асырар сенімді серігі. Мылтығы – қаһарлы оты. Қақпаны – серті, ауы - әдіс-айласы, кездігі – сұсы. Халық Жеті қазынаны өмір қажетіне негіз етіп таратқан.

Қазақ халқының Жеті қазынаны – «жеті ырыс» деп атауының да мәні осында.Аптаның жеті күні. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Құдай бірінші күні жарықты, екінші күні аспанды, үшінші күні жерді, төртінші күні Күн, Ай және жұлдыздарды, бесінші күні балықтар мен құстарды, алтыншы күні аңдар мен адамдарды жаратқан, жетінші күні дем алған деген діни аңыздар бар. Аңыз әңгімелерге сүйенсек бұл әлемді жаратуға арналған жеті күн деп аталады.
Табиғаттың керемет туындыларының бірі – кемпірқосақ. Кемпірқосақ күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасында пайда болады. Біз неге кемпірқосақ туралы әңгіме қозғадық, себебі кемпірқосақ жеті түстен тұрады екен. Олар: қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін.
Жеті ата – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентай кезінен жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақ бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Ағайындықтары жеті атаға толмай жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толғанның өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру ақсақалдары бір пәтуаға келіп, боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған. Ататек атаулары: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Бұдан әрі туыстық атаулар: жүрежат, туажыт, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді.
Жеті жұт. Бұлар: құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс, топан су, зілзала (жер сілкіну). Жеті жоқ: жерде өлшеу жоқ, аспандай тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллаһта бауыр жоқ, жылқыда өт жоқ. Жеті жетім: тыңдамаған сөз жетім, киюсіз тозған бөз жетім, иесіз қалған жер жетім, басшысы жоқ ел жетім, аққу, қазсыз көл жетім, жерінен айырылған ер жетім, замандасы қалмаса бәрінен де сол жетім. Жеті ғашық. Халықтың ән - жыр эпостарында жеті ғашық мынадай екі нұсқамен беріледі: а) Ләйлі - Мәжнүн, Жүсіп - Зылиха, Фархад - Шырын, Тахир - Зухра, Арзу - Қамбар, Уәлик - Ғарра, Уәки - Күлшаһ; ә) Ләйлі - Мәжнүн, Жүсіп - Зылиха, Фархад - Шырын, Баһрам - Күләнда, Сейпілмәлік - Бәдіғұл, Бозжігіт - Анула, Зияда - Хорлы.
Жеті санына әлем халықтары көзқарасымен қарар болсақ, онда бұл санды Пифагоршылар Афинамен байланыстырған. Ежелгі Египет философиясы мен астрономиясында ол өмірлік екі санның үш пен төрттің қосындысы деп қарастырылды. Үш адам - әке, шеше, бала өмірдің негізін қалайды. Ал төрт – бұл жарық, жел, жаңбыр, ылғалдылық жерді жеміс беруге дайындайды. Пифагордың ой қорытуы бойынша, үш пен төрттің қосындысы (үшбұрыш пен төртбұрыш символдары)

аяқталғанның, тамамдалғаның, қорытындының белгісі деп санаған. Сондықтан жеті саны қасиетті сан, өйткені адам баласы қоршаған ортаны (жарықты, дыбысты, иісті, дәмді) басындағы жеті «тесік» (екі көз, екі құлақ, мұрынның екі танауы, аузы) арқылы түйсінген.
Жапондарда жеті қайырымды құдай, адам өмірінде жеті рет сәттілік болады. Христиан дінінде жеті саны – сенім, үміт, қайырымдылық, әділеттілік, сабырлық, ақылдылық және рухтың күші. Жеті саны – жалпы жер бетіндегі халықтар ұғымы бойынша қасиетті сан.
8 саны. Көне заман адамдары сегіз санын сенімділіктің, шыңдалудың шыңы деп есептеген. Сегіз саны сегіз төбесі бар кубты білдіреді. Сегіз санының құпиясы әлемдегі мәңгілік үздіксіз қозғалысты білдіреді. Сегіз саны – мәңгілік символы. Символдық белгісі қос квадрат, егер оны бөлсе онда ол тең екі бөлікке бөлінеді. Тағы да бөлгенде, ол тең төрт бөлікке бөлінеді (2, 2, 2, 2). Сегі саны дыбысталуының арқасында ерекше құрметке ие. Сегіз санының омонимі – «гүлдену». Бұл қытайлардың ең сүйікті саны. Сондықтан «Арты гүлденуге әкелсін» деген ниетпен 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының ашылу уақыты 8-ші айдың 8-ші жұлдызы сағат 8-ден 8 минут 8 секунд өткен мезгілде белгіленеді.
9 саны. Қазақ халқының Аллаһ Тағаланың бұйрығын екі етпей орындайтын тоғыз періштелер: 1. Жәбірейіл – пайғамбарларға Аллаһ Тағаланың сөзін хабарлаушы. 2. Мекайіл – барлық адамға, мақұлыққа берілетін ырыстың уәкілі. 3. Әзірейіл – барлық адамның, жан-жануарлардың жанын алатын Құдай уәкілі. 4. Ысырайыл – ақырзаманға дейін сұлыны алып жүретін періште. 5. Дардайыл – ай, күн, жұлдыздардың уәкілі. 6. Ысмайыл – жер бетіндегі киелілердің жебеушісі. 7. Зұлқайыл – қиямет күнінде адамдарды алып баратын періште. 8. Ахрайыл – барлық дария, көл, өзен, бұлақ суларының періштесі. 9. Мәлік – жеті тозақтың уәкілі. Сонымен бірге қазақтарда тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Халықтар түсінігі бойынша қателіктер мен кемшіліктер бірлестігі. Тоғыз санының қасиетіне тоқталсақ, ана құрсағында нәресте тоғыз ай, тоғыз күн өсіп жетіледі. Бұл сан адамның ғұмырында пайда болып, жарық дүниеге келетінге стүрлері мен наным-сенімдерінде тоғыз саны қасиетті болып есептелінген. Тоғыз санының омонимі – «ұзақ өмір».
10 саны. Ертеде Тәуке хан «Не жаман?» деген сұраққа бір жауап берсе, үш жүздің билерінің бірі жауап берер деп, үш парақ қағазға бірден онға дейінгі сандарды жазып, үш биге жіберіпті. Сонда Қазыбек бидің берген жауабы мынадай болған екен: 1. Бірлігі кеткен ел жаман. 2. Егесіп өткен ер жаман. 3. Төсектен қашқан ер жаман. 4. Шідерден шошыған ат жаман. 5. Білік адамнан белгілі бала тумаған жаман. 6. Аймағын билей алмаған адам жаман. 7. Жетем деген мақсатына жете алмаған жаман. 8. Серкесіз бастаған қой жаман.

9. Төскейге шыға алмаған кәрілік жаман. 10. 60-та қыздай қосылған бәйбішеден айырылған жаман.
12 саны. Тек қазақ халқында ғана емес, барлық халықтар үшін он екі саны – қасиетті сан. Қазақтар он екі жылды бір мүшел дейді. Алғашқы мүшел жас қана он үш жыл, оған он екі жастан қосып отырсаң келесі мүшел шығады.
Қазақтар мүшел жасты өмірдің қиын, қауіп-қатерге толы кезеңі деп түсінген. Қазақ жыл санауда он екі жылдың әрқайсысына он екі жануар аты берілген. Он екі саны көптеген циклды таңбалайды – он екі ай, он екі жыл, он екі қарақшы, он екі сағат... Қазақтың сандық мәндер арқылы айтылатын ұлағатты ұғымдары өте көп. Он екіде бір нұсқасы жоқ, он екіде бір гүлі ашылмаған, он екі саққа жүгіртті, он екі құрсау жез айыр, он екі қарыс, он екі мүше. Он екі сан «табыс», «тоқтық» ұғымдарын білдірген. Санның омонимі – «оңай ұтыс».
13 саны. Қазақ халқы үшін Аллаһ Тағаланың барлық күні сәтті. Тек, ниетің оң, ісің адал болсын. Алайда өзге халықтардың наным-сенімі бойынша, қазақтар да кейінгі кезде он үш санын сәтсіз санға балайтында шығарды. Біздіңше, бұл наным-сенім қазақтар үшін емес. Қазақта алғашқы мүшел жас осы он үшке тура келеді. Сол себепті халқымыз: «Он үште отау иесі», - деп ұлын ардақ тұтады.
Кезінде император Наполеон, мұнай алпауыты Пол Гетти, АҚШ президенттері Герберт Гувер мен Франклин Делано Рузвельт он үш санын қатерлі санаса, Диана ханшайым мінген автокөлік Париждің жер асты жолындағы он үшінші бағанаға барып соқтығысқан. Он үш санын қатерлі көргендіктен. Ағылшын теңізшілері әлі күнге дейін айдың он үшінші жұлдызында кемеге мінбейді, американдық кейбір авиакомпаниялар мұндай күні өз кестелерінен ұшуды алып тастаған. Ал, енді еуропалықтардың түсінігінше айдың он үшінші жұлдызы жұмаға сәйкес келсе, ол күн «қара жұма» деп саналады. Жалпы, «қара жұма» он бір жылда бір - ақ рет қайталанатын көрінеді.
40 саны. Қырық санына байланысты оның қасиетін ашатын мағыналы тіркестер көп көлемде таралған. «Қызға қырық үйден тыйым» дегенде ұғатынымыз қыз әдебіне деген көзқарас. Той жасап, қуаныш қызық болар болса, қазақ елінің бұрыннан қалыптасқан ұғымында «Отыз күн ойын, қырық күн тойын жасады» деген сөз қолданысы бар. Ер азаматтарға байланысты «Отызында орда бұзған, қырқында қыр аспайды» дейді. «Қырықтың бірі - қыдыр» деп үйге келген қонақ өзімен бірге ырыс, үйге құт әкеледі деп түсінген. 60 саны. Вавилон аңыздарында бұл сан үлкен мәнге ие. Оны олар «құдай саны» деп атаған.
Міне, әдетте соншалықты маңыз берілмей, өз жөнімен қолданыла беретін сандардың бәрінің мән - мағынасы бар екен. Қазақ халқының наным - сенімімен басқа халықтардың наным - сенімін салыстыра отырып аңғарсақ, сандар сырының

құпиясының соншалықты тереңде жатқанын байқаған болармыз.
3. Сандар қасиеті
ХҮ ғасырларда атақты Корнемей Агриппа сандық және астрономиялық сәйкестіктер туралы жазба жұмыс жасаған. Содан бері астрологтар планеталық әсерлерді бағалап, маңызды сандық астрологиялық ақпарттарды жинақтаған.
Жұлдыз - жорамалшылардың пайымдауынша әр планеталардың өзінің сандық мағынасы бар. Мысалы Меркурий – 4, Нептун – 9 сандарымен байланысты. Меркурий материалдық жетістік әкеледі, 4 санының иелеріне интеллектуалды нұр мен шығармашылық әкеледі. Ал Нептун адамға күшті психологиялық энергия береді. Ол да үлкен жетістікке, қабілетін аша біледі. Жылдың әр айының әр күніне байланысты бақытты, бақытсыз күндері анықталған. Әр адамның туылған күні, айына, жылына байланысты өз санын есептеп шығаруға болады.
Адамның өз саны ай ішіндегі сәтті күндері:
1 1, 10, 19, 28
2 2, 11, 20, 29
3 3, 12, 21, 30
4 4, 13, 22, 31
5 5, 14, 23
6 6, 15, 24
7 7, 16, 25
8 8, 17, 26
9 9, 18, 27
Қатерлі 3 цикл адам өмірінің сандарға байланысын дәлелдейтін тағы бір мысал: денедегі биоырғақтың үш циклдан тұратындығы, олардың 23, 28, 33 күндік екендігі. Бұл жөнінде Владимир Мезенцев былай деп жазады: «Біздің ағзамызда болып жататын аса күрделі ырғақ (ритмика) құбылысының аса күрделі көріністерін зерттей отырып, кейбір ғалымдар адамның биоырғағында үш цикл (оралым) жайында жазады. Бұл 23 күндік физикалық цикл, 28 күндік эмоциялық (сезім) цикл, 33 күндік ой - парасат циклы. Бұл сандардың қай - қайсында болса да күндердің тең жартысы плюс - күндерге, екінші жартысы минус күндерге жатады. 23 күндік физикалық циклда алғашқы он бір жарым плюс - күндердің үлесіне тиеді; мұндай күндері, мысалы, спортпен мықтап шұғылдануға, әртүрлі жорықтар жасауға әбден болады.

Келесі он бір жарым күн бұл саяхат, спорт, тағы басқа едәуір күш керек ететін шараларға жарамайды, өйткені адам мұндай күндері тез шаршағыш келеді. 28 күндік эмоциялық (сезім) циклының алғашқы он төрт күнінде адамның көңіл күйі өте жақсы жүреді, ал келесі он төрт күннің ішінде ол өзінен - өзі жабырқап, көңілі түсіңкі болады. Ой - парасат циклы «қызықты» және «зерігу» күндеріне бөлінеді.
Ғалымдардың атап көрсетуінше, плюс-күндерден минус-күндерге өтетін сын кезеңінің адамға неғұрлым зор маңызы бар. сандар сырын зерттей келіп, ғаламдық даму үздіксіз өсіп отырса да әрбір адам баласының белгілі бір жағдайларда сандар құдіретіне сеніп, өзінің жоспарлаған жұмысын белгілі бір сандар жүйесінің өзіне тән құпиясын сақтай орындауды әдетке айналдырғандарына толық көзім жетті.
Өйткені зерттеу жұмысы барысында танысқан болжамдар, ғылыми көзқарастар, жүргізілген сауалнамалар нәтижесі кез келген адамның белгілі санды сәтті немесе сәтсіз деп қарап, өз жұмысын сол сандар жүйесіне орай жүзеге асыратындығына толық көзім жетті. Ендеше сандар жайлы ғылым тоқтамақ емес, үнемі дамып, толығып отырады.

4. Зерттеу жұмысымда қол жеткізген деректерім

ІІІ. Қорытынды.
Дегенмен, сандар сырын зерттей келіп, ғаламдық даму үздіксіз өсіп отырса да әрбір адам баласының белгілі бір жағдайларда сандар құдіретіне сеніп, өзінің жоспарлаған жұмысын белгілі бір сандар жүйесінің өзіне тән құпиясын сақтай орындауды әдетке айналдырғандарына толық көзім жетті. Өйткені зерттеу жұмысы барысында танысқан болжамдар, ғылыми көзқарастар, жүргізілген сауалнамалар нәтижесі кез келген адамның белгілі санды сәтті немесе сәтсіз деп қарап, өз жұмысын сол сандар жүйесіне орай жүзеге асыратындығына толық көзім жетті. Ендеше сандар жайлы ғылым тоқтамақ емес, үнемі дамып, толығып отырады.
Сан – ел өмірі экономикасының көрсеткіші. Сондықтан адам өмірінің қай саласы болмасын санмен өлшенеді, сансыз ойыңды жеткізу мүмкін емес, сөзбен сапырылысқан заттық ұғымдардың бәрі де санмен араласып келсе, сан адам ғұмырымен дүниеге келіп, аяқталады.
Сөзімді түйіндей келе алдағы уақытта осы тақырып көлеміндегі зерттеу жұмыстары ары қарай жалғасын тапса деген оймен төмендегі жобаларды ұсынамын.

Оқушы ғылыми ізденіс үстінде

Ұсыныстар:
1. Сандар сыры жайлы ғылыми еңбектер кітап болып басылып, көпшілікке ұсынылса;
2. Сандар жайлы киелі ұғым бар екені баршаға аян, олай болса олар жайлы жорамал жасау қолға алынса;
3. Ұлттық ерекшелігімізге байланысты қолданылатын сандық ұғымдар құиясы мектептің тәрбие саласына арнайы енгізілсе.
4. Қазақстан Республикасында «нумерология» ғылымы дамымаған, осы ғылымды біздің елімізде дамытуды қолға алса.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Алдамұратова Т.А. «Математика» Алматы «Атамұра» 2001 ж.
2. Ахметжанова Ф.Р., Дүсіпбаева Қ.С. «Қасиетті сандар қатысқан ескіліктері» ғылыми басылым, Өскемен 2001 ж.
3. Әлімбай Т.Р. «Математикадан тыс жұмыстар» Алматы «Рауан» 1992 ж.
4. Бақытбек М. «Жас Алаш» газеті Алматы 2001 ж.
5. Интернет беттерінен.

Аннотация
«Сандар сырының құпиясы» атты ғылыми жобада жас зерттеуші сандардың шығу тарихынан бастап, олардың қай мемлекетте пайда болғандығына ерекше көңіл аударып, түркі халықтары арасында оның ішінде қазақ халқының сандарға қатысты киелі, қасиетті ұғымдарын аша білген. Зерттеу барысында өзіндік көзқарасын білдіріп, ұтымды ұсыныстар жасаған. Халық арасындағы күнделікті тұрмыста кездесетін сандар құпиясын ғылыми болжамдармен салыстырмалы түрде қарастырып,кең көлемді жұмыс жасаған.
Жетекшісі: математика пәнінің
оқытушысы Қалдыбекова Н.С.

Аннотация
Уделяя особое внимание истории возникнования цифр, их первоначальное употребление, юный исследователь в своём научном исследовании «Тайна чисел» сумел раскрыть принципиальные особенности применения чисел у тюркского народа, а том числе и казахского. В ходе исследований выразил свой взгляд, внёс позитивные предложения. В работе был проводён сравнительный анализ широкого применения чисел в быту и научных предположений. Работа была выполнена в большом объёме.
Руководитель: учитель истории Калдыбекова Н.С.


Annotation
This science work is called «The secret of of number». The young researcher have found a lot of materials about became history of numbers and has searched the mean of Kazakh numbers. The young researcher has found the secret of numbers and how use in Kazakh peoples’ life and has searched for science numbers.
Subject of match
Teacher: N.Kaldibekova

Пікір
Қоршаған әлем адамзатқа өз сырын толық ашпаған.Қуантатыны білім,ғылым дамуымен қатар мектеп оқушылары жаңа көзқарасы,жаңа ойлар,ізденістер ,білуге деген құштарлығының артып келе жатқаны.Сондай оқушылардың бірі«Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10 «А»сынып оқушысы Дербіс Зарина Қарсыбайқызы өзінің «Сандар сыры қайда жатыр?» тақырыбындағы ғылыми жұмысын назарымызға ұсынып отыр.
Зертеу жұмысы кіріспеден ,негізгі мәселені қарастыратын төрт тараудан ,қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.Кіріспеде тақырыптың өзектілігі,мақсаты мен міндеттері және жұмыстың құрылымы талапқа сай жазылған.
Бірінші тарауда сандар тарихы,екінші тарауда сандар сыр шертеді сандар туралы қызықты мағлұматтар беріледі. Үшінші тарауда қазақ халқы үшін сандардың қасиеттерінің мән-мағанасы жан-жаұты ашылып көрсетілсе,төртінші тарауында ізденіс барысында өзінің қол жеткізген деректері жайлы ойларымен зерделейді.
Қорытынды бөлімінде жоғарыда аталған тарау мен тараушаларды түйіндеп,өзіндік тұжырымдама жасалған.
Қорытынды:Дербіс Зарина өз жұмысында ұлтымыздың сан ғасырлар бойы сенімі мен нанымы болып келген сандар сырының киелі ұғымдарына шолу жасап ,олардың өмірдегі қолдану аясына үлкен мән бере қарастырған.Біраз сандар сырларына қанығып ,ғылыми болжамдарға,ұстанымдарға назар аударып,өз қатарларына сандардың өмірде алатын орынын түсіндіре білген.
Дербіс Зарина ізденіс жұмыстарын қарапайым түсініктерден бастаған.Болашақта ғылыми жұмысын жандандырып,халық қазынасының тереңіне бойлап ,қасиетті сандар сырына қанығатындығына сенім білдіремін.

Пікір беруші «Сырдария»университетінің доценті.т.ғ.к

Категория: Мектеп

 

2 сынып: Дені саудың – жаны сау

Автор: admin от 19-05-2018, 00:54, посмотрело: 3138

1 Пән: қазақ тілі
5-бөлім: Дені саудың – жаны сау
Күні: 9.01.2018ж
Сынып: 2 «Ә»
Мектеп: Ж.Сүлейменов
Мұғалімнің аты-жөні: Қапалова Гүлжан
Қатысқандар саны: 13
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
Сабақ мақсаттары Мәтін бойынша түсінбеген сөздерді белгілеу, қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдылану.
Бағалау критерийлері • Тыңдаған материалдан түсінбеген сөзді белгілейді;
• Мәтін бойынша сұрақ құрастырады;
• Қойылған сұрақтарға толық жауап береді.
Тілдік мақсаттар Комментатор, бағдарлама, спортшы, сұхбат, жанкүйерлер, жарыс, сұхбат барысында тыңдарманның назарын аударту мағынасында қолданатын сөздер, т.б.

Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік
/интернационализм Еңбек және шығармашылық
Пәнаралық байланыстар Дүниетану, әдебиет, денешынықтыру, математика
Бастапқы білім
Спорт туралы хабар тамашалаймыз

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар

Сабақтың басы
7 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Таңғы шеңбер
«Сөйлемді аяқта» жаттығу.
Оқушылар шеңберге тұрып, «Мен кеше .... көрдім» деп өткен күні не көргендерін айтады.

(Ұ) Мақсаты: Сұрақ-жауап арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
- Адам нені көреді?
- Қайдан көреді?
- Біз қандай тарау өтіп жатырмыз?
- Денсаулық деген не?
- Спорт туралы хабарды қайдан білеміз?
- Қандай телебағдарламаларды білесіңдер?
- Бүгінгі сабақта не туралы өтеміз?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Бағалау критерийлерін шығару.
слайд
Сабақтың ортасы

5 мин

2 мин

3 мин

3 мин

15 мин
Негізгі бөлім
(Ұ, МК) Бейнежазба көру.
Мақсаты: мәтін мазмұны бойынша жаңа сөздерді талқылау, қойылған сұрақтарға жауап беру.
• Оқушылар түсініксіз сөздерді жазады, жаңа сөздер талқыланады.
• Бағдарламада мағлұмат қалай берілгенін талқылау.
- Бағдарламадағы мағұлмат қалай берілді?
- Қандай сөздер түсініксіз?
- Неліктен?
- Комментатордың дауысы қандай?
- Сен комментатор болсаң қалай сөйлер едің?
- Бағдарламада не жайлы болды?
Сергіту сәті

(Ж) «Сен маған-мен саған»
Мақсаты: өзара ақпарат алмасу,дұрыс сұрақ қою және оған толық жауап беруге дағдылану.
Жұпта жақсы көретін спортшылар туралы бөліседі.
Әңгімелесу кезінде мынадай сұрақтар қояды:
- Сен қандай спорт түрлерін жақсы көресің?
- Сол спорт бойынша атақты спортшыларды танисың ба?
- Атақты спортшы болу үшін не істеу керек?
- Адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?
(Ұ) Проблемалық сұрақ
- Балалар, сендер жұпта не істедіңдер?
- Сұрақтарға жауап бергенді қалай айтады?
- Сұхбатты кімнен алуға болады?
(Ұ. Т) Бейнежазбаны көру.
Мақсаты: мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.
Ильин туралы бейне көру. Илья Ильин - Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев
Бейнеден көрген сұхбаттағы сұрақтарды еске түсіру.
Сол сұрақтарға жауап беру.
Алынған сұхбат пен мәтінде берілген ақпаратты салыстыру.
Дифференциация
Бір топ Ильин туралы сұхбат қоюға сұрақтар дайындайды. карточкалар

Сабақтың соңы
5 мин Сабақты қорытындылау
Рефлексия
«Сөйлемді аяқта» сабақтан алған әсерлерін мұғалімнің бастаған сөзін жалғастыруы керек.
«Мен үшін бүгінгі сабақта.../ұнады/ұнамады, /қызықты болды/қызықсыз болды/. Себебі,...» слайд

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейі жоғары оқушыларға қойылым дайындауға беріледі Өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады
Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Қорытынды бағалау
Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаймын.

1:
2:
Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаймын.
1:
2:
Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?

Категория: Мектеп

 

Биология. 8 сынып: Сүйектердің байланыс түрлерін салыстыру

Автор: admin от 19-05-2018, 00:33, посмотрело: 1660

1 САБАҚ: Биология Мектеп: Ж.Сүлейменов
Күні: Мұғалімнің есімі: Ж.Тұрлыбекова
СЫНЫП: 8 Қатысқандар саны:23 Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Сүйектердің байланыс түрлерін салыстыру
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
• Сүйектің байланыс түрлерін атайды.
Оқушылардың басым бөлігі:
• Қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы, қозғалмалы сүйектердің түрлерін ажыратады.
Кейбір оқушылар:
• Сүйектің байланыс түрлерін анықтайды.
Тілдік мақсат Оқушылар:
• Оқушылар жұптық, топтық, жеке жұмыс арқылы тірек-қимыл жүйесін ауызша түсіндіре алады, талқылайды,сипаттай алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Сүйек, шынтақ сүйегі, білек сүйек, алақан сүйегі, сан сүйегі (ортан жілік), асық жілік шыбығы, жіліншік сүйек, толарсақ сүйектері
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Ask learners if they can think of other questions that we might have investigated. If ideas are not forthcoming, ‘lead’ the discussion by suggesting – what else could we have put in the basket? What other things could we try, to see if people have favourites? What other questions could we have asked about our fruit basket?
• Take ideas and ask – What do you think the result might be? What would the pictogram look like?

Талқылауға арналған тармақтар:
Қарт адамдардың сүйегі неге тез сынады?
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
1. Сүйекқап қандай қызмет атқаратынын айта аласызба?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Дәптермен жұмыс, сәйкестендіру тест жұмысы
Алдыңғы оқу Жануарлардың гидростатикалық қаңқасын, сыртқы және ішкі қаңқаның ерекешеліктерін біледі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы

2 минут

2 минут

5 минут

3 минут Зейінді сабаққа шоғырландыру.Ширату жаттығулары.
- Оқушылар жұп болып тұрады.Әр түрлі сандарды көрсетеді.Сол санды тез қосып жауабын айту керек. Бүгінгі сабаққа қатысты бір-біріне 3 сұрақ қояды.

Топқа бөлу: Пойызға билет алу арқылы топқа бөлінеді.
Ал енді алған билет бойынша өз вагонымыздағы орнымызға жайғасамыз.
(Сүйектер, Қозғалатын, қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы бойынша топтың атауы беріледі.)

№1 тапсырма.Үй жұмысын «Теңізге саяхат жасау» әдісі арқылы сұраймын.Оқушылар теңізден балық аулап алады да, сұрақтарға жауап береді. Үй тапсырмасын талқылаймыз, тыңдаймыз, анықтаймыз.

Сандық лабиринт арқылы үй жұмысын пысықтаймыз.Дәптермен жұмыс жүргіземін.

Қалыптастырушы бағалау: Берілген тапсырманы орындауына қарай оқушыларды ауызша мадақтап отырамын.
Ортасы

3 минут

15 минут

5 минут №2 Тапсырма «Миға шабуыл» әдісі арқылы видеоролик көрсетіп соған байланысты оқушыларға сұрақтар қоямын.

• Көрсетілімде не бейнеленген?
Сонымен бүгін біздің сабағымыздың тақырыбы не туралы деп болжайсындар?
Сабақта сүйек туралы қандай мәлімет білгілерін келеді?
Оқушылар ойларын айтады.Мұғалім сабақ мақсатымен таныстырады.

№3 тапсырма: «Галерея әдісі» арқылы мәтінді бөліп беремін. Оқушылар мәтінмен танысып болған соң постер қорғайды .
Оқушылар жаңа сабақты оқып танысады, флипчартқа түсіріп, баяндамашыны таңдап, келесі топқа баяндап береді. Бұл әдіс арқылы оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым дағдыларын қалыптастырамыз.
1-топ:Сүйек типтері және сүйектердің байланысуы. «Кластер» әдісіне салып қорғайды.

2-топ: Омыртқа жотасының қисаюы мен жалпақтабандылықтың алдын алу туралы мәлімет береді.

3-топ: Жалпақтабандылық туралы мәліметті «Фишбоун» әдісі арқылы талдайды.

4- топ: Сүйек ауруларының алдын алу туралы мәлімет береді

Дескриптор
Білім алушы - Сүйек типтері және сүйектердің байланысуын анықтайды;
- Омыртқа жотасының қисаюы мен жалпақтабандылықтың алдын алу туралы атайды.
- Сүйек ауруларының алдын алу туралы мәлімет ала отырып, өмірмен байланыстыра сипаттайды.
Қалыптастырушы бағалау: «Мадақтау сэндвичі» әдісі арқылы бағалаймын

№4 тапсырма:

Аяқталуы
3 минут

2 минут «Айфон» әдісі арқылы кері байланыстың түрін қолданамын.Оқушы досына хат жазады.Бүгінгі сабақта алған құнды мәліметтерін айтады.Не нәрсе ұнағанын, нені жақсарту керек екенін жазады.

Бағалау: БББ кестесі
Уй тапсырмасы: Тірек қимыл жүйесіне шағын эссе жазу.
Қосымша ақпарат
Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия
Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Категория: Мектеп

 

ҚМЖ: 3 сынып. Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі

Автор: admin от 19-05-2018, 00:06, посмотрело: 1507

1 Сабақтың атауы Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі
Мақсаты Сабақтың мақсаты:
1) тік төртбұрыштың мәнді белгілерін анықтау және периметрін табу.
2) оқушының таным белсенділігін арттыру, ойын және математикалық тілін дамыту, игерген дағдыларын жетілдіру.
3) оқушыларды ұқыптылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:фигуралар, сызбалар.
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал Тым еңкейме, қатты кетпе шалқаңа,
Салмақ салма, беліңе һам арқаңа.
Зейінді бол оқығанда, жазғанда,
Түзу, еркін, тыныш отыр партада. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту

- Оқушылар, бүгін біздің танысып үйренетініміз тік төртбұрыштың периметрін табу. Өткен сабақта үшбұрыштың периметрін қалай есептесек, төртбұрыштың периметрін табуда сол ережеге сүйенеміз.

Үшбұрыштың қабырғалары нешеу? Төртбұрыштың қабырғалары нешеу?
Төртбұрыштың қабырғаларын өлшейік. Оның барлық қабырғалары ұзындықтарының қосындысын жазайық.
3см+4см+3см+4см=14(см) Бұл қосындыны және оның мәнін төртбұрыштың периметрі деп атайды.
А) «Кім жылдам?» ойыны. Әр қатарға бір тапсырма беріледі.
1-қатарға. Берілген үшбұрыштың қабырғаларын өлшеп, периметрін табу.
2-қатарға. Берілген төртбұрыштың қабырғаларын өлшеп, периметрін табу.
3-қатарға. Шаршының қабырғаларын өлшеп, периметрін табу.
ә) «Теңге алу» ойыны. Тақтаға теңге ілінеді. Теңгеге жету үшін 3 қатардың оқушылары кедергілерден өту керек.Кедергілер-тапсырмалар. Қайсы қатардың оқушылары бірінші дұрыс орындайды, сол теңгені алады.

Оқулықпен жұмыс. 1-есеп. Берілген төртбұрыш, шаршының
қабырғаларын өлшеп, периметрін табу.

Шаршы

4см+4см+4см+4см=16см

Тік төртбұрыш

6см+3см+6см+3см=18см


2 есеп: Есеп құрастыр және шығар.

Шырша ойыншығы – 30 теңге
Қоңырау- ? 6 теңге қымбат
Шешуі: 30+(30+6) =66
Ж. 66 теңге
Зырылдауық – 90 теңге
Құрастырғыш--? 10 теңге арзан
Шешуі: 30+(30+6) =66
Шешуі: 90 – 10=80
Ж. 80 теңге

3есеп: Өрнекті жаз және оның смәнін тап.
А мен 30 санының қосындысы, мұндағы а = 27, 8;
27+30=57 8+30=38
А мен 6 санының айырмасы, мұндағы а = 76, 89;
76-6=70 89-6=83

4 есеп: Теңдеулерді шеш
а+8=98 а-5=40 а-6=32
а=98-8 а=40+5 а=32+6
а=90 а=45 а=38
90+8=98 45-5=40 38-6=32

Ой қозғау.
Кел, ойнайық!
«Сөз құрастыру»
Кестеге жауаптарды өсу ретімен орналастыр. Олардың астына тұсындағы әріптерді жаз. Сөзді оқы.
30-1Р 18-9А 74-70Қ 4+7М
8+8П 14+5Ы 13-6А 17-9Л

16
29
9
19
4
7
11
8
Мағынаны тану
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс Шығармашылық тапсырма:
Барлық қабырға тең екен,
Бұрыштары тік болса,
Өлшеп көрсем төрт екен.
Қабырғасы төртеуден.
Табуды біз үйрендік,
Ұзындығы 3 болса,
Периметрі нешеге тең?
Ені оның 2ге тең.
Есептеп сен айта ғой,
Периметрі нешеге тең
Алдымда тұр үшбұрыш
Қабырғасы 4та 3.
Бұл есептің жауабын
Айтып берші, байқағыш?
Үйге тапсырма Дәптермен жұмыс
Балапанға көмектес:
(12 3) 4 = 5
Күнделіктеріне жазады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Категория: Мектеп

 

Талантты және дарынды балаларды оқыту Логикалық – математикалық дарындылық .

Автор: admin от 19-05-2018, 00:03, посмотрело: 1010

1 Мерзімі
Тақырыбы Талантты және дарынды балаларды оқыту
Логикалық – математикалық дарындылық .
Мақсаты Талантты және дарынды балаларды оқытудағы олардың логикалық – математикалық қабілетін анықтауға, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуына, ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын, шығармашылық қабілетін, басқа да қасиеттерін жетілдіруде логикалық – математикалық дарындылықты дамытуға мұғалімдерге бағыт-бағдар беру.
Күтілетін нәтиже Оқу үрдісінде жаңа тәсілдерді қолданудың нәтижесінде талантты және дарынды балалардың логикалық – математикалық қабілетін анықтайды.
Өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуына, ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын, шығармашылық қабілетін, басқа да қасиеттерін жетілдіруде логикалық – математикалық дарындылықты дамытады
Сабақ беру әдісі өзгереді.
Оқушылар үнемі ізденіс үстінде болады.
Сілтеме Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 49 – 57 бет
Үлестірмелі нұсқаулық
Түйінді идеялар ● Логикалық – математикалық дарындылық оқушылардың жадында сақтай білу қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін, білімге құштарлығын, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуына, ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын, шығармашылық қабілетін қалыптастыруы мүмкін.
● Логикалық ойлауы ең үздік оқушылар топтағы бірлескен жұмысты сенімді, тиімді қолданылуы мүмкін.
● Тереңдетілген тапсырмаларды оқушылар үнемі орындау үшін ізденіс үстінде болуы мүмкін.
Коуч жазбалары Коуч іс – әрекеті Қатысушылыр
іс – әрекеті Ресурстар
Амандасу
3 мин Психологиялық ахуал туғызу, коучингтің тақырыбы мен мақсатын ашу Коучингке деген қызығушылығы оянады Коучинг жоспары, АКТ, бейне – ролик, стикер, А4 қағаздары, стикер, түрлі түсті маркерлер таратылады
Топқа бөлу
2 мин «Бананға кім бұрын жетеді ?» ойыны арқылы топқа бөлу Топқа бөлініп, топтасады

Білу
«Ой шақыру»
5 мин
І топ-
ІІ топ-
Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен
Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші болса, бұлардың
әрқайсысының әкелерінің аты кім?
• ІІІ топ-
Үш ағайынды.
Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әртүрлі класта оқиды.Абзал арманнан, ал Аян
Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені ортаншысы,кішісі кім? ІҮ топ- Әкесі шешесінен 5 жас үлкен, қызының жасы шешесінің жасның жартысы, үшеуін қосқанда 100 болуы тиіс, әкесі, шешесі, қызы нешеде болғаны Бейнекөріністерді терең түсіну.
Топпен ақылдаса отырып сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады.

Түсіну
20 мин І – тапсырма

1-топ
«Даналардың логика туралы айтқан
тұжырымдамалары мен түсінігі»
2-топ
«Логиканың негізгі мақсаты мен зерттеу пәні»
3-топ
«Шығармашылық жаттығулар»

4-топ
«Логикалық ойлаудың ерекшелігі» Топтаса отырып тапсырманы орындайды
«Дөңгелек стол» әдісі» арқылы мұғалімдер пікірі айтылады

«Фишбоун» әдісіне салу арқылы көрініс көрсетеді

«Блум түймедағы әдісіне» салу арқылы жағдаяттан шығады

«Білім қабырғасы» әдісіне сала отырып
жарыссөз ұйымдастырады
А3 форматтағы қағаз
Өзара бағалау
2 мин Бағалау критериін интербелсенді тақтада көрсету Бағалау критериіне қарай топтар бір – бірін бағалайды “От шашу әдісімен бағалау” Интербелсенді тақта

Сергіту сәті
3 мин Интербелсенді тақтада көрсету Үштілділікті дамыту
Дене мүшелерін ағылшынша үйрену
Қолдану
10 мин ІІ – тапсырма
«Кім жылдам?» әдісі арқылы логикалық жаттығулар мен «төрт сурет, бір сөз» тапсырмалар тартылады ІІ – тапсырма бойынша
«Кім жылдам?» әдісі арқылы логикалық жаттығулар мен «төрт сурет, бір сөз» тапсырмаларды орындайды

Үлестірме тапсырмалар
Бағалау
2 мин " Бағдаршам" әдісі арқылы бағалау
Жинақтау
10 мин ІІІ – тапсырма
«Рөлдік ойын әдісі»
Пантомимика ойыны
Ойынға 4- 10 әріптестер қатысады. Ойынды бастамас бұрын әріптестермен бірге аспазшы, дәрігер, спортшы т.б. секілді қимыл-әрекетін ым – ишарамен (пантомимика) көрсетуге болатын, алуан түрлі мамандық туралы әңгімелеседі.
Бағалау
2 мин «Ұшақ» арқылы бірін- бірі бағалайды

Рефлексия
5 мин Кері байланыс: “Блоб ағашы” немесе “Мақсат ағашы”
Мақсаты: Әріптестер бүгінгі сабақ ұнадыма?
Қай ойын ұнады?
Бүгінгі сабақтан өз қоржындарыңа қандай қызықты тапсырманы салдыңдар?
Бүгін біз не үйрендік?
Біз қалай логикалық ойымызды толықтырдық. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты осы.

Ж. Сүлейменов атындағы ЖОМ КММ география пәнінің мұғалімі
Мұхымбай Раушан Өмірзаққызы
І санат
raushan_mukhimbai@mail.ru

Категория: Мектеп

 

ҚМЖ 1 сынып: Сандар және цифрлар

Автор: admin от 18-05-2018, 23:49, посмотрело: 3527

21 Пән: Математика Мектеп: «Ж.Cүлейменов атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сандар және цифрлар

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Темирбекова У

Сынып: 1 «А» Қатысқандар саны:15
Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: 4 саны және цифры
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.1.1.– натурал сандар және нөл санының құрылуын түсіну. 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау: натурал сандар қатарындағы орнын анықтау. 1. 1. 9. 1. бір таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды, натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды.
Көптеген оқушылар: натурал сандардың және нөл санының құрылуын түсінеді.
Кейбір оқушылар: бір таңбалы сандарды оқу жазу және салыстыра біледі.
Бағалау критерийлері 1. 10 көлеміндегі сандардың құрылу жолын түсінеді.
2. 10 көлеміндегі сандарды тура және кері бағытта санайды.
Тілдік мақсаттар төрт, қосу, азайту, тең.
Құндылықты дарыту 5.Мәңгілік Ел, бұл - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Пәнаралық байланыстар Сауат ашу.
АКТ қолдану дағдылары
Бастапқы білім 4 саны туралы біледі.
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут Шаттық шеңбері.
Оқушылар алақан арқылы бір-біріне тілек айтады.
Топқа бөлу. «Үй жануарлары» арқылы топқа бөлемін.
4 топқа бөлемін.
І – Жылқы
ІІ – Қой
ІІІ – Ешкі
ІV- Үй құстары.
«Өрмекші торы» әдісі бойынша өткенге шолу.
1. Үш саны қандай саннан кейін келеді?
2. Үш саны қандай сан?

Сабақтың ортасы
25 минут

Ж.Ж.
Суретпен жұмыс.
Қай үй жануарларының 4 аяғы бар?
Ө.Ж.
Сандарды салыстыру.
Қандай сандар түсіп қалған?

Сандарды салыстыр.

Ұ.Ж.
Сұрақ – жауап әдісі.
1. Орындықтың қанша аяғы бар?
2. Үстелдің неше бұрышы бар?
3. Сиырдың неше аяғы бар? т.б.
Т.Ж.
«Айналма бекет» әдісі бойынша суретпен жұмыс.

Критерий
Дескриптор

10 көлеміндегі сандарды тура және кері санай біледі.
Бір таңбалы сандарды оқиды, жазады және салыстыра алады. 10 көлеміндегі сандарды
тура және кері санай алады.
Бір таңбалы сандарды
оқиды, жазады және
салыстыра алады.
Сандар.

Сабақтың соңы
5 минут

Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.
Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім



Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
«Зерттеу» әдісі арқылы таратпа қағаздар, логикалық есептер, 4 санының құрамын анықтауға тапсырмалар беремін.

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалаймын.
Қауіпсіздік ережесін сақтайды.

Категория: Мектеп

 

ҚМЖ 1 сынып: Ас-адамның арқауы.Дыбыстар мен әріптер

Автор: admin от 18-05-2018, 23:41, посмотрело: 3460

1 Күні:03.04.18ж
Сынып: 1 «А»
Мектеп :ЖОМ

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Пәні: Сауат ашу Мұғалімі:Темирбекова Ултусын
Сабақтың тақырыбы Ас-адамның арқауы.Дыбыстар мен әріптер
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары: 1,1.2.1. Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім,не туралы айтылғанын анықтау.
1.1.9.1. Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
.1.1.9.3.Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау

Сабақтан күтілетін нәтиже:
Барлық оқушылар орындай : Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім,не туралы айтылғанын анықтайды
Оқушылардың басым бөлігі : Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратады және дұрыс дыбыстайды.
Кейбір оқушылар . Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын
Тілдік мақсат Дыбыс пен әріп
Пәнаралық байланыс математика, бейнелеу
Ресурстар Оқулық,суреттер,дәптермен жұмыс,тақтамен жұмыс,
Алдыңғы оқу Нәтиже сабақ
Сабақ жоспары
Сабақтың барысы және жоспарланған уақыт Берілетін тапсырмалар мен қолданылатын әдістер Бағалау критерийлері мен жұмыс түрі

Ұйымдастыру кезеңі
3-минут

Үй тапсырмасын сұрау
8- минут
Сәлемдесу.
1.Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Көзді салып қараңыз,
Былай қанат қағамыз.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Оқу құралдарын тексеру
Назарын сабаққа аудару!
«Зымыран » ойыны
Суретпен жұмыс
4-жаттығу

Топпен жұмыс

Жеке жұмыс

Жаңа сабақ
20минут

1-мин
Сергіту сәті 1-жаттығу Мәтінді мәнерлеп оқу.
Сұрақтарға жауап беріп көр.
I. Мәтінде не туралы айтылған?
II. Аян атасының жүмбақтаған нәрсесін тапты ма?
III. Дүниеде ең тәтті не болады?
2-жаттығу Көркем жаз.
3-жаттығу. Бір бала әріптерді ортасынан бөліп тастапты. Енді оларды ешкім тани алмайды. Сен көмекке кел.
4-жаттығу Қатесіз көшіріп жаз.
5-жаттығу Сөз жұптарының мағынасы қай дыбыстың әсерінен өзгергенін тауып көріңдер. Дәптермен жұмыс

Топпен жұмыс

Жеке жұмыс

Сабақты бекіту 10-минут

Қайдан келдің, бауырсақ?
Дастарқанда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ. Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
-Қайдан келдің, бауырсақ?- Деп сұрады қуыршақ.
-Дүкеннен келдім нан сатқан, - Деді оған бауырсақ.
-Дүкенге келдің қай жақтан?
-Наубайдан келдім нан жапқан. Наубайға келдің қай жақтан?
Диірменнен келдім ұн тартқан.
Диірменге келдің қай жақтан?
Даладан келдім кең жатқан. Жер-анам менің көсілген, Диқандар мені өсірген.
Арғы тегім – ақ бидай, Тәттімін жеп көр, бақшимай! Жесең өзің байқарсың, Рақметіңді айтарсың.
(Ө. Тұрманжанов)
Өлең не туралы?
Нан дастарқанға қалай келеді? Өлеңнің мазмұнына сүйеніп, суреттен ретін белгілеп көрсетіңіз. Жұпта әңгімелеңіз.

жеке жұмыс

Үйге тапсырма 1 –минут
Үйге 6-жаттығу. 7-бет
Бағалау 1-мин
Кері байланыс 1-мин Ынталандыру
Қол белгі смайлик
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?
Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз?

Категория: Мектеп

 

ҚМЖ 7 сынып: Гидросфера

Автор: admin от 18-05-2018, 23:39, посмотрело: 1847

21 Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: Ж. Сүлейменов ЖОМ
Күні: 30. 11. 2017ж Мұғалім: А. Мусаева
Сынып: 7 сынып Қатысқандар: Қатыспағандар
Сабақтыңтақырыбы Гидросфера және оның құрамдас бөлігі
Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасәйкес) 7.3.3.1. Гидросфера және оның құрамдас бөліктерін сипаттайды.
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар :Гидросфера ұғымын білу, гидросфераның құрамдас бөліктерін атау,судың қасиеттерін ажырату
Басым оқушылар: Үлкен және кіші су айналымын салыстыру. Кейбір оқушылар: Су айналымының моделінің конструкциясын құрастыру.
Бағалау критерийі -Гидросфера ның құрамдас бөлігін суреттейді.
-Гидросфера ұғымын мазмұндайды.
-Гидросфераның құрамдас бөлігін түсіндіреді.
-Гидросфера суларының ара салмағын дәлелдейді.
-Дүниежүзілік су айналымы сызбасын құрастырады.
Тілдік мақсаттар
Тыңдалым :Гидросфера дегеніміз не ?
Дүниежүзілік мұхиттардың бөліктерін ата ?
Оқылым:оқулықтағы мәтіннен ақпараттың түйінді идеясын табу
Жазылым :карта мәлемметерді пайдаланып дүниежүзілік мұхиттардың ауданнының диаграмма арқылы көрсету.
Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу және жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылықтарының, инновациялық –индустриялық кластерді дамыту. Еңбек өнімділігін арттыру-өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада,т.б қызмет салаларында
Пәнаралық байланыс Биология пәнімен тірі ағзалардың ертеден бері өмір сүріп келе жатқандығының ортасы екенін түсінеді.Физика пәнімен судың қасиеті өте қызық 00 С тан-40 С қа дейін қыздырғанда қысылып , ал одан әрі температураны көтерген сайын ұлғайтатын қасиетке ие табиғаттағы жалғыз қарапайым зат.Суөте жақсы еріткіш ,суда газтәрізді де, сұйық та, қатты күйдегі де заттар ериді. Алмасу заттары суда еріп, ағзадан шығады.
Алдыңғы білім Мухиттар, судың құрамы, судың қасиеті және судың маңыздылығын біледі
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған
Кезеңдері Сабақтағыжоспарланғанжаттығутүрлері
Ресурстар
Сабақтың басы -5мин
Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу;
ә) сыныпта жағымды ахуал туғызу;
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Оқушыларға мотивация беру,жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында «Шаттық шеңбері» әдісі бойынша оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады.
Топқа бөлу: сынып оқушыларын сурет қиындыларын құрастыру арқылы 3 топқа біріктіру
1 топ - Шығанақ,
2 топ - Бұғаз,
3 топ -Түбек.
« Ширату сұрақтары» әдісі бойынша алдыңғы білімді пысықтау :
1.Гидросфера дегеніміз не ?
2.Кіші су айналымы мен үлкен су айналымы қандай құбылыс ?

Кеспе қағаздары
Сабақтыңортасы -15 мин
Жаңа сабақтың мазмұнын ашу үшін АКТ-ны кеңінен қолдана отырып «Телерадио эфир» әдісі арқылы «Табиғаттағы су айналымы» бейнежазба көрсету.
-Мына бейнежазбаны көру барысында қандай ой түйдіңіздер ?Әр топтан жауабы тыңдалады ,ауызша бағаланады. Мұғалім қосымша түсіндіреді, толықтырады.
Мәтінмен жұмыс :
1 топ : Гидросфера туралы түсінік
2топ : Судың қасиеттері
3топ : Дүниежүзілік су айналымының маңызы
Топтық жұмыс
1-тапсырма «Дөңгелек стол» әдісі
Әр сөйлеуші берілген сұрақ бойынша өз пікірін,өз ойын бәріне ортақ бір параққа жазады да,келесі сол жағындағы қатысушыға жылжытады,келесі тағы да сол қағазға өз пікірін,ойын жазып,қасындағы көршісіне береді,сөйтіп,әрқайсысының қатысқаны белгілі болып тұрады.Соңында сұрақ жайлы пікірталасып,нәтижесі түйінделеді.
Критерий Дескрипторлар
-Гидросфера ның құрамдас бөлігін суреттейді -гидросфера туралы баяндайды
-судың қасиеттерін анықтайды
-дүниежүзілік су айналымының маңызын суреттейді.

Бағалау: марапаттаймын,оқушыға дұрыс бағыт-бағдар беремін, кері байланыс
Жұптық тапсырмалар
1 топ : «Сең білесің бе ?» әдісі.
Дүниежүзілік мұхит бөліктерінінің анықтамаларын кестеге толтырыңдар
Теңіздер
Шығанақ Бұғаз Түбек Арал
Ішкі теңіз Сыртқы теңіз

Критерий Дескрипторлар
Гидросфера ұғымын мазмұндайды -Дүниежүзілік мұхит бөліктерінің анықтамасын жазады
-Географиялық нысандарды картадан анықтайды
-географиялық нысандарды түрлерін ажыратады.
Бағалау: марапаттаймын,оқушыға дұрыс бағыт-бағдар беремін, кері байланыс
2 топ :« Ізде ,тап,салыстыр» әдісі бойынша
Дүниежүзілік мұхиттар аудандарының салыстыру нәтижелерін диаграмма арқылы көрсет
Критерий Дескрипторлар
Гидросфера суларының ара салмағын дәлелдейді. - мұхиттардың аудардарының салыстыру нәтижесін диаграммада көрсетеді.
-Мұхиттардың географиялық орнын анықтайды.
-Д\ж мұхиттың био массасын анықтайды.

Бағалау;марапаттаймын,оқушыға дұрыс бағыт-бағдар беремін, кері байланыс.
3 топ : « Зерттей білесіз бе ?» әдісітапсырма
Дүниежүзілік су айналымын сызба арқылы көрсет.

Критерий Дескрипторлар
-Дүниежүзілік су айналымы сызбасын түсіндіреді. Дүниежүзілік су айналымы сызбасын сызады .
-Дүниежүзілік су айналымы себеп-салдарын анықтайды.
-Д\Ж су айналымының таралу аймақтарын ажыратады.
Бағалау: марапаттаймын,оқушыға дұрыс бағыт-бағдар беремін, кері байланыс.
Топтық тапсырма
«Семантикалық карта-cызбасы» әдісібойынша дүниежүзілік мұхит пен мұхит бөліктерін салыстыру
Мұхит тән сипат
тама Ішкі теңіз Сыртқы теніз Тү
бек Шыға
нақ Бұ
ғаз Арал
Бери
Нг
Гавай
Қызыл
Лаптев
Бискай
Аравия

Критерий Дескрипторлар

Гидросфераның құрамдас бөлігін құрастырады. Дүниежүзілік мұхит бөліктерін ажыратады.
-сипаттайды.
- Талқылайды.
- сәйкестендіреді.

Бағалау: марапаттаймын,оқушыға дұрыс бағыт-бағдар беремін, кері байланыс.
Сабақты қорыту.
Сабақты бекіту мақсатында «Серпілген сауал?» әдісі
Сұрақтар қою aрқылы оқушылaрдың білімін тексеріп, тілдік мақсаттарының орындалғандығын бақылау АКТ
https// youtube.
Com/a5kF5Ks7dDg

Оқулық

Оқулық,
түрлі түсті қаламдар,А4

Таратпа кеспе қағаздары

Таратпа кеспе қағаздары ,оқулық

Суреттер,оқулық.

Кеспе-қағаздары

Сабақтың соңы
Кері байланыс «Тазалық» ойыны
Оқушыларға бір парақ беріледі. Мына суреттер берілген : 1. Чемодан .2.Қокыс жәшігі. 3.Еттартқыш

- бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды- чемоданға салады, артық дүниені -қоқыс жәшігіне , ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салады.
Үйге тапсырма:
Қосымша әдебиеттерді пайдаланып,хабарлама дайындаңыз: Суреттер
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасынсақтау

А) -оқушыларғаГидросфера туралы түсінік, судың қасиеттері, дүниежүзілік су айналымының маңызы жайында өз бетінше оқып талдауға мүмкіндік беретін әдістерді қолданамын
В)-деңгейлі оқушыларға мұхиттардың аудардарының салыстыру нәтижесін диаграммада көрсетуіне Д\Ж су айналымының таралу аймақтарын ажырата алатын тапсырмалар ұсынамын
С)-қабілеті жоғары оқушыларға күрделі деңгейлік тапсырмалар дайындаймын, шығаармашылыққа баулимын Сабақ барысында оқушыларды жеке,топтық,жұптық жұмыстар жүргізгенде өзін-өзі бағалау,өзара бағалау,сөздік бағалау әдістерін қолданамын.
жаратылыстану және география ортақ терминдер
-АКТ саласындағы дағдылар
- қарым-қатынас жасау қабілеті,өзгелердің көзқарасына құрметпен қарау,сыйластық, белсенді болу, жауапкершілікті сезіну құндылықтары
-шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдылары

Рефлексия
Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Категория: Мектеп

 
Назад Вперед