» Материалы за 15.01.2018

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 
 

"Рухани жаңғыру" аясында мектеп психологтарының "Мен шабыт беремін" апталығынан көріністер

Автор: admin от 15-01-2018, 23:05, посмотрело: 1212

13 «Бекітемін»

Мектеп директоры: _______________
Ж.Мугалбеков

«Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2017-2018 оқу жылындағы «Мен шабыт беремін...» атты психология апталығының жоспары

Мақсаты: Психологиялық қызметтің жұмысын насихаттау, мектеп ұжымының ауызбіршілігін қалыптастыру, оқушылардың шығармашылығын, белсенділігін арттыру.
№ Өткізілетін іс-шаралар Ұраны Мерзімі, уақыты, қатысушылар Жауапты
Сейсенбі б «Түрлі түсті күн»
Апталықтың ашылуы:
1. «Мейірімді болса жүрек орындалар тілек» ұстаздарға арналған тренинг.
2.«Сымбатты болу шартымыз...» (Флеш – моб)
«Әрбір бұлтты күннен кейін, міндетті түрде күн шығады!» 19.12.2017ж. 800-830
Мұғалімдер 1040-1050 7 сынып оқушылар Ж. Каликова М. Оспанова

Сәрсенбі
«Бақытты күн»
1.«Бойжеткен әдемі жүр, сыпайы күл!» фотосуреттер көрмесі.

2. «Мектеп – ортақ үйіміз» мектептің жалпы суреті. «Әрбір адам, өз бақытының жаршысы»
20.12.2017 ж.
Күн бойы
8-11 сыныптар 5-11 сыныпта Ж. Каликова М. Оспанова Сынып жетекшілер
Бейсенбі
«Ата – аналар күні»
1. «Ананың алақаны балаға
айдынды қоныс» тренинг
 Баяндама: «Мектеп пен
отбасы арасындағы байланыс – заман талабы»  Ата – анаға жадынама тарату.
1. Ата-аналар мен сынып жетекшілер арасында өткізілетін
«Білім мен тәрбие егіз ұғым» интеллектуалды психологиялық ойын сабақ «Тәрбие отбасынан басталады» 21.12.2017ж.
1130-1300
Ата-аналар

1000-1100
1500-1600
1-4 сынып жетекшілері және ата-аналар Ж. Каликова М. Оспанова
Сынып жетекшілер
Жұма
«Жарқын болашақ күні»
1.«Мамандық білгірлері» кәсіби бағдарлау сайысы.

2. «Алынбайтын асу жоқ» тақырыбында эссе жазу


2.«Реніш» тақырыбындағы психологиялық сабақ.
«Болашақ бүгіннен басталады!»
22.12.2017ж.
11 сынып
1500-1630

1-11 сынып оқушылары


4 сынып
1100-1200 Ж. Каликова
М. Оспанова
Сынып жетекшілер
Сенбі
«Қарым – қатынас күні»
Апталықты қорытындылау:
1. «Сиқырлы сезім» атты
ойын-сауық кеші.
2. Апталыққа белсене
қатысқан оқушылар мен ұстаздарды марапаттау.


« Қарым – қатынас, өмір атты тағамның ең қажетті тұздығы»

23.12.2017ж.

1500-1800
1-11 сынып
оқушылары
Мұғалімдер Ж. Каликова
М. Оспанова
Ф. Асқар
Ш. Смадиярова
Сынып жетекшілер



Дайындаған: Ж. Каликова
М. Оспанова













Мектебімізде 2017-2018 оқу жылындағы желтоқсан айының 19-23 күндері аралығында
«Мен шабыт беремін...» атты психология апталығы болып өтті.
Бірінші күні апталықтың ашылуы болды. Апталықтың әрбір күніне ұран айтылып, ат қойылды.
1 күні «Түрлі түсті күн» , Ұраны: «Әрбір бұлтты күннен кейін, міндетті түрде күн шығады!». Мектеп педагог-психологы Ж. Каликова «Мейірімді болса жүрек орындалар тілек» атты ұстаздарға тренинг жүргізді. Ұстаздар сол күні сабақтарын көтеріңкі көңіл - күймен бастады.
Апталықтың ашылу салтанатында оқушылар «Сымбатты болу шартымыз...»
атты флеш – моб биледі. Мектеп іші шарлармен безендірілді. Әрбір сыныпқа ақын, жазушы, ғұламалардың нақыл сөздері және көңіл күй көтеретін суреттер ілінді.
2 күні «Бақытты күн» Ұраны: «Әрбір адам, өз бақытының жаршысы».
8-11 сынып оқушылары арасында «Бойжеткен әдемі жүр, сыпайы күл!» атты фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды.
5-11 сынып оқушылары арасында «Мектеп – ортақ үйіміз» атты мектептің жалпы суреттері ілінді.
3 күні «Ата – аналар күні» Ұраны: «Тәрбие отбасынан басталады».
Мектебіміздің психологы М. Оспанова ата-аналарға «Ананың алақаны
балаға айдынды қоныс» атты тренинг жүргізді. Мектеп педагог-психологы Ж. Каликова «Мектеп пен отбасы арасындағы байланыс – заман талабы» тақырыбында баяндама оқыды. Сол жерде ата – аналарға жадынама таратылды.
Психолог М. Оспанова ата-аналар мен сынып жетекшілер арасында «Білім мен тәрбие егіз ұғым» атты интеллектуалды психологиялық ойын сабақ өткізді.
4 күні «Жарқын болашақ күні» Ұраны: «Болашақ бүгіннен басталады!»
Ж. Каликова 11 сынып оқушыларымен «Мамандық білгірлері» кәсіби бағдарлау сайысын өткізді.
Сол күні 1-11 сынып оқушылары «Алынбайтын асу жоқ» тақырыбында эссе жазып тапсырды. Мамандар оқушылардың эсселерін тексеріп шығып, үздіктерін белгілеп берді.
М. Оспанова 4 сынып оқушыларына «Реніш» тақырыбында психологиялық сабақ өткізді. Сабаққа оқушылар белсене қатысты.
5 күні «Қарым – қатынас күні» Ұраны: « Қарым – қатынас, өмір атты тағамның ең қажетті тұздығы».
Апталықты қорытындылауда 1-11сынып оқушылары аралығында «Сиқырлы сезім» атты ойын-сауық кеші ұйымдастырылды. Кеште әсем әндер мен билер, көріністер көрсетілді. Бірнеше психологиялық жаттығулар жүргізілді.
Апталыққа белсене қатысқан оқушылар мен ұстаздар марапатталып, ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.

Категория: Мектеп дәстүрі