» » Алғашқы қоңырау

 
 
 

Алғашқы қоңырау

Автор: admin от 1-11-2018, 00:39, посмотрело: 1080

1 «Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2018-2019 оқу жылындағы 1 қыркүйек Білім күніне арналған «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынының бағдарламасы.

1.Оқушыларды сапқа тұрғызу

2. Қонақтардың орналасуы

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын шығару.

4. Салтанатты жиынды ашу, мектеп директорына сөз беру

5.Әнұран шырқалады.

6. Құттықтау сөз (қонақ, ата-ана,ұстаз)

7. Ән жолданады.

8. 1- сынып оқушыларының әдеби монтажы

9. Салтанатты жиынның жабылуы.

10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын шығару

11..Алғашқы қоңырау қағылады.

12.. Салтанатты жиынды жабу үшін мектеп директорына сөз беріледі.

13. Әнұран шырқалады.

Жүргізуші:

Алтын шапақ шашыратып көгінен,
Күз кеп жетті сағыныштан сезіммен.
Балапандай ұясына асыққан,
Шәкіріттерін шаттандырып сеніммен.

1 қыркүйек - Білім күні мерекесіне арналған «Қазақстаным- жүрегім, Түркістаным- тірегім!» атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер! Құрметті ұстаздар , ата-аналар, оқушылар! Барлықтарыңызды бүгінгі 1 қыркүйек- Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз ! Құттықтай отырып зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан , бейбітшілік пен ынтымақтастық тілейміз Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын. Бүгінгі алғашқы қоңырау мерекесіне арналған
«Қазақстаным- жүрегім, Түркістаным- тірегім» атты салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз.
Түркістан (қаз. — Қазақстандағы қала, Түркістан облысының әкімшілік орталығы. Түркістан – V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған. Есім ханнанбастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. ХІV ғасырда Ақсақ Темір іргетасын қалаған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бар.
Мағжан ақын «ер түріктің бесігі» деп жырға қосқан Түркістанның облыс орталығы болуын да ерекше атап өткен жөн. Бұны тек түркістандықтар үшін ғана емес, тұтас қазақ халқы үшін аса маңызды оқиғалардың бірі деп білемін. Себебі, осыған дейін рухани астанамыз ретінде аталып келген қалаға енді білдей бір облыстың жүгі жүктеліп отыр. Бұл, әрине, қаланың өсіп-өркендеуіне оң әсерін тигізетін игілікті іс. Соның арқасында кеше күллі түркі әлемінің алтын ордасы болған Түркістанның қайтадан түлеп, түрленетін, тәуелсіздік тұғырының биіктей түсуіне өзіндік үлес қосатын кезең туып отыр.
«Осындай басымдықтарды ескеріп, Елбасының Шымкентке республикалық маңыз беріп, Түркістанды облыс орталығы ретінде қайта құруын тарихи әрі әділ шешім деп есептейміз. Бұл тек екі қала халқына ғана емес, барша оңтүстік жұртына жүктелген зор жауапкершілік. Осыған орай Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындарын тарихи оқиғамен шын жүректен құттықтай отырып, өңірдің одан әрі өсіп-өркендеуіне тілектестігімді білдіреміз.

Жүргізуші:

Туым- теңдігім,
Елтаңбам-елдігім,
Әнұраным –айбыным!
Тәуелсіз еліміздің көк байрағын, елтаңбасын, әнұранын асқақтатып қадірлей білейік ағайын!
Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,
Қазағым сен қашанда тұғырдасың!- деген жыр жолдарымен Қазақстан Республикасының мемлекеттің Туына назар салайық!
(Ту көтеріледі)

Жүргізуші:
Таусылмасын жүректе асқақ әнім,
Тек биікте самғатам жыр қыранын.
Азатпыз, Тәуелсізбіз, Еркінбіз деп
Шырқайық ұлы Отанның әнұранын!
(Барлығы: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындайды.)

Жүргізуші:

«Қазақстаным- жүрегім, Түркістаным- тірегім» мерекесін салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Мұғалбеков Жаңабай Дербісұлына ұсынамыз.

Жүргізуші:
Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,
Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.
Қуаныш пен салтанатты шақтарда
Қонақтар да ақ тілегін ақтарар.
Сөз кезегі қадірменді қонақтарда.
( қонақтарға сөз беріледі)

Сіздердің құрметтеріңізге, ақ тілектеріңізге арнап 11 сынып оқушылары Илесбек Арайлым мен Төлбас Аяжан «Аяулы мектебім» әнін жолдайды, қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:
Өмірдің бейбіт бағы гүл,
Асудан асып асқарлы
Мінекей биыл тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды.
Шаттықпен шалқып толғана
Ой толқытқан жүрегін
Өмірге алмақ жолдама
Сыр шертсін енді түлегің

Он бірінші сынып оқушыларының әдеби монтажына құлақ түріңіздер.
ЖАЗИРА
Кеше ғана аттаған,
Мектеп табалдырығын
Бүлдіршін едік бастаған
Ақ бантикті тұлымың

Иә, кеше, кеше еді,
Сәби едік балдырған
Азамат болып көшелі,
Табылмақпыз сан қырдан

Сусындап білім нұрына
Өткеріппіз он жылды
Қанығып өмір қырына,
Зердеге түйдік мол сырды.

БЕК
Оқыған әпке, ағаңыз,
Қадірлі мектеп – бұл мектеп.
Сендердей біз де болғанбыз,
Есейдік, міне, қараңыз.
Құт болып алғаш қадамың,
Жағарсың білім шырағын.
Биылғы жыл ерекше, Ұғарсың оның шын мәнін.

АРАЙЛЫМ
Құттықтап білім күнімен,
Сыйланар сізге әліппе.
Бар білімнің бастауы,
Қадірлеп оны дәріпте.

ЖАНАТ
Ақыл білім көп бердің,
Анамдайсың мектебім.
Сенде өсіп көктедім,
Сенсің өмір көктемім.
Алғыстарым көп менің,
Асыл анам мектебім!

Жүргізуші:
Егемен елдің төсінде,
Шуағын шашсын арай ,күн
Азамат болып өсіңдер,
Қызыға жұрттар қарайтын.

Сіздердің құрметтеріңізге арнап 11 сынып оқушыларының «Мектеп вальсін» қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Біреулер енші ап өмірден,
Аттанбақ болса асып қыр
Біреулер балғын көңілмен
Алғашқы қадам басып тұр
Сондықтан да назарды,
Солар жаққа бұрайық
Балдырғандарды базарлы
Қарсы алып, қол ұрайық.

Жүргізуші:
Айқара ашқан есігін
Қайнары білім нұрының
Мектебің – алтын бесігің
Жылы ұяң, міне сыныбың
Қаламсап алып қолыңа,
Достасарсың да әріппен
Шуағын себер жолыңа,
Жан серігің - әліппең – дей келе, бүгінгі мектеп
табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып
оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тілейміз.

Жүргізуші:
Халқымыз “Ата-баба дәстүрі- асыл мұра” дегендей “Бала- бауыр
етім” деп баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әрбір
қадамына қуанып, шілдехана, бесік той, тұсау кесер, сияқты тойларын жасаған. Ал бүгінгі тойымыз бүлдіршіндердің 6-ға келіп, 1- сыныпқа қабылданып ,“Алғашқы қоңырау мерекесіне қатысу сәті.
Бұл той- баланың бал дәурен шағымен қоштасып, білімге
талпынған қадамы.

Құрметті халайық, олай болса, оқушыларымыздың тойын бастауға
рұқсат етіңіздер!
(1-сынып оқушыларының әдеби монтаждары, өлеңдері тыңдалады,
өнерлері тамашаланды)

Музыка әуенімен ойнап келе жатқан балалар дауысы естіледі. Осы кезде 2-3 балдырған (қолдарында добы, қуыршағы, машинасы бар) өзара таласып келіп ортаға кіреді.

Жүргізуші: Ойын қуған, жүрген думан бұл кімдер?
Сылдыраған балаң тілмен естіледі бір үндер.

1-балдырған: Мамам айтқан күзде мектепке барасың деп,
Көп-көп оқу құралдарын аласың деп.

2-балдырған: Онда мына машинаңды неге тастамайсың?
Сен әлі еш нәрсені түсінбейтін кішкентайсың.

3-балдырған: Жоқ, ол жетіге толды,
Үлкен бала болды.
Мына қуыршақты, машинаны
Бөпесіне сыйлайтын болдық.

Балалар ойыншықтарын бөпелеріне береді. Осы арада мектепке бара жатқан 2-сынып оқушылары ортаға келіп қосылады.

2-сынып оқушысы: Балалар, мектепке бармайсыңдар ма?

1- Балдырған: Мектеп.Мектеп деген ол не өзі?
Оның бар ма мұрны, аузы, көзі?

2-сынып оқушысы: Мектеп – ол үлкен орда,
Оқимын дегеннің бәрі сонда.

2- Балдырған: Онда не береді?
Менің де барғым келеді.

2-сынып оқушысы: Жетіге толсаң, ойын қумай бос текке,
Оқисың, әрине, сен де мектепте.

3- Балдырған: Мектептен үйрендің сен нені?
Көп пе оның сендерге бергені?

2-сынып оқушысы: Мектепте бәріміз білім аламыз,
Жан-жақты дамып өседі санамыз.
Біз секілді ағылшын тілін меңгересің,
Мектепте домбыра қағуды үйренесің,
Үйірмеде билегенде бір ғажайып күйге енесің.
Ән сабағына қатысып ән айтасың,
Интернетке кіріп жаңалықпен қайтасың.
Спорттың неше түрімен шынығасың,
Қарның ашса, асханада сусын ішіп тынығасың.
Бүгін 1- қыркүйек білімнің күні,
Сыңғырлайды мектепте қоңырау үні.
Мектебім мінеки, ақ ордам тым асқақ,
Ұстазым, достарым тұр әне қол бұлғап.
Жүріңдер, үңіліп мектептің сырына,
Шығайық біз бірге білімнің шыңына.

Жүргізуші: Қадамыңа гүл бітсін деп ал халқым,
Қол соғып бір қошеметтеп тұр жалпы.

Ортаға 1-сыныпқа қадам тастаған бүлдіршіндер келеді,
Жүрек жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді.

1-оқушы: Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің.

2-оқушы: Қуаныш бүгін – мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем.

3-оқушы: Бірінші қыркүйек күні мен
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем, қарсы алар мектебім
Сүйкімді қоңырау үнімен.

4-оқушы: Биыл мен де мектепке
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер, қаламым.

5-оқушы: Мектепке енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.

11 сынып оқушыларының атынан жас бүлдіршіндірімізге арналған сыйлықтарын тапсыруға рұқсат етіңіздер.

Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндерімізге сәттілік тілей отырып , 4 сынып оқушысы Керімбай Еркебұлан «Каникул» әнін жолдайды, қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:
Күтіп тұр, алда сан қызық,
Асулар асқар, неше сын
Кеудеңе үміт жанғызып,
Азамат болып өсесің.
Үміттің отын жандырған
Қызырдан болсын қолдаушың
Хош келіпсің, балдырған
Қадамдарыңа нұр жаусын!
Ұшталған үміт арманнан,
Таудай бір болсын талабың! – дей келе 11-сынып түлектерінің құрметіне Оразалы Дінмұхаммед пен Бектас Арайлымның “Мектебім” әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:
Жаңа оқу жылы құт болып,
Ізгілік оты жағылсын.
Бөбек пен түлек жұп болып,
Алғашқы қоңырау қағылсын – алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу үшін ортаға мектебімізден биыл түлеп ұшатын және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған оқушыларды шақырамыз.

(Бірінші және он бірінші сынып оқушылары қоңырау соғады)

Ендеше балғын балалықпен қоштасып, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1-сынып оқушылары мен алғашқы ұстаздарына қошеметпен қол соғып қояйық! Мектепке 1-сынып оқушылары мен ұстаздарын алғашқы білім күніне арналған сабаққа шақырамыз.

Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар – алғашқы қадамдарың құтты болсын, алтын ұя мектебіңде білім нәрімен сусындап, жарқын болашаққа сеніммен қараңдар.
Ақ жол, бүлдіршіндер!
Біліммен асып - тасайық
Тілеуін берсін көк көптің
Тілекпен осы ашайық
Есігін енді мектептің

Жүргізуші:
Осымен 1 қыркүйек білім күніне арналған «Қазақстаным- жүрегім, Түркістаным- тірегім» мерекесі өзі мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!

Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын! “Алғашқы қоңырау!” мерекесі 2018-2019 оқу жылының алғашқы сабағымен жалғасады.

Ақ жол сіздерге, мектеп оқушылары!

Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
<
  • 0 комментариев
  • 0 публикаций
  • ICQ: