Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

ҰБТ-ның жаңа форматы

Автор: admin от 16-02-2017, 23:36, посмотрело: 783

0

Категория: Оқушыларға

 

Қазақстан-мәңгілік ел

Автор: admin от 16-02-2017, 05:51, посмотрело: 819

0

Категория: Оқушыларға

 

Рәміздер

Автор: admin от 16-02-2017, 04:04, посмотрело: 717

0

Категория: Оқушыларға

 

Абайдың қара сөздері

Автор: admin от 15-02-2017, 01:39, посмотрело: 623

0

Категория: Оқушыларға

 

Жолда жүру ережелері

Автор: admin от 12-05-2016, 07:06, посмотрело: 1069

0
Жолда жүру ережесі
 
Тақырыбы: Жолда жүру ережесін білесің бе?
 
Мақсаты:

1) оқушыларға көше қатынасы ережелерін меңгерту;
2) жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру;
3) оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу.


Түрі: сайыс сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап
Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, плакатқа жазылған ескерту сөздер, макеттер, оқушылардың салған суреттері, сабақ интерактивті тақтада өтеді.
 
Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жол жүру ережесі заңды тәртіп -
Ол ортақ
Үлкен кіші баршамызға!
 
Сабақ барысы: Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Мақсатын ашып көрсету.
     Кіріспе сөз: Ең алғашқы автомобиль немесе өздігімен жүретін арбаны қарапайым шаруа адамы Леонтий Шамшуренков 1752 жылы ойлап тапқан.Оны арнаулы педальді басу арқылы жүргізуге болады.
       1764 жылы бу двигателі ойлап табылғаннан кейін автомобиль конструкциясы да күрделене берді. Техника дамыған сайын адам өміріне қауіп те көбейді. Осыған сәйкес жолдажүру ережелері енгізілді. Бұл жол белгілерінің еі ббелгілі түрі – бағдаршам.
        1868 жылы Лондон қаласында бағдаршамның семофор типтес түрі пайда болды. 1914 жылы АҚШ-та алғашқы электрлі бағдаршам пайда болды.
            Енді бүгінгі тақырып бойынша сынып оқушылары топқа бөлініп сайысқа шығады. Осы топтарды ортаға шақырайық.
Сайыс болған жерде әділ  бағасы берілу керек. Әділ бағаларын беру үшін  апайларымызды таныстырайық.
1. Маликова Қызтумас апай
2.Қазыбаева Нағима апай
 
Сайысымыздың шарттары мынадай:
І- «Бағдаршам» бекеті
ІІ- «Жол белгілері» бекеті
ІІІ- «Жүргізушіі» бекеті
ІҮ- «Қиылыстар» бекеті
Ү- «Өнер» сайысы
 
1-топ – «Бағдаршам»
2- топ – «Жол белгілері»
«Бағдаршам» Ұраны: Қызық жарық жанғанда
                                     Қалт тоқтай қал табанда.
                                    Сары шамы жағылса,
                                   Сақ абай бол  барынша.
                                  Жасыл шамы жол ашық,
                                  Зымырай бер бел асып.
Сәлемдеме: Данышпан ағалар қылған талап,
                    Жол бойын тұру үшін қадағалап.
                   Орнатып қойыпты олар бағдаршам,
                  Жүргіншілер өтсін деп соған қарап.
«Аялдама»   Ұраны: Тоқта, демал, аялда.
                                   Күтеді әлі жол алда.
 
Сәлемдеме: Жол бойында тұрады аялдама,
                    Жолаушыңды отырғыз аялда да.
                   Жүргізушіден жолаушы өтінеді,
                   Тоқтарсың деп аялдауға таялғанда.

І- «Бағдаршам» бекеті
("Бағдаршам" ойынына барлық оқушы топпен қатысады.)
Ойын жүргізушісі алдын ала дайындаған үш түсті көрсетіп, оқушылардың қаншалықты жинақы екенін байқайды.

Ойын шарты
1) Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын қозғалысқа келтіреді.
2) Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.
3) Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.
 
ІІ- «Жол белгілері» бекеті
Бұл кезеңде «Жол белгілері» берілген қағаздарды қиып тастап сол белгілерді құрастыру. Бұл шапшаңдық пен жылдамдықты қажет етеді
      
ІІІ- «Жүргізушіі» бекеті
Сұрақтарға жауап береміз
1 Жиек жол дегеніміз не? – Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
2 Жаяуға қай жермен жүруге болмайды? – Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
3 Мына белгі нені білдіреді? – Абайла! Балалар!
4 Қала көшелерінде қанша жасқа дейін велосипедпен жүруге болмайды? – Тек 14 жастан кейін ғана рұқсат етіледі.
5 Автобусқа қай есіктен кіріп, қай есіктен түседі? – Артқы есіктен мініп, алдыңғы есіктен түсу керек.
6 Мына көліктер қалай аталады? – Өрт сөндіру, жедел жәрдем.


ІҮ- «Қиылыстар» бекеті
Жұмбақтар шешу
1. Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып,
Тапшы мұны пысығым. ( жол)
 
2.Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)
 
3. Көліктің  қаншасын үстінен өткізген , 
Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)
 
 4.Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та , 
Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.(Бағдаршам) 
 
5.Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар, 
Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол) 
 
6.Өзі сөйлей білмейді, 
Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. («Бағдаршам») 
 
Ү- «Өнер» сайысы
Әр топ мүшелері өздері жол ережесіне байланысты көріністерін көрсетіп, әндерін айтады.
 
    Қорытынды. Ән.«Әрқашан күн сөбесін» аяқтау.
 
Айналайын абайла
Жан-жағыңа қарайла
 Жолда-жүру ережесін
 Есте сақта қалайда.
 Міне, балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білеміз. Жол рержесін әрқашан есте сақтау керек. Жол ережесін жақсы білсек өзімізді жол апатынан сақтаймыз. Ал  енді осы ережелерді әрқашан орындап, аман болайық!



 

Категория: Оқушыларға