» » Қазақстан-мәңгілік ел

 
 
 

Қазақстан-мәңгілік ел

Автор: admin от 16-02-2017, 05:51, посмотрело: 819

0

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақстан – Мәңгілік ел»

Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл-әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру. Тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістіктері туралы, Елбасымыз Н.Назарбаевтың ерен еңбектерін тереңірек түсіндіру.
Тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тіліміздің, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.
Көрнекіліктері:
Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері, видеороликтер, слайд, қабырға газеттері



Жүргізуші:

Біздің Отан кең - байтақ,
Көп ұлттың мекені.
Біз құшақты кең жайсақ,
Әлем сыйып кетеді

Ведущий:

Свободен, величав и первоздан,
Звезде подобный средь земель и стран,
Кюй счастья ты наигрываешь звонко,
Родной мой, лучезарный Казахстан!


 

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен қонақтар, қымбатты достар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын! Еліміздің көк аспанында әрдайым бейбітшілік күні жарқырасын!

Жүргізуші: Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз.
         

 Жүргізуші: Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Қазақстан – Мәңгілік ел» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Ведущий: Добрый день, дорогие друзья, уважаемые гости! Мы рады вас приветствовать на праздничном концерте «Қазақстан – Мәңгілік ел», посвященном дню Независимости Республики Казахстан.

Жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс,
                      Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
                      Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
                      О, халайық! Құтты болсын қуаныш!


Жүргізуші: Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
                      Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
                      Ата бабам аңсап өткен бақытым,
                      Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

 

Жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан - Тәуелсіз Республика деп жарияланды.Содан бері тәуелсіз Қазақстанға міне 24 жыл толды. Мемлекетіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін!

Жүргізуші:  
Егемен ел десем сеніп кіріп,
                      Бойымды билеп кетер сенімділік.
                      Ешкімге ауыстырмас алтын Отан,
                      Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.

Ведущий:  Казахстан – как солнце независим,
                    И свободен, как орел степной,
                    Что парит в недостижимой выси,
                    Столько лет храня людской покой!

^ Литературный монтаж

1
оқушы: Қазақ аты береке, бірлік дер ем,
                  Қазақ осы бірлікті – тірлік деген.
                  Сахарада бүгінде шықты қазақ
                  Тәуелсіз бір тағалы жүйрікпенен.

2 оқушы:  Был длинен путь к свободе и тяжел,
                   Был каждый мускул в теле напряжен –
                   Дух перевел у жизни на просторе
                   И обновленным в новый день пришел.

3 оқушы: Қазақ жері көп шеккен қасіретті,
                  Қазақ жері өнерлі, өсиетті.
                  Әділет пен бірлікке жанын қиып,
                  Әділ өткен билердің туған жері

4 оқушы: Стремителен твой шаг, неуловим,
                  Взмывая вверх, летишь, неутомим,
                  Крылами, раздвигая свод небесный,
                  Мир потрясая подвигом своим!

5 оқушы: Бір ата, бір ананың түлегіміз,
                  Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
                  «Бірлік барда тірлік бар» деген бабам,
                  Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз!
(хором)

Ведущий: 24 лет назад на карте мира появилось название – Республика Казахстан. Новое имя украсило древнюю страну, раскинувшуюся на широких просторах Евразийских степей, где в мире и согласии живут уже целое столетие более 140 национальностей. Но сколько бедствий и страданий довелось испытать народу! Вглубь веков уходят корни борьбы за независимость – мечту великой степи...

Литературная композиция

1 чтец:
 Потомки наши, наше поколение!
              Вот колесо истории пред нами,
              В историю мы проведем мосты
              Узнай о том, чего не видел ты!

Жүргізуші: 1986 жылдың 16 желтоқсанында Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары: (интерактивті тақтада портреттері көрсетіледі) Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сәбитова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. Біз Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне әрқашан ұмытпай басымызды иеміз.
 

Жүргізуші: Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Осындай нұрлы күнге қол жеткізгеніміз Желтоқсан оқиғасының нәтижесі.


Көрініс: Желтоқсан оқиғасы

 

Интерактивті тақтадан видеороликтер көрсетіледі.

(Сабираның өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)
Сабира Мұхаметжанова 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітіріп, бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын оқу орнына студент болып қабылданды. Ол Алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдап, Өскемен қаласының көңілі ашық, көкірегі ояу студенттерімен бірге Ушанов алаңына қарай өлең айтып, шеру тартты. Өскемен жиналысында Сабираны айыптап, тәртіпсіз деп бағалаған. Сөйтіп, албырт жас жатақхананың өзі тұратын бөлмесінің терезесінен секіріп қаза тапты.

(Лаззаттың өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)
Лаззат Асанова Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылында дүниеге келген. Алматының Чайковский атындағы музыкалық учелищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Лаззат Асанованың он алты жылдық қысқа ғұмыры арта үзілді. Лаззатты жерлеудің алдында денесін ақ жауып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қорлы,ынан қаза тапқан. Лаззат әпкемізді мәңгі есімізде қалдырамыз. Аруағына бас иеміз.

(Ерболдың өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)
Ербол Сыпатаев Талдықорған облысы, Панфилов ауданының Ленин атындағы совхоздың екінші бөлімшесінде туып өскен. Ол – Энергетика институтының ІІ-ші курс студенті болатын. Ербол бір үйдің жалғыз баласы еді. 1986 жылдың 18-желтоқсанында кешкі сағат 2000-де ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр жарақаттанған Ерболды әкелді. Ол есін жимастан қайтыс болды. Біздер Ербол ағамыздың жастық жігері мен ерлігін мәңгі есімізді сақтап, аруағына бас иеміз.

(Қайраттың өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)
Қайрат Рысқұлбеков Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында, Бірлік аулында дүниеге келген. 1982 жылы ол Алматы Сәулет құрылыс институтына түседі. Сол Желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савицкийді өлтірген қылмыскер» деп жала жауып «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында» ұстады.

 

1-жүргізуші: Желтоқсан айы…

Кешегі дүркіреп өткен 1986-шы жылына дейін дүйім қазақ үшін желтоқсан атауы, және бір қыстың атауы еді. Кейін бұл сөздің мән-мазмұны да, құлаққа жетер әуені де мүлде өзгерді.

«Желтоқсан» десе–ақ, әрбір қазақтың көкірегінде небір көріністер қоздап қоя беретін болған. Ең алдымен «Желтоқсан желі» немесе «Қарабауыр қасқалдақ» деген мұңды  да асқақ әуеннің сарыны алыстан талып естілер еді.

 

2-жүргізуші: Себебі, бұл әндер, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», «Елім-ай» секілді, әлдеқашан «Желтоқсан оқиғасының» халық арасындағы әнұранына айналып кетті.

Сонда да, ән-әуенмен қоса, мәңгі көкірек  көзінде қалған көріністер шұбырылып өтуі қақ. Үрейлі үкімет үйі. Оны қоршай толқыған ызалы қыз-жігіттердің жігернлі келбеттері. Оларға қадалған суық көздер мен мейірімсіз пішімдер. Одан кеін темір киімдер киіп, келтек ұстағандар мен жалаңаш қол жастардың  сарт-сұрт айқасы.

Адам жегіш иттердің арсылы, шашынан сүйреген қазақ аруы, басынан қан шапшып, ыңырсый құлаған қазақтың  бозбалары…

Енді осы кезеңнен қысқаша көрінісімізді  тамашалаңыздар

 

Бірінші көрініс: «Жастардың алаңға шығуы»

Дауыс: Естідіңдер ме?

Бұл не масқара! Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз. Ең болмаса өз ішімізден неге сыйламаған? Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды?

Дауыс: Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық жайды!

Дауыс: Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден басшы келгені несі?

Дауыс: Талап-тілекті айтамыз. Шықсын ортаға басшылар.

 

Прокурор: Балалар! Уа, балалар! Мен Республика прокурорымын. Тарқаңдар! Жатаханаларыңа қайтыңдар! Ұят болады! Біз сендерге күш қолданамыз! Үйлеріңе қайтыңдар!

 

Әскери адамдар: Первая рота! Слушайте мою команду! Производится операция «Құйын». Немедленно разогнать экстремистов и хулиганов» Первая рота за мной! Ура!

 

Алтынай: Әй, туғандар! Жігіт болсаңдар бері қарай!

                   Қосылыңдар біздің қатарға!

 

Екінші көрініс: Қайраттың анасы

Талғат: Апа, апа, Қайрат көкемнен хат келді.

Анасы: Рас па? Құлынымның хаты ма? Әкелші, өзін көрмесем де, хатын оқып мауқымды басайын.

 

Қайраттың хаты: Амансыздар ма, анам, туған-туыстарым! Менің нақақтан абақтығы отырғаныма сіздер сенеді деп ойлаймын. Жасақшыны ұрды, өлтірді деген жалаға сене көрмеңіздер. Алаңда, жатақхана жанында ұсқыны суық жасақшылардың жиналған қазақ жастарын ұрып-соғып, бейкүнә қыздарды шашынан сүйреп, қорлағандарын көріп шыдамадым. «Еруліге қарулы» деп мен де топ ішіне кіріп, көмектесуге ұмтылдым.

Менің де, сол күнгі алаңға шыққан қазақ жастарының да еш күнәсі жоқ.  Алаңға барғанымыз – азаттық іздеп барғанымыз. Біз ұлтшылдықтың үлгісі емес, «ұлтжандылықтың» үлгісін көрсеттік. Қазақтың бостандық алар күні алыс емес! Аман болыңдар!

 

Ана: Ұлым менің! Сен әлі жиырма бірдесің. Аман болсаң, бір жерден шығатын алмастай өткір жігіт боларсың деп үміт күтеді сорлы анашың…

 

Тергеуші: Сен декабрдің 18-і күні сағат 10-да қайда болдың?

 

Қайрат: Жолдастарыммен бірге

 

Тергеуші: Жоқ, сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Савицкийді соққыға жықтың, соның нәтижесінде ол қайтыс болды! Сен кінәлісің оған!

 

Қайрат: 


Сөйлесем даусым жетпейтін

Кез болдың мынау заманға,

Шовинизм еді ғой,

Басты себеп жалғанға.

Елбең, елбең жүгірген

Ебелек отқа семірген.

Арғымақ мінген жаратып,

Ақсауыт киген темірден,

Алатаудай бабалар,

Аруағыңмен жебей көр.


 

Қайраттың туыс – бауырларына арналған  өлеңдерінен үзінді

 

Қайрат:


Әкетай-ау, пайғамбардай жасың бар,

Туа бермес сіз секілді асылдар.

Қартайғанда жүрегіңді жаралап,

Кесір болды-ау біз секілді масылдар!

 

Айналайын, қарындасым, қарағым,

Қолда кісен, мен айдауда барамын.

Қайғы жетіп, азап тартқан ағаңды,

Айтшы, жаным, қандай жанға баладың?

 

Айналайын, інішегім, құлыным,

Сені ойласам үзіледі жұлыным.

Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,

Кетіп барам мен айдауда, құлыным!


 

Үшінші көрініс:  ҮКІМ

Тергеуші: Сен өзің Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба? Жоқ па?

Қайрат: Жоқ, мен Савицкийді көргенім жоқ!

Тергеуші: Ақымақ! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар! Орындарыңыздан тұрыңыздар сот келе жатыр!

Үкім: Қазақ КСР Жоғарғы сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырынан 16 маусымына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтің айыптау ісін қарай келіп, Қазақ КСР Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287,299 және 301 баптарына сәйкес сот алқасы Үкім етеді»: Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп танылып мынадай қылмыстық жазаға тартылсын:

Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 60 бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65 бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 173-1 бабы бойынша ең жоғары өлім


жазасына, атуға кесілсін.


Қайрат: Күнәдан таза басым бар,

21-де жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ дег

Категория: Оқушыларға

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.