» Материалы за 23.05.2018

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Сандар және шамалар туралы түсінік

Автор: admin от 23-05-2018, 01:14, посмотрело: 2068

3 Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Мектеп: Ж. Сүлейменов ЖОМ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Куралбаева А

Сынып: 6 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Сандар және шамалар туралы түсінік
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.1.1.2 қандай шамалар тура пропорционалды болатынын түсіну және мысалдар келтіру; есептер шығару;
Сабақ мақсаттары - Шамалардың тура пропорционалдығын біледі.
- Шамаларды тура пропорционалдығына мысалдар келтіреді.
- Шамалардың тура пропорционалдғына есептер шығарады.
Бағалау критерийі - Шамалардың тура пропорционалдығының анықтамасын біледі.
- Шамалардың қасиеттерін қолданып, мысалдар келтіреді.
- Мәтінді есептердің тура пропорционалдғын анықтап,есептер шығарады
Тілдік мақсаттар Тура пропорционалдың анықтамасын айтады.
Қасиеттерін пайдаланып есептер шығара алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:
Қатынас
Пропорция
Тура пропорция
Кері пропорция

Қазақша Русский English
Қатынас Отношение Ratio
Пропорция Пропорция Proportion
Тура пропорционалдық Вариация Variation
Кері пропорционалдық Обратная вариация Inverse variation
Шеткі мүшелері Крайний Extreme
Ортаңғы мүшелері Среднее число Means

Құндылықтарды
дарыту

Оқушылардың бойына патриоттық және азаматтық жауапкершілікке баулу; ынтымақтастыққа, бірін – бірін сыйлауға,сыни тұрғыдан ойлауға қалыптастыру

Пәнаралық байланыстар Қазақ тілі,орыс тілі, ағылшын
Бастапқы білім
Пропорция, қатынас
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
10 минут Оқушылармен сәлемдесем,түгелдеймін.
Ынтымақтастық атмосферасын құрамын. Оқушыларды «Шаттық шеңбер » бойымен тұрғызып, «Гүлмен тілек» әдісі арқылы топқа бөлемін. Мұнда оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып,бір-біріне тілек тілейді және және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа бөлемін.
I топ Білімділер
II топ Алғырлар
III топ Болашақ
Бағалау парақшасын тарқатамын.Топ басшысын сайлайды.
Үй жұмысын қайталау мақсатында «Таза тақта » әдісін қолданамын. Мұнда оқушылар өткен тақырып бойынша тақтаға сұрақтар немесе ережелер жазып тақтаны толтырады,содан кейін сұраққа жауап беріп,өшіріп отырады.Соңында барлық сұрақтарға жауап бергенде тақта таза болып шығады. Топ басшы бағаалап отырады.Смайлийликпен бағалаймын.
Гүл
шоғы

Сабақтың ортасы
15 минут

10минут

Жаңа тақырып: қандай шама тура пропоционал болатынын түсіну ,есеп шығару.
Әр топтың көшбасшысы «Өкіл» әдісімен тақырыпты бөліп, оқушылар тақырптың (оқу материалдың бір бөлігін) маман ретінде сарапшылыр тобында зерделеп,талдап,бастапқы тобына қайтып, білгендерін өз тобының мүшелеріне үйретеді. Мұнда алдымен жеке, сосын жұппен,шағын топта талқылайды.
«Галереяны шарлау » әдісін қолдана отырып, сабақты қалай түсінгенін пысықтаймын.Мұнда қабырғаға дайындалған постер ілінеді.Постерде шамалардың тура пропорцияналдығының анықтамалары,қасиеттері және есептер жазылған.

№92
Көлемі 70 см 3 күмітің массасы 735 г.
1)Көлемі 25 см 3 күмістің массасы неше грамм?
2)Массасы 420 г күмістің көлемін табыңдар?
«Галереяға саяхат» - топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, қабырға газеттерін қарайды,сараптайды,талдайды және жапсырма қағаза пікірін немесе сұрағын жапсырып кетеді.Галереяға саяхат аяқталған соң,топтар жұмыстарға шолу жасап,өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды,талқылайды,сұрақтарға жауап береді және қортынды жасайды.Жауап берген оқушыларды смайликтермен бағалаймын.

Бағалау критерийі Дескриптор
Шамалардың тура пропорциялдығын аықтамасын біледі Мәтінді түсініп оқиды
Қасиеттерін біледі Шамалардың тура пропорционалдығын ажырата алады.
Есеп шығарады Белгісіз мүшені табады
Жауабын жазады

Оқулықпен жұмыс .
№ 90 ; 91 есеп
Есепті пропорция құру арқылы шығар.
Автоматты станок сағатына 5 бөлшек дайындап, берілген уақытта 348 бөлшек дайындады.Егер осы автоматты станок сағатына 75 бөлшек дайындайтын болса, берілген уақытта неше бөлшек дайындайтын еді?
Бағалау критерийі Дескриптор
Шамалардың тура пропорциялдығын аықтамасын біледі Мәтінді түсініп оқиды
Қасиеттерін біледі Шамалардың тура пропорциялдығын ажыратады
Есеп шығарады Белгісіз мүшені табады
Жауабын жазады

Слайдта көрсетілген жауаптармен сәйкестендіріп,
жұптар бірін – бірі тексеріп, қатесін дұрыстайды.
Қалыптастырушы бағалау.
Смайликтермен бағалаймын.
500 г ерітіндіде 40 грамм тұз бар. Осы ерітіндінің 200 г неше грамм тұз бар?
«Теңге алу» ойнын ұсынамын. Мұнда оқушылар жоғарыда ілініп тұрған теңгені алып, сұраққа жауап береді.
Дескриптор
Қойылған сұраққа толық жауап береді
Көңіл күйлерін көтеру мақсатында «Мадақтау» тәсілі арқылы бағалаймын. плакат
маркер
Топтық жұмыс
Жұптық жұмыс

слайд
түсті қағаз

Сабақтың соңы
5 мин Кері байланыс: жазбаша кері байланыс БББ кестесі
Бағалау дескриптор арқылы қортынды бағалары қойылады.
Үйге тапсырма: № 94 есеп

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Оқушыларға «Таза тақта » әдісі арқылы үй жұмысын сұрадым. «Өкіл» , «Галереяны шарлау» әдісі арқылы трптық, жұптық жұмыс ұйымдастыру. Деңгейлік тапсырма беру. «БББ» арқылы кері байланыс жасадым Оқушылар үнемі бағаланып отырады,осылайша педагогикалық қызмет пен саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарап түзетіліп отырады.Деңгейіне қарап смайликпен бағалап отырамын. Қауіпсіздік техникасының сақталуына сыныпта ашық тұрған электр сымдарын ұстамауды,приборлармен жұмыс жасағанда абай болуын талап етемін.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы,қол жетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса , неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?Сабақ кезәнде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма?

Категория: Мектеп

 

Простое предложение. Повест,вопрос, побуд пред

Автор: admin от 23-05-2018, 00:56, посмотрело: 1097

25 Дата: Класс: 5 урок 58
Тема: Простое предложение. Повест,вопрос, побуд пред
• Цель урока: • развитие умения сотрудничать с одноклассниками для успешной работы в группе с целью решения поставленных учебных задач; формулировать собственную позицию и мнение;
• Понимают о теме « Предложение. Простое предложение. Грамматическая основа предложения» и правила их правописания. При дифференцированной работе ученики умеют выполнять разноуровневые задания. Могут решать социальные проблемы с ровесниками, знают о своих способностях. Способны использовать методы оценивания для обучения, способны использовать диалог при обсуждениях в группе и в парной работе.
Деятельность учителя Деятельность обучающихся наглядности
3 мин. Организационный момент. Приветствует учеников, проверяет готовность к уроку, желает успеха.
предлагает ученикам разделиться на группы с помощью разноцветных стикеров на 3 группы по 5 учеников :
1 группа – розовыестикеры
2 группа – оранжевыестикеры
3 группа – зелёные стикеры
Ученики: с помощью разноцветныхстикеров делятся на 3 группы, затем распределяются по группам. Ученики осмысливают поставленную цель. Делятся на группы. пазлы

5 мин. I. Проверка домашней работы. С помощью метода «Ромашка Блума» проводит проверку домашней работы
Опрос домашнего задания.
Учитель: организует опрос домашнего задания. Ученики задают друг другу вопросы.
1. По форме тонкие вопросы (взаимоопрос)
Ученики: обмениваются вопросами.
Учитель: раздаёт листы взаимооценивания. Приложение

Составленных вопросов

Корректность вопросов 1
вопросы составлены по изученной теме 1
простота или сложность вопроса 1

№ группы Сумма баллов

Критерии баллы

взаимоопроса

Корректность вопр
сов 1
Затян
т
сть ответа 1
Развёрнутый ответ 1
Аргументированность ответа 1
№ группы Сумма баллов


Индивидуальное задание на карточках (2 человека).
Спишите и подчеркните грамматические основы.
Осень взмахнула кист..ю волшебной,
Ле…ким багрянцем покрыла листву.
Нежным пурпуром, песней прощ…льной
Грозд…я рябины скатились в тр…ву.
3. А мы с вами ответим на 6 вопросов и увидим, какая картина появится перед нами (* по ходу вопросов открывается часть иллюстрации)
и т. д.
1). Какой раздел науки о языке изучает словосочетание и предложение? (1)
Синтаксис.
2). Что такое словосочетание? (2)
(Таблица с опорными словами «Словосочетание»)
Словосочетание – это сочетание слов, связанных между собой грамматически и по смыслу. В словосочетании различают главное и зависимое слово.
3). Какие сочетания слов не являются словосочетанием? (3)
Словосочетанием не является грамматическая основа,
однородные члены предложения,
самостоятельное слово с предлогом.
4). Назовите основные признаки предложения? (4)
(Таблица «Признаки предложения»)
- слова связаны по смыслу и грамматически
- грамматическая основа
- интонация законченности.
5). Что такое грамматическая основа предложения? (5)
Подлежащее и сказуемое.
6). Как называется предложение, если оно состоит только из одного главного члена? (6) Односоставное.

4). Перед нами открылось семейная фотография.
- Как вы думаете, почему мы на уроке обращаемся к теме семьи?
- Придумайте прилагательные к слову «семья»

«С»- счастливая, славная, спортивная, современная
«Е»- единая, единственная.
«М»- маленькая, милая, музыкальная, многодетная, мечтательная.
«Я»- ясная, яркая.
- Какая орфограмма в слове «семья»?
Ученики отвечают на вопросы учителя.

20 мин. III. Актуализация знаний.
По методу «Кластер» проводит изучение новой темы.

Подберите к слову «преследователь» синонимы. Распределите каждое слово к подходящим картинкам.
- Если убрать цифры, получится текст? На какую тему?
- Что такое тема текста?(то, о чем говорится в тексте)
- Основная мысль текста? (то, ради чего был написан текст)
- Как автор выражает главную мысль? (в заглавии или в одном из предложении)
Задание по группам:1)выписать в первых четырех строчках; 2группа- во вторых четырех строчках; 3 группа- найти предложение, в котором один главный член.
.Лист- опросник.
Какой материал мне был знаком? Что я нового узнал на уроке? Какие трудности я испытал при объяснении
материала?
Определите границы предложений. Комментируются вставленные орфограммы.
Демонстрируют свои знания.
Ученики фиксируют его в тетрадях.
.

Учебник


10 мин. IV. Закрепление урока. По методу «Поп корн» проводит закрепление урока.
Предлагается текст.
Горные вершины
Спят во мне ночной;
Тихие долины
Полны свежей мглой;
Не пылит дорога,
Не дрожат листы;
Подожди немного,
Отдохнешь и ты. Учащиеся проявляют свои способности по данной теме.
Вдруг откуда-то шакал

5 мин. V. Итог урока. Этап рефлексии:
- О чем говорили на уроке?
- Что удалось без особых усилий?
- Что было трудно? Оценивают рабо
ту своих одноклассников.
На стикерах записывают свое мнение по поводу урока.
стикеры

светофор
2 мин. VI. Домашнее задание. Объясняет особенности выполнения домашней работы. Записывают домашнюю работу в дневниках.


дополнительная информация
дифференциация. Как вы планируете поддерживать учащихся? Как вы планируете стимулировать способных учащихся оценивание. Как вы планируете увидеть приобретенные знания учащихся? межпредметные связи, соблюдение СанПиН ИКТ компетентность. Связи с ценностями

рефлексия.
были ли цели обучения реалистичными?
Что учащиеся сегодня узнали? На что было направлено обучение?
Хорошо ли сработала запланированная дифференциация? Выдерживалось ли время обучения?
Какие изменения из данного плана я реализовал и почему? Проводит рефлексию.
-Какую цель мы поставили сегодня на уроке?
-Достигли мы целей, которые ставили в начале урока?
Итоговая оценка
Какие два аспекта в обучении прошли очень хорошо( с учетом преподавания и учения)?

Какие два обстоятельства могли бы улучшить урок( с учетом преподавания и учения)?

Что узнал об учениках в целом или отдельных лицах?
1.

2.

1.

2.

Категория: Мектеп

 

Ғылыми жұмыс: «Шексіз ғарыш әлемі»

Автор: admin от 23-05-2018, 00:54, посмотрело: 2882

3 Оқушының аты-жөні: Қозыбақ Нышан Тоқсанбайұлы
Туылған күні,айы,жылы:11.03.2002 ж.
Мекен-жайы: Атамекен а/ә, «Қоғалы» е/м
Мектебі: «Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» КММ
Ғылыми жұмыстың тақырыбы:«Шексіз ғарыш әлемі»
Жұмыстың дайындалған бағыты,секциясы: Жер және Космос туралы ғылымдар
Бастаған жылы:2016 жыл
Сыныбы:9
Мақсаты:- Ғарыштың таңғажайып сырларымен танысу;
- Қазіргі заман талабына сай ғылыми - техникалық процестерді игеріп, өз мүмкіндігімді ашу;
- Ғарыш дәуірінің басталуы, оны игерудегі жетістіктер жөнінде танысып, жеке шығармашылығымды кеңейту.
Ұраны: «Дүниенің барлығы сандардан тұрады»
Бағыты: «Ғарыштық техниканы игеру»

Аты-жөні:Булекбаев Сакен
Әкесінің аты:Жақсылықұлы
Туған жылы:09 желтоқсан 1983 жылы
Бітірген оқу орны:Сырдария университеті
Лауазымы:Физика пәнінің мұғалімі
Еңбек өтілі:12 жыл

Пікір
Ж.Сүлейменов атындағы
Бұл жұмыста ғарыш туралы жалпы мәлімет беріліп,ғарыш кеңістігінің ластануы және оның алдын алу жолдарын қарастырған. Еліміздің қазіргі қызу талқысы – EXPO-2017 көрмесінің басты мақсатының бірі – ғарыш кеңістігі мен энергетика саласындағы нанотехнологияны біріге отырып зерттеп, қолданысқа енгізумәселесін зерттеген.
Жұмыс архив деректерінен, интернет желісінің материалдарынан және ұлы ғалымдардың еңбектеріне негізделіп жазылған. Мектеп әкімшілігі Тұрғанбай Даниальдің «Шексіз ғарыш әлемі» тақырыбындағы жұмысын аудандық ғылыми — жобалар сайысына ұсынды.


Жетекшісі: Булекбаев Сакен Жақсылықұлы

Аңдатпа
Зерттеудің өзектілігі – тұлғаның барлық көрсету және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту басты факторлардың бірі. Осы жұмыстың арқасында танымдық әрекеттің белсенділігі артады.
Зерттеудің мақсаты :
- Ғарыштың таңғажайып сырларымен танысу;
- Қазіргі заман талабына сай ғылыми - техникалық процестерді игеріп, өз мүмкіндігімді ашу;
- Ғарыш дәуірінің басталуы, оны игерудегі жетістіктер жөнінде танысып, жеке шығармашылығымды кеңейту.
Зерттеудің міндеті:
- Ғарыштың шығуын суреттейтін, түсіндіретін материалдарды тауып және талдау;
- Ғалымдардың басты көзқарастарын көрсету;


Аннотация
Актуальность исследования - развитии творческого мышления по основным фактором работы. Благодаря этой работе развилась познавательная активность.
Цель исследования:
- Знакомство с удивительными тайнами космоса;
- Развитие современных научных и технологических процессов, открытие своих творческих способностей;
- Знакомство с достижениями в развитии космоса.
Задача исследования:
- Анализ и объяснение по найденным материалам и фотографий космоса;
- Показать в своей работе взгляды и доказательство некоторых ученых ;

Abstract
Аctuality research — personality all to specify and to develop ability creative thinking main factors first. At осы patron of work increases cognizableness activity of attempt.
Aim research
- Space amazing to know your secrets;
- Development of modern scientific and technological processes, open their chance;
- The beginning of the Space Age, and get acquainted with the achievements in the development of personal creativityh:

Duty research:
- Describes the origin of space, to find materials that explain and analysis;
- To Specify main looks scientists;

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ....................................................................................................................3 1.Ғарыш ұғымы оның пайда болуы.......................................................................5
1.1.Ғарыш туралы түсінік.............................................................................5
1.2.Ғарышты зерттеуге өз үлесін қосқан ғарышкерлер.............................7
1.3.Ғарышкеңістігін ластанудан сақтаудың алдын алу жолдары .........15
2.Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі ғарыштық әлемі.......................18
2.1.Байқоңыр ғарыш айлағы.......................................................................18
2.2.ЕХРО-2017 көрмесінің ғарыш әлеміне маңыздылығы......................19
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................23

КІРІСПЕ
Әлем – уақыт пен кеңістік бойынша шексіз және өзінің даму процесінде материя қабылдаған нысандары бойынша ақыры жоқ сан алуан бүкіл бар материалдық дүние. Қазіргі түсінік бойынша, Әлемнің жасы 15 млрд жыл шамасында.
Мыңдаған жылдар, ғасырлар бойы адамзат Күнді, Айды, планеталарды және белгілі бір жұлдыздарды ғана бақылап келді. Көптеген аспан шырақтары, барлық қоршаған орта тәрізді, оларға өзгермейтін сияқты болып көрінді. Бірақ, сол ерте заманның өзінде дүниеде бәрі де дамиды деген философтар да болды. Бірінші ғарышнамалық болжамдарды ұсынған ғалымдар (XVIII ғасыр) ғарыштық материяның даму барысында қалайша Күн жүйесінің пайда бола алғанын түсіндіруге тырысты. XX ғасырда эволюция идеясы барлық әлемге таратылды.
Әлем – бұл нақты өмір суретін, уақыт пен кеңістік бойынша шексіз және өзінің дамуы барысында барлық мүмкін болатын пішін қабылдайтын материялық әлем.
Ғылыми жұмыстың өзектілігі.Талай ғасырлар бойы аспан әлеміне көңілі жетіп, қолы жетпеген адам баласы қал-қадірінше оны зерттеуге, тануға, қазір тіпті өзге ғаламшарларды игеруге, сонда барып қоныс тебуге де тырысып келеді. Ғарыш әлеміне қатысты әңгімелер, аспан денелерін, Жұлдыздар, Күн мен Айды, Юпитер мен Сатурнды, Марс пен Шолпанды қолмен ұстап көрмеген бұл бізге ертегідей көрінеді. Бірақ әр ертегіде бір шындық болатыны секілді, қазір әлем ғалымдары бас қатырып жатқан адам баласының болашақта Марс пен Айға көшіп баруы секілді қиял-ғажайып әңгімелердің шындыққа айналуы ғажап емес.
Ғарышты зерттеудегі халықаралық ынтымақтастықтың тамыры сонау Кеңес Одағы кезеңінен бастау алады. Міне, адамзат баласының ғарыш кеңістігін зерттеудегі жетістіктері, ғылыми-техникалық прогрестер, жер бетіндегі барлық халықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсартуға жұмсалып келеді. Міне, сондықтан менің ғылыми жұмысымның тақырыбы «Шексіз ғарыш әлемі» деп аталады.
Жұмысымның мақсаты – ғарыштық әлем туралы түсінікті одна әрі ашу, ғарыштық кеңістікті зерттеуде жаңа технологияларды ойластыру және де әрине Байқоңыр ғарыш айлағы туралы айта кету.

Зерттеудің мақсаты:
- Ғарыштың таңғажайып сырларымен танысу, ғарышқа алғашқы қадам, ғылымның адам өміріне қосқан үлесін зерттеу, білу;
- Қазіргі заман талабына сай ғылыми - техникалық процестерді игеріп, өз мүмкіндігімді ашу;
3

- Ғарыш дәуірінің басталуы, оны игерудегі жетістіктер жөнінде танысып, жеке шығармашылығымды кеңейту.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Адам баласы ғарыш көгіне көтеріліп, ашық космосқа жол ашты. Жерді және оның байлығын ғарыш кеңістігінен зерттеудің пайдалы жақтары ойластырылуда. Дүние жүзінің көптеген ғалымдары адамзаттың әрі қарай өмір сүруіне қажетті жетістіктерді ғарыштан табамыз деп болжам жасауда. Сондықтан Қазақстан жастарын ғарыш ғажайыптарын игеруге үйретсе, әлемдік дамуымызға қосар үлесімізде тарихи қадам болар еді.

4
1. Ғарыш ұғымы оның пайда болуы
1.1.Ғарыш туралы түсінік
Ғарыш дегеніміз не?
«Космонавтика» - грек тілінен аударғанда «кеме басқару» деген мағынаны білдіреді екен. Ал осы космос корабльін орбитаға шығару үшін қуатты ракета двигателі және отын қажет, ал ракета жоғары температураға төзімді, жеңіл де берік материалдан болуы тиіс. Негізі осы космос және космосқа ұшу туралы ғылымның негізін қалаған К. Э. Циолковский болатын, ал оның арманын, ойын жүзеге асырған бас конструктор Сергей Павлович Королев басқарған совет ғалымдары мен инженерлер болды. Сондықтан да ғарыш кеңістігін игеру С. П. Королевтың есімімен тығыз байланысты. Жердің тартылыс күшін жеңе отырып, жердің тұңғыш жасанды спутнигі орбитаға 1957 жылы 4 қазанда көтерілді, бұл күн балалар космос дәуірінің басталуы болып есептеледі.
Бұлтсыз ашық түнде аспаннан жыпырлаған сансыз көп жұлдыздарды бар. Олардың кейбірі солғын жарық нүктеге ұқсайды. Енді біреулері бірде күшейіп, бірде әлсіреген алыстағы отқа ұқсайды. Жұлдыздар жерден өте алыс қашықтықта орналасқан. Сондықтан олар біздің көзімізге кішкене жылтыраған ноқат сияқты болып көрінеді. Шынында да олардың әрқайсысы Күнге ұқсас жанып тұрған, орасан зор газ шарлар. Ең ірілері күннен ондаған, тіпті жүздеген есе үлкен. Мөлшері жермен қарайлас шағындары да бар. Жай көзбен қарағанда аспан әлемінен үш мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Ал қазіргі замандағы ең жаңа құралдармен есепке алынғандардың саны бірнеше миллион. Ғалымдардың болжауынша, жұлдыздардың жалпы саны әлденеше миллиардтан асып кетеді.
Жерге ең жақын жұлдыз Күн. Оның төңірегінде Жерді қоса есептегенде 9 ірі аспан денесі айналып жүреді. Олар планета депаталады. (планета грекшеадасушы жұлдыз депаталады).
Планеталар өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Дегенмен түнгі аспанда олар да жұлдыз сияқты жылтырап көрінеді. Планетаның олай көрінуі бетіне түскен күн сәулесінің шағылысуынан болады. Өз кезегінде планеталардың төңірегінде олардың серіктері айналып жүреді. Жердің серігі – Ай
Ғарыш – ғаламның астрономиялы анықтамасының синонимі. Кейде Ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады. Ғарыш «Жер төңірегіндегі» кеңістікті қамтитын жақын Ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын алыс Ғарыш болып ажыратылады.
Ғарыш алаңы немесекосмодром ғарыштық аппараттарды (ҒА) құрастыруға,
5
сынауға және ұшыруға арналған ғимараттар мен техникалық құралдар орналасқан жер. Ғарыш алаңының бастынысандарына: технологиялық позиция, старттық жөне командалық өлшеу кешен-деріжатады. Әрнысан күрделі жабдықтар кешені мен олар орналасқан күрылыстардан тұрады.
Ғарыш алаңының жабдыктары арнайы технологиялық және жалпы технологиялық жабдықтарға ажыратылады. Ракета тасығыш (РТ) пен ғарыштық аппаратты (ҒА) тасымалдауға, құрастыруға, сынауға, ұшыру жүйесіне орнатуға, жанар май құйып, ұшуға дайындайтын және үшұды басқаратын жабдықтар арнайы технологиялық жабдықтарға жатады. Ал электр энергиясын беретін, жарықтандыру, жылыту, желдету, өрт сөндіру, герметикаландыру, байланыс жүйесі, сумен жабдықтау, лифт, қашықтан автоматты басқару жүйелері жалпы техникалық жабдықтар тобына енеді. Техникалық позиция жалпы техника арнайы технологиялық жабдықтар орналасқан және РТ мен ҒА-ны тасымаддап әкелуге арналған жолы бар алаңнан, оларды қабылдауға, сақтауға, құрастыруға, сынауға арналған кешеннен түрады.
Сонымен қатар құрастыру-сынау корпусы, қосалқы трансформатор стансасы, қызмет үйлері, т.б. болады. Старттық кешен ҒА-ны старттық алаңға жеткізуге, үшырғыш жүйеге орнату, сынау, жанар май құю, ұшатын бағытқа бағдарлау және үшыру процестерін іске асыратын арнайы технологиялық және жалпы техникалық жабдықтар орналасқан кешеннен және алаңнан қүралады. Старттық кешендегі арнайы технологиялық жабдықтар жылжымалы немесе орнықты болып бөлінеді. Орнықты старттық кешен қүрамында үшыру қүрылыстары, жайқайтарғыш жүйе, жылжымалы мұнара қозғалатын рельстік жол, командалық пункт, РТ-ға жанар май құю жабдықтары, трансформатор стансасы., тоңазытқыш қондырғысы, градирня және бүркуіш бассейн, өрт сөндіруге арналған су резервуары, әкімшілік және қызмет үйлері, т.б. болады.
Командалық өлшеу кешені РТ-ның траекториясын аныктау, ҒА бортындағы қызмет жүйелерін іске қосу бұйрықтарын беру, телеметриялық ақпарат қабылдау, ғарышкерлермен байланыс жасау, теледидарлық кескін қабылдау және оны теледидарлық жүйемен тарату жұмыстарын орындайды.Сонымен катар ол траекториялық өлшеулерді үйлестіру-есептеу орталығына беріп отырады. Командалық өлшеу кешенінің құрамында радио-телеметриялық стансасы, радиоқабылдағыш және таратқыш кұрылғылар, антенналық қондырғылар, кабыдданған ақпараттарды автоматты түрде өңдейтін компьютерлер, уақыт қызметі, байланыс құралдары, т.б. болады.
Дүние жүзіндегі аса ірі ғарыш алаңдары Қазакстанда (Байқоңыр) және АҚШ-та (Шығыс сынақ полигоны, Флорида штаты) орналасқан.
Байқоңыр Ғарыштардың ең алғашқысы. Ал ғарышкелер әскери ұшқыштар мен ұшқыш-сынактар қатарынан таңдалып алынды. Өйткені ғарышқа ұшуға кажетті қасиеттер (үшу шеберлігінің жоғары деңгейде болуы, апатқа ұшырау жағдайында жылдам шешім кдбылдауы, шу, діріл, үдеу, т.б. әр түрлі факторларға төзімді болуы, бақылау жұмыстарын жүргізіп, оны қорытындылай білуі, т.б.) осындай мамандықка лайықты еді.

1.2 Ғарышты зерттеуге өз үлесін қосқан ғарышкерлер
Космонавтика, әлемдік ғылыми-техникалық прогрестің негізгі өнімі бола отырып, өзі-де әлемдік шаруашылықтың басқа салаларына маңызы жағынан баға жетпес және көлемі жағынан теңдесіз жаңа материалдар, технологиялар мен ғылыми әзірлемелер, ағынын үздіксіз бере отырып, адамзаттың тұрақты дамуна айтарлықтай үлес қоса отырып, осы прогрестің қуатты қозғалтқышына айналды.
Қазіргі кезеңде ғарыштық қызмет және оның ғылыми-өндірістік базасы әмбебап заңдылықтар мен даму үрдістеріне бағынатын ғаламдық экономиканың табиғи қызмет ететін саласына айналып отыр.Бұл ретте ғаламдық экономиканың ғарыштық секторы қарқынды әрі тұрақты дамуын көрсетіп отыр, бұл ғарыштық технологияларды әскери саладан азаматтық салаға қуатты трансферттеу процестеріне және соның негізінде ғарыш индустриясы мен әзірлемелерімен байланысты тұтастай коммерциялық қызметтер кешені негізінде дамуына байланысты.
Мұның барлығы тұтастай алғанда ғарыш қызметін коммерцияландыруға және ғарыш өнеркәсібінің, ғарыштық өнімдерді, технологиялар мен қызметтерді әзірлеу мен өткізудің қарқынды өсуіне ықпал етеді, бұл, өз кезегінде, түрлі-деңгейлерде: ғаламдық, аймақаралық, мемлекетаралықжәне ұлттық деңгейлердегі салалық бәсекелестіктің күшеюіне қатты серпін береді.Әлемдікғарыштық нарық өз кезегінде жоғары технологиялардың әлемдік нарығыны, ірі әрі тез дамушы сегменті болып табылады. Қазіргі экономикалық пргрестің басты қозғалтқышы болып, микроэлектроника, цифрлі және, ақпараттық жүйелер, бағдарламалық қамтамасыз ету, байланыс және телекоммуникация, жаңа композиттік материалдар және т.б. саласындағы инновациялық технологиялар саналатындығы белгілі. Бұл әзірлемелердің көпшілігі бастауын ғарыш индустриясының түрлі салаларынан алады және қазіргі тіршілік әрекетінің алуан түрлі салаларына айтарлықтай әсерін тигізеді.Ғарыштық әзірлемелердің едәуір бөлігі құпия күйінде қалатындығы және ұлттық қауіпсіздік саласында ғана мемлекеттік саясат жүргізуіне жататындығы белгілі.
Осылайша, ғарыштық қызмет – қазірдің өзінде әр түрлі елдер мен әлем аймақтарының экономикасына айтарлықтай үлес қосып отырған келешегі зор қызмет саласы. Оның ерекше белгісі ғарыш кеңістігін игерудегі жедел қарқындылық пен практикалық экономикалық нәтижелер алудағы салыстырмалы жылдамдық болып табылады.
Ғарышкер, астронавт (Батыс елдеріндегі баламасы: астро... және nбutēs – теңізде жүзуші).), космонавт (ТМДелдерінде - Космонавт: грек. kosmos –ғарыш және nautes – теңіз жүзушісі) – ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын адам; адамның ғарышқа ұшуынан кейін (1961) пайда болған мамандық. Алғашқы ғарышкерлер әскери ұшқыштар мен ұшқыш-сынақшылар қатарынан таңдалып алынды. Өйткені ғарышқа ұшуға қажетті қасиеттер (ұшу шеберлігінің жоғары деңгейде болуы, апатқа ұшырау жағдайында жылдам шешім қабылдауы, шу, діріл, үдеу, т.б. әр түрлі факторларға төзімді болуы, бақылау жұмыстарын жүргізіп, оны қорытындылай білуі, т.б.) осындай мамандыққа лайықты еді.
Кейінірек КСРО-да да, АҚШ-та да ғарыштық кеме экипажына қажетті арнайы білімі бар инженерлер мен ғалымдарды қоса бастады. Ғарышкерлерді дайындау ісі бұрынғы КСРО-да 1960 ж., ал АҚШ-та 1959 ж. және 1962 ж. жүргізіле басталды. Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннен (1961) ғарышқа ұшты. Қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров (1991), Талғат Мұсабаев (1994, 1998, 2001), Айдын Айымбетов (2015) .
Гагарин Юрий Алексеевич (9 наурыз 1934 жылы, Гжат (қазіргі Гагарин) ауданы Клушино ауылы Смоленск облысы — 27 наурыз 1968 жылы, Владимир облысы) – КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағы батыры, ғарыш кеңістігіне сапар жасаған ең бірінші адам, полковник (1963), Кеңес Одағының Батыры (1961).
• 1961 жылы 12 сәуірде Восток ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан тарихта тұңғыш рет ғарышқа ұшты. Ол Жерді айналып ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейін Жерге қайта қонды.
• 1951 жылы Мәскеу маңындағы Люберцы қаласыңдағы қолөнер училищесін, 1955 ж. Саратов индустрия техникумын бітірген.
• 1955 жылдан Кеңес Армиясы катарында.
• 1-Чкалов әскери-авиац. ұшқыштар училищесінбітіргеннен (1957) кейін Солтүстік флоттың жойғыш авиациялық бөлімдерінде қызмет етті.
• 1961 жылдан ғарышкерлер отрядының командиріболды.
• 1961 ж. 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет"Восток" ғарыш кемесімен Байкоңыр ғарыш алаңынан ғарышқа ұшты. Бұдан кейінол ұшқыш-ғарышкер ретінде өзінің ұшу шеберлігінжетілдіріп, ғарышкерлерді үйретіп - жаттықтыру ісінетікелейараласып, ғарыш кемелерінің ұшу процесін басқаруға қатынасып отырды.
• 1968 ж. Әскери-әуе инженерлікакадемиясынбітірді.
• 1964 -68 ж. Ғарышкерлерді даярлау орталығы бастығының орынбасарыболды. Олбірнешеелдердеболып қайтты.
• Гагарин ұшақпен жаттығу кезінде қаза тапты (Владимир обл. Киржак ауд.Новоселово селоның маңында).
• Мәйітінің күлі Мәскеудің Қызыл алаңындағы Кремль қабырғасына қойылған.
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
• Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), Авиация институтынбітірген (1979).
• 1962 – 1965 жылыТеміртау құйма-механика зауытында токарь болды, есімі облыстың Құрмет кітабына алтын әріппен жазылды (1964).
• 1969 – 1975 жылы Кеңес Одағы Әскери-әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирініңорынбасары.
• 1975 – 1976 жылы Мәскеу ұшқыштар-сынақшылар мектебін, Мәскеу авиация институтынбітірген (1979).
• 1976 – 1992 жылы Мәскеудегі А.Микоян атындағы Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды.
• 1988 жылы Кеңес одағында тұңғыш рет әуеде ұшаққа 2 ретжанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарынерлікпенорындады.
• 1989 жылы 1-болып, авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «МиГ-29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды. Сондай-ақ, олреактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді.
• 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды.
• 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал туған аймағы бойынша ғылыми-зертуған жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ, Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспан астрофизика бақылау жұмыстары да ойдағыдай
9
өтті. 1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық даярлығын зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.
• 1992 – 1993 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-орынбасары
• 1993 – 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры – Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары
• 1994 – 95 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты – Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.
• 1996 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
• 2001 жылы №44 Қызылорда сайлауокругібойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісіне депутат болыпсайланды. Қызылорда қаласының құрметті азаматы.
• Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған.
• 1991 Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкер дайындау орталығында әзірлігін бастады, сынаушы ғарышкер-ұшқышы, сынаушы. «Союз ТМ» ғарыш кемесінде және «Мир» орбиталдыкешеніндесынаушы ғарышкер-ұшқышы жылдамдатылған машықтануын ұшу бағдарламасы бойынша өтті.
• 1991 жылы қазанның 2-інде Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибөк, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Аптабойы «Мир» орбиталдыкешенінде жұмыс істеді.
• 1991 жылы қазанның 10-ында Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский, аустрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өткізген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.
Марапаттары
Қазақстанның:
• «Халық қаһарманы»атағы
• «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы
• «Отан» ордені (1995)
Кеңес Одағының:
• «Знак Почета» (Құрмет Белгісі) ордені (1987)
• «Герой Советского Союза» (Кеңес одағының батыры) атағы (1988),
• «Золотая Звезда» (Алтын Жұлдыз) медалі (1988)
• «Ленин» ордені (1988),
• «Заслуженный Летчик-испытатель КСРО» (КСРО-ға еңбек сіңірген сынақшы ұшқыш) (1990)
• «Летчик-космонавт КСРО» (КСРО ғарышкер-ұшқышы) (1991)
• «Октябрьская революция» (Қазан төңкерісі) ордені (1991)
Австрия Республикасының:
• «Алтын Крест» ордені 1988)
• «Алтын Крест» ордені (1993)
Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев — қазақтың 2-ші, ал әлемнің 309-шы ғарышкері, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007). ҚРИнвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасы.
• 1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматыоблысы Жамбыл ауданының Қарғалыауылында туған.
• 1974 ж. — Рига азаматтық авиация инженерлеріинститутынбітірген, инженер.
• 1974 ж. сәуірдің 1-інен — Бұрындай әуе кәсіпорнында кезекті инженер.
• 1975—84 жж. — әуе кәсіпорындарында саяси-тәрбие қызметінде.
• 1984 ж. — Алматы әуе клубында оқу бітірген.
• 1986 ж. — ұшқыш даярлауынбітіріп азаматтық авиациясының пилоты деген куәлігін алған.
• 1987—1990 жж. азаматтық авиациясында ұшқыш, ұшақ командирі қызметтерін атқарған.
• 1991 ж. бастап ғарышқа ұшуға даярлануында. Әскери әуе күштерінде. Қосалқы ғарышкер есебіндеекінші экипаждардың мүшелігінде болған.
• 2001—05 жж. Ресей ғарыш мекемесінде.
• 2005 ж. «Бәйтерек» акционерлік қоғамының (Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны) Бас директоры.
• 2007 ж. ақпан — Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры.
• 2007 ж. сәуірдің 11-інен — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы.
• 2014 ж. тамыздың 13-інен Үкімет басшысының азаматтық авация және ғарыш қызметі мәселелері жөніндегі штаттантыс кеңесшісі.
• 2014 ж. тамыздың 21-інен Қазақстан РеспубликасыИнвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы
• 1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.
11
• 1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабында бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған. Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге. Қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринменбірге.
• 2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген.
Әскери атағы - запастағы РФ ӘӘК генерал-майоры, ҚР авиация генерал-лейтенанты (2007 жылдан).
Хоббиі - фортепианода, гитарадаойнау, ән айту.
Марапаттары
Союз ТМ-32 экипажы - Деннис Тито (Dennis Tito), Талғат Мұсабаев, Юрий Батурин
Қазақстан Республикасы:
• «Халық қаһарманы» атағы (1995)
• «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы (1995)
• «Отан» ордені (1998)
• «Барыс» 1-ші дәрежелі ордені
• «Астана» медалі (1999)
РесейФедерациясы:
• «Дружба народов» ордені (1991)
• «Герой Российской Федерации» атағы (1994)
• «Лётчик-Космонавт РФ» (1994)
• «За заслуги перед Отечеством» 2-ші дәрежелі ордені
АустрияРеспубликасы:
• Аустрия Республикасының ордені
Америка Құрама Штаттары:
• «Ғарышқа ұшқан үшін» NASA медалі (1998)
• Зайыбы — Мұсабаева (Лацис) Виктория Вольдемаровна, 1952 ж. туған, стоматология дәрігері.
• Баласы — Мұсабаев Данияр Талғатұлы, 1975 ж. туған, Қазақстанның ІІМ әскери қызметкері.
• Қызы — Мұсабаева Кәмилә Талғатқызы, 1981 ж. туған.
Айдын Ақанұлы Айымбетов (27.07.1972, Алматы облысы, Талдықорған
12
қаласы, Өтенай ауылы) - Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы.
Білімі-мектепті алтын медальмен бітірген. 1993 жылы Армавирдегі жоғарғы әскери авиациялық училищені "ұшқыш-истребитель" мамандығы бойынша бітірген.
Әскери қызметі.1993 жылдың мамырынан Қазақстанның Қарулы Күштерінің қатарында қызмет атқарады. Ұшқыш-истребитель. Ғарышкерлер отрядына таңдау алдында Талдықорған қаласы маңындағы авиабазада авиациялық бөлімшенің командирі болып қызмет атқарды. 2009 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгi төрағасының кеңесшісі, агенттік департментінің директоры. 2011 жылдың наурызынан Сұлтанғазиев атындағы ғарыштық зерттеулер институтында ғарыштық технологияларды ақпараттық-білімдік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы. 2012 жылдың көктемінен Астана қаласындағы Оқушылар сарайындағы жас ғарышкерлер мектебінде ұстаздық етеді.
• 1993 жылы алғаш рет ғарышкерлікке өтініш берді.
• Екінші мәрте 2001 жылдың 5 мамырында қайта берді.
• 2002 жылы Ресей-Қазақстан мемлекетаралық бірлескен ғарышқа ұшу келісімі аясында Мәскеу қаласында медициналық комиссиядан өтті.
• 09.11.2002 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия мәжілісінде Қазақстан Республикасы ғарышкерлері отрядына кіргізу туралы ұсыныс жасалыынды.
• 12.10.2012 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1304 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының ғарышкері дәрежесі берілді.
• 26.05.2015 жылы Қазғарыш баспасөз хатшысы Ербол Дәулетов 2015 жылы ғарышкер Айдын Айымбетовті британдық әншінің орнына 2015 жылдың қыркүйегінде ғарышқа жіберу туралы мәселені талқылап жатқандығын хабарлады.
• 2015 жылы 2 қыркүйекте 2-бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған «Союз ТМА-18М» кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңыр ғарыш станциясынан Халықаралық ғарыш станциясына аттанды
• Айдын Айымбетов ғарышта он күн болып, маңызды зерттеулер жүргізген болатын. Халықаралық ғарыш станциясынан оралған Айымбетовті президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі күтіп алды.
Марапаттары
Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке
• «Халық қаһарманы» атағы (14.10.2015)
13
• Алтын Жұлдыз айрықша ерекшелікбелгісІ
• «Отан» ордені (2015)[2]
Отбасылы. Жұбайының есімі - Лилия. Екібаласы бар: қызы - Диана (2000), ұлы - Әмір (1998).
Ғарышкерлер жайлы қызықты ақпарат.
Ғарышкерлер тамағы Мәскеу облысының Ленин ауданында орналасқан Бирюлев тәжірибе зауытында даярланады. Бұл цехта Гагариннен бастап, күні бүгінге дейінгі ғарышкерлердің бәріне тамақ дайындалады. Алғашқыда ғарышкерлер тамағы 165 граммдық түбекшелерде дайындалыпты. Одан алғаш ауыз тиген Гагарин болыпты. Оған көкте 108 минут болса да, белгіленген тәртіп бойынша тоғыз түрлі тамақ – борщ, котлет қосылған картоп, түрлі шырындар берілген. Технологтар мен конструкторлар ғарыш кемесінде сақталатын тамақтардың көп орын алмауына, оларды сақтау кезінде бұзылмауына және оның өте дәмді болуына бастары қатыпты. Ерлерге күнделікті 3200 килокалория, әйел ғарышкерлерге 2800 килокалория тамақ беріліп отырыпты.
Ғарышқа алғашқы іс-сапарлар ұзақ мерзімді қамтымағандықтан, тамақ мәзірі гомогенді сұйық және қою түрінде түбікшеде беріліп келген. Бертін келе ұшу мерзімінің ұзартылуына байланысты арнайы консервіленген тамақтар ойластырылған. ХХ ғасырдың 70-жылдары үй жағдайында дайындалған сублимерленген азық-түліктер беріле бастаған. Азық-түліктер – 70 градустық суықтықта сақталып, +70 градустық ыстықта жылытылып берілетін болған.
Ғарышкерлердің күндік тамақ мәзірі таңертеңгілік, түстік, кешкілік және қалауы бойынша тәттілер, жеміс-жидектер қосымша берілген. Сүт тағамдары мен әйелдер үшін тәтті тоқаштар беру де ескерілген. Тамақ мәзірлері бірін-бірі қайталамайтын болған. Ғарышқа көтерілетін ұшқышқа өзіне ұнайтын тамақтың алдын-ала дәмін татып көруіне де мүмкіндіктер беріліп отырған. Белгісіз әлемге сапар алдында қай адамның тәбеті бола қойсын, десек те, жерде жүргенде туралған етті ұнататын жан ғарышта рассольникті ұнатып қалатын кездері жиі болады екен. Мұндайда ғарышкерлер қолдарындағы тамақтарын алмастырып жататын сәттері жиі болатын көрінеді. Соңғы уақытта мамандар ғарышқа қияр, қызанақ, апельсин, алма, көк пияз бен сарымсақты көптеп жіберетін болыпты. Бүгінгі таңда ғарышкерлер тамағы үш жылға жарамды етіп жасалады.
1961 жылдан бері ғарышта 400-ден аса адам болыпты. Солардың ішінде МКС-те қызмет істегендерден артық ешкім тәтті тамақ ішіп көрмепті. Халықаралық ғарыш кемесі үшін француз аспазшылары тартылатын көрінеді. Қазір ғарыш көгінде орыс, американ және еуропалық ас мәзірлері тұтынылады екен. Нан-бөлке тағамдарынан үгітілмейтін, ауызға шайнауға ыңғайлы тоқаштар ұсынылады.
Ғарышты игерген 55 жыл ішінде көкке 80 тоннадан астам азық-түлік жіберіліп, 50 мың тамақ түрі дайындалыпты. Орта есеппен әр ғарышкердің түскі
14
асы 18 мың рубльді құрайды екен. Бұл – азық-түліктің ғана шығыны, ал жеткізу шығыны басқа. Ғарыш кемесіне жеткізілетін жүктің әр килограмы 10-нан 20 мың доллар арасында тұрады.

1.3. Ғарыш кеңістігін ластанудан сақтаудың алдын алу жолдары
Ғарыш кеңістігін ластанудан сақтау үшін жер маңындағы кеңістікте жасанды объектілер мөлшерінің құқылық негіздерін реттеуін қадағалайтын бағдарлама қажет.
Бұл бағдарламаның техникалық бөлімі үш бөлімнен тұруы керек. Бірінші бөлімде ғарыш кеңістігінің ластануының қазіргі жағдайы мен болашақ та ғарыш қалдықтарының ғарыш аппараттарымен соқтығысу қауіптілігін бағалауға болжам жасау туралы жұмыстардан тұруы керек. «Ғарыш қалдықтары» фрагменттерін тіркейтін каталогтарды кеңейту үшін бақылау және тіркеу құрал-жабдықтарын дамыту, ғарыш объектілерін бақылау, сол сияқты өлшеу әдістерін, нәтижелерін электронды есептеу машиналарын пайдаланып, қазіргі заманға сай жетілдіру.
Кіші өлшемді фрагменттерді бақылаудың шектеулі мүмкіндіктері кішкентай жарықшақтардың түзілуінің негізгі көздері болып табылатын орбитада ғарыш объектілерінің соқтығысуы модельдеу керек екендігіне әкеледі. Мұндай модельдеу негізінешын соқтығысу жылдамдығына жақын болатындай мұндай кіші фрагменттердің үдеу алуын қамтамсыз ететін қазіргі заманғы жер үстіндегі құрылғыларда эксперименттер мен әдістер жатуы мүмкін. Зерттеу нәтижелері «ғарыш қалдықтары» фрагменттерімен соқтығысуынан болатын әр түрлі конструкциялардың қирау мүмкіндіктерін есептеудің инженерлік әдістері мен теорияларын ойлап шығаруында қолданылу керек.
Орбитадағы кішірек жарықшақтардың мөлшерін бағалау және модельдеу нәтижелерін растау үшін ғарыштық бақылауды да қолдануға болады. Қазіргі кезде ғарыштың техногенді ластануын зерттеу метеорлық жағдайлармен бірге микробөлшектердің орбитальдық станция конструкциясына әсері нәтижесі бойынша және конструкциялық материалдардың үлгілері бар кассеталардың көмегімен жүргізіледі .
Ғарыштағы микрорбөлшектердің сипаттамаларын тиімді өлшеуді пайдалы қосымша жүк ретінде жіберілетін кіші арнаулы серіктер көмегімен жүргізуге болады. Бұл жер маңындағы ғарышты зертеудің метеортехногендік зерттеу ауқымын айтарлықтай кеңейтеді және шығындарды төмендетеді. Техногендік және метеорлық соққылау фактілерін тіркеу серіктің қабықша тәрізді датчик тәрізді үрлемелі қабықшасының секцияларын тескен кезде жүзеге асырылады. Бұл бөлшектердің массасы мен жылдамдығы иондық датчик көмегімен жүзеге асырылады. Борттық ғылыми аппаратурадан алынған ақпарат бірінші өңдеуден өткеннен кейін тіркеліп, серік радиокөрінерлік зонада болған кезде Жерге
15
жіберіледі.
Бағдарламаның екінші бөлімі ғарышты зымырандық-ғарыштық техника фрагменттерімен ластануының алдын алу жұмыстарына арналуы керек. Бұл жағдайда әрқайсысы бірнеше арнаулы серіктерді алмастыра алатынуникальды ғарыштық платформаларды ойлап шығару перспективасы өте маңызды. Басқа маңызды бағыт ресурстардың көбеюі немесе ғарыш аппараттарының жұмыс жасау уақыты болып табылады. Бұл жағдайда бүгінгі уақытқа дейін ғарыш аппараттарының табысты қолданылуы жөіндегі жинақталған әлемдік тәжірибе үміт тудырады.
Халықаралық қарым-қатынас жағдайында осындай ғарыш орбитасында ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтін серік-платформалардың қолданылуы қолданбалы есептерді шығаруда керексіз қайталанулардан құтылуға және ғарыштық ұшулардың жалпы санын қысқартуға мүмкіндік береді. Жер маңындағы орбиталардың ластану деңгейін азайту зымыран тасығыштардың ақырғы сатыларында бөлінетін элементтердің жалпы санын азайту немесе толығымен жоюға бағытталған конструкторлық жөндеулердің маңызы зор болмақ.Ғарыш аппараттарының өздігімен және қасақана жасалған жарылыстарын болдырмау арқылы және оларды орбитадан әкету арқылы ғарыштық жарықшақтар санының көбеюін қысқартуға мүмкіндік жасауға болады.
Бақыланатын орбитальдық фрагменттердің 7 мыңының 21% -ін жұмыс істемейтін ғарыш аппараттары құраса, 14%-н –зымыран тасығыштардың пайдаланылған жоғары сатылары және екпінді блоктары құрайды. Бұл жер маңындағы орбиталарда жүз мыңдаған жаңа жарықшақтардың потенциальды көздері болып табылатын үлкен өлшемді және массалы 2500 пассивті объектілер бар екендігін білдіреді. Осыған байланысты оларды ғарыштан алыстату қажеттілігі туады. Пассивті ғарыш объектілерін іздеп, тауып алу қондырғылары болыпробот-манипуляторлармен жабдықталған «Боран» және «Шаттл» орбитальдық кемелері және орбита аралық буксирлерболып табылады. Объектілердің Жерге оралуы орбитальдық кемелердің жүк отсегінде немесе буксир көмегімен тежетілгеннен кейін берілген ауданға автономдық түсу жолымен түсіріледі.
Ғарыштан ғарыш қалдықтарының кіші бөлшектерін жинақтаудың және олапды тазарту жұмыстарын ұйымдастыру күрделі міндет болып табылады. Бүгінгі күнге дейін бұл міндетті шешудің бірнеше жобалары белгілі: бөлшектердің кинетикалық энергиясын жұту үшін кіші жарықшақтардың жолына көпіршікті шардың түзілуі, осыдан кейін олар биікке көиеріле алмай, атмосфераның тығыз қабатына кіреді; бөлшектердің орбитадан ығысуын үдету мақсатында кішірек фрагменттердің лазермен немесе нейтраль бөлшектермен сәулелендіру.
«Ғарыш қалдықтары» өзекті мәселесін шешу ғарышты игеруге қатысатын
16
барлық мемлекетердің алдын да тұрған үлкен бір міндет болып отыр.
Ал ғарыш қалдықтарының әсері қандай? Жер бетінен ғарыш қалдықтары көбінесе Тува, Алтай өңіріне – биік таулы Улаган және Турочан аудандарына құлауда. Ғарыш қалдықтары құлаған өңірлер зымыран темір кесектері қоршаған ортаға зиянын тигізуде.
Адамдардың гептилмен улануы үлкен мәселелер тудыруда. Таза күйіндегі гептилдің у екендігін әркім-ақ біледі.
Әсіресе ең қатерлісі «Протон –К» зымырандарыболыпсаналады. Оның отынбагіне толтырылған 500 тонна гептил көтерілгін бетте түгелдей жаныпкетпей, 2-3 тоннасы ұшып өткен жолындаауа арқылы, желмен жүздеген жергежайылып, топырақ, өсімдік, су көздеріне түседі. Әйгілі Королевтің өзі де гептилді зымырандарға сұйық отынретінде пайдалануға қарсы болғандығыжайдан-жайемес шығар.
Байқоңырмен шектес Ұлытау даласының қай түкпіріне барсаңыз да әр түрлі зымырандардың сынығынан аяқ алып жүру қиын. Бұлар олардың бірінші сатысынан айырылып жерге құлаған бөлшектері. Жалпы біздің облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасына облыс бойныша зымырандар бірінші сатысының бөлшектері құлайтын 39 аудан белгілі. Олар төмен түсіп, құлдилап келе жатқанда сұйық отын ретінде қолданылатын гептил төгіліп-шашалып, ауаны, жер мен суды улайды. Одан тараған уландырғыш заттар төңіректегі 130 елді мекеннің үстінен себелеп өтеді. Осының бәрі алдымен адамдар денсаулығына кері әсерін тигізеді. Соңғы жылдары тұрғындар арасында жүйке, қатерлі ісік аурулары, қан ағару, қан қысымының көтерілуі, кемтар бала туу көбейіп, нәрестелер шетінеу өсіп кетті. Ғарыш техникасының түсті металдарына, қымбат детальдарына қызығып,жинап-терген адамдар түрлі дертке ұшырап, ажал тырнағына ілігіп жатқандар да бар.
Дегенмен, қалай болғанда да ғарыш к

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Ғылыми жұмыс: Сандар сырының құпиясы қайда жатыр?

Автор: admin от 23-05-2018, 00:27, посмотрело: 2218

1 Оқушының аты-жөні: Дербіс Зарина Қарсыбайқызы
Туылған күні,айы,жылы: 01.09.2001 ж.
Мекен-жайы: Атамекен а/ә, «Қоғалы» е/м
Мектебі: «Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» КММ
Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Сандар сырының құпиясы қайда жатыр?
Жұмыстың дайындалған бағыты,секциясы: Математикалық модельдеу, « Математика»
Бастаған жылы: 2015 жыл
Сыныбы: 10
Мақсаты: Осы ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты ғасырлар бойы қалыптасқан сандарға байланысты наным-сенімдерінің құриясын ашып, олардың әлемдегі сырына қанығу
Ұраны: «Дүниенің барлығы сандардан тұрады»


Аты-жөні: Қалдыбекова Назипа
Әкесінің аты: Сапарбекқызы
Туған жылы: 26 қаңтар 1985 жылы
Бітірген оқу орны: Халықаралық Қазақ –Түрік Мемлекеттік Университеті
Лауазымы: Математика пәнінің мұғалімі
Еңбек өтілі: 4 жыл


Мазмұны
І.Кіріспе
«Сандар сырының құпиясы қайда жатыр?»
ІІ.Негізгі бөлім
1.Сандар тарихы
2.Сандар сыр шертеді
3.Сандар қасиеті
4.Зерттеу жұмысымда қол жеткізген деректерім
ІІІ.Қорытынды
Ұсыныстар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Аннотация


Кіріспе
Гипотеза:
Математика пәнінің элементтері - қазақ халқының танымдық мұрасы мен мәдениетінде бірге дамыған ілім.
Тақырыптың өзектілігі:
Санның адам өміріндегі рөлінің маңыздылығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Ал осы сандардың қайдан, қалай шыққандығына және ол сандардың әрқайсысының өзінше бір мағынаны білдіретіндігіне күнделікті тіршілікте біз аса мән бере бермейміз. Осы жұмысты оқу арқылы біз сандар әлеміне саяхат жасаймыз.
Бұнда оқушылар сандар жайлы білімдерінің артуы арқылы сандардың сиқырлы құпиясын білуге қызығушылығы арта түседі. Зерттеу жұмысының өзектілігі де осында жатыр.

Ғылыми жобаның мақсаты:
Осы ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты ғасырлар бойы қалыптасқан сандарға байланысты наным-сенімдерінің құриясын ашып, олардың әлемдегі сырына қанығу.
«Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің бағдарламасында: «Көп ғасырлы мәдениеттің тіршілігі топырақта тыныстап жатса, тарихи өткені шырынмен қоректенсе, сонда ғана ұлттық жаңғырту орын алады»- дей келіп, «Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарай танып - бағамдауға болады. Демек, Қазақстанның мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатына екі түрлі міндет жүктелді: бірі: - өзіндік этникалық мәдениетті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін нығайту, екінші жағы – төл мәдениетті оңтайлы өрістете отырып, жалпы адамзат мәдениетіне ену үшін тиімді жағдай жасау».
Ендеше ұлтымыздың сан ғасырлар бойы сенімі мен ұстанымы болып келген сандар сырының киелі ұғымдарына шолу жасап, олардың өмірдегі қолдану аясына, күнделікті тұрмыстағы атқаратын роліне тоқтала отырып, тұжырым жасау әрбірімізді қызықтырары сөзсіз.
Сондықтан біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерінің пайда болу кезеңін тамашалаймыз. Жан жағымызға қарасақ сандар тек қана математика емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда маңызы зор. Қарап отырсақ, осы қарапайым он сан болмаса біз телефонда соға алмаймыз. Жалпы таным проблемасымен ескілікті наным - сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп кездеседі. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған.

Жобаның міндеті:
- Сандар сырымен танысу
- Әрбір сандардың орнын көрсету
ІІ. Негізгі бөлім
1. Сандар тарихы.
Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі – математика. Математиканың алғашқы бесіктерінің бірі Мысыр елі болды. Адамзат даналығының ойлап тапқан жаңалығы ол – жазу. Қазіргі әлем халықтары жазуды жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай жазып жүр. Неге? Өйткені олар бұл әдісті соқаның қозғалысынан алған екен. Осы жазулардың негізінде пайда болған таңбалардың бірі цифр. Цифр дегеніміз – сөздерді қағаз бетіне қондыру үшін қолданылатын әріптер қандай қажет болса, сандарды жазу үшін керекті таңбалар. Цифр деген сөздің төркіні арабтың «Әс-сифр» деген сөзінен алынған, ал оның мағынасы үнді халқының бос орын – «Сунья» деген сөзінің аудармасы екен.
Күнделікті өмірімізде қолданылатын сандар шамамен бұдан 1500 жыл бұрын Үндістанда пайда болған. Әуелі сандар сызықшамен белгіленген. Кейін қалыптаса келе қазіргі таңдағы біздер қолданып жүрген сандар пайда болды. Адам баласы қазіргі біз түсінетін сандарды үйренуге талай ғасырларды бастан кешірген. әуелі олар табиғи сандарды (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9) меңгерсе, нөлдің пайда болуынан сандарға революция жасалған, сөйтіп сандарды игеруде жаңа жүйелерді өмірге әкелді.
0 – «цифр» деген мағынаны береді. Ежелгі Үнді жерінде цифр – «сунья», арабтарда «сифр» сөзімен түсіндіріледі, яғни «бос орын», «түк жоқ» деген мағынаны білдірген. Ғылым мен өнердің қайта өркендеген дәуірінде (ХҮ-ХҮІ ғасырларда) математикалық еңбектер латын тілінен аударылып, «сифр» сөзі сол қалпы қалдырылған. Тек алғашқы әрпі ғана «ц» болып өзгертілген. Нөл таңбасы басқа сандарға елеулі өзгерістер әкеліп, санау, есептеу, сату және уақытты белгілеп берді.
Бір санын үйрену үшін саннан бұрын заттың белгілерін, қасиеттерін салыстырғанын олардың бізге жеткен халық педагогикасынан-ақ байқаймыз. Мысалы, Ай, Күн – біреу, өзі де біреу. Осы бір санның сөздік баламалары – жеке, дара, жалғыз, сыңар, жалқы, саяқ деген ұғымды білдірген.
Екі санын да осы тәріздес меңгерген, ол санның сөздік баламалары – жұп, қос, егіз болса, жұптан тұратын ұғымдар – екі көз, екі құлақ, қол мен аяқ болған. Сонымен бірге сан, сансыз, қыруар, көп, мол деп санауға болмайтын заттарды атаса, ол заттардың ең кішкентай бөлшектерін кішкентай, титімдей, бір тамшы,

бір мысқал, құйтымдай десе, енді бірде жазықтарды – даладай, ат төбеліндей, түйнектей, алақандай десе, судың мөлшерін – терең, таяз, бөлшек ұғымдарды – жарым, жарты деген.
2. Сандар сыр шертеді
0 саны. Бұл сан абсолюттік символы. Шексіздік белгісі және жаратылмаған әлемнің саны болып табылады. Бұл барлық заттардың бастамасы. Графикалық жоба бойынша сақина немесе дөңгелек ретінде белгіленеді.
1 саны. Бір санын қазақ халқының ұғымында Алла жалғыз, Алладан басқа тәңір жоқ. Қай тілде болсын бірлік сөзінің түпкі түбірі саналады. Адам өмірін басқаратын, әр пенде ұмтылатын сан болып есептеледі. 1 санының омонимдері «намыс», «ұтыс» болып саналады.
2 саны. Күні-түні демалмайтын екеу: Ай және Күн. Қосылу, толықтыру символы. Жақсы мен жаман, ер мен әйел, күн мен түн, ақ пен қара. Екі санына қазақ халқының көзқарасы міне осындай болып келеді.
3 саны. Жалпы түркі халықтарында, соның ішінде қазақ халқында үш саны қасиетті болып есептелінеді. Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл. Үш жүз: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз. Үш құсты аққуды, қарлығашты, байғызды өлтіруге болмайды. Үш адамның ниеті бұзық өтірік айтатын, сөзінде тұрмайтын, аманатқа қиянат жасайтын. Адам Атаны жаратқанда жіберген үш қасиет ақыл, ұят, сабыр. Үш нәрсенің үш нәрсесіз болуы: басы бар, ақылы жоқ іс, ғылымы бар, амалы жоқ іс, байлығы бар, қайырсыз іс қылушы. Қазақтың үш биі Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би. Ел басқарған, азулы сөздер айтып, ел арасындағы дау-дамайларды шешіп отырған қазақтың үш биі. Аптаның үшінші күні, яғни сәрсенбінің сәтті күні деп сапарға шығатын болған. Осы күні басталған істің бәрі де сәтті болады.
Қазақ халқынан өзге де ұлттарда үш саны қасиетті болып саналған. Бір мен екінің қосындысы ретінде қандай да бір істің бастамасын да, жалғасын да білдіреді. Қытайларды үш саны біраз құбылыстың символикасы болып табылады. Жарықтың үш көзі – Жұлдыз, Күн, Ай. Үш бастау – Аспан, Жер, Адам. Отбасының үш элементі – еркее, әйел, ұрпақ. Үш саны қытайлардың түсінігінде Марс арқылы басқарылады және жалынға теңеледі. «Өсу» сөзінің синонимі.
4 саны. Қазақта төрт құбыласы сай, яғни «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген мәтел екеуінің мағынасы бір болып келеді. Ертеде бұл сан тұрақтылық пен беріктілік, әділдіктің белгісі болған. Ол шаршы болғандықтан, әлемнің төрт бұрышын, жылдың төрт мезгілін, табиғаттағы төрт құбылыс – от, жер, су, ауаны білдірген. Төрт аяғы тең жорға, төрт тұрманы түгел сай деген сандық мәндер арқылы айтылатын ұлағатты ұғымдар бар.


Төрт кітап: Мұсаның кітабы – Таурат, Дәуіттің кітабы – Забур, Исаның кітабы – Інжіл, Мұхаммед пайғамбардың кітабы – Құран. Төрт асыл: иман, намаз, ілім, мейір-шапағат.
Төрт дария: Ніл, Фират, Жейхун (Амудария), Сейхун (Сырдария). Қазақта Жаратқан Иеміз Адам Атаны жаратқанда өлім, ләпсі, ашу, нәпсіні, яғни төрт нәрсені адаммен бірге жерге жібереді деген ұғым бар. Сонымен бірге дүниеге жаңа келген нәрестенің тағдырына жақсылықты, жамандықты, рызықты және өмірді жазған. Төрт түлік мал, яғни қой мен ешкі, сиыр, жылқы, түйе. Төрт түлік мал қазақтың бірден-бір күн көріс көзі болып табылған. Қазақ халқының өмірін төрт түлік малсыз елестету мүмкін емес.
5 саны. Жоғарыда айтылған төрт бастаманың ортасында орналасып, жан-жағын басқарып тұрады. Қазақта бес нәрсені баянсыз – бұлттың көлеңкесі, еңбексіз келген байлық, қоқақтың достығы, жалған мадақ, опасыздың махаббаты деп түсінген. Қазақ халқы тілді, дінді, тарихты, дәстүрді, атамекенді бес анық деп атаған. Абай атамыздың өлеңінде «Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой, Бес асыл іс көнсеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ, Бес дұшпанды білсеңіз.» деп, бес саны жайлы айтып кеткен.
6 саны. Қазақта адамның күнделікті өмірде алты парызы бар. Біріншісі адамдардың бір-біріне сәлем беруі, екіншісі шақырса бару, үшіншісі кеңес сұраса – ақыл қосу, төртіншісі кез келген адамның сұрағына жауап беру, бесіншісі ауырып қалған адамның көңілін сұрау, алтыншысы қайтыс болған адамның жақындарына көңіл айту. Ақыл, білім, жомарттық, әділдік, шыншылдық, кең пейіл – адамның алты асқары. Алты саны дүниенің жаралуын білдіреді.
7 саны. Қазақтардың таным-түсінігінде жеті санының алар орны ерекше. Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі, соның ішінде қазақтар ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаған. Біздің ата-бабаларымыз жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң жүйелерін жеті санымен сәйкестендірген. Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады.
Жеті қазына – қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады: жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан, майланғыш ау, өткір кездік. Ер жігіттің жүйрік аты – қанаты. Құмай тазысы – абыройын асырар сенімді серігі. Мылтығы – қаһарлы оты. Қақпаны – серті, ауы - әдіс-айласы, кездігі – сұсы. Халық Жеті қазынаны өмір қажетіне негіз етіп таратқан.

Қазақ халқының Жеті қазынаны – «жеті ырыс» деп атауының да мәні осында.Аптаның жеті күні. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Құдай бірінші күні жарықты, екінші күні аспанды, үшінші күні жерді, төртінші күні Күн, Ай және жұлдыздарды, бесінші күні балықтар мен құстарды, алтыншы күні аңдар мен адамдарды жаратқан, жетінші күні дем алған деген діни аңыздар бар. Аңыз әңгімелерге сүйенсек бұл әлемді жаратуға арналған жеті күн деп аталады.
Табиғаттың керемет туындыларының бірі – кемпірқосақ. Кемпірқосақ күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасында пайда болады. Біз неге кемпірқосақ туралы әңгіме қозғадық, себебі кемпірқосақ жеті түстен тұрады екен. Олар: қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін.
Жеті ата – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентай кезінен жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақ бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Ағайындықтары жеті атаға толмай жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толғанның өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру ақсақалдары бір пәтуаға келіп, боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған. Ататек атаулары: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Бұдан әрі туыстық атаулар: жүрежат, туажыт, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді.
Жеті жұт. Бұлар: құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс, топан су, зілзала (жер сілкіну). Жеті жоқ: жерде өлшеу жоқ, аспандай тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллаһта бауыр жоқ, жылқыда өт жоқ. Жеті жетім: тыңдамаған сөз жетім, киюсіз тозған бөз жетім, иесіз қалған жер жетім, басшысы жоқ ел жетім, аққу, қазсыз көл жетім, жерінен айырылған ер жетім, замандасы қалмаса бәрінен де сол жетім. Жеті ғашық. Халықтың ән - жыр эпостарында жеті ғашық мынадай екі нұсқамен беріледі: а) Ләйлі - Мәжнүн, Жүсіп - Зылиха, Фархад - Шырын, Тахир - Зухра, Арзу - Қамбар, Уәлик - Ғарра, Уәки - Күлшаһ; ә) Ләйлі - Мәжнүн, Жүсіп - Зылиха, Фархад - Шырын, Баһрам - Күләнда, Сейпілмәлік - Бәдіғұл, Бозжігіт - Анула, Зияда - Хорлы.
Жеті санына әлем халықтары көзқарасымен қарар болсақ, онда бұл санды Пифагоршылар Афинамен байланыстырған. Ежелгі Египет философиясы мен астрономиясында ол өмірлік екі санның үш пен төрттің қосындысы деп қарастырылды. Үш адам - әке, шеше, бала өмірдің негізін қалайды. Ал төрт – бұл жарық, жел, жаңбыр, ылғалдылық жерді жеміс беруге дайындайды. Пифагордың ой қорытуы бойынша, үш пен төрттің қосындысы (үшбұрыш пен төртбұрыш символдары)

аяқталғанның, тамамдалғаның, қорытындының белгісі деп санаған. Сондықтан жеті саны қасиетті сан, өйткені адам баласы қоршаған ортаны (жарықты, дыбысты, иісті, дәмді) басындағы жеті «тесік» (екі көз, екі құлақ, мұрынның екі танауы, аузы) арқылы түйсінген.
Жапондарда жеті қайырымды құдай, адам өмірінде жеті рет сәттілік болады. Христиан дінінде жеті саны – сенім, үміт, қайырымдылық, әділеттілік, сабырлық, ақылдылық және рухтың күші. Жеті саны – жалпы жер бетіндегі халықтар ұғымы бойынша қасиетті сан.
8 саны. Көне заман адамдары сегіз санын сенімділіктің, шыңдалудың шыңы деп есептеген. Сегіз саны сегіз төбесі бар кубты білдіреді. Сегіз санының құпиясы әлемдегі мәңгілік үздіксіз қозғалысты білдіреді. Сегіз саны – мәңгілік символы. Символдық белгісі қос квадрат, егер оны бөлсе онда ол тең екі бөлікке бөлінеді. Тағы да бөлгенде, ол тең төрт бөлікке бөлінеді (2, 2, 2, 2). Сегі саны дыбысталуының арқасында ерекше құрметке ие. Сегіз санының омонимі – «гүлдену». Бұл қытайлардың ең сүйікті саны. Сондықтан «Арты гүлденуге әкелсін» деген ниетпен 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының ашылу уақыты 8-ші айдың 8-ші жұлдызы сағат 8-ден 8 минут 8 секунд өткен мезгілде белгіленеді.
9 саны. Қазақ халқының Аллаһ Тағаланың бұйрығын екі етпей орындайтын тоғыз періштелер: 1. Жәбірейіл – пайғамбарларға Аллаһ Тағаланың сөзін хабарлаушы. 2. Мекайіл – барлық адамға, мақұлыққа берілетін ырыстың уәкілі. 3. Әзірейіл – барлық адамның, жан-жануарлардың жанын алатын Құдай уәкілі. 4. Ысырайыл – ақырзаманға дейін сұлыны алып жүретін періште. 5. Дардайыл – ай, күн, жұлдыздардың уәкілі. 6. Ысмайыл – жер бетіндегі киелілердің жебеушісі. 7. Зұлқайыл – қиямет күнінде адамдарды алып баратын періште. 8. Ахрайыл – барлық дария, көл, өзен, бұлақ суларының періштесі. 9. Мәлік – жеті тозақтың уәкілі. Сонымен бірге қазақтарда тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Халықтар түсінігі бойынша қателіктер мен кемшіліктер бірлестігі. Тоғыз санының қасиетіне тоқталсақ, ана құрсағында нәресте тоғыз ай, тоғыз күн өсіп жетіледі. Бұл сан адамның ғұмырында пайда болып, жарық дүниеге келетінге стүрлері мен наным-сенімдерінде тоғыз саны қасиетті болып есептелінген. Тоғыз санының омонимі – «ұзақ өмір».
10 саны. Ертеде Тәуке хан «Не жаман?» деген сұраққа бір жауап берсе, үш жүздің билерінің бірі жауап берер деп, үш парақ қағазға бірден онға дейінгі сандарды жазып, үш биге жіберіпті. Сонда Қазыбек бидің берген жауабы мынадай болған екен: 1. Бірлігі кеткен ел жаман. 2. Егесіп өткен ер жаман. 3. Төсектен қашқан ер жаман. 4. Шідерден шошыған ат жаман. 5. Білік адамнан белгілі бала тумаған жаман. 6. Аймағын билей алмаған адам жаман. 7. Жетем деген мақсатына жете алмаған жаман. 8. Серкесіз бастаған қой жаман.

9. Төскейге шыға алмаған кәрілік жаман. 10. 60-та қыздай қосылған бәйбішеден айырылған жаман.
12 саны. Тек қазақ халқында ғана емес, барлық халықтар үшін он екі саны – қасиетті сан. Қазақтар он екі жылды бір мүшел дейді. Алғашқы мүшел жас қана он үш жыл, оған он екі жастан қосып отырсаң келесі мүшел шығады.
Қазақтар мүшел жасты өмірдің қиын, қауіп-қатерге толы кезеңі деп түсінген. Қазақ жыл санауда он екі жылдың әрқайсысына он екі жануар аты берілген. Он екі саны көптеген циклды таңбалайды – он екі ай, он екі жыл, он екі қарақшы, он екі сағат... Қазақтың сандық мәндер арқылы айтылатын ұлағатты ұғымдары өте көп. Он екіде бір нұсқасы жоқ, он екіде бір гүлі ашылмаған, он екі саққа жүгіртті, он екі құрсау жез айыр, он екі қарыс, он екі мүше. Он екі сан «табыс», «тоқтық» ұғымдарын білдірген. Санның омонимі – «оңай ұтыс».
13 саны. Қазақ халқы үшін Аллаһ Тағаланың барлық күні сәтті. Тек, ниетің оң, ісің адал болсын. Алайда өзге халықтардың наным-сенімі бойынша, қазақтар да кейінгі кезде он үш санын сәтсіз санға балайтында шығарды. Біздіңше, бұл наным-сенім қазақтар үшін емес. Қазақта алғашқы мүшел жас осы он үшке тура келеді. Сол себепті халқымыз: «Он үште отау иесі», - деп ұлын ардақ тұтады.
Кезінде император Наполеон, мұнай алпауыты Пол Гетти, АҚШ президенттері Герберт Гувер мен Франклин Делано Рузвельт он үш санын қатерлі санаса, Диана ханшайым мінген автокөлік Париждің жер асты жолындағы он үшінші бағанаға барып соқтығысқан. Он үш санын қатерлі көргендіктен. Ағылшын теңізшілері әлі күнге дейін айдың он үшінші жұлдызында кемеге мінбейді, американдық кейбір авиакомпаниялар мұндай күні өз кестелерінен ұшуды алып тастаған. Ал, енді еуропалықтардың түсінігінше айдың он үшінші жұлдызы жұмаға сәйкес келсе, ол күн «қара жұма» деп саналады. Жалпы, «қара жұма» он бір жылда бір - ақ рет қайталанатын көрінеді.
40 саны. Қырық санына байланысты оның қасиетін ашатын мағыналы тіркестер көп көлемде таралған. «Қызға қырық үйден тыйым» дегенде ұғатынымыз қыз әдебіне деген көзқарас. Той жасап, қуаныш қызық болар болса, қазақ елінің бұрыннан қалыптасқан ұғымында «Отыз күн ойын, қырық күн тойын жасады» деген сөз қолданысы бар. Ер азаматтарға байланысты «Отызында орда бұзған, қырқында қыр аспайды» дейді. «Қырықтың бірі - қыдыр» деп үйге келген қонақ өзімен бірге ырыс, үйге құт әкеледі деп түсінген. 60 саны. Вавилон аңыздарында бұл сан үлкен мәнге ие. Оны олар «құдай саны» деп атаған.
Міне, әдетте соншалықты маңыз берілмей, өз жөнімен қолданыла беретін сандардың бәрінің мән - мағынасы бар екен. Қазақ халқының наным - сенімімен басқа халықтардың наным - сенімін салыстыра отырып аңғарсақ, сандар сырының

құпиясының соншалықты тереңде жатқанын байқаған болармыз.
3. Сандар қасиеті
ХҮ ғасырларда атақты Корнемей Агриппа сандық және астрономиялық сәйкестіктер туралы жазба жұмыс жасаған. Содан бері астрологтар планеталық әсерлерді бағалап, маңызды сандық астрологиялық ақпарттарды жинақтаған.
Жұлдыз - жорамалшылардың пайымдауынша әр планеталардың өзінің сандық мағынасы бар. Мысалы Меркурий – 4, Нептун – 9 сандарымен байланысты. Меркурий материалдық жетістік әкеледі, 4 санының иелеріне интеллектуалды нұр мен шығармашылық әкеледі. Ал Нептун адамға күшті психологиялық энергия береді. Ол да үлкен жетістікке, қабілетін аша біледі. Жылдың әр айының әр күніне байланысты бақытты, бақытсыз күндері анықталған. Әр адамның туылған күні, айына, жылына байланысты өз санын есептеп шығаруға болады.
Адамның өз саны ай ішіндегі сәтті күндері:
1 1, 10, 19, 28
2 2, 11, 20, 29
3 3, 12, 21, 30
4 4, 13, 22, 31
5 5, 14, 23
6 6, 15, 24
7 7, 16, 25
8 8, 17, 26
9 9, 18, 27
Қатерлі 3 цикл адам өмірінің сандарға байланысын дәлелдейтін тағы бір мысал: денедегі биоырғақтың үш циклдан тұратындығы, олардың 23, 28, 33 күндік екендігі. Бұл жөнінде Владимир Мезенцев былай деп жазады: «Біздің ағзамызда болып жататын аса күрделі ырғақ (ритмика) құбылысының аса күрделі көріністерін зерттей отырып, кейбір ғалымдар адамның биоырғағында үш цикл (оралым) жайында жазады. Бұл 23 күндік физикалық цикл, 28 күндік эмоциялық (сезім) цикл, 33 күндік ой - парасат циклы. Бұл сандардың қай - қайсында болса да күндердің тең жартысы плюс - күндерге, екінші жартысы минус күндерге жатады. 23 күндік физикалық циклда алғашқы он бір жарым плюс - күндердің үлесіне тиеді; мұндай күндері, мысалы, спортпен мықтап шұғылдануға, әртүрлі жорықтар жасауға әбден болады.

Келесі он бір жарым күн бұл саяхат, спорт, тағы басқа едәуір күш керек ететін шараларға жарамайды, өйткені адам мұндай күндері тез шаршағыш келеді. 28 күндік эмоциялық (сезім) циклының алғашқы он төрт күнінде адамның көңіл күйі өте жақсы жүреді, ал келесі он төрт күннің ішінде ол өзінен - өзі жабырқап, көңілі түсіңкі болады. Ой - парасат циклы «қызықты» және «зерігу» күндеріне бөлінеді.
Ғалымдардың атап көрсетуінше, плюс-күндерден минус-күндерге өтетін сын кезеңінің адамға неғұрлым зор маңызы бар. сандар сырын зерттей келіп, ғаламдық даму үздіксіз өсіп отырса да әрбір адам баласының белгілі бір жағдайларда сандар құдіретіне сеніп, өзінің жоспарлаған жұмысын белгілі бір сандар жүйесінің өзіне тән құпиясын сақтай орындауды әдетке айналдырғандарына толық көзім жетті.
Өйткені зерттеу жұмысы барысында танысқан болжамдар, ғылыми көзқарастар, жүргізілген сауалнамалар нәтижесі кез келген адамның белгілі санды сәтті немесе сәтсіз деп қарап, өз жұмысын сол сандар жүйесіне орай жүзеге асыратындығына толық көзім жетті. Ендеше сандар жайлы ғылым тоқтамақ емес, үнемі дамып, толығып отырады.

4. Зерттеу жұмысымда қол жеткізген деректерім

ІІІ. Қорытынды.
Дегенмен, сандар сырын зерттей келіп, ғаламдық даму үздіксіз өсіп отырса да әрбір адам баласының белгілі бір жағдайларда сандар құдіретіне сеніп, өзінің жоспарлаған жұмысын белгілі бір сандар жүйесінің өзіне тән құпиясын сақтай орындауды әдетке айналдырғандарына толық көзім жетті. Өйткені зерттеу жұмысы барысында танысқан болжамдар, ғылыми көзқарастар, жүргізілген сауалнамалар нәтижесі кез келген адамның белгілі санды сәтті немесе сәтсіз деп қарап, өз жұмысын сол сандар жүйесіне орай жүзеге асыратындығына толық көзім жетті. Ендеше сандар жайлы ғылым тоқтамақ емес, үнемі дамып, толығып отырады.
Сан – ел өмірі экономикасының көрсеткіші. Сондықтан адам өмірінің қай саласы болмасын санмен өлшенеді, сансыз ойыңды жеткізу мүмкін емес, сөзбен сапырылысқан заттық ұғымдардың бәрі де санмен араласып келсе, сан адам ғұмырымен дүниеге келіп, аяқталады.
Сөзімді түйіндей келе алдағы уақытта осы тақырып көлеміндегі зерттеу жұмыстары ары қарай жалғасын тапса деген оймен төмендегі жобаларды ұсынамын.

Оқушы ғылыми ізденіс үстінде

Ұсыныстар:
1. Сандар сыры жайлы ғылыми еңбектер кітап болып басылып, көпшілікке ұсынылса;
2. Сандар жайлы киелі ұғым бар екені баршаға аян, олай болса олар жайлы жорамал жасау қолға алынса;
3. Ұлттық ерекшелігімізге байланысты қолданылатын сандық ұғымдар құиясы мектептің тәрбие саласына арнайы енгізілсе.
4. Қазақстан Республикасында «нумерология» ғылымы дамымаған, осы ғылымды біздің елімізде дамытуды қолға алса.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Алдамұратова Т.А. «Математика» Алматы «Атамұра» 2001 ж.
2. Ахметжанова Ф.Р., Дүсіпбаева Қ.С. «Қасиетті сандар қатысқан ескіліктері» ғылыми басылым, Өскемен 2001 ж.
3. Әлімбай Т.Р. «Математикадан тыс жұмыстар» Алматы «Рауан» 1992 ж.
4. Бақытбек М. «Жас Алаш» газеті Алматы 2001 ж.
5. Интернет беттерінен.

Аннотация
«Сандар сырының құпиясы» атты ғылыми жобада жас зерттеуші сандардың шығу тарихынан бастап, олардың қай мемлекетте пайда болғандығына ерекше көңіл аударып, түркі халықтары арасында оның ішінде қазақ халқының сандарға қатысты киелі, қасиетті ұғымдарын аша білген. Зерттеу барысында өзіндік көзқарасын білдіріп, ұтымды ұсыныстар жасаған. Халық арасындағы күнделікті тұрмыста кездесетін сандар құпиясын ғылыми болжамдармен салыстырмалы түрде қарастырып,кең көлемді жұмыс жасаған.
Жетекшісі: математика пәнінің
оқытушысы Қалдыбекова Н.С.

Аннотация
Уделяя особое внимание истории возникнования цифр, их первоначальное употребление, юный исследователь в своём научном исследовании «Тайна чисел» сумел раскрыть принципиальные особенности применения чисел у тюркского народа, а том числе и казахского. В ходе исследований выразил свой взгляд, внёс позитивные предложения. В работе был проводён сравнительный анализ широкого применения чисел в быту и научных предположений. Работа была выполнена в большом объёме.
Руководитель: учитель истории Калдыбекова Н.С.


Annotation
This science work is called «The secret of of number». The young researcher have found a lot of materials about became history of numbers and has searched the mean of Kazakh numbers. The young researcher has found the secret of numbers and how use in Kazakh peoples’ life and has searched for science numbers.
Subject of match
Teacher: N.Kaldibekova

Пікір
Қоршаған әлем адамзатқа өз сырын толық ашпаған.Қуантатыны білім,ғылым дамуымен қатар мектеп оқушылары жаңа көзқарасы,жаңа ойлар,ізденістер ,білуге деген құштарлығының артып келе жатқаны.Сондай оқушылардың бірі«Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10 «А»сынып оқушысы Дербіс Зарина Қарсыбайқызы өзінің «Сандар сыры қайда жатыр?» тақырыбындағы ғылыми жұмысын назарымызға ұсынып отыр.
Зертеу жұмысы кіріспеден ,негізгі мәселені қарастыратын төрт тараудан ,қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.Кіріспеде тақырыптың өзектілігі,мақсаты мен міндеттері және жұмыстың құрылымы талапқа сай жазылған.
Бірінші тарауда сандар тарихы,екінші тарауда сандар сыр шертеді сандар туралы қызықты мағлұматтар беріледі. Үшінші тарауда қазақ халқы үшін сандардың қасиеттерінің мән-мағанасы жан-жаұты ашылып көрсетілсе,төртінші тарауында ізденіс барысында өзінің қол жеткізген деректері жайлы ойларымен зерделейді.
Қорытынды бөлімінде жоғарыда аталған тарау мен тараушаларды түйіндеп,өзіндік тұжырымдама жасалған.
Қорытынды:Дербіс Зарина өз жұмысында ұлтымыздың сан ғасырлар бойы сенімі мен нанымы болып келген сандар сырының киелі ұғымдарына шолу жасап ,олардың өмірдегі қолдану аясына үлкен мән бере қарастырған.Біраз сандар сырларына қанығып ,ғылыми болжамдарға,ұстанымдарға назар аударып,өз қатарларына сандардың өмірде алатын орынын түсіндіре білген.
Дербіс Зарина ізденіс жұмыстарын қарапайым түсініктерден бастаған.Болашақта ғылыми жұмысын жандандырып,халық қазынасының тереңіне бойлап ,қасиетті сандар сырына қанығатындығына сенім білдіремін.

Пікір беруші «Сырдария»университетінің доценті.т.ғ.к

Категория: Мектеп