» Материалы за 04.01.2018

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Ашық сабақ 9 сынып Алгебра

Автор: admin от 4-01-2018, 22:48, посмотрело: 1613

0 САБАҚ:Алгебра Мектеп: «Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Күні:5.05.2017жыл Мұғалімнің есімі:Қалдыбекова Н.С
СЫНЫП: 9 «Ә» Қатысқандар саны: 15 Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы:Арифметикалық прогрессия.Арифметикалық прогрессияның
n-ші мүшесінің формуласын қайталауға есептер шығару

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Арифметикалық прогрессияның анықтамасы мен айырымын,n-ші мүшесінің формуласын білу,формулалармен дұрыс жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Арифметикалық прогрессия тақырыбын түсінеді.
Тақырыпқа байланысты есептер шығара алады.
шығара алады. шығара алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Формулаларды байланыстыра отырып есептер шығара алады.
Сұрақтарға нақты жауап бере алады.
Кейбір оқушылар:есте сақтайды,логикалық ойлау қабілеттері артады,алған білімді өмірде қолдана алады.

Тілдік мақсат Оқушылар:топтық,жұптық,өз бетінше жұмыс
істей алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:

Сыныптағы диалог,топпен жұмыс, пайдалы тілдік бірліктер: Сәлеметсіздер ме?Здраствуйте!Гуд монин
Талқылауға арналған тармақтар:

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар: жұмыс,логикалық есептерді шешу,қима қағаздар,парақшалар толтыру.

Алдыңғы тақырып Тізбек және арифметикалық прогрессия

Жоспарланған уақыт
Басталуы
10минут

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Ұйымдастыру кезеңі.
Топқа бірігу.Фигуралар арқылы

«Арифметика» тобы,
«Прогрессия» тобы,
«Тізбек» тобы.
Психологиялық ахуал қалыптастыру
Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады және бәрі бірге:
Көп ойнаған бала болады,
Көп ойланған дана болады.
Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге өтілген материалдар бойынша
І топ.Тізбек және оның түрлері
ІІ топ.Тізбек және оның берілу тәсілдері
ІІІ топ. Арифметикалық прогрессия тақырыбында постер әзірлеу тапсырылған Ресурстар

Шаттық шеңбері

фигуралар

5 минут
Ортасы
20 минут
Аяқталуы
10 минут
Қызығушылықты ояту
2 5 7 3 19 13 1 11 17
Р т о о н ф э с е
Сандарды өсу ретімен орналастырыңдар да,оған сәйкес әріптерді тізбек теп оқығанда қай математиктің аты шығады?Ол жайлы не білесің?(Эротосфен)
8 16 4 2 10 6 12 14 18
А а с с г у л р к
Сандарды кему ретімен орналастырыңдар да,оған сәйкес әріптерді тізбек теп оқығанда қай математиктің аты шығады?Ол жайлы не білесің?(Карл Гаусс)
1/2 7/8 4/5 2/3 3/4 5/6 6/7
Д т ф и о а н
Сандарды өсу ретімен орналастырыңдар да,оған сәйкес әріптерді тізбек теп оқығанда қай математиктің аты шығады?Ол жайлы не білесің?()

«Сыйтабақ» әдісі

Топтық жұмыс ұйымдастырылады.

1-топ №756

2-топ №757

3-топ №761

Сергіту сәті.
Кірпімен бірге «Қара жорға »биін билетем

Логикалық есептер
Оқушылар арифметикалық прогрессияға байланысты логикалық есептер шешіп, қазақша,орысша,ағылшынша үш тілде айтып шығады.
І топ
Алъпенист бірінші күні 1400 метр биіктікке дейін көтеріледі,ал екінші күні алдынғы күнге қарағанда 100 метрге кем қозғалыс жасайды.5000 метрді алъпенист неше күнде жүріп өтеді?(4 күнде) 4 күн
Ответ:
Четыре день
Answer :
Four day

ІІ топ
Дәрігердің кеңесі бойынша емделуші адам 5 минуттан күннің көзіне шығып отырды .Неше күннен кейін оның күннің көзіне шығу уақыты 40 минутты құрайды?(8-күні) 8 күн
Ответ:
Восемь день
Answer :
Eight day

ІІІ топ
Құдықты қазатын жұмысшыларға алғашқы 1 метрге 30 теңге төлемақы төленетіні туралы уәде берілді. Ал келесі әр метрге алдынғы мертге қарағанда 20 теңгеден үстіне қосылып отырады .12 метрлік құдықты қазып шығу үшін жұмысшы қанша ақша алады? (1680 теңге)
1680 теңге
Ответ:
Тысяча шестьсот восемдесять тенге
Answer :
one thousand six hundred eighty tenge

Деңгейлік тапсырмалар
І топ
А деңгейі
1. a1=-100,a2=-70, a8=?,a3=? d=30,a8=110,a3=40
2. -3,8;-3,6,2 айырмасын тап,d=11
В деңгейі
1. -5;-4,8 … a100=? d=9,a100=886
2. a1=2, d=5,a3=?,a3=12
C деңгейі
an=5n+2,a2+ a8=?, a2=12 a8=42
a2+ a8=12+42=54
ІІ топ

1.a1=6,a2=2, a3=?, a3=-2
2.a1=30,a3=36, a5=42 a7=? d=3, a7=48
3. 17,16,15 a11=?, a11=16
4.хn=2n-1 x12=? x12=23
5. a1=3,d=-3 a4* a9=? a4=-6, a9=-21 a4* a9=-6*(-21)=126
ІІІ топ
1. a11=43 d=2 a32=? a32=105
2. a1=4 d=3 S5=? S5=50
3. 4;7;10; a20=? d=3 a20=61
4. an=n2+1 a3+ a2=? a3=10 ,a2=5 a3+ a2=15
5. S14=? a1=36 d=5 S14=548

Сабақты қорытындылау:
«Күн шуақ » ойыны шарты .Бетін бұлт жапқан күннің бейнесі.Оқушылар қатар-қатар болып , тақырыпқа байланысты есеп шығарады.Дайын болған топ күннің шуағын тақтаға жабыстырады.Әрбір күннің шуағында бір есеп .Қай топтың жауабы дұрыс болса ,сол топтың күні шайдай ашылады.
І топ
1.а1=1,d=2,a5=? a5=9
2.a1=3,a3=9, a2=? d=3 a2=6
3.160,190,220,d=? d=30
4.a1=2,d=3,a7=? a7=20
5.a4=4,a6=6, a5=? d=1 a5=5
ІІ топ
1. .а1=5,d=2,a3=? a3=11
2. 30,45,60,d=? d=15
3. .а5=18,a8=33 d=? d=5
4. d=5, а1=-2, а6=? , а6=23
5. a1=1,a3=4, a10=? d=3, a10=28
ІІІ топ
1. a1=1, d =2, a5=? a5=9
2. а1=3,a3=9 a2=? d=3 a2=6
3. а1=2,d=3,a7=? a7=20
4. 5,7,9,11.... a9=? ,d=2,a9=21
5. a1=12, d =2, a5=? a5=20

Үйге тапсырма: №763 176-бет

Кері байланыс Тест
1.Жеке басымның жұмысымның нәтижесі деп мен төмендегіні есептеймін
А) Теорияны түсіндім В)Есептершығаруды үйрендім
С)Өткен тақырыптарды қайталап өттім
2.Сабақ үстінде есеп шығарғанда өздеріңе не жетпеді деп ойлайсыңдар
А)Білім В)Уақыт С)Ынтам болмады
Д) Есептерді жақсы шығардым
3.Сіздерге сабақ үстіндегі қиыншылықтарды жеңуге кім көмек жасады?
А)Сыныптастарым В)Мұғалім С)Оқулық Д)Ешкім

Ғалымдардың суреттері,плакат
Слайд,суреттер

дәптерлер

Слайд,А-4
А-4 қағазы

Плакат,дәптер
Қосымша ақпарат
Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
Смайликтер арқылы
Бәрекелді!
Шіркін!
Әттең!
Кері байланыс алу
Тарих,информатика

Рефлексия
Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Мектеп директорының баяндамасы

Автор: admin от 4-01-2018, 22:25, посмотрело: 1597

0
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,
«Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп директоры
Мугалбеков Жанабай Дербесович мырзаның оқыған баяндамасы

Баяндама тақырыбы:

ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ - САПАЛЫ БІЛІМ

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде адамдарды қалыптастыруға және кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау: жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Бүгінгі мақсат — әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.
Елбасымыз Н.А. Назарбаев «Дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін, біз жоғары білімді ұлт болуымыз керек» дей келе, өскелең ұрпақтың функционалдық сауаттылығына аса назар аударуды талап етіп отыр. К.Ушинский: «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады», - деген екен. Бүгінгі күн- білім беру мазмұнына, оқушы мен педагог тұлғасына және қызметіне деген көзқарастардың түбегейлі өзгеріске бет бұрып отырған кезең.
Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдан бастап, елімізде ғылым мен білімді дамытып, білім кеңістігінің қалыптасуына айрықша көңіл бөлініп келеді. Мектеп- үйрететін орта, оның жүрегі –мұғалім. Баланың ойлау қабілетін дамытуға, байлығымызда, бақытымызда болған мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуге оқушыларды тәрбиелеу мұғалімнің басты борышы. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты-бәсекеге қабілетті маман дайындау. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылындағы ерекше тұс- оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Мұғалім сабақтарын түрлендіріп, өмірмен байланыстырып өтуінде пәндік білімінде ептілігінде және сауаттылығына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Тек білім ғана бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыра алады. Дарынды ұстаз К. Д. Ушинский: «Қызығушылығын туғызбайтын оқу бірте - бірте оқушының білімге деген құмарлығын жояды, ал тек қызығушылыққа негізделген оқу оқушының еркін, күш - жігерін тәрбиелемесе мәнін жояды» деген екен. Сондықтанда мұғалім сапалы білім, салиқалы ой –өрісі кең тұлғаны қалыптастыруы үшін әрбір сабағын қазіргі заманғы білім берудің жаңа технологияларын қолдана отырып өту керек. Заман талабына сай әрбір ұстаз сабақтарында оқушылардың біліктілігін арттыру үшін оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін кеңінен пайдалану керек деп ойлаймын. Өз біліктілігін көтеру мақсатында әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін шыңдап, білімін жетілдіріп отыруы керек. Сонда ғана өзін - өзі дамыта алатын, өзін - өзі жетілдіре алатын қоғамның белсенді, білімді жеке тұлғасын қалыптастыра алады. «Сабақ беру-үйреншікті жай шеберлік емес, ол –үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деп тәлімгер жазушы –ғалым Жүсіпбек Аймауытов айтқандай соңғы кездегі жаңа және отандастарымыздың төл технологияларын оқу процесінде жүйелі қолдануда, мұғалімнің белсенділігі, шығармашылық ізденісі, оны ұтымды пайдалануы оқу-тәрбие үрдісінде шешуші рөл атқарады.
ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Сондықтан да білім сапасын арттыру , оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыру –әрбір ұстаздың міндеті. Жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілеттіліктерді, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру, оны сол бағытта жетелеу- ұстаз парызы.
Жаңа формация мұғалімі- рефлексияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық- әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Ең бастысы, ұстаз бүгінгі өмір ағымына ілесуді игеріп келеді. Қазіргі мұғалім жаңа білім беру парадигмасы негізінде инновациялық технологиялар мен интерактивті әдіс-тәсілдерді терең меңгеруге ұмтылуда. Осының барлығы да ұстаздың инемен құдық қазғандай оқумен, еңбекпен, ізденіспен қол жететін табысы. Қазір білім мазмұны санмен емес, сапамен өлшенетін кезең. Білімнің сапалы, тәрбиенің нәтижелілігі кәсіби деңгейдегі ұстазға байланысты. Сол себепті қазіргі уақытта білім жетілдіру саласына көп назар аударылуда. Мектептегі білім беру мазмұнын жаңартудағы мұғалімнің атқаратын маңызды рөлін ескере отырып, педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар атқарылды. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары бойынша 33 (80%) мұғалім оқытылды. Кері байланыстар мұғалім мен оқушы арасында, оқушы мен оқушы арасында, мұғалім мен мұғалім арасында жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар мектептегі оқыту мен оқу сапасын көтеріп, білім саласына көптеген өзгерістер әкелді.
Мұғалімдердің үздік сабақ бейне материалдары мектеп сайтында орналастырылып, үнемі толықтырылып тұрады және әдістемелік материалдар барлық мұғалімдер үшін қолжетімді. 2016-2017 оқу жылының мамыр айында «Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану- сапалы білім негізі» тақырыбында семинар өткізіліп, семинар барысында «критериалдық бағалау жүйесі», «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту», «Дарынды оқушылармен жұмыс», «Оқытудың жаңа әдістері», «Оқытуда Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану» бағыттары бойынша ашық сабақтар мен коучингтер өткізілді. Жаңа білім беру стандартына сәйкес, балалар білімді қай жерден іздеу керек екенін, сыни тұрғыдан ойлауға, ұжымда жұмыс істеуге үйретіледі. Ұстаздар өз кезегінде олардың оқу процесіне деген қызығушылығын арттыруға дағдыландырады.
Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болады, нәтижеге жетеді. Сөзімнің соңын Ж.Аймауытовтың «Мұғалімнің айналысатыны ¬ үнемі қозғалып, өзгеріп, өсетін, өркендейтін тірі адам (тұлға) болғандықтан, біркелкі әдіске табан тіреп шектеліп қалуға болмайды...» деген ұстаздарды «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей еліміздің болашағы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде қажымай, талмай, жаңашылдықпен, шығармашылықпен жұмыс жасауға шақырамын және жасап жатқан еңбектеріңіздің жемісін жақсы нәтижелермен көріңіздер деп аяқтағым келеді.

Категория: Мектеп дәстүрі