» » Дүниетану: Жердің ғарыштан көрінісі

 
 
 

Дүниетану: Жердің ғарыштан көрінісі

Автор: admin от 18-05-2018, 23:56, посмотрело: 912

1 Күні:
Сынып: дүниетану
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Жердің ғарыштан көрінісі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары Ғарыштан жердің көрінісі, Күн, Жер туралы түсінік беру. Ғарышты зерттеудегі Қазақстанның үлесі негізінде оқушының мақтаныш сезімін ояту.
Сабақтың мақсаттары Сабақ барысында оқушыларға ойлау жүйесіне қозғау салатын тапсырмаларды орындайды. Оқушылардың шығармашылық қабілеті артады. Сөздік қоры кеңейеді.Ұжымдық жұмыс жүргізу арқылы бірлесіп жұмыс атқаруға, ұйымшылдыққа , шапшаңдыққа тәрбиеленеді.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Барлық пәнді толық қамти білуі
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер
АКТ қолдану дағдылары
СТО, аудиожазба , жедел тест, Стоп – кадр, синквейн әдісі.
Тілдік құзыреттілік 1.Ауа – воздух — air 2.Ғаламшар – планета — planet
3.Ай – луна — moon 4.Жұлдыз –звезда -star
5.Уақыт – время — time 6.Жылдамдық — скорость — speed
7.Ғарыш – космос — space 8.Күн – солнце — sun
9.Жер – земля — earth 10.Аспан – небо – sky
11. Ғарышкер – астронавт – astronaut 12. Қуат – мощность – power
13.Су – вода – water 14.Карта – карта – map
15.Табиғат – природа - nature
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
7 – мин Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
1.Оқушыларға оқыту мақсаттары мен күтілетін нәтиже айтылады.
2. Оқушылармен амандасу. Сынып оқушыларын ұйымдастырып, сабаққа бейімдеу.
3. Топқа бөлу, спикер тағайындау.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
II. қызығушылықтарын ояту.
Жұмбақ жасыру.
1. Жылт – жылт етіп төбемде,
Түсе алмай тұр төменге.
( Жұлдыз)
2. Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан.
( Күн)
3. Орақ болып туады,
Табақ болып тынады.
( Ай)
4. Алып кілем -
Гүлге толы
Үсті кілең.
( Жер)
Жұмбақтың шешуі болған атаулары бойынша топқа бөлу.
1 топ –«Жұлдыз»
2 топ – «Күн»
3 топ – « Жер»
4 топ – « Ай»
1. Топтағы жұмыс ережесін қайталау.
2. Топ басшысын сайлау.
3. Бағалау парағымен таныстыру.
III. Үй тапсырмасын тексеру.
Тест арқылы тексеру. Өзін – өзі бағалау.Жедел тест.
1. Өзінен жарық шығармайтын, түнде жұлдыз сияқты жарқырап көрінетін не?
А) ғарыш Б) планета
Ә) галактика В) метеорит
2. Жерге ең жақын жұлдыз?
А) Ай Б) Шолпан
Ә) Күн В) Марс
3. Жұлдыздар жүйесі неге бірігеді?
А) галактика Б) жердің серігіне
Ә) күн жүйесіне В) жер шарына
4. Ғарышқа жол нешінші жылы ашылды?
А) 1961 жылы 12 сәуір Б) 1991 жылы 2 қазан
Ә) 1957 жылы 4 қазан В) 1945 жылы 9 мамыр
5. Күн жүйесіндегі планеталарды толықтыр:
Жер, Марс, Меркурий, Плутон,...,...,...,...,....
- Ал енді балалар, жұмыстарыңды өздерін тексеріп, өз - өздеріңді бағалап шығыңдар.
«5» - қате жоқ.
«4» - 1 қате.
«3» - 2 – 3 қате. Ресурстар

Психологиялық дайындық

Тілек шеңбері:

Сабақтың басы
8 минут
Мағынаны тану

IV. Ой қозғау.
- Ғарыш дегеніміз не?
- Жақсы балалар, ал енді бәріміз көңілімізді экранға аударайық.
V. « Стоп – кадр» әдісі
- Балалар, және біз бейне үзіндіден нені көрдік?
- Ол не деп ойлайсыңдар?
- Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Сабақтың тақырыбы: Ғарыштан жердің көрінісі. Күн. Жер.
- Жақсы балалар, ал енді бүгінгі тақырыбымыздың мағынасын ашып алу үшін оқулықтағы 97 бетті ашып оқимыз.
VI. Оқулықпен жұмыс.
Топтарға мәтінді абзацқа бөліп оқыту.
1 «Жұлдыз» тобы: 1 бөлім. Жерден басқа Күн жүйесіндегі...
Жер бетін қара түнек басар еді.
2 « Күн» тобы: 2 бөлім. Ғаламат суықтың салдарынан....
Сан алуан табиғат құбылыстары тоқтап қалар еді.
3 « Жер» тобы: 3 бөлім. Күн күн жүйесіндегі орталық жұлдыз екенін...
Осы ілімді одан әрі зерттеп жалғастырады.
4 « Ай» тобы: 4 бөлім. Адамдар ерте кезден - ақ Күн қуатын....
( соңына дейін оқиды.)

Сабақтың ортасы
17- минут
Қызығушылықты ояту

Ой – қозғау IV. Ой қозғау.
- Ғарыш дегеніміз не?
- Жақсы балалар, ал енді бәріміз көңілімізді экранға аударайық.
V. « Стоп – кадр»
- Балалар, және біз бейне үзіндіден нені көрдік?
- Ол не деп ойлайсыңдар?
- Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Сабақтың тақырыбы: Ғарыштан жердің көрінісі. Күн. Жер.
- Жақсы балалар, ал енді бүгінгі тақырыбымыздың мағынасын ашып алу үшін оқулықтағы 97 бетті ашып оқимыз.
VI. Оқулықпен жұмыс.
Топтарға мәтінді абзацқа бөліп оқыту.
1 «Жұлдыз» тобы: 1 бөлім. Жерден басқа Күн жүйесіндегі...
Жер бетін қара түнек басар еді.
2 « Күн» тобы: 2 бөлім. Ғаламат суықтың салдарынан....
Сан алуан табиғат құбылыстары тоқтап қалар еді.
3 « Жер» тобы: 3 бөлім. Күн күн жүйесіндегі орталық жұлдыз екенін...
Осы ілімді одан әрі зерттеп жалғастырады.
4 « Ай» тобы: 4 бөлім. Адамдар ерте кезден - ақ Күн қуатын....( соңына дейін оқиды.) Видиоролик

Сергіту сәті
3минут ( Музыкалық әуенмен)
АКТ – дан көріп орындайды
Аяқталуы
15 минут
Ой – толғаныс
Қызықты тапсырма

Үйге VII. Сергіту сәті. VIII. 1. Постермен жұмыс.
1 топ: Жер туралы.
2 топ: Күн туралы.
3 топ: Ғарышты не үшін зерттейді?
4 топ: Ғарышкерлер туралы не білеміз?
2. Синквейн әдісі.
Әр топ өз тапсырмасына сай бес жолды өлең құрастырады.
IX. Бағалау.
( Әр топтың басшысы өздерінің қойған бағаларын айтып, талдайды.)
X. Рефлексия « Жетістік сатысы»
Түсіндім.
Түсіндім, бірақ әлі де оқу керек.
Дұрыс түсінген жоқпын.
XI. Үйге тапсырма: Жұмыс дәптерді толтыру. Мәтінді түсініп оқу.

Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.
Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім

Смайликтер


«Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі Көбеева Қаршыға

Жердің ғарыштан көрінісі атты ашық сабақта оқушының білімін артыруда сұрақтардың тиімділігі мол болды. Сабақта жаңартылған бағдарлама бойынша жаңаша әдістерде қолданылды айтар болсам: Жұмбақ жасыру, жедел тест,
стоп – кадр, жетістік сатысы және постермен жұмыс жүргізілді. Оқушының ой-санасын арттыратын әдіс-тәсілдер арқылы, білім шыңына жету үшін сұрақтардың рөлі ерекше болды. Сұрақтардың дұрыс қойылуы білім сапасын арттырды.Оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушыларға бірнеше тапсырмаларды берген кезде, оқушының сыни тұрғыдан ойлануына оң әсерін тигізетін негізігі сұрақтарды сабақ үдерісінде пайдаландым. Сұрақтарды сабаққа байланыстып қойдым.
Оқушыларға:
1. Өзінен жарық шығармайтын, түнде жұлдыз сияқты жарқырап көрінетін не?
2. Жерге ең жақын жұлдыз?
3. Жұлдыздар жүйесі неге бірігеді?
4. Ғарышқа жол нешінші жылы ашылды?
5.
Міне, осы сияқты басқа да сұрақтар оқушыларға қойылғанда, олар өздерінің ойын жинақтап, сұрақтар арқылы ойларын жеткізе алатындығын қалыптасты. Сабақ барысында сұраққа қате жауап берген оқушылар болды. Оларға «Дұрыс жауап бердің, бірақ былай деп жауап бергеніңде бұдан жақсы жауап беретін едің» деп, түсіндіру жұмысын жүргіздім. Бұл сұраққа тағы кім жауап беретінін сұрап отырдым. Мұғалім сабақ үдерісінде көшбасшы бола білу керек. «Оқытуды басқару және көшбасшылық» модулін пайдалана отырып, оқушылардың білім алуына қолдау жасап, бағыт-бағдар беріп, сұрақтар қою арқылы алға жетелеп отырдым. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына байланысты қойылған сұрақтар өте тиімді болды. Өйткені оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау деңгейі, ынтасы мен зейіні арта түсті. Алғашқы сабақтарымда қызығушылығы төмен болып отырған оқушылар, кейінгі сабақтарда топпен жұмыс жасағанда, қызығушылығы артқанын байқадым. Негізгі сұрақтар қою арқылы баланың өз алдына дербес ойлана алатынына, кез-келген тапсырманы жүйелі орындап, дұрыс шешім қабылдауына, өзін-өзі реттей отырып, сапалы білім алуына, алған білімін пайдалана алуына өз ықпалын тигізді.
Яғни сұрақ дұрыс қойылса, оқушының білімі жоғарылап, алдағы уақытта еліміздің тірегі бола алатын, халыққа пайдасы тиетін, білімді, саналы азаматтар мен азаматшалар тәрбиеленуіне сенемін.

Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.