» » Жаңа жыл – ақ тілектер шашуы

 
 
 

Жаңа жыл – ақ тілектер шашуы

Автор: admin от 19-05-2018, 00:28, посмотрело: 927

1 Жаңа жыл – ақ тілектер шашуы

1-жүргізуші:
- Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!
2 –жүргізуші: Ассалаумағалейкум жиналған көпшілік қауым!
3- жүргізуші:
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты шәкірттер. .
1-жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!
2-жүргізуші
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де, көрмегенде арманда,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!
3-жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үміттеміз .
1- жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
/2017-2018 оқу жылының түлектерін карсы алыңыздар /

3-жүргізуші
Қане қошеметтеп кабыл аламыз!
1-жүргізуші:
Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Маликова Қызтумас апайға береміз.
2-жүргізуші:
Армысың, аманбысың Жаңа жылың.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Ит жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.

/ ”Шыршалар” биін орындайтын 1 сынып оқушылары /
2- жүргізуші:
-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр, - деген хабар алып тұрмыз.
3-жүргізуші:
* Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
* Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
* Аяз ата келеді Ақшақармен,
* Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
/осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді./
1-жүргізуші:
Ассалаумағалейкум, Ата!
Аяз ата:
Уағалейкумассалам, балаларым!
2-жүргізуші:
Армысыз Ата! Армысың Ақша қар.
- Бәрекелді, балам! Қоғалы ауылы ән мен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?
3-жүргізуші:
- Әрине, ата! Мың бұралған бишілеріміз де, сыңғырлаға күміс көмей әншілеріміз де дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды.
Аяз ата:
-Рұқсат шырақтарым, рұқсат.
1-жүргізуші:
Қошеметпен карсы аламыз 8 сыныбының қыздар тобының «Флешмоб» биін ұсынады.
2-жүргізуші:
-Құрметті халайық, Құрметті Аяз ата Ақша қар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап келген екен, қанеки өнерімізді көрсетейік ендеше!
3-жүргізуші:
Жаңа жылға арналған 11 сынып оқушыларының «Вальс» биі

1-жүргізуші:
-Қадірлі көрермендер! Алдарыңызда біздің Ақшақарларымызды шақырамыз. / 3 сыныбының биі – «Қар ұлпалары»/

2-жүргізуші:
- Құрметті халайық ортаға 9 «А» сыныбының жаңа жылдық көрінісін көрсетуге шақырамыз. /9 «А» сыныбы/ көрініс «Жаңа жылға дайындық»
1-жүргізуші:
- Құрметті көрермен қауым! Жаңа жылға арналған ән шашуға кезек берейік . /9 «Ә» сынып. Ән: Тәжібаева Аружан, Ауғанбай Болатбек/
2-жүргізуші:
-Қадірлі халқым! Еліміз еңсесін көтергелі біраз жылдар өтіпті. Міне биыл тәуелсіздікке 26 жыл толып, ИТ жылы кіріп келді
3 жүргізуші: 10 сынып оқушыларының көрінісін тамашалайық - КВН
- Аяз ата : Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен әдемілік сыйлаған өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін шеберлер де бар көрінеді. Олай болса, осы азаматтардың арасынан өнерпаздар шығып, бидің құдіретін танытса дейміз.
Ортада 10 «А» сыныптың оқушылары“Ламбада” биімен.
2-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күй, деп Абай атамыз жырлағандай 10 сынып оқушылары Құдайқұл Ақмарал мен Илесбек Арайдың орындауында «Жаңа жыл» әнін кабыл алайық!
3 – жүргізуші: Керемет! Ал енді алдарыңызда 11 «А» сыныбының «Үнді» биін көріп тамашалаңыздар.

1-жүргізуші
Қошеметпен алдарыңызда 11 «Ә» сыныбының «Испан» биін көріп, тамашалаңыздар.
2-жүргізуші
Қош, өткен жыл!
Қош келдің Жаңа жыл!
Аяз ата:
- Балаларым, жаңа жыл кеші қызық өтуде, өнерпаздар баршылық екен. Талаптарың өрлей берсін, өркендерің өссін, қарақтарым!
3-жүргізуші:
- Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.
1- жүргізуші : Ал, Аяз ата жолдарыңыз болсын! Биылғы мектеп бітірушілеріне өз батаңызды беріңіз.
Бата:
Жаңа жылдарың құтты болсын!
Жаңа жылда әрбір істеріңе сәттілік тилеймін! Заман тыныш, аспан ашық, елімізде бейбітшілік болсын! Келер жылда кездескенше, балалар!
Ақша қар: Көріскенше! Амандықта жүздесейік!
2-жүргізуші: Қарсы алыңыздар! Ортада Айдар Баян «Қош келдің – Жаңа жыл» әнімен.
3- жүргізуші: Әнді сүйсең менше сүй, - деп ортада 11 – сынып оқушыларының әніне кезек береміз. Нұржігіт Дана, Қалдыбек Аружан «Айыптама» әнімен.
1-жүргізуші:
Қошеметпен құрметпен қарсы алайық
Бишілерді ырғалтып би билетіп
Қол соғып қошеметпен қарсы алайық, алдарыңызда 11 «А» сыныбының қыздар тобы «Перизаттар» биімен.

Барлығы бірге:
Жаңа жыл құтты болсын!

11 сынып оқушыларының «Жаңа жыл» әні орындалады.

Кеш соңы бимен ұласады.

Назарларыңызға рахмет!

Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.