» Ұстаз-ана

 
 
 

Ұстаз-ана

Автор: admin от 16-02-2017, 05:52, посмотрело: 1126

0

Сабақтың тақырыбы: «Ұстаз ана – асыл жандар болаттай»

Сабақтың мақсаты: мектепте бірнеше жыл жемісті қызмет еткен

зейнеткер апайларымыздың ерен еңбегін айту, насихаттау. Ұстаздық жолдың қиындығы мен қызығын ұғындыру.

Сабақтың эпиграфы:  «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар!»

Сабақтың барысы:

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірең денең.

Өмірдегі қызығыңның бәрі өлеңмен,

Ойлансаңшы, бос қақпай елең-селең

-деп, Абай атамыз жырлағандай, адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап, өлеңнен алшақ кете алмайтындығын жеткізіп беріп тұрған бір шумақ өлеңнің құдіретін қайтіп жеткізерсің?!

Адам баласының өміріне байланысты атап өтілетін халқымыздың ұмыт бола бастаған кейбір тамаша салт-дәстүрін мектеп табалдырығында, отбасында тойлады деп ойлаймыз. Осындай мақсатта үйірме мүшелерімен «Мерейтой» сабағын  өткелі отырмыз.

8-наурыз халықаралық әйелдер мейрамына арнап «Ұстаз ана – асыл жандар болаттай» атты  мерейтой сабағын өткелі отырмыз. Мерейтойдың негізгі кейіпкері бірнеше жыл Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінде жемісті қызмет еткен ұлағатты да, аяулы ұстаздарымыз Орманова Гүлдер Құрманбайқызы мен Әбдіразақова Бибіайша апайымыз және бүгінгі таңда мектебімізде жемісті қызмет етіп келе жатқан ұлағатты да аяулы ұстазымыз Түйебаева Бибісара Тұрдыбайқызына арналады.

 

1-жүргізуші: Құрметті де аяулы ұстаздар!  Сіздерді көктемнің алғашқы

мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ өмір, қажымас-қайрат, отбасыларыңызға береке, бірлік тілейміз.

2-жүргізуші: Тағдырына талайдың алаңдайсың  

Сәуле болып әлемге таралғайсың  

Білім нәрін аямаған асыл ұстаз

Сен менің ең аяулы - анамдайсың.

1-жүргізуші: Сырлассам сәл, қаламын көңіл жасып,

Нәр білімін жүрем мен етіп азық

Аяулы Ұстаз – сан сүрлеу соқпақ жолда

Жөн сілтер – темірқазық.

            

2-жүргізуші: Ұстаз мерейі - ең алдымен шәкірт жетістігімен өлшенеді. Бойдағы   

бар күш жігерін аямай, зерделі де зейінді шәкірт тәрбиелеу үшін бар білімі мен   ілімін аямаған, аяулы ұстаздар сіздерге айтар алғысымыз шексіз. Біз сіздерге   мәңгі борыштармыз.

1-жүргізуші: Бүгінгі асыл тілектер,  мен жан жүрегіңізді жылытар жақсы

лебіздер тек сіздерге арналады.

Әдеби монтаж.

2-жүргізуші: Әсем ән әрбір елдің рәсімі екен

Өнерпаз ортамызда басым екен.

Өнерін қуаныштан кім аяған,

Жаңа әнді сіздерге шашу етем.

1-жүргізуші: Аяулы  Ана!

Күнім   де   Ана, ай да   ана

Жетеді   саған  қай   дана?!

Асылым    өзің,

Ғашығым    өзің,

Бас   иіп  өтер  әулием   менің   сен  ғана.

Сіздердің құрметтеріңізге «Мама» әнін арнаймыз.

Орындайтын: Асқартегі Ф, Қылышбекова Г, Нұржігіт Ә

2-жүргізушісі: Мағжан Жұмабаевтың «Қазақтың қаны бір, жаны бір, жол

басшысы – мұғалім» демекші, Гүлдер апай, Бибіайша апай,  Бибісара апайдың өмірбаянымен таныстырып өтейік.

1-жүргізуші:   Гүлдер Құрманбайқызы  

1952 жылы 11-қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданында туған.

1959 жылы Шардара ауданындағы «Қазақстан» орта мектеп табалдырығын аттап, мектепті 1969 жылы аяқтады.

1969 жылы мектепті бітірген соң, Ташкен облысы, Сырдария ауданындағы Ғафур Гулям атындағы педагогикалық институтына оқуға түседі.

1973 жылы институтты жақсы деген көрсеткіштермен бітіріп шығады.

1973 жылы Шардара ауданындағы  «Казақстан» орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасады.

Мектепте қыздар ұйымының төрайымы болып жұмыс атқарды.

Осы мектепте жұмыс атқарып жүріп, спорттық жарыстарға қатысады. Соның ішінде шахматтан, шашкі ойнаудан аудандық жарысқа қатысып,  І-орын иеленеді. Сонымен қатар васкетбол – волейволдан  да аудандық жарысқа қатысып жүлделі І орынды иеленеді.

Жарыс соңында аудандық білім бөлімінің бастығы Әсілбеков өзі келіп, Мақтау қағаздарын табыс етеді.

Және үйірме жұмыстарын өте жақсы жүргізгені үшін мақтау қағаздарымен де марапатталады.

Гүлдер апайдың жұбайы Патсаев Алдаберген ағай да 1975-76 жылдары  «Қазақстан» орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі болып жұмыс істеген.

Отбасылық жағдайына байланысты 1977 жылы (бұрынғы Целина) қазіргі Жолдасбек Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебіне жұмысқа орналасады. 

1982 – 1986 жылға дейін организатор яғни тәрбие ісінің меңгерушісі   қызметін  атқарады.

Мектепте сабақ бере жүріп, сынып жетекшілікті де қатар алып жүрді. Сынып жетекші болған сыныптары – 1968 жылғы, 1967  жылғы, 1976 жылғы, 1983 жылғы, 1988 жылғы түлектер еді.

Апайдың мектептегі еңбектері, шәкірт тәрбиелеудегі жемісті еңбегі еленіп, аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен және мұғалімдердің тамыз  конференциясында дипломмен марапатталған. 

Апайдың шәкірттері бүгінгі таңда әртүрлі кәсіпте жемісті еңбек етуде.

Жолдасбек Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінде жемісті еңбек етіп, 2010 жылызейнеткерлікке шықты.

Апайымыздың осындай еңбектерін ескеріп, Қазақстан Респуликасының Білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин атындағы, «Парасат» орденімен марапатталуға әбден лайық деп ойлаймыз.

2-жүргізуші:   Бибіайша апай 

1-жүргізуші:  Бибісара Тұрдыбайқызы

1956 жылы 18 қазанның жұлдызында Ташкент  облысы, Баяут районы, Баяут  совхозында туған.

1964-1974 жылдары Мақтарал  ауданы, «Ленин жолы» колхозындағы «Бірлік»  орта  мектебінде оқыған. 

Ал 1975  жылы Шымкент педагогикалық институтының математика  факультетіне оқуға  түсті.

1979 жылы оқуды  бітіріп, өзі оқыған «Бірлік» орта мектебіне жұмысқа тұрды.

1980 жылы 8-қыркүйекте қасындағы  8 жылдық  Зоя Космодемьянская  атындағы мектебіне жұмысқа  ауысты.

Бірақ мектептің сұранысы бойынша Бірлік  мектебі мен Зоя Космедемьянская мектептерінде қатар жұмыс атқарды.

1981 жылы  Алматы қаласына  саяхатқа  шыққанда Қазақстандағы  атақты  адамдармен кездесу  ұйымдастырды.

1981-1982 жылдары Алматыда 28 панфиловшылар алаңында Совет Одағының батыры, ұшқыш-космоновт Талғат  Вигелдинов пен кездесіп, суретке  түскен.

1981 жылдың 27-тамызда түгелімен Зоя Космодемьянская мектебіне ауыстырылып, оқу-ісінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Осы мектепте оқу ісінің меңгерушісі жұмысын атқарып жүргенде, математика пәнінен оқушылардың білімін тексер бойынша жұмыстар жүргізіліп, өте жақсы қорытынды айтылып, аудандық білім бөлімінің кәсіподақ комитетінен тегін жолдама берілді. Жолдама Ресей мемлекетіндегі «Красноярск-Дуденкаға» саяхатқа жодама берілді.

1986 жылдың 15-қаңтарынан бастап (бұрынғы Целина) қазіргі Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебіне математика пәні мұғалімі болып жұмысқа ауысты.

1987-1988 жылы оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарды.

 Апайдың оқытып, тәрбиелеген шәкірттері, жетекшілік еткен сыныптары 1977 жылғы, 1978 жылғы, 1979 жылғы, 1985 жылғы, 1990 жылғы қарлығаштары бүгінде оқу орындарын бітіріп, мықты мамандық иелері атанып отыр.

1988 жылдан 2006 жылға дейін информатика пәнінен дәріс беріп, компьютер кабинетінде жұмыс атқарды.

2000 жылдан бастап математика пәнінен әдістемелік бірлестік жетекшісін атқарды. Бибісара апай қазіргі таңда мектебімізде жемісті еңбек етуде.

          

Апайымыздың осындай еңбектерін ескеріп, Қазақстан Респуликасының Білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин атындағы, «Парасат» орденімен марапатталуға әбден лайық деп ойлаймыз.

 

1-жүргізуші: Ұстаз болу мәртебелі дәреже,

Кез келгеннің қолынан ол келе ме?

Ұстаз болу – ұлағатты ұлы есім,

Шәкірттері сүйіп өтер сені де.

 

2-жүргізуші: Жас ұрпаққа білім беріп, шаршамай,

Қиындыққа төзе білген жасымай.

Ұстазым деп жыр төгеді көңілден,

Ұлы адамдар өмірдегі қаншама-ай.

Келесі кезекте  «Ұстазым» әні.Орындайтын : Оңал Г, Бүркітбаева Г

 

1-жүргізуші: Анашым менің, саялы қамқор шынарым,

Баулуға мені сан азап көріп шыдадың.

Тілерің болса алдағы жерде анашым,

Үмітімді ақтап, арналсын саған жыр-әнім!

 

2-жүргізуші: Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі - Аналар

Ана деп бас иеді күллі халық.

 

Көрініс: «Ана мейірі»

1-жүргізуші: Ұстаз-ана! Өмірің шын гүлденсін,

Қыраттағы қызыл гүлдей түрге енсін.

Бақ пен баян, абырой мен қуаныш

Алдарыңа жүз оралып, мың келсін.

 

2-жүргізуші: Орындалсын арман-тілек ойдағы

Тағат төзім таусылмасын бойдағы

Шағаладай шәкірт үшін «шарқ» ұрып

Аман болғай күндеріңнің бәрі той –

дей отырып, келесі әсем әнді қабыл алыңыздар.

 «Ана туралы жыр». Орындайтын:  Асқартегі Фариза

 

2-жүргізуші:Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған

Тілей тұғын сырттай жүріп бақ саған.

Тіршіліктің тынысы мен ажары

Ана деген – теңдесі жоқ жақсы адам.

1-жүргізуші: Болмасыншы көңілде мұң-назарың

Тек шаттыққа бөленсін қыс-жаздарың

Мереке құтты болсын, бәріңізге

Ең аяулы, асылым, ұстаздарым,

 

2-жүргізуші: Адам  үшін  ең   аяулы, ең  қастерлі    жан  - Ана. Ол  бала   дүниеге   келген  күннен   бастап   өзінің  жұмсақ   алақанын, жылы, күзі, ыстық   құшағы   мен мейірімін, махаббаты  адамға  қанат  бітіреді, күш   береді   рухтандырады.

 

1-жүргізуші: Дүниедегі ең ардақты асыл жан,

Анам менің мәпелеген жасымнан

Мен қуансам қуанады ол бірге

Мен қиналсам табылады қасымнан.

 

Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,

Бар жақсылық аналардан тараған

Жер бетіне өмір нәрін себуші

Ана алдында борышты ғой бар адам.

 

2-жүргізуші: Ақ тілеген жат-жақын жуығыңа 

Өмірдің көніп ыстық – суығына

Алпыс қанат ордасы бұл елімнің

Шаңырағы сендерсің, уығы да

Ақ жүректі аналар берекеміз

Құтты болсын көктемгі мерекеңіз! -

дей отырып, көгілдір көктемнің ең алғашқы мерекесі отбасыларыңызға береке, бірлік, мол   несібе ала келсін!

1-жүргізуші: Ұстаз - Аналар мерекесіне арналған  «Ұстаз – ана асыл жандар

болаттай» атты мерекелік жиынды жабық деп жариялаймыз!

Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!

           

 

Категория: ---

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.