» » МАДТ: Қызықты математика

 
 
 

МАДТ: Қызықты математика

Автор: admin от 18-05-2018, 23:58, посмотрело: 1184

1 Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: «Математика»
Тақырыбы: Қызықты математика. (математикадан қорытынды сабақ)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша жыл бойына өткен білімдерін бекіту.
Дамытушылығы: логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелігі: Ойындар арқылы математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: сандар, әртүрлі фигуралар, мультимедиялық тақта, суреттер.
Сабақтың жүру барысы:

Жоспарланған уақыт Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті

І. Дұрыс әсерлі
көңіл күй орнату.
0-1 минут

II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут
Шаттық шеңбер
Армысың, мейірімді Аспан - Ата
Армысың, қайырымды Жер - Ана
Армысың, шұғылалы Алтын – Күн
Армысың, балабақша, дос - жаран..
Жылулық шеңбер.
- Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма?
Кәне, бізде қайырлы таң тілейік.
- Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!!!
- Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар!!!
- Қайырлы таң саусақтарым, сендер ояныңдар!!!
Көздерін, құлақтарын уқалайды, қолдарын шапалақтайды.
- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырайық.
- Бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық оқу – іс-әрекеті.

Проблемалық жағдаят:
– Сендер қалай ойлайсыңдар, адамның көңілді болуы неге
байланысты?

Қызықтыру сәті: Әуенмен «Білім ханшайымы» келеді.
Білім ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Білім ханшайымы: Балалар мен мектептен келген «Білім ханшайымымын». Сіздерді мектепке барады деп естіп келдім. Мектепке барғыларыңыз келе ме?
Балалар: Иә.
Білім ханшайымы: Олай болса мен сіздерге құр қол келген жоқпын. Өзіммен бірге сіздерге тапсырмалар ала келдім. Тапсырманы дұрыс орындасаңдар мектепке қабылданасыңдар.
Тәрбиеші: Қош келдің Білім ханшайымы. Біздің балалар ақылды және сіздің берген тапсырмаларыңызды орындайды. Сіз жайғасып балаларымыздың білімін тамашалап отырыңыз.
Ендеше балалар Білім ханшайымы қандай тапсырма әкелді екен қарайық.

1 - тапсырма:
1. Жылдың төрт мезгілін ата?
2. Қазір жылдың қай мезгілі?
3. Бір жылда неше ай бар?
4. Бір аптада неше күн бар?
5. Бүгін аптаның нешінші күні?
6. Қазір тәуліктің қай мезгілі?
Балалар бір-бірімен амандасады.

Балалар қосылып бірге қайталайды.

Балалар зер салып, мұқият тыңдайды.
Сабақтың ортасы
III. Тақырып
бойынша жұмыс
6-25 минут Ойын: «Шардың түсімен жыл мезгілін сәйкестендір»
(қызыл, сары, ақ, жасыл)

2 - тапсырма: «Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?»
Тәрбиеші: Балалар 2 - тапсырмада былай делініпті: «Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?» Ақ қағаз бетінің ортасына сопақша, сол жақ бұрышының жоғарғысына үш бұрыш, төменгі бұрышына төртбұрышты орналастыр. Оң жағының жоғарғысына шаршыны, төмеңгі бұрышына шеңберді орналастыр.

Дидактикалық ойын: « Қай пішінге ұқсайды?»
Сергіту сәті. Балаларға жәшіктен әр түрлі геометриялық пішіндерді таңдап алу ұсынылады, балалар әуенге қосылып билейді де, әуен тоқтағанда қолдарындағы геометриялық пішін бойынша үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер жасап тұрады.
3 - тапсырма:
1 - ден 10 – ға дейін тура және кері санау Екі тілде санау.
Дидактикалық ойын.. «Жоғалған сан».
Сандардың көршісін табу. (кубиктермен)
(1 - ден10 - ға дейін сандар бойынша ретімен тұрады, балалар көршілерін табады.)

Тәрбиеші: балалар келесі тапсырма кеңістікті бағдарлау бөлімі бойынша келіпті, яғни «Мектепке апарар жол картасын бейнеле» деп аталады.
4 - тапсырма: «Жол картасын бейнеле»
Ағаш, күн,, тас, гүлдер, жол, мектеп, үйлер) т. б. суреттерді үстел үстіндегі жасыл матаға өздерінің орналасу реті бойынша

балалар жапсырады.

Тәрбиеші: Енді балалар Білім ханшайымының әкелген соңғы тапсырмасын қарайық.
5 - тапсырма:
Логикалық есептер

1. - Дүкеннен анам дөңгелек 2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім. Менде неше доп қалды? (1)
2. - Қоянда неше құлақ бар. (қоянның суретін көрсету)
3. - Қолда қанша саусақ бар? (саусақтардың суретін көрсету)
4. Ағашта 5 құс отыр, оның 2 – уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?
5. Себетте 2 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма?
Білім ханшайымы: Балалар сендер менің сұрағыма мүдірмей дұрыс жауап бердіңдер. Бір - бірлеріңе көмектесіп өз білімдеріңді көрсеттіңдер, енді сіздерді мектепке қуана - қуана қабылдаймыз. Енді мен басқа балабақшаға барамын, сау болыңдар.
Әуенмен «Білім ханшайымы» шығып кетеді.

Балалар сұраққа жауап береді.
.
ІҮ. Сабақтың
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут Балалар, бүгін қандай тапсырмаларды орындадық, қане, есімізге түсірейік. Біз енді пішіндерді білеміз. (Бірге қайталау) 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері санаймыз. (Бірге қайталау) Жыл мезгілдерін білеміз. Апта күндерін білеміз.
- Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.

- Балалар, «Қызықты математика» әлеміне саяхатымыз ұнады ма?
- Қандай тапсырманы орындадыңдар?
- Сендер бүгінгі «Қызықты математика» әлеміне саяхатымызға өте жақсы қатыстыңдар, жарайсыңдар, балалар бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық. Балалар сұраққа жауап береді.

Білім беру саласы: Қатынас
Білім беру көзі: Драма
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Ең керемет дәм» (сахналау)
Ортақ тақырып: Мен үшін не дәмді және пайдалы?
Мақсаты: Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу. Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту. Интонацияларды ажырата алу және оларды айту. Тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты қимылы арқылы жасау. Өз ойын құрдастарының ортасында білдіру, басқалардың пікірін тыңдай білу. Басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу.
Көрнекілігі: арпа, бидай суреттер
Блингвалдық компонент: адам – человек – people, нан – хлеб – bread

Жоспарланған уақыт Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті

І. Дұрыс әсерлі
көңіл күй орнату.
0-1 минут

II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут
Балалар ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсу.
Ойын-жаттығу: «Өз көңіл күйіңді көрсет».
Мына сұлу әлемде
Адам өмір сүреді.
Үлкен менен кішіге
Күн сәулесін төгеді.
– Балалар, сендердің көңіл күйлерің қалай?
– Олай болса, көңілді болғанда не істейсіңдер?
– Ренжігенде
– Таңғалғанда
– Қуанғанда
– Ендеше, біз бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.
Айсұлу тәрбиеленушілерден мақал-мәтелдің мағынасын
сұрайды.
Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.

Балалар бір-бірімен амандасады.

Балалар көңіл-күйлерін көрсетеді.
(Қол шапалақтау).
(қабақ түю).
(көздерін бақырайту). (күлу).

Балалар өз ойларын білдіреді.
Сабақтың ортасы
III. Тақырып
бойынша жұмыс
6-25 минут Әліппе-дәптермен жұмыс
1-тапсырма. Суреттегі қай баланың іс-әрекеті ұнады?
Неге? Әңгімеле.
Біз нанды қадірлейміз және дәмін білеміз.
Басқа тамақтардың дәмі қандай болады?
2-тапсырма. Суреттегі тамақтарды жегенде бет-әлпетің
қандай болатынын ым-ишарамен көрсет.
Мимикалық жаттығу: беттің бұлшық етіне массаж.
1. Қышқыл тамақ жегенде.
2. Тәтті тамақ жегенде.
3. Ыстық тамақ жегенде.
4. Ащы тамақ жегенде.
Көптілділік:
адам – человек – people
нан – хлеб – bread
– Нан туралы қандай ертегі білесіңдер?
«Нан қайдан шығады?» ертегісін оқып беру.
– Сол ертегідегі тышқанның дауысын салып көрейік.
3-тапсырма. Тышқанның дауысын салу.
– Тышқан нанды көрген кезде не деді?
Қалай айтты?
4-тапсырма. Ертегіге қатысты суреттерді белгіле.
Сахналау. Ертегіні сахналау үшін рөлдерге бөлінуіміз керек.
Сол үшін бізге Айсұлу өзімен бірге қолсандық алып келіпті.
Ол сандықтың ішінде тәрбиеленушілер санына сәйкес карточкалар болады. Ертегі кейіпкерлері бар карточканы алған тәрбиеленушілер рөлдерге бөлінеді.

Сахнадағы жұмыс тәртібін еске түсіру: Актёр ойын кезінде
залдағы көрермендер назарын өзіне аударады. Актёрдің сөз
шеберлігі қандай болу керек? Өзіңді тыңдату үшін сөзіңді
Театрландырылған көрініс:
«Нан дастарқанға қалай келеді?»
Интонациямен жұмыс:
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Әліппе-дәптермен жұмыс

Балалар бет-әлпеттерін көрсетеді.
(3-4 рет)
(3-4 рет)
(4-5 рет)
(4-5 рет)
Үш тілдік сөзде қайталайды.

Балалар зер салып, мұқият тыңдайды.

Балалар берілген сұрақтар бойынша дауыс ырғағына
салып айтады.

Ертегіні сахналайды.
Суреті жоқ бос карточканы алған тәрбиеленушілер көрермен болады.

Өлең жолдарын Айсұлумен бірге қайталайды.

ІҮ. Сабақтың
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут  Ұннан қандай тағамдар пісіріледі?
 «Еңбекпен келген нан тәтті» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Сұраққа жауап береді.

Күтілетін нәтиже: ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттей алады;

Нені біледі: дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс, сыбырлап және қатты айтады.

Қандай түсініктерді игерді: интонацияларды ажырата алады және оларды айтады;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасай алады.

Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.