» » МАДТ: Дені саудың – жаны сау (сюжетті-рөлдік ойын)

 
 
 

МАДТ: Дені саудың – жаны сау (сюжетті-рөлдік ойын)

Автор: admin от 19-05-2018, 00:00, посмотрело: 1259

1 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Білім беру көзі: Драма
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Дені саудың – жаны сау (сюжетті-рөлдік ойын)
Ортақ тақырып: Денсаулықты қалай күту керек?
Мақсаты: Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту. Интонацияларды ажырата алу және оларды айту. Өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру, оның қалай әрекет ететінін алдын ала сезу. Сюжетті-рөлдік ойындарға қатысу. Өз ойын құрдастарының ортасында білдіру, басқалардың пікірін тыңдай білу.
Көрнекілігі: Дәрігер ойыншығы, дәрігер суреттері
Блингвалдық компонент: дәрігер – доктор – doctor

Жоспарланған уақыт Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті

І. Дұрыс әсерлі
көңіл күй орнату.
0-1 минут

II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут
Шаттық шеңбері
Балалармен амандасып, жақсы ынтымақтастық
қарым-қатынасқа түседі.
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Жүрек жылуын салайық,
Осы жақсы лебіздерді
Бір-бірімізге сыйлайық.
– Денсаулығымыз мықты болуы үшін не істеуіміз керек?
«Ыммен көрсет» ойыны. Спорт түрлерін ыммен көрсету (суда жүзу, шаңғы тебу, футбол).
– Біз ауырған жағдайда бізге кім көмекке келеді?
– Жедел жәрдем орталығының нөмірін кім біледі?
«Не артық?» ойыны.
Ортада тұрған медициналық құралдардың арасында жемістер көкөністер, ойыншықтар қойылған. Балалар артық затты табуы керек.
Балалар бірге қайталайды.

Балалар ыммен көрсетеді.

Сұраққа жауап береді.

Балалар артық затты табады.
Сабақтың ортасы
III. Тақырып
бойынша жұмыс
6-25 минут Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Балалардың көңіл күйінің көтеріңкі немесе
жабырқау болуының себебін анықта. Дөңгелек ішіне суретке
сәйкес смайлик суретін сал.
2-тапсырма. Суретке қарап, балалар қандай дыбыс
шығаратынын анықта. Қатты және жай дауыспен қайтала.
– Сен қандай мамандықты таңдайсың?
3-тапсырма. Қуанышқа дәрігерге қажетті заттарды таңдауға көмектес.
4-тапсырма. Көңіл күйлерін көрсет.
1. Қуаныш дәрігерге екпе алуға бара жатыр. Ол ... (қорқады)
2. Қуаныш әжесіне дәрі алуды ұмытты. Ол ... (өкінеді)
3. Қуанышқа кішкентай баланы қарауды ұсынды.
Ол ... (таңғалады)
4. Қуаныш спорттан жеңіске жетті. Ол ... (қуанады)
Сюжетті-рөлдік ойын: «Емхана»
Балалар ана, бала, дәрігер, көз дәрігері, тіс дәрігері бар суретті алады, сол суреттерге байланысты өздері рөлдерге бөлінеді.
«Зейінді бол» жаттығуы. Тақырыпқа қатысты сөзді естігенде, қол шапалақтайды, басқа сөз болса, қол көтереді. Әліппе-дәптермен жұмыс

Балалар дөңгелектің ішіне смайликтің суретін салады.

Өз ойларын ортаға салады.

Балалар көңіл-күйлерін көрсетеді.

Суретке байланысты балалар рөлдерге бөлінеді.

Жаттығуды орындайды.

ІҮ. Сабақтың
қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут - Ауырған адамдар емханаға не үшін барады?
- Таза болып жүру үшін не істеу керек?
Сұраққа жауап береді.

Күтілетін нәтиже: сюжетті-рөлдік ойындарға қатысады;

Нені біледі: өз ойын құрдастарының ортасында білдіре алады, пікірін тыңдай біледі.

Қандай түсініктерді игерді: интонацияларды ажырата алады және оларды айтады;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіреді, оның қалай әрекет ететінін алдын ала сезеді.

Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
<
  • 0 комментариев
  • 0 публикаций
  • ICQ: