» » ҚМЖ 1 сынып: Ас-адамның арқауы.Дыбыстар мен әріптер

 
 
 

ҚМЖ 1 сынып: Ас-адамның арқауы.Дыбыстар мен әріптер

Автор: admin от 18-05-2018, 23:41, посмотрело: 3464

1 Күні:03.04.18ж
Сынып: 1 «А»
Мектеп :ЖОМ

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Пәні: Сауат ашу Мұғалімі:Темирбекова Ултусын
Сабақтың тақырыбы Ас-адамның арқауы.Дыбыстар мен әріптер
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары: 1,1.2.1. Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім,не туралы айтылғанын анықтау.
1.1.9.1. Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
.1.1.9.3.Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау

Сабақтан күтілетін нәтиже:
Барлық оқушылар орындай : Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім,не туралы айтылғанын анықтайды
Оқушылардың басым бөлігі : Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратады және дұрыс дыбыстайды.
Кейбір оқушылар . Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын
Тілдік мақсат Дыбыс пен әріп
Пәнаралық байланыс математика, бейнелеу
Ресурстар Оқулық,суреттер,дәптермен жұмыс,тақтамен жұмыс,
Алдыңғы оқу Нәтиже сабақ
Сабақ жоспары
Сабақтың барысы және жоспарланған уақыт Берілетін тапсырмалар мен қолданылатын әдістер Бағалау критерийлері мен жұмыс түрі

Ұйымдастыру кезеңі
3-минут

Үй тапсырмасын сұрау
8- минут
Сәлемдесу.
1.Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Көзді салып қараңыз,
Былай қанат қағамыз.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Оқу құралдарын тексеру
Назарын сабаққа аудару!
«Зымыран » ойыны
Суретпен жұмыс
4-жаттығу

Топпен жұмыс

Жеке жұмыс

Жаңа сабақ
20минут

1-мин
Сергіту сәті 1-жаттығу Мәтінді мәнерлеп оқу.
Сұрақтарға жауап беріп көр.
I. Мәтінде не туралы айтылған?
II. Аян атасының жүмбақтаған нәрсесін тапты ма?
III. Дүниеде ең тәтті не болады?
2-жаттығу Көркем жаз.
3-жаттығу. Бір бала әріптерді ортасынан бөліп тастапты. Енді оларды ешкім тани алмайды. Сен көмекке кел.
4-жаттығу Қатесіз көшіріп жаз.
5-жаттығу Сөз жұптарының мағынасы қай дыбыстың әсерінен өзгергенін тауып көріңдер. Дәптермен жұмыс

Топпен жұмыс

Жеке жұмыс

Сабақты бекіту 10-минут

Қайдан келдің, бауырсақ?
Дастарқанда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ. Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
-Қайдан келдің, бауырсақ?- Деп сұрады қуыршақ.
-Дүкеннен келдім нан сатқан, - Деді оған бауырсақ.
-Дүкенге келдің қай жақтан?
-Наубайдан келдім нан жапқан. Наубайға келдің қай жақтан?
Диірменнен келдім ұн тартқан.
Диірменге келдің қай жақтан?
Даладан келдім кең жатқан. Жер-анам менің көсілген, Диқандар мені өсірген.
Арғы тегім – ақ бидай, Тәттімін жеп көр, бақшимай! Жесең өзің байқарсың, Рақметіңді айтарсың.
(Ө. Тұрманжанов)
Өлең не туралы?
Нан дастарқанға қалай келеді? Өлеңнің мазмұнына сүйеніп, суреттен ретін белгілеп көрсетіңіз. Жұпта әңгімелеңіз.

жеке жұмыс

Үйге тапсырма 1 –минут
Үйге 6-жаттығу. 7-бет
Бағалау 1-мин
Кері байланыс 1-мин Ынталандыру
Қол белгі смайлик
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?
Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз?

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.