» » Технология. 8 сынып: Белдемше пішімін шынайы өлшемде дайындау, матаға пішімді жаю, бұйымды пішу

 
 
 

Технология. 8 сынып: Белдемше пішімін шынайы өлшемде дайындау, матаға пішімді жаю, бұйымды пішу

Автор: admin от 19-05-2018, 00:18, посмотрело: 925

1 Сабақ жоспары
Мерзімі: 13.12.2017ж. Сыныбы: 8
Мектеп: Ж. Сүлейменов атындағы ЖОМ
Сабақтың тақырыбы: Белдемше пішімін шынайы өлшемде дайындау, матаға пішімді жаю, бұйымды пішу
Сабақ мақсаттары 1.Белдемше пішімін дайындау әдісін үйрену, шынайы өлшем алу реттілігін меңгеру;
2. Пішімдерді пайдалану және матаға пішімді жаю ретімен танысу;
3. Пішімдерді пайдаланып, бұйымды пішуді үйрену;
4. Шығармашылық қабілеттерін дамыту;
5. Материалдар мен құралдарды пайдалану қауіпсіздік ережелерін ескеру, сақтау.
Бағалау критерийлері Оқушы мақсатқа жетті, егер:
- Бұйым пішімінің шынайы өлшемін алады;
- Белдемше сызбаларын дайындайды;
- Белдемше өлшемін алу ережелерін сақтайды;
- Өлшемдерді пайдаланып бұйымды пішеді;
- Киім тарихынан мағлұмат бере алады.
Жоспар Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар,қолданылатын стратегиялар
Ұйымдастыру кезеңі
Басы
3 минут

7 минут
Ұйымдастыру кезеңі.
Ынтымақтастық атмосферасын орнату.Амандасу. Топқа бөлу. Стикерлерді таңдап алады, жазылған тілекті оқиды, түстеріне сәйкес үш топқа бөлініп отырады.

Үй тапсырмасын тексеру: «Меннен- сұрақ, сізден- жылдам жауап». Оқушылар дайындап келген сұрақтарын топта талдап, топтан жақсысын ұсынады.

1. «Менен- сұрақ, сізден- жылдам жауап».
1. Белдемше сызбасының масштабын 1:4 етіп сызу дегеніміз не?
2. Қолдану мақстына қарай киімдер қалай бөлінеді?
3. Киімге қойылатың экономикалық талаптарды айт
4. Өлшем алу үшін қандай құрал қолданамыз ?
5. Белдікті бұйымдарға нелер жатады ?
6. Өлшем алған кезде айналым, көлденең өлшемдер қалай жазылады?
7. Қандай өлшемдер толығымен жазылады?
8. Белдемшенің ең көне элементтерінің бірі не жатады ?
9. ХV ғасырдан бастап готикалық белдемшелері қандай болды?
10. ХVI ғасырларда бай әйелдердің белдемшелері қандай болды?
11. XVII ғасырда қандай белдемшелер көбірек пайда болды?
12. XIX ғасыр басында белдемшелер қандай болды?
13. Белдемше сызбасын сызу үшін қандай өлшемдер қажет?
14. Киім адам тұлғасына қонымды болу үшін не қажет болады?
Оқушылар стикерлердіңтүсі арқылы үш топқа бөлінеді

Менен-сұрақ, сізден-жылдан жауап әдісі
Ортасы
5 минут

7 минут

Жаңа сабақты түсіндіру.Видео көрсетіледі
Пішімді көшіріп алудан бұрын әркім берілген кесте бойынша өзінің өлшемін алу қажет. Ол үшін мынандай тәртіппен әрбір жеке өлшемдерді біліп алу керек
Пішімдер қалыпты мүсінді (аса толық емес) адамға арналған және кестелерде көрсетілген өлшем бірліктеріне сәйкес келеді. Өздеріңнің өлшемдеріңді кестеде берілген мәліметтермен салыстырыңдар. Егер ауытқу бар болса, онда пішімге қажетті түзету енгізіңдер. Бірақ естеріңде болсын, пішімді өлшемнен артық үлкейтуге не кішірейтуге болмайды. Үлгінің өлшемдері үш санмен таңбаланады. Мысалы: 170 - 88 - 96. Мұндағы бірінші сан – см - мен өлшенген бой, екіншісі – кеуде орамы және үшіншісі – мықын орамы.
Постермен жұмыс.

Таңдаған өлшемнің дұрыстығына сенімді болу үшін: қосымша бетті ашу керек, таңдалған өлшемнің бөліктерін кеуде, мықын және бел деңгейінде өлшеу қажет және қағаз пішімдегі көлемді анықтай отырып нәтижесін екі еселеген жөн;
Қағаз пішімде белгіленген өлшемдер бойынша еркін қонымдылық қосымшасының көлемін есептеп шығару керек. Олар әдетте мынандай өлшемде болады:
• Блузка, көйлек – 6, 5 - 7, 5см;
• Астарсыз жакет – 7, 5 - 10см;
• Пальто, халат – 10 - 12, 5см;
Сондай – ақ еркін қонымдылық қосымшасы өлшемі пайдаланатын матаға байланысты: қалың маталар жұқа маталарға қарағанда қосымшаны көп, созылмалы маталар созылмайтын маталарға қарағанда аз талап етеді, ал тоқыма маталардан жасалған бұйымдар еркін қонымдылық қосымшасын мүлде қажет қылмайды.

Еркін қонымдылық қосымшасын анықтауда үлгі сұлбасының атқаратын рөлі зор. Егер бұйым созылмалы болса, онда қосымша барынша аз, ал егер спорттық пішінде болса, қосымша барынша көп болады. Қосымшалар арқылы дене құрылысы кемістігін көрсетпей жіберуге де болады.

Сарамандық жұмыс.
Оқушылар топпен жұмыс істейді ( Әр топтан 1 оқушының өлшемі алынады) Адам киімнің өлшемін білу үшін бел шеңберін, мықын шеңберін түгел өлшеп, алынған өлшемді екіге бөлу керек. Сонда алынған цифр дененің өлшеміне сәйкес. Өлшем белгілі бір тәртіп бойынша алынады, алдымен ( горизонталь бағытта), содан соң үзынынан ( вертикаль бағытта). Белді белдікпен қынайды, жеңіл киіммен тұрғаны дұрыс. Өлшегенде см. лентаны сол қолмен үстап, өлшейтін басты нүктеге әкеледі, әйел киімін оң жақтан, еркек киімін сол жақтан өлшейді. Жба - Белдің жартылай орамы. Көлденеңінен тұлғаны айналдыра бел деңгейінде түсіріледі. Өлшем белбеудің ұзындығын және қымтырмалардың енін есептеуге қолданылады Жма - мықынның жартылай орамы. Көлденеңінен жамбас тұлғасын айналдыра түсіріледі. Өлшем белдемшенің енін және қымтырманың енін анықтау үшін қолданылады. БҰ - Бұйымның үзындығы. Артқы бойдың бел сызығынан төмен қарай қажетті үзындыққа дейін түсіріледі. Өлшем белдеменің ұзындығын анықтау үшін қолданылады Ар. б. ұ – Артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы. Артұы бойдың бел сызығынан мойын нүектесіне дейін түсіріледі ( жетінші мойын омыртұасы). Өлшем бел сызығына жамбас сызығынан жамбас сызығына дейінгі ара қашықтық осы өлшемнің жартысына тең болады. Компьтерлік бағдарлама үшін Ұж - белден төмен қарай жерге дейін адамның жанынан алынады, Ұ а - белден төмен қарай жерге дейін адамның алдыңғы бойынан алынады.

1 – ші топ. Дәстүрлі тор сызба арқылы тік белдемшенің сызбасын жасайды. 2 - ші топ. Сән журналдарынан белдемшенің пішім сызбасын алады. 3 - ші топ. Компьютерлік бағдарламаны пайдалану арқылы тік белдемшенің сызбасын сызады. Видеоролик

Постермен жұмыс

Сарамандық жұмыс
7 минут
р кесегі» әдісі бойынша сабақты қорытындылау
- Өлшемді өлшенетін адамның қай жағынан тұрып аламыз?
- Белдемше тігу үшін қандай өлшемдер алу қажет?
- Киім тігу үшін пішім жасаудың неше жолы бар?
- Стильдің неше түрі бар? «Қар кесегі» әдісі

Қыздар топта өзара өлшемдерді демонстрациялайды
Соңы
3 минут

Бағалау Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл-күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау
Бағалау
Топ жетекшілеріне сөз
Үйге тапсырма: Алынған өлшем бойынша белдемше сызбасын дайындап келу Бас бармақ тәсілі

Бағалау парақшасы арқылы әр топ өзін-өзібағалайды

Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.