» » Физика пәні 7сынып

 
 
 

Физика пәні 7сынып

Автор: admin от 6-01-2018, 00:12, посмотрело: 1531

0 Ж.Сүлейменов атындағы ЖОМ
Физика пәні мұғалімі: С. Бөлекбаев
Сабақтың тақырыбы:
Деформация Мектеп:Ж.Сүлейменов ЖОМ
Күні:5.11.2017 Мұғалімнің есімі:Бөлекбаев С
СЫНЫП: 7 Қатысқандар саны: Қатыспағандар: 0
Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары) 7.2.2.3 – пластикалық және серпімді деформацияларды ажырату, мысалдар келтіру
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
• Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді. Серпімділік күші, деформация және Гук заңы туралы негізгі ұғымдарды қалыптастырады.
Оқушылардың басым бөлігі:
• Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.
Кейбір оқушылар:
• Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Бағалау критерийі 1.Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
2.Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік
Деформация –Деформация-deformation
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Математика, қазақ тілі.
Алдыңғы тақырып №4 зертханалық жұмыс. «Серпімді деформацияларды зерделеу»
Жоспарланған
уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде
жоспарланған жаттығулармен қатар,
ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы 5 минут
Топқа бөлу 2 минут
Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
3 минут
«Қызыл гүлім-ай» би 1-топ «Сары кәмпиттер»
2-топ «Көк кәмпиттер»
3-топ «Қызыл кәмпиттер»


Ортасы
20 минут Білу және түсіну 10 минут
Оқулықтағы мәтінмен жұмыс
«Броундық қозғалыс»
Оқушылар сыныпты шарлап, талқыланатын мәселе бойынша ақпарат жинап, басқалармен пікірлеседі. Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға партаға отыруға болмайтынын ескерту керек.
Мақалдардың физикалық мағынасын түсіндір:
1. Жоғары лақтырылған тас өз басыңа құлайды. (Қырғыз)
2. Сарқырама қанша жоғары құлап аққысы келсе де, бәрібір ол төмен ағады. (Қытай)
Нені үйренуіміз қажет?
Серпімділік күші дегеніміз не?
Гук заңы нені анықтайды?
Деформация дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
Осы сұрақтарға бүгін өтілетін сабақ жауап береді.
Өткен сабақта үй жұмысына мен Роберт Гук жайлы мәлімет жинауды тапсырған едім. Кім Гук туралы қысқаша айтады?
Robert Hooke- әйгiлi ағылшын жаратылыстанушысы, ағылшындық Уайт аралында Фремуотер деген жерде 1635 жылы дүниеге келдi.
Орта мектептi бiтiргеннен кейiн Оксфорд Университетiне түседi.
1660 жылы әйгілі “Гук заңын” ашты.
1661 жылы каппилярлық құбылысқа арналған еңбегiн жариялады.
Гук өзiнiң 1665 ж. жарық көрген «Микрография» атты еңбегiнен кейiн әйгiлi болды. Бұл кiтапта Гук өзі жетiлдiрiлген микроскоппен көп зерттеулерін жүйелеп баяндайды. Тағы да бұл кiтабында Гук жарықтың табиғаты жайында ойларын жазып кеткен.
Кейін ол астрономиялық құрал-саймандарды ойлап табу және оларды жетiлдiрумен айналысты, биологиялық, географиялық, геологиялық зертеулер жүргiздi.
1703 жылы қайтыс болды.
Серпімділік күші деп дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті айтады.
Бұл күш денелерді қысу, созу, майыстыру немесе бұрау кезінде пайда болады. Серпімділік күші әрқашан дененің пішіні мен өлшемдерінің өзгеруін тудырған күшке қарама-қарсы бағытталады.
Мысалы, серіппені қолымызбен қысып, одан кейін оны бос жібере салсақ, онда серіппеде туындайтын серпімділік күші оны бастапқы қалпына келтіреді.
Серпімді деформациялар кезінде денеде туындайтын серпімділік күші оның созылуына тура пропорционал: |F| = kΔl, бұл формула Гук заңын өрнектейді, мұндағы Ғсерп— серпімділік күшінің модулі, k — қатаңдық немесе катаңдық коэффициенті, Δl =l - l0 — дене ұзындығының өзгеруі

Дененің серпімді деформациялануында пайда болатын күшті серпімділік күші деп атайды. Серпімділік күші денені құрайтын бөлшектердің электромагниттік өзара әсерлесуінен пайда болады

Денелердің күш әсерінен формасы мен көлемінің өзгеруі деформация (Deformation) деп аталады
Деформация себебі: атомдардың арақашықтығын өзгерткенде олардың арасындағы күштер де өзгеріске ұшырайды және ол күштер денені бастапқы қалпына әкеліуге тырысады.
1. Денеге күштіңәсер етуін тоқтатқаннан кейін ол дене бұрынғы қалпына қайтып келсе, ондай деформацияны серпімді деп атайды.
2. Денеге күштіңәсер етуін тоқтатқаннан кейін ол дене бұрынғы қалпына қайтып келмесе, ондай деформацияны серпімсіз деп атайды.
Серпімсіз денелерде серпімділік күштері болмайды!
Серпімді деформация үшін Гук заңы : Деформация кезінде пайда болатын серпімділік күші дененің абсалют ұзаруына (сығылуына) тура пропорциональ.
F = kx
k- дененің қатаңдығы, Н/м
x- дененің созылу немесе ұзару шамасы, м
Күшті өлшейтін арнайы құрал – динамометр қолданылады. Динамометрдің әртүрі бар:қол динамометрі, тарту динамометрі, мектеп динамометрі
Осы тақырыпқа қатысты терминдерді ағылшын тілінде үйренейік.
Қазақша
Орысша
Ағылшынша
Күш-Сила-Ғorce
Серпімділік-Упругость-Elasticity
Гук заңы-Закон Гука-Hooke's law
Деформация-Деформация-Deformation
СозылуРастяжение-Stretching
Сығылу-Сжатие-Compression
Бұралу-Кручение-Torsion
Майысу-Изгиб-Bending
Ығысу-Сдвиг-Shift
Серпімді-Упругий-Elastic
Пластикалық (серпімсіз)-Пластичный-Plastic
Дененің серпімді деформациялануында пайда болатын күшті серпімділік күші (Deformation force) деп атайды. Серпімділік күші денені құрайтын бөлшектердің электромагниттік өзара әсерлесуінен пайда болады
Денелердің күш әсерінен формасы мен көлемінің өзгеруі деформация (Deformation) деп аталады
Деформация себебі: атомдардың арақашықтығын өзгерткенде олардың арасындағы күштер де өзгеріске ұшырайды және ол күштер денені бастапқы қалпына әкеліуге тырысады.
Денеге күштің әсер етуін тоқтатқаннан кейін ол дене бұрынғы қалпына қайтып келсе, ондай деформацияны серпімді деп атайды.
Денеге күштің әсер етуін тоқтатқаннан кейін ол дене бұрынғы қалпына қайтып келмесе, ондай деформацияны серпімсіз деп атайды.
Серпімсіз денелерде серпімділік күштері болмайды!
Серпімді деформация түрлері:
Созылу
Сығылу
Бұралу
Майысу
Ығысу
Енді оқушылар сендер тақтадағы нұсқауларға сүйене отырып тәжірибелер жасап қорытынды жасайсыңдар.
Қолдану 8 минут «Интервью» әдісі

Жалпыға арналған тапсырма:
Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.

«Броундық қозғалыс» әдісі арқылы түсіндіріледі.

«Интервью» әдісі
Оқушылар өз оайларын стикерлерге жазып жабыстырады.
Сергіту сәті
2 минут «Қыдырып қайтайық!»
би билеу
«Қыдырып қайтайық!» биі

Аяқталуы 20 минут Синтез
Тақырыпты қайталап есептер шығару:
А-деңгей
1. Болат серіппе 260Н күштің әсерінен 40мм-ге созылды. Серіппенің қатаңдығы неге тең?
2. Шиыршық серіппенің ұзындығы 3,5 см-ге қысқартқанда 1,4 Н серпімділік күш пайда болады. Оны 2,1 см ұзартқанда серпімділік күші қандай болады?
3. Есікті ашқанда оның серіппесі 12 см ұзарды, сонда серпімділік күші 0,004кН тең, серпімділік күші 10Н-ға тең болуы үшін серіппені қаншаға ұзарту керек?
4. 320Н күштің әсерінен амортизатордың серіппесі 9мм-ге сығылады. 1,6кН күштің әсерінен серіппе қаншаға сығылады?
В-деңгей
5. Жай тұрған серіппенің ұзындығы 88 мм, оны 120 мм-ге дейін ұзартқанда 120 Н серпімділік күші пайда болады. Осы серіппеге 90Н күш түскендегі ұзындығын анықтаңдар.
6. Серіппенің қатаңдығы 6*103н/м. Оның оның серпімділік қасиетінің сақталу шегі 18мм. Егер серіппеге 50Н, 100Н және 150Н күш түсіретін болсақ серіппенің серпімділік қасиеті сақтала ма?
7. Серіппеге массасы 20 кг жүк ілгенде, оның ұзындығы 12 см, ал 50 кг жүк ілгенде 15 см болса, онда оның бастапқы ұзындығының мәні қандай болған?
С-деңгей
8. Қатаңдығы 400 Н/м металл сымға ілінген, массасы 3 кг дене вертикаль жоғары 2 м/с2үдеумен қозғалады. Сымның созылуы неге тең. ( )
9. Қатаңдығы 0,3 кН/м трос массасы 2 кг денені тең үдеуімелі вертикаль жоғары көтерілгенде 4 см – ге созылады. Дененің үдеуі неге тең. ( )
10. Көтергіш кран тросының массасы 600 кг денені, 3 м/с2 үдеумен вертикаль жоғары көтерілгенде 10 см – ге созылады. Тростың қатаңдығы? ( )
11. Қатаңдықтары бірдей k тізбектей жалғанған 4 серіппенің жалпы қатаңдығы қандай болады?
12. Қатаңдығы 100 Н /м –ге тең сымды 1см –ге созу үшін оның шеттеріне қандай күш түсіру керек? ( 1 Н)
13. Массасы 0,2 кг балықты тік жоғары көтергенде қатаңдығы 500 Н / м –ге тең қармақ бауы қаншаға созылады? (0,04 м)
Оқушылар тапсырмамен жұмыс жасайды
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз? Бағалау - Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз? Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен? «Менің көңіл-күйім баспалдағы»
Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.



Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.