Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 

Ағылшын тілі сайыс сабақ

Автор: admin от 22-02-2018, 23:27, посмотрело: 3472

2 Интеллектуалды –ойын
«Funny English» сайысы
The aim of the competition:
- to develop skills and habits in reading, writing, speaking through different exercises
- to stimulate the pupils interest, and their power of guessing and thinking in the foreign language
- to memorize and retain in memory the language material they learn
The method of the lesson: a game
Visual aids: Answer the questions, pictures, proverbs and riddles in three languages Kazakh, Russian, English,test, T: - Good morning dear pupils and teachers! I am glad to see you in our Game. Today we are collecting to spend a game competition . The pupils from the sixth and the seven, eight forms will take part in the competition. Are you ready childrens? Let’s begin our game. (40-minut). Now I will introduce you with the process of the game. Our game consists of 6 stages: (2min)
1.“Secret Letter” – name the words. 2. Grammar test. 3.Answer the question. 4. «Odd word»
5. Guess the riddles. 6. «Matching up» 7.Match the words and picture sport. 8. What do you know about these countries?
9. Who is the quick? 10.«Themes» – name write 5words
1-сайыс.“Secret Letter” – name the words beginning with «English week» (1 word – 1 point) «Құпия әріптер» бір әріптерінен сөздер құрау. (1min) Берілген әріптерден көп сөздер тауып жазу керек.
Example: (Egg, nut, glue, lemon, igloo,shark,window,eat,enter,key. )
2-сайыс.Grammar test – is, am, are, was, were (3min)
Complete the following sentences using is, am, are, was or were.
Answers
1. What were you doing at 7’O clock in the morning?
2. I was sleeping when the telephone rang.
3. When you phoned I was working in the garden.
4. When I got up this morning the sun was shining.
5. ‘Have you finished that report?’ ‘I am working on it.’
6. I was painting all day yesterday.
7. The children are playing video games.
8. She is working in the garden.
9. The teacher is evaluating the answer sheets.
10. You can’t go out now. It is raining cats and dogs.

3-сайыс.Now let’s begin the competition! Our first stage is stage is answering the questions. At this stage you must answer my questions. At every correct answer you will get 1 points. «Зымыран сұрақ» оқушылар сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беру керек. (3min) 1. Translate into English. “May I go out?” Шығуға болады ма?
2. What month is it now? - March
3. What holiday is on the 22nd of March? - Nauryz
4. What is the capital of Britain? London
5. Who is the President of the USA? - Barac Abama
6. What is the letter English alphabet ?-26
7. What is the official language of the USA? - English
8. What is the largest city in Kazakhstan? - Almaty
9. Translate into English. “May I come in?” Кіруге болады ма?
10. What is the day of the week today? - Wednesday
11. What holiday is on the 8th of March? – Women’s Day
12. What is the capital of the USA? – Washington
13. Who is the President of the Kazakhstan? – N. A. Nazarbaev
14. What is the official language of the Russia? – Russian
15. What is the largest city in USA? – New York
4-сайыс. «Odd word». Find one odd word in each line. «Артығын тап» жазылған сөздердің ішінен артығын қоршап қою керексіздер. Тез әрі дұрыс жауап – 1 балдан бағаланады. 1.Apple, banana, potato, kiwi, pear. (2min)
2.Blue, black, pink, yellow, lemon.
3.Potato, tomato, carrot, orange, onion.
4.Tiger, crocodile, parrot, hare, fox.
5.Summer, winter, rain, spring, autumn.
6.Meat, sausage, sandwich, juice, cheese.
7.Pen, bag, pencil, book, wall.
8.Mother, sister, aunt, dad, doctor.
9.English, Russia, Mathematics, Music, Geography.
10.Table, window, chair, bed, sofa.
5-сайыс.That is all. Now let’s count the points. Next stage: I will give you some riddles and you will try to guess them. Then you must translate these words into Kazakh If you give us the correct answer in 2nd languages you will get 30 points. Listen. (3min)

1. Жер көрдім қаласы бар
Үйлері жоқ мекендейтін
Көл көрдім, өзен көрдім
Сулары жоқ тереңдейтін (карта – карта - a map)
2. Жабық астында жарты күлше (Ай - луна - moon)
3. Отқа жанбас, суға батпас (мұз - лед - ice)
4. Сырт - сырт соғады, уақыт озады(сағат - часы - clock)
5. Күнде оған жұрт қарайды
Күн мен айды санайды (Күнтізбе - календарь - а calendar)
6. Көкесі бұйырды, ағасы барды, інісі алды
(Бас, аяқ, қол - голова, нога, рука - а head, а foot, а hand)
7. Аяғын аттап баспайды
Сені сонда да сүйрей бастайды (шаңғы - коньки - ski)
8. Тілі тәтті
Ұйқысы қатты
Күлкісі күнің
Бұл сенің кімің? (Бөбек - ребенок - а baby)
6- сайыс. “Matching up” сайысы. Бұл сайыста оқушылар берілген сұрақтарға дұрыс жауап берсе .Әр дұрыс жауап – 1 балл. (қағаздағы сөздерді сәйкестендіру) (2min) Autumn- one, tree, nine, four
Winter-December, January, February
Spring – June, July, August
Summer- March, April, May,
Week-September, October, November
Number- Monday, Sunday, Saturday
7-сайыс.Match the sport and its name. Parts and wholes . (9min) Find 10 animals in a crossword.


8-сайыс.That’s all. Let’s count the points and now let’s begin our third stage which called “What do you know about these countries?” On display you see some questions about 2 countries: Kazakhstan and Great Britain. That participant who has fewer points chooses the questions. № Мына елдер туралы сендер білесіңдерме? Қазақстан және Британия туралы сұрақ-жауап
About Kazakhstan:
1. What is the symbol of freedom in Kazakhstan? (An Eagle)
2. In what months celebrate the New Year? (January and March)
3. What is the oldest name of the capital of Kazakhstan? (Akmola, Tselinograd)
4. When was the declaration of Independence proclaimed? (16 December, 1991)
About USA: (4min)
1. What is the capital of the USA? (Washington)
2. Who is the President of the USA? (Donald Trank )
3. How many stars are there in the America flag? (50)
4. What is the flag of the USA called? (Stars and strips)

9-сайыс.Now we begin our fourth stage. One of you who gathered fewer points will choose one envelope. There are letters in these envelopes: A or B. The same rules are for our second participants. Is everything clear for you? Then let’s begin.
Letter A (5min)
1. The name of the fruit
2. The river in the USA
3. The name of the month
4. A part of the body
5. The name of school subject
6. The capital of Kazakhstan
7. One of the oceans
8. The famous Kazakh writer
9. A funny story
10. The first letter of the alphabet
Letter B
1. The name of the fruit
2. The antonym of the word good
3. An object in the classroom
4. A kind of the dance
5. The name of the school subject
6. The room where we sleep
7. An important day once in a year in our life
8. A color
9. A member of the family
10 A part of the body


10-сайыс. “8. Themes” – name write 5words on the following themes:
“Sport”, “School”, “Animals”, “Subjects”, “Clothes”, “Fruits”, “Vegetables”. Кестені дұрыс толтыру. Әр дұрыс жауап 1бал. (5min)
1. Food: Milk, bread,butter,cereal,chicken
2.Sport: Basketball, Football, Skiing, Hockey, Tennis.
3.School: Rubber, Pen, Book, Pencil, Desk
4.Animals: Cat, Rabbit, Cow, Goat, Pig.
5.Subjects: Mathmatics, English,Literature,Russian,History
6.Clothes: Jeans, Trousers, Skirt,Tie,Suit
7.Fruits: Banana, Strawberry,Orange,Pear,Cherry
8.Vegetables: Carrot,Potato,Tomato,Onion,Cucumber
Thank you














Категория: Мектеп дәстүрі

 

15.01-19.01қаңтар аралығы ағылшын апталығы болып өтті.

Автор: admin от 22-02-2018, 23:23, посмотрело: 821

3
«Бекітемін»
Мектеп директоры:______________
Ж.Мугалбеков
«15.01.2018ж»

«Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ағылшын тілі пәнінен «English Language – is a world Language» атты тақырыбында 15.01-19.01. қаңтар аралығында өткізілетін мектепішілік апталықтың жоспары

Р/с Атқарылатын іс-шаралар Сыныбы Мерзімі Жауапты
1 Ашылу салтанаты
«English Language – is a world Language» (Баяндама) 1-11 сыныптар 15.01.2018 Мирзаева Ф Каракулова К
Килыбаева Р
2 «Best of the Best» атты ребустар шешу
«Funny English» атты сайыс сабақ 2-11 сыныптар
6-7-8 сыныптар
16.01.2018 Мирзаева Ф Килыбаева Р. Каракулова К
3 «Let’s measure» Ашық сабақ 2-сынып 17.01.2018 Мирзаева Ф
4 «Kazakhstan is my Motherland» атты сайыс сабақ
«Teenagers’ plans of future» Ашық сабақ 10-сынып
6 сынып 18.01.2018 Мирзаева Ф Каракулова К
5 «We can speak English» білімділер сайысы.
Қорытынды кеш 10-сынып 19.01.2018 Килыбаева Р. Каракулова К. Мирзаева Ф.



Орындаған: Мирзаева Ф.

Категория: Мектеп дәстүрі

 

"Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндік

Автор: admin от 22-02-2018, 22:46, посмотрело: 2179

2 «Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік іс-шара мектепішілік жоспары жасалынып, бекітілді.
Мектебімізде ақпанның 01күні онкүндіктің ашылу салтанаты болып өтті. Ашылу салтанатында 1-ші және 2-ші ауысымда оқитын оқушыларға онкүндіктің іс-шара жоспарымен таныстырып, әр сыныптан 1 оқушыдан ортаға шығып сынып атынан бір-бірлеріне жүректен шыққан тілектерін айтып шықты. Сергіту сәті жүргізілді. «Мен алғысымды білдіремін...» тақырыбында жәшік қойылды. Оқушылар өздерінің алғыс айтқысы келген кез келген адамға (ұстаздарына, достарына, сыныптастарына,
бауырларына және т.б.) қағазға жазып жәшіккі салуға болатыны айтылды. Кітапханашы А. Балтабекова «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.
Ақпанның 02 күні «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында 1-11 сыныптар аралығында оқырмандар байқауы болып өтті. Оқушылар ақын жазушыларымыздың «Ана» туралы өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, өз шығармашылығынан өлеңдер оқыды. Жоғары сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен, «Құлақтан кіріп бойды алар» тақырыбында әдебиет кеші өткізілді. Оқушылар «Мен алғысымды білдіремін...» тақырыбында жәшікке өздерінің алғыс хаттарын жәшікке салып отырды. Мектебіміздің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Байбутаева Құндыз қорытынды сөз сөйлеп, ұстаздарға және оқушыларға шығармашылық табыс тіледі.
Ақпанның 03 күні өзін-өзі тану пән мұғалімі Каликова Жанардың ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушыларымен патриоттық, адамгершілік және мейрімділік, ізгілік жайлы «Ізгілік – адамның басты рухани-адамгершілік құндылығы» тақырыбында пікірталас сайысы болып өтті. Қатысушылар «Мейірімділік» (жақтаушы) топ және «Сүйіспеншілік» (даттаушы) топ болып екі топқа бөлінді. Оқушылар сайысқа белсене қатысты.
Ақпанның 05 күні өзін-өзі тану мен бейнелеу өнері және еңбек пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 1-11 сынып оқушыларының арасында «Ана, жақсылық, бейбітшілік және достық» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Оқушылар көрмеге белсене қатысты.
Ақпанның 06 күні 1-11 сынып оқушылары аралығында «Ән - көңілдің ажары» атты ән байқауы, 07 күні балалардың қатысумен сахналық көріністер дайындап көрсетті. Сахналық көріністерде адами құндылықтар, адамгершілік, мейрімділік, ізгілік, қамқорлық, әдептілік жайлы көрсетілді. 08 күні тәлімгер Ш. Смадиярованың ұйымдастыруымен «Күлкі жаныңды жадыратады» тақырыбында ата-аналар мен мұғалімдерге арналған мерекелік концерт болып өтті. Сонымен қатар, «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. 09 күні өзін-өзі тану пән мұғалімі Ж. Каликова 9А сынып оқушыларымен «Әдептен озбайық» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақты Санұр телеарнасынан келіп түсірді. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. 10 күні «Мен алғысымды білдіремін...» тақырыбында жәшік ашылды. Жәшікте 130 хат келіп түскені анықталды. Хаттар иелеріне тапсырылды.
Ақпанның 12 күні 1-11 сынып аралығында өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар ұйымдастырылды. Атап айтсақ: 1А сыныпқа Б. Темірбекова, 1Ә сыныпқа «Шыншылдық адамдықтың белгісі» тақырыбында, 2 А сынып П. Байманова, 2Ә сыныпқа Г. Исаева «Дос болуды үйренеміз» тақырыбында,
4 сыныпқа Г. Қапалова «Еріншектік пен еңбекқорлық» тақырыбында, 5А сыныпқа «Адами қарым-қатынастар әлемі» тақырыбында, 6Ә сыныпқа З. Тлеубаев «Денің сау болсын десең...» тақырыбында, 7 сыныпқа Г. Ерімбетова «Ұжымдағы өзара қарым-қатынас» тақырыбында, 11А сыныпқа Ж. Каликова «Ағайын - ел ырысы» тақырыбында сабақтар өтілді. Онкүндік іс-шара туралы мақала жазылып, аудандық «Өркен» редакциясына жіберілді. 12 күні «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің жабылу салтанаты болып өтті. Іс-шараға белсене қатысқан оқушыларға мадақтау қағаздары мен ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.



Категория: Мектеп дәстүрі

 
 
 
 

"Рухани жаңғыру" аясында мектеп психологтарының "Мен шабыт беремін" апталығынан көріністер

Автор: admin от 15-01-2018, 23:05, посмотрело: 1213

13 «Бекітемін»

Мектеп директоры: _______________
Ж.Мугалбеков

«Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2017-2018 оқу жылындағы «Мен шабыт беремін...» атты психология апталығының жоспары

Мақсаты: Психологиялық қызметтің жұмысын насихаттау, мектеп ұжымының ауызбіршілігін қалыптастыру, оқушылардың шығармашылығын, белсенділігін арттыру.
№ Өткізілетін іс-шаралар Ұраны Мерзімі, уақыты, қатысушылар Жауапты
Сейсенбі б «Түрлі түсті күн»
Апталықтың ашылуы:
1. «Мейірімді болса жүрек орындалар тілек» ұстаздарға арналған тренинг.
2.«Сымбатты болу шартымыз...» (Флеш – моб)
«Әрбір бұлтты күннен кейін, міндетті түрде күн шығады!» 19.12.2017ж. 800-830
Мұғалімдер 1040-1050 7 сынып оқушылар Ж. Каликова М. Оспанова

Сәрсенбі
«Бақытты күн»
1.«Бойжеткен әдемі жүр, сыпайы күл!» фотосуреттер көрмесі.

2. «Мектеп – ортақ үйіміз» мектептің жалпы суреті. «Әрбір адам, өз бақытының жаршысы»
20.12.2017 ж.
Күн бойы
8-11 сыныптар 5-11 сыныпта Ж. Каликова М. Оспанова Сынып жетекшілер
Бейсенбі
«Ата – аналар күні»
1. «Ананың алақаны балаға
айдынды қоныс» тренинг
 Баяндама: «Мектеп пен
отбасы арасындағы байланыс – заман талабы»  Ата – анаға жадынама тарату.
1. Ата-аналар мен сынып жетекшілер арасында өткізілетін
«Білім мен тәрбие егіз ұғым» интеллектуалды психологиялық ойын сабақ «Тәрбие отбасынан басталады» 21.12.2017ж.
1130-1300
Ата-аналар

1000-1100
1500-1600
1-4 сынып жетекшілері және ата-аналар Ж. Каликова М. Оспанова
Сынып жетекшілер
Жұма
«Жарқын болашақ күні»
1.«Мамандық білгірлері» кәсіби бағдарлау сайысы.

2. «Алынбайтын асу жоқ» тақырыбында эссе жазу


2.«Реніш» тақырыбындағы психологиялық сабақ.
«Болашақ бүгіннен басталады!»
22.12.2017ж.
11 сынып
1500-1630

1-11 сынып оқушылары


4 сынып
1100-1200 Ж. Каликова
М. Оспанова
Сынып жетекшілер
Сенбі
«Қарым – қатынас күні»
Апталықты қорытындылау:
1. «Сиқырлы сезім» атты
ойын-сауық кеші.
2. Апталыққа белсене
қатысқан оқушылар мен ұстаздарды марапаттау.


« Қарым – қатынас, өмір атты тағамның ең қажетті тұздығы»

23.12.2017ж.

1500-1800
1-11 сынып
оқушылары
Мұғалімдер Ж. Каликова
М. Оспанова
Ф. Асқар
Ш. Смадиярова
Сынып жетекшілер



Дайындаған: Ж. Каликова
М. Оспанова













Мектебімізде 2017-2018 оқу жылындағы желтоқсан айының 19-23 күндері аралығында
«Мен шабыт беремін...» атты психология апталығы болып өтті.
Бірінші күні апталықтың ашылуы болды. Апталықтың әрбір күніне ұран айтылып, ат қойылды.
1 күні «Түрлі түсті күн» , Ұраны: «Әрбір бұлтты күннен кейін, міндетті түрде күн шығады!». Мектеп педагог-психологы Ж. Каликова «Мейірімді болса жүрек орындалар тілек» атты ұстаздарға тренинг жүргізді. Ұстаздар сол күні сабақтарын көтеріңкі көңіл - күймен бастады.
Апталықтың ашылу салтанатында оқушылар «Сымбатты болу шартымыз...»
атты флеш – моб биледі. Мектеп іші шарлармен безендірілді. Әрбір сыныпқа ақын, жазушы, ғұламалардың нақыл сөздері және көңіл күй көтеретін суреттер ілінді.
2 күні «Бақытты күн» Ұраны: «Әрбір адам, өз бақытының жаршысы».
8-11 сынып оқушылары арасында «Бойжеткен әдемі жүр, сыпайы күл!» атты фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды.
5-11 сынып оқушылары арасында «Мектеп – ортақ үйіміз» атты мектептің жалпы суреттері ілінді.
3 күні «Ата – аналар күні» Ұраны: «Тәрбие отбасынан басталады».
Мектебіміздің психологы М. Оспанова ата-аналарға «Ананың алақаны
балаға айдынды қоныс» атты тренинг жүргізді. Мектеп педагог-психологы Ж. Каликова «Мектеп пен отбасы арасындағы байланыс – заман талабы» тақырыбында баяндама оқыды. Сол жерде ата – аналарға жадынама таратылды.
Психолог М. Оспанова ата-аналар мен сынып жетекшілер арасында «Білім мен тәрбие егіз ұғым» атты интеллектуалды психологиялық ойын сабақ өткізді.
4 күні «Жарқын болашақ күні» Ұраны: «Болашақ бүгіннен басталады!»
Ж. Каликова 11 сынып оқушыларымен «Мамандық білгірлері» кәсіби бағдарлау сайысын өткізді.
Сол күні 1-11 сынып оқушылары «Алынбайтын асу жоқ» тақырыбында эссе жазып тапсырды. Мамандар оқушылардың эсселерін тексеріп шығып, үздіктерін белгілеп берді.
М. Оспанова 4 сынып оқушыларына «Реніш» тақырыбында психологиялық сабақ өткізді. Сабаққа оқушылар белсене қатысты.
5 күні «Қарым – қатынас күні» Ұраны: « Қарым – қатынас, өмір атты тағамның ең қажетті тұздығы».
Апталықты қорытындылауда 1-11сынып оқушылары аралығында «Сиқырлы сезім» атты ойын-сауық кеші ұйымдастырылды. Кеште әсем әндер мен билер, көріністер көрсетілді. Бірнеше психологиялық жаттығулар жүргізілді.
Апталыққа белсене қатысқан оқушылар мен ұстаздар марапатталып, ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.

Категория: Мектеп дәстүрі

 
 

М.Жұмабаев 8 сынып

Автор: admin от 6-01-2018, 05:34, посмотрело: 701

0

Категория: Мектеп дәстүрі