» » ҚМЖ: 3 сынып. Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі

 
 
 

ҚМЖ: 3 сынып. Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі

Автор: admin от 19-05-2018, 00:06, посмотрело: 1510

1 Сабақтың атауы Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі
Мақсаты Сабақтың мақсаты:
1) тік төртбұрыштың мәнді белгілерін анықтау және периметрін табу.
2) оқушының таным белсенділігін арттыру, ойын және математикалық тілін дамыту, игерген дағдыларын жетілдіру.
3) оқушыларды ұқыптылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:фигуралар, сызбалар.
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал Тым еңкейме, қатты кетпе шалқаңа,
Салмақ салма, беліңе һам арқаңа.
Зейінді бол оқығанда, жазғанда,
Түзу, еркін, тыныш отыр партада. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту

- Оқушылар, бүгін біздің танысып үйренетініміз тік төртбұрыштың периметрін табу. Өткен сабақта үшбұрыштың периметрін қалай есептесек, төртбұрыштың периметрін табуда сол ережеге сүйенеміз.

Үшбұрыштың қабырғалары нешеу? Төртбұрыштың қабырғалары нешеу?
Төртбұрыштың қабырғаларын өлшейік. Оның барлық қабырғалары ұзындықтарының қосындысын жазайық.
3см+4см+3см+4см=14(см) Бұл қосындыны және оның мәнін төртбұрыштың периметрі деп атайды.
А) «Кім жылдам?» ойыны. Әр қатарға бір тапсырма беріледі.
1-қатарға. Берілген үшбұрыштың қабырғаларын өлшеп, периметрін табу.
2-қатарға. Берілген төртбұрыштың қабырғаларын өлшеп, периметрін табу.
3-қатарға. Шаршының қабырғаларын өлшеп, периметрін табу.
ә) «Теңге алу» ойыны. Тақтаға теңге ілінеді. Теңгеге жету үшін 3 қатардың оқушылары кедергілерден өту керек.Кедергілер-тапсырмалар. Қайсы қатардың оқушылары бірінші дұрыс орындайды, сол теңгені алады.

Оқулықпен жұмыс. 1-есеп. Берілген төртбұрыш, шаршының
қабырғаларын өлшеп, периметрін табу.

Шаршы

4см+4см+4см+4см=16см

Тік төртбұрыш

6см+3см+6см+3см=18см


2 есеп: Есеп құрастыр және шығар.

Шырша ойыншығы – 30 теңге
Қоңырау- ? 6 теңге қымбат
Шешуі: 30+(30+6) =66
Ж. 66 теңге
Зырылдауық – 90 теңге
Құрастырғыш--? 10 теңге арзан
Шешуі: 30+(30+6) =66
Шешуі: 90 – 10=80
Ж. 80 теңге

3есеп: Өрнекті жаз және оның смәнін тап.
А мен 30 санының қосындысы, мұндағы а = 27, 8;
27+30=57 8+30=38
А мен 6 санының айырмасы, мұндағы а = 76, 89;
76-6=70 89-6=83

4 есеп: Теңдеулерді шеш
а+8=98 а-5=40 а-6=32
а=98-8 а=40+5 а=32+6
а=90 а=45 а=38
90+8=98 45-5=40 38-6=32

Ой қозғау.
Кел, ойнайық!
«Сөз құрастыру»
Кестеге жауаптарды өсу ретімен орналастыр. Олардың астына тұсындағы әріптерді жаз. Сөзді оқы.
30-1Р 18-9А 74-70Қ 4+7М
8+8П 14+5Ы 13-6А 17-9Л

16
29
9
19
4
7
11
8
Мағынаны тану
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс Шығармашылық тапсырма:
Барлық қабырға тең екен,
Бұрыштары тік болса,
Өлшеп көрсем төрт екен.
Қабырғасы төртеуден.
Табуды біз үйрендік,
Ұзындығы 3 болса,
Периметрі нешеге тең?
Ені оның 2ге тең.
Есептеп сен айта ғой,
Периметрі нешеге тең
Алдымда тұр үшбұрыш
Қабырғасы 4та 3.
Бұл есептің жауабын
Айтып берші, байқағыш?
Үйге тапсырма Дәптермен жұмыс
Балапанға көмектес:
(12 3) 4 = 5
Күнделіктеріне жазады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.