» » Мектепшілік инновация апталығында оқыған баяндамасы

 
 
 

Мектепшілік инновация апталығында оқыған баяндамасы

Автор: admin от 6-01-2018, 05:10, посмотрело: 682

0 Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,
«Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Байбутаева Кундуздың оқыған баяндамасы

Мұғалім деген - мамандық, ұстаз деген - қасиетті ұғым
Мұғалім неліктен өзгеруі керек?
Бүгінгі жастар – «Мәңгілік елдің» болашағы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында басты мақсатымыз-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы, ол-«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті деген. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық.
Н.Ә. Назарбаев «Еліңнің ұлы болсан, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысын болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып−көркею жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет.» деген еді.Казіргі кезде барлық салады көп өзгерістер бар.Заман талабына сай адамның өзі де өзгеру керек.
Жолдауда «Мәңгілік Қазақстан» жобасында Қазақстан Республикасының әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын саласының бірі-ғылым мен білімге өте үлкен мән берген. Ал оны жүзеге асыратын – ұстанымы берік, білімді, жаңа форматтағы мұғалім.
Н.Ә.Назарбаев «Жаңа адамды жаңашыл мұғалім ғана тәрбиелейді» дегендей қазіргі заман ағымына сай тұлға тәрбиелеу үшін мұғалімде өзгеру керек болып тұр. Өз білгенімізді бала бойына сіңіріп, жақсы тәрбиеленген, алғыр, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеуіміз керек. Қазіргі кезде жан-жақтан берілетін ақпарат құралдары көп болғандықтан оқушылар оны тез қабылдайды. Соған байланысты мұғалім де жаңа заман талаптарына сай болу керек.Ұстаздар қауымы өздеріне жүктелген міндеттерге мойынсұнып, үздіксіз жұмыс жүргізуіміз керек.
Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш,шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болып, өзгеру керек.Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді.
Ұстаз алдындағы басты міндет ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдіниетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай,интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, білімді, жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу.
Қазіргі ұстаз қандай болуы керек?
Қазіргі заман мұғалімі:
- оқыту мен тәрбиелеу технологияларының қыр- сырын меңгерген
- шығармашыл
- мақсат қойып, оны шеше білетін
- балаларды және өз мамандығын сүйетін
- Өз ісіне берілген
- Біліктілігін көтеріп, оқып- үйренуден талмайтын
- Шыншыл, адамгершілігі мол
- Салауатты өмір салтын ұстанатын
Оқушылардың оқуға, білімге деген ынтасын ояту үшін мұғалім өзінің оқытатын пәнін терең білуі, өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы, жаңа педтехнологияларды меңгеріп, оқытуда жүзеге асыруы керек. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес.Мұғалім үнемі өз сабақтарында жаңа технологияларды қолданып, қайткенде де сабағында оқушылардың қызығушылықтарын оятып, таным белсенділіктерін арттыруға тырысуы керек. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік,адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін -өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазақстан Республикасының 2010-2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында бастауыш сынып оқушыларын оқытуға ерекше мән берген.Онда бастауыш мектепте қажетті біліктер мен дағдыларды игеруге оқу, жазу, санау, шығармашылықпен ойлау қабілеттерін дамытатындай оқу әрекетін ұйымдастыру атап көрсетілген және оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндігін ашу, білігін қалыптастыру көзделген.
Қазіргі таңда мұғалім оқушыға алдын- ала бәрін өзі дайындап бермеуі тиіс, оқушы өзі ізденуі қажет.Ал мұғалім оның оқуын, ақыл-ой дамуын ұйымдастыруы, оған басшылық жасау қажет. «Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ» десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселелердің бірі- білім беру, ғылымды дамыту, жан –жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Ұстаз үшін нәтижеге жету – шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала- ертеңгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағыны өте жоғары. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез –келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интербелсенді тақтаны пайдалана алатын, онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.Мұғалімдер жаңалықтардан қалмай, жасы мен қызметіне қарамай, үнемі білім алып, ақпараттық дәуірдің белсенді мүшесі болуы керек. Жаңа технологияларды игеруде әр ұстаздың қабілеті әртүрлі.Ұстаздың бойында өмірге, еңбекке, жаңалыққа адамдармен қатынасқа бағыттылықтың болуы оның құнды қасиеті ретінде саналады.Ал білім алуға бағыттылығы өзіндік баға беруден басталады.Мен не істедім?, неге қол жеткіздім? Бүгін не үйрендім деген сұрақтарды мұғалім өзіне де жиі қою керек..Мұндай рефлексия ұстазға өзінің өткенінен болашағына қарай жоғарылау жолында өзін- өзі жетілдіріп, өзін- өзі дамытуына шығармашылық биіктерге жетелейді.Жүйедегі жаңа өзгерістер үнемі жаңаша ойлайтын, жаңа формация мұғалімдерді қалыптастыратыны сөзсіз. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі оқытуды жаңаша ұйымдастыру немесе технологияландыру болып табылады. Қазіргі заман талабына, оқушылардың қажеттіліктеріне сай болу үшін ұстаз әр уақытта жаңаша сабақ өткізу формаларын, АКТ технологияларын оқып үйренуі қажет.
Биылғы жыл еліміздің түбегейлі жаңғыру жылы десек те болады. Жыл басында Елбасымыз Н.А.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жолдап, еліміздің жаңғыруының жолдарын айқындап берді. Ал Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында туған жеріміз гүлденіп,туған еліміз ғажайып түрге еніп келеді.Рухани жаңғырудың еліміз үшін орны ерек,жөні бөлек екені белгілі.Елбасымыздың бастамасын басшылыққа алып, рухани жаңғыру жұмысын үздіксіз жүргізуге тиіспіз.
Елбасымыздың «Мәңгілік Елге» бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі мамандық жолында білімді шәкірт дайындаудан шаршамайық. Әлемнің озық елдері арасында Қазақстанның білімді жастарының орны ерекше болып шарықтай берсін.Ол үшін мұғалім заман талабына сай өзгеру керек.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Байбутаева Кундуз Абдуллаевна




Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.