» » Ғылыми жұмыс: «Батырлар ерлігі, ұрпаққа өнеге»

 
 
 

Ғылыми жұмыс: «Батырлар ерлігі, ұрпаққа өнеге»

Автор: admin от 18-05-2018, 22:31, посмотрело: 819

1 Ауданы: Мақтарал ауданы, Қоғалы ауылы
Мектебі: Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі
Тақырыбы: «Батырлар ерлігі, ұрпаққа өнеге»
Аты-жөні, тегі: Басымбек Қылыш Алтынбекұлы
Сыныбы: 7 - сынып оқушысы
Жылы: 2018ж
Жетекшісі: Хидирова Карима Асқарбайқызы

Мазмұны

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім
1.Ұлы Отан соғысының ардагерлері
2. Ерлігі Каримов Басымбектің - ұрпаққа өнеге
3. Каримов Басымбектің марапаттаулары

ІІІ.Қорытынды

Мақсаты:
Ұлы Отан соғысының майдангері Каримов Басымбектің өмірін, еңбек жолын зерттеу.

Кіріспе
Менің жұмысымның тақырыбы «Батырлар ерлігі - ұрпаққа өнеге» деп аталады. Бұл жұмысты жазуды қолға алудағы басты мақсатым – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын негізге ала отырып қазақ халқының басына өткен қиын – қыстау сәт туғанда еліне қорған бола білген жаужүрек азаматтардың ерлігін кейінгі ұрпаққа насихаттау.
Отан үшін аянбай еңбек етіп, халық марапатына бөленген азаматтар қатарында менің атам Каримов Басымбек те бар.
Мен есімді білгелі көп кісілерден сұрапыл соғыс қиындықтары мен ондағы жанкешті ұлдардың ерліктері жайлы айтатын әңгімелері қызықтыра бастады.Атамның көзін көрген қариялар атам жайында айтып мені өздеріне еріксіз баурайтын. Осыдан кейін өзім атамның құжаттары мен естеліктеріне қанығып, таныса бастадым.Үлкен кісілерден атам жайында білген қағазға түсіруге қызығушылықпен сұрай бастадым. Соғысқа барғаны мен елге аман-есен оралғаны жайында кеңірек білуге тырыстым. Зерттеу жұмысты ел арасында ерлігімен көзге түсіп, халық әлі тани қоймаған ерлерді танытуды алдыма міндет етіп қойдым.

Даңқ мемориалы 2005жыл

Негізгі бөлім

1.Ұлы Отан соғысының ардагерлері

Соғыс жаңғырығы жылдан - жылға алыстап барады... Ол туралы үлкендерден, көнекөз қариялардан естіп жүреміз. Кинолардан, деректі фильмдерден көреміз. Әйтсе де өткенге көз жүгіртпей, болашаққа бағдар жасау мүмкін емес. ХХ ғасырдың орта кезінде болған алапат соғыс Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Кеңес Одағының тарихындағы Ұлы Отан соғысы болды. 1941 жылы маусымның 22 – сінде Гитлерлік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасағаны баршамызға аян.
Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды Жеңіс бізге миллиондаған адамдардың төгілген қанымен келді. Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кетті. Ұлы Отан соғысы тарихы туралы қаншама шығарма жазылып, қаншама кино түсіріліп жатса да оның тарихына еш уақытта нүкте қою мүмкін емес.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Қоғалы ауылынан Ұлы Отан соғысына 10 адам қатысып, Ұлы Отан соғысы ардагері атанды. Олар:
Әлімбетов Сиқымбай
Каримов Басымбек
Пайызов Слам
Тлеубаев Жиенбек
Патсаев Рысқұл
Батыров Абдрахман
Кушанов Құдайберген
Есеналиев Бабатай
Әтейев Сәтбек
Мырзабеков Сыдық
Ұлы Отан соғысының тарихында біздің ауылдың ержүрек батырларының есімі ерлігіне лайық ерекше құрметпен аталады. Сол бір аспан мен жер күңі-реніп, отқа оранған сұрапыл жылдарда қайтпас қайсарлықтың, ерен ерлік пен өрлік- өжеттіктің өшпес өнегесін көрсетіп, сол тұстағы алып ердің ең жоғары наградасына ие болған батырларымызды жерлестері ерекше мақтан тұтады.

2. Ерлігі Каримов Басымбектің - ұрпаққа өнеге

Каримов Басымбек 1924 жылы Өзбекстан Республикасы Ворошилов колхозында дүниеге келген. Балалық шағы сол жерде өткен. Басымбек ата 17 жасында, яғни 1941 жылы күз айында майданға елін, жерін қорғау үшін аттанды. Ол Калининградта шайқасты, оның қасында 5- 6 қазақ болды. Адамдар оққа ұшып жатты. Молдавия жерінде Рокосовский полкінде қызмет атқарып жүргенде Жуков пен кездескен. Басымбек ата Эстония, Латвия, Польша, Венгрия және Румынияда фашистермен шайқасты.Жауға қарсы кеудесін оққа төсеген. Кеңес әскерінің Чехославакия бағытындағы шайқастарда жеңіске жетіп, жауды Днепр өзеніне дейін шегінуге мәжбүр етуі бүкіл майдан шебін батысқа қарай жүздеген шақырым шегеруге мүмкіндік жасады. Елу күнге созылған осы бір қиян - кескі ұрыста немістер 30 дивизиясынан айрылды, сол кездегі соғыс тажалы атанған немістің «тигр», «пантер» атты 1500 дей танкілері, 3000 нан астам, 3500 сомолеті жойылды. Жау жағының жарты миллионға жуық жауынгері Курск түбінде жер жастанды. Немістің қанқұйлы армиясы енді қайтып Кеңес еліне беттеместей болып осы Курск доғасында жеңілді. Чехословакияға барғанда соғыс аяқталды. 1943 жылы Басымбек ата Калининград майданындағы 367 атқыштар полкінде болатын. Таң алды жау пулемет, автомат, зеңбіректерден оқ нөсерін төкті. Оған қарсы біздің «катюшалар» бірінен соң бірі атылып, фашистердің есін шығарды. Жауынгерлер жалғалмалы көпір жасап, арғы бетке өтті. Нағыз кескілескен ұрыс басталып, Басымбек ата да жауға ұмтылды. Кенет жарылған гранат денесіне тиіп жарақаттанды. Қасындағы адамдардың арасында аман қалды. 1945 жылы шілде айында еліне оралды. Ауылға келген соң Атакент қалашығында МТС те тракторшы механик болып жұмыс атқарған Әкеден 4 ұл, 3 қыз бар. Басымбек атаның Дербісек деген ағасы соғыста қайтыс болған. Соғыстан келген соң жеңгесіне қосқан. Осылай отбасын құрады. Марияш деген әйелден Алтыншаш, Алтынай деген қыздары дүниеге келген. Кейіннен Танкөз деген әйелге үйленіп, Қуанышбек, Ақмарал, Алтынбек, Асылбек атты ұл – қыздары бар. 1967 жылы наурыз айында Қоғалы елді мекеніне көшіп келген. Осы елде келген соң егіс алқабында қарауыл болып жұмыс атқарған. Басымбек ата 2002 жылы 3 сәуір күні дүниеден өтті. Қазір атадан өрбіген ұл-қыздардан 20 немере, 26 шөбере өсіп келеді.
Мен атамның арқасында осындай бейбіт заманда өмір сүріп жүрмін.

3. Каримов Басымбектің марапаттаулары

Каримов Басымбек Тәуелсіз мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Басшылары Кеңесінің 1995 жылғы 26 мамырдағы шешіміне сәйкес «Кеңес одағының Маршалы Г. К. Жуков медалімен» марапатталды.
Сонымен қоса Ұлы Жеңістің 20 жылдығы, 25 жылдығы, 30 жылдығы, 35 жылдығы, 40 жылдығы, 45 жылдығы, 50 жылдғы, 55 жылдығы құрметіне «1941-1945жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагері» мерекелік медалдерімен марапатталды.

Қорытынды

Сонымен сөзімді жинақтай келе мынандай түйін жасағым келеді. Мен біздің ауылдың батыры, атам туралы ауылмыздың ақсақалы Әлмахан атадан естігенімді зерделеп жаздым.
2005 жылы Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналып мектепте мәрмәр тастармен көмкерілген «Даңқ мемориялы» ашылды. Естелік тақтада ауылдағы соғыс ардагерлерінің, еңбек ардагерлерінің тізімі, ал алдында мәңгі алау жанып тұр.

Ойымызды түйіндей келе айтарымыз, ата – бабаларымыздың асыл мұрасын көздің қарашығындай сақтап, өзімізге өнеге тұтсақ, олардың есімін қадірлесек бұл жастар үшін тәрбие бастауы болары сөзсіз.
Халқына қадірлі абзал азамат, біздің ауылдың ер батырының жарқын бейнесі оның ұлағатын көрген ұрпақтары мен шәкірттерінің жүрегінде мәңгі сақталады.

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.