» » Страница 2

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

ҚМЖ 5 сынып: Климаттық үдерістер

Автор: admin от 18-05-2018, 23:36, посмотрело: 5369

1 Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: Ж. Сүлейменов ЖОМ
Мұғалімнің аты-жөні: А. Мусаева
Сынып - 5 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Климаттық үдерістер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) 5.4.1.1.- өлі табиғатта болатын үдерістерді атау (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер)

Ойлау дағдысының деңгейі Білужәнетүсіну
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар:Табиғатта болатын климаттық үдерістерді анықтау.
Басым бөлігі: Климат пен ауа-райының не екенін және олардың айырмашылығын түсіндіру.
Кейбір оқушылар: Климаттық үдерістердің себеп салдарын өмірмен байланыстыра отырып,мысалдар келтіру.
Бағалау критерийі Тапсырманы орындау критерийлері:
1. Климаттық үдерістерді анықтайды.
2. Климат және ауа райы құбылыстары мен элементтерін салыстырады.
3. Үдерістердің жүруін түсіндіре отырып, мысалдар келтіреді.
4. Клиамттың ерекшілігін сипаттап, анықтайды
Тілдік мақсаттар КлиматАуа райы Бейімделу
Климат ПогодаПриспособление
Climate WatherAdapotaion
Климат дегеніміз- белгілі бір аймақтағы ұзақ жылдар бойы қайталанатын ауа райының көп жылдық режимі.
Ауа райы дегеніміз-белгілі бір жердегі тәулік ішіндегі болатын жағдай.
Бейімделу-қауіпті желдер,өте жоғары және төмен температура, қысымның тез өзгеруі адамдарға қолайсызәсер ететін қауіпті құбылыстарды айтады
Құндылықтарға баулу «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының аясында жоғары деңгейлі зияткер оқушыларды дайындау және білім мен ғылымды біріктіру мақсатында климаттық үдерістермен таныстыру.
Пәнаралық байланыс Физика – табиғат құбылыстарын белгілі бір заңдылық бойынша үйренуде
Биология-өсімдіктер мен жануарлардың қолайсыз климатқа бейімделуін үйренуде.
Бейнелеу- графикалық бейнелерді түсіргенде
Алдыңғы білім Оқушылар осыған дейін климаттық үдерістер туралы білетін ойларын айта алады. Климаттық үдерістердің көэлементтерін,ондағы құбылыстары жайлы біледі. Климаттық үдерістердің ерекшеліктері туралы ойларын сипаттай алады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Дереккөздер, ресурстар
Сабақтың басы
5 минут

«миға шабуыл » әдісі
5 минут
І. «Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу.Оқушыларды топқа бөлу.Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру және тақырыпқа шығу мақсатында «Нөсер» жаттығуы арқылы тақырыпқа шығу.
-Бұл жаттығу сіздерге тақырып туралы қандай ой шақырады?
-Бүгін біздің ауылда қандай ауа райы?
-Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар?
«Мозайка!» әдісі арқылы оқушыларды 4 топқа бөлемін.

Географиялық диктантты «миға шабуыл » әдісі арқылы орындау.
1.Жер бедерін зерттейтін ғылым-.........деп атайды. (геоморфология)
2. Таулардың пайда болуы, ........және жанартаулардың атқылауынан пайда болады.(Жер сілкіну)
3. Тау жыныстарының температурасының, ......, мұздықтардың, судың, тірі организімдердің әсерінен бұзылу үрдісін үгілу дейміз. (Жауын-шашын)
4.Үгілудің үш түрі бар: ......, ............ және ........... (физикалық, химиялық, биогендік)
1. 5. Тау жыныстары биогендік жолмен үгілгенде организмдер өзіне қажетті...... заттарды сіңіріп алады (минералды заттарды)
Дескриптор:
-көп нүктенің орнына дұрыс жауабын береді.
-терминдердің мағанасын береді.

Интербелседі тақта, слайд, оқулық.

Сабақтың ортасы

15 минут

5 минут

5 минут

5 минут

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында бейнеролик көрсетіледі.
2. Тапсырма №1Топтық жұмыс жүргізіледі
3. 1. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы жаңа тақырыптың мәтінімен танысады, өзара талқылайды.
1-топқа тапсырма:
4. Ауа райы дегеніміз не,ауа райының қандай элементтері бар.
5. 2-топқа тапсырма:
6. Климат дегеніміз не,климат ұғымын алғаш ғылымға енгізген кім?
7. 3-топқа тапсырма:
8. Климат құрушы факторлардың негізін атап, себебін түсіндіру.
9. 4-топқа тапсырма:
10. Климаттың тірі ағзаға әсерін түсіндіру.
11.
12. Дескриптор:
-климат пен ауа райынне екенін анықтайды.
-ауа райының элементтерін тізімдейді.
–климаттың қалыптасуын түсіндіреді.
13. - климаттың тірі ағзаға әсерін анықтайды
Бағалау:өзара бірін- бірі бағалайды және кері байланыс беремін.
Жарайсыңдар, өте жақсы! Смайликтер арқылы

Тапсырма №2
«Кластер құрау» әдісі:
Берілген кластерді «Климат» сөзін пайдалана отырып толтыру.

14. Дескриптор:
-Климат қалыптастырушы факторларды анықтайды.
-Кластерді дүрыс жасайды.
-факторлардың ішінен негізгілерін іріктейді.

Бағалау:өзара бағалайды және кері байланыс беремін.
Мадақтау, Смайликтер арқылы

Тапсырма №3
«Cуреттер сөйлейді» - әдісі
1) Жыл мезгілдері өзгерістеріне ауа райының әсер етуіне сипаттама бер.

2. Күн мен түн, жыл маусымдарының ауысуы
3. Климаттық құбылыстар
(жауын-шашын, дауыл мен құмды желдер, қар, мұз)
Дескриптор: Білім алушы
-жыл мезгілдерінің өзгеріс себебін баяндайды.
-ауа райы компоненттерін анықтайды.
-сурет бойынша жыл мезгілдеріндегі табиғат компоненттерінің өзгеріп отыруына сипаттама береді.
Бағалау: Мадақтау, Басбармақ әдісі арқылы бағалау, кері байланыс беремін.

Тапсырма №4
«Бірге ойлаймыз» әдісі
Суретке қарап климат жағдайына өсімдіктер мен жануарлардың бейімделуі туралы айтады
1-сурет 2-сурет

3-сурет4-сурет

Дескриптор: Білім алушы
-Суретке қарап қай жануар қандай климат жағдайында тіршілік ететінін айтады.
-Қыс айларында қалай бейімделгенін анықтайды.
-Қолайлы-қолайсыз климаттық жағдайларды іріктейді.
-Жануарлар мен өсімдіктердің ерекшеліктерінің қалыптасуын климаттық жағдаймен байланыстырады.
Бағалау:өзара бағалайды және кері байланыс беремін.
Мадақтау, Смайликтер арқылы

5 сыныпқа арналған география оқулығы

5 сыныпқа арналған география оқулығы.

Сызба нұсқалар

Суреттер
Сабақтың соңы

5 минут
«Бес саусақ» әдісі рефлексия жасату.
Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылыр сабақты түсінген немесе түсінбеген және сұрақтары бар болса бес саусақ парақшасына өздерінің ойларын жеткізіп жазады.
Басбармақ - бүгін мен жаңадан нені үйрендім?
Балан үйрек-Бүгін мен не жасадым, неге қолжеткіздім?
Ортантерек–сабаққа байланыстыкөңілкүйім.
Шылдыршүмек-Бүгінкімгекөмектесеалдым?
Кішкенебөбек-Қандайқиындықболды, оны қалайжеңдім?
Оқушы жетістіктерін атап кері байланыс жасаймын.

Шартты белгілерді сақтай отырып, «Ауа райы күнделігін» толтырып келу.
Қосымша ақпарат
Саралау

Бағалау Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпа-раттық –коммуникациялық технологияларды қолдану
Сабақ барысында оқушыларды қолдау әрдайым орын алып отырады
Оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай А, В, С деңгейіндегі тапсыр-малар беріледі. А-ауа райы мен климат туралы мағлұмат алады.В- Климат және ауа райы құбылыстары мен элементтерін салыстырады. С- Үдерістердің жүруін түсіндіре отырып, мысалдар келтіреді. Сабақта мадақтау, смайликтер, өзара бірін- бірі бағалайды, басбармақ әдісі арқылыбағалап,
кері байланыс және критерий арқылы олардың жетістіктерін бақылап отырамын
Физика, биология,бейнелеу, жаратылыстану пәндері-мен байланыс орнатылады.
Қауіпсіздік ережелері әрдайым сақталады.Сабақ барысында құндылықтар дамытып отырады.
Рефлекция
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау тиімді болдыма
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім?
Және неліктен? .

Қорытынды бағалау
Қандай екі нәрсе табысты болды.
1. Кітаппен жұмыс жасауда, тапсырмаларды топпен талқылау кезінде табысты болды
2. Термин сөздерді атап оны жаттайды
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды(Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. АКТ мен жұмыс жасауда
2.Сыни тұрғыдағы жаңа әдіс-тәсілдер.
2. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Сыни тұрғыдағы ойлау қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмаларды беру мен әдістерді пайдалану. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері мен қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Категория: Мектеп

 

ҚМЖ 5 сынып: Бердібек Соқпақбаев«Менің атым Қожа» повесінен үзінді

Автор: admin от 18-05-2018, 23:32, посмотрело: 9200

1 САБАҚ:
Бердібек Соқпақбаев«Менің атым Қожа» повесінен үзінді Мұғалімнің есімі:Г.Махымова

Күні:
СЫНЫП: 5 Қатысқандар саны: Қатыспағандар: 0
Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары) әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау (5. Т/Ж2)
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
• Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.
Оқушылардың басым бөлігі:
• Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.
Кейбір оқушылар:
• Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Құндылықтарға баулу Адамгершілікке, имандылыққа баулу
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Миға шабуыл, топтастыру әдісі, үштік одақ әдісі
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Алдыңғы тақырып Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы. Ахмет атаға хат
Жоспарланған
Уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Ресурстар
Сабақтың басталуы 5 минут
Топқа бөлу2 минут
Санау арқылы бөлініп отырады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
3 минут «Ерке есім» әдісі

Сабақтың ортасы 20 минут Білу және түсіну 10 минут
Топтарға тапсырма:
(Мәтін бөліктерін тарату)
Оқулықтағы тапсырмаларды топтарға бөлу
Қожа мен Жантас бейнелеріне талдау

1. Лагерьге жолдама бермегені үшін Майқанова апайды ренжіткен Қожаның ісіне қалай қарайсың?
2. Оқулық алу үшін мұғалімді алдағаны дұрыс па?
3. “Бір секундқа кідіріп, мұрнымды көкке шүйіріп, маңғаздана қалдым да, қолымды кеудеме қойып, тәжім еттім. Мұным балалардың құрметіне сыпайыгершілікпен қайтарылған жауап болды да шықты. Балалар ду күліп жіберді.” Қожа қандай бала?
4. “Қысқы кешті” жаттамаған Жантас не істеді? Онысын қалай бағалайсың?
5. “Қысқы кешті” жаттамаған Қожа қандай күйде болды?
6. - Қара Көже мынаның не екенін білесің бе? Біз лагерьге баратын болдық. Ал сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың. Осы сөздерімен Жантастың қандай сипаты көрінеді?
7. - Бұл кім?
- Мен ғой, ата. Мен Қожамын.
- Мұнда неғып отырсың?
- Педсоветке келдім.
- Онда сенің не шаруаң бар?
- Мен жөнінде мәселе қарап жатыр.
- Сені мұғалім етеміз дей ме?
- Директор етеміз дейді.
Қожа қандай бала?
8. – Мама! Сен жылап жатырмысың? Маматай қойшы! Ең соңғы рет кешірші! Ант етемін! – деп, Қожа мамасының тізесін құшақтай жығылған қалпында жылап жіберді. Қожа қандай бала?
9. Қожаның құпия кеңес ашып, түзу жолға түсемін деп, өзіне - өзі серт беруі оның қандай бала екендігін көрсетеді?
Қолдану 8 минут «Үштік одақ» әдісі

Жалпыға арналған тапсырма:
Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.

«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.

Оқушылар өз оайларын стикерлерге жазып жабыстырады.
Сергіту сәті
2 минут «Қыдырып қайтайық!»
би билеу «Қыдырып қайтайық!» биі

Аяқталуы 13 минут Синтез

«Кинометафора» әдісі
«Менің атым Қожа» киносынан үзінді көрсету.
Бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы оқушылардың ой-пікірлерін білу

Оқушылар кестемен жұмыс жасайды
Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?
Топтастыру, үштік одақ әдістері арқылы Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Топтық, жұптық, өзара смайликтер арқылы Пəнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс

Нақыл сөздер, өлеңдер
• • •
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен? «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі»

Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жасза, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады. Сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазады.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды. Бүгін оқушылар Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты повесімен танысып, Қожаның іс-әрекеттерін «Топтастыру», «Үштік одақ», «Кинометафора» әдісітерімен жұмыс жасады.

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: «Топтастыру» әдісі кезінде
2: «Кинометафора» әдісі кезінде
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: «Үштік одақ» әдісі арқылы бір-бірлене сұрақ қойып жауап беруде.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?
1. Тақырыпқа сай қызықты ойындар қосып өту
2. Тиімді тәсілдер пайдалану

Категория: Мектеп

 

Математика: Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту

Автор: admin от 18-05-2018, 22:46, посмотрело: 1771

1 Тақырыбы: 43-сабақ. Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмі. 15+28; 43–15
Сабақтың мақсатын қоямын. Мектеп: Ж.Сүлейменов
Күні: 23.11.2017 ж Мұғалімнің аты-жөні: Байманова П
2 «Ә» сынып
Пәні: математика Қатысқандардың саны: 13
Қатыспағандардың саны:
Оқу мақсаттары 2.1.2.8.екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмін қолдану.
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар:
екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмін қолданады.
Көпшілік оқушылар:
екі таңбалы сандарды жазбаша қосу жəне азайту тəсілдерін қолданады.
Кейбір оқушылар:
барлық есептеулерді қатесіз орындап, осы түрдегі есептерді шығару мысалдарын табады немесе құрастырады.
Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады:
екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмі бойынша өз əрекетін түсіндіруді.
Пəндік лексика жəне терминология.
Мақсат, сабақ мақсаты, ондық арқылы ауысып, екі таңбалы сандарды жазбаша қосу жəне азайту тəсілдері.
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер. Талқылау.
Алгоритмге сəйкес екі таңбалы сандарды жазбаша қосу мен азайтуды орындау.
Жазу.
Жазбаша қосу мен азайту тəсілдерінің жазбасы.
Тірек білім Қосындыны санға азайтуға арналған есептер.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-əрекет Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут Ширату: Зейінді бір жерге шоғырландыру жаттығуы «Таңғы шеңбер»
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Көрші»
Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың мүшесі екендігін сезінуі, бір – біріне жылулық сыйлауы.
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Солжақтағы көршіңе бір жымиып.
Бүгінгі сабақ барысы,
Біз үлкен бір отбасы.
Топқа бөлу: Киімдер бейнеленген карточкалар ұсыну. Оқушылар таңдаған киімдерге сай топтарға бөлінеді.
«Көршілер» қимыл қозғалыстар арқылы жаттығу жасайды

1-топ:
2-топ:
3-топ:

Ортасы

20 минут
Ынталандыру.
Өткен ғасырдың басында белгілі педагог В.А.Сухомлинский «оқудан артта қалу тек нашар денсаулықтың нəтижесі» екенін байқады.
Оқушылардан бұл пікірді олардың қалай түсінетінін жəне олардың осы пікірге келісетінін сұраймын. Оқушылар жақсы денсаулық – сəтті оқудың кепілі, ал дене шынықтыру жəне спортпен айналысу денсаулықты нығайтып, интеллектуалдық, дене бітімнің жəне көңіл-күйдің дамуына əсер етеді деген қорытындыға келеді.
Сондықтан дене шынықтыру мектеп бағдарламасына міндетті пəн ретінде ендірілген. Оқушылар дене шынықтыру сабағы спорт алаңында өтетіледі. Дене шынықтыру сабағы жеңіл жəне қызықты өтуі үшін спортзал спорттық құралдармен жабдықталуы қажет. Оқушыларға оқулықтағы суретке қарап, спорт ойындарының түрлері туралы айтуын ұсынамын. Оқушыларға өздерінің мектебіндегі спортзалды сипаттауды ұсынамын.
Балалар біз бүгінгі сабағымызды ойын түрінде өткіземіз. Жарыса отырып қақпаға доп соғамыз. Сабақ соңында қай топ допты көп жинаса, сол топ жеңімпаз болады. Ол үшін тапсырмалар жазылған доптың шарттарын дұрыс орындауымыз керек.
Тапсырма дұрыс орындалса доп қақпаға салынады

Білу және түсіну
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

1-тапсырма бойынша практикалық жұмыс жүргізіледі, оқушылар суретте көрсетілген спорт ойындарының əрқайсысының мақсатын атайды. Мұғалім оқушының сабақтағы негізгі мақсаты қандай жəне оған қалай қол жеткізуге болады деген сұрақ қояды.
Өзектендіру.
Оқушылар осы суретте берілген өрнектердің мəнін есептеп шығарады.

Мақсат қою (проблемалық жағдай).
1-тапсырмада оқушылар тапсырманың иллюстрациясына қарап, сабақ мақсатын тұжырымдауға тырысады.
Оқушылар өткен сабақтағы мысалдармен ұсынылған мысалдарды салыстыра отырып, бүгінгі сабақтың мақсаты: ондықтан аттау жағдайы үшін есептеудің жазбаша тəсілдерін қолдануға үйрену деген қорытындыға келеді.

Жаңаны ашу.

Туындаған проблемалық жағдайдан шығу үшін оқушыларға оқулық бетінен жазбаша есептеулерді қалай жүргізуге болатынын қарап, түсіндіру ұсынылады. 2-тапсырманы топпен орындау ұсынылады. Соңында оқушылар өз түсіндірмелерін ұсынылған есептеу алгоритмімен салыстырады.
1-топ: «Галерея» әдісі бойынша 15+28, 43-15 қосу және азайту алгаритмінің моделін құрастырады.
2-топ: «Класстер» әдісі бойынша 15+28, 43-15 қосу және азайту алгаритмін баған түрінде орындайды.
3-топ: «Постер» әдісі бойынша 15+28, 43-15 қосу және азайту алгаритміне диаграмма құрады Постер жасату.
Оқушылар өз ойларын постерге жазып оқып береді.
Түсіндіре отырып бастапқы бекіту.
Қолдану
Дәптермен жұмыс.
Топтық жұмыс.
Талдау
Жаңа тақырыпты Жигсо әдісі арқылы тақырыпты бөліктерге бөліп, оқуға тапсырма береді. Топтағы бір нөмірлі балалар бір мысалды қарастырып, бірге отырып талқылап, өз топтарына келіп түсіндіреді.
Оқушылар сандар мен шамаларға арналған жазбаша есептеу тəсілдерінің алгоритмін пайдалана отырып, амалдарды орындайды.
3-тапсырманы ұсынамын.
Қателік жіберген оқушыларды анықтаймын.
Қиындықтан шығудың жолын көрсетемін.
Тапсырма орындалғаннан кейін мұғалім оқушыларды табыс критерийімен таныстырады. Оқушы сəтті орындалған тапсырманы бағалайтын өлшемнің тұсына қанатша белгісін (٧) қояды.
Бағалау критерийі:
Есептеулерді бағанмен дұрыс жаза аламын.
Ондықтан аттап қосу жəне азайту алгоритмін қолдана аламын.
Жауапты оқимын.
Тексеру жүргіземін.
Сергіту сәті:
Баспен – 1 – ді жазамыз,
Оң иықпен – 2 – ні жазамыз,
Сол иықпен – 3 – ті жазамыз,
Оң бөксемен – 4 – ті жазамыз,
Сол бөксемен – 5 ті жазамыз,
Оң тіземен – 6 –ны жазамыз,
Сол тіземен – 7 – ні жазамыз,
Оң аяқтың ұшымен – 8 –ді жазамыз,
Сол аяқтың ұшымен – 9 –ды жазамыз,
Қолды көтереміз, 3-рет шапалақтаймыз!
Өтілген материалмен жұмыс.
«Менің сөзім» әдісі бойынша топтық жұмыста тапсырма беру.
Оқулықтағы 4-тапсырмада оқушылар саннан қосындыны азайту жəне қосындыдан санды азайту ережелерін еске түсіріп, есептерді əртүрлі тəсілдермен шығарады.
«Жариялау» әдісі
(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)
Оқулықтағы 5-тапсырма есептеулер жүргізбей, өрнектерді салыстыру арқылы орындалады.
Оқушылар қорытынды жасайды:
 өрнектерде бірдей бір қосылғыштан болған жағдайда, екінші қосылғышы ірірек өрнек ірі болып табылады;
• азайғыштар бірдей болған жағдайда, азайтқышы кем өрнек артық болып табылады.

Тапсырма дұрыс орындалса доп қақпаға салынады
Үйге: 6-тапсырма
оқушылар тапсырмада берілген шамаларды көрсетілген бірліктерде беруі тиіс.
200 кг = ц 4 ц = кг
Тапсырманы жемісті орындау үшін оқушылар ұзындық жəне салмақ өлшем бірліктерінің сандық қатынасын білуі тиіс.
 (1дм = 10см; 1м = 10дм; 1м = 100см; 1ц =100кг). Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады,ойланады

Аяқталуы
10 минут
Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 1 балл.
Топтың аты:

Оқушының аты-жөні Суретпен жұмыс «Постер» әдісі «Өз сөзім» әдісі «Джигсо» әдісі «Жариялау» Жалпы балл
1
2
3
4
5
6

«Рефлексиялық шеңбер»
Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.
Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?
Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?
Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?
Сабақта қандай қиындықтар туындады?
Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен? Бағалау парақшасы

Рефлексиялық шеңбер

Категория: Мектеп

 

Сауат ашу: Дені саудың – жаны сау

Автор: admin от 18-05-2018, 22:44, посмотрело: 3390

1 Күні: 4.05.2017Ж
Сынып: 1 «Ә»
Пәні: сауат ашу Қатысқандар саны: 13
Қатыспағандар саны:
Мұғалімі: Байманова П
Сабақтың тақырыбы Дені саудың – жаны сау
Денсаулық-зор байлық.
Заттың атын білдіретін сөздер.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Денсаулық – здорове – health
Спорт – спорт - sport
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут Мейірімді жүрекпен (жүректерін ұстайды)
Ақ пейілді тілекпен (қолдарын көкке көтереді)
Амандасып алайық (бір-бірінің қолдарын ұстайды)
Бір жадырап қалайық (бір-біріне қарап күлімдейді)
Еңбек етіп ерінбей,
Жақсы баға алайық! (бас бармақтарын көрсетеді)
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

«Өрмекші» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау.
Ой ашу: блиц-турнир сұрағы.
а) Тіс тазартатын құралдар (щетка, паста)
ә) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)
б) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ (дене тәрбие)
в) Жалқаудың досы (еріншектік, ұйқы)
г) Адам өміріне ең қажет (ауа, су, жылу, жарық, тамақ)
ғ) тазалық кепілі (денсаулық)
Балалар денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Дені сау деп қандай адамдарды айтамыз?
Дұрыс,балалар деніміз сау болу үшін біз пайдалы тағамдарды жеуіміз керек және үнемі спортпен шұғылдануымыз керек.
Жаңа ақпарат

Қандай пайдалы жемістерді білесіңдер?

Жемістер бойынша оқушыларды топқа бөлемін.
1 – топ
2 – топ
3 – топ
Шаттық шебері

Көзіміз ауырмаса, басымыз ауырмаса, құлағымыз ауырмаса, аяғымыз ауырмаса онда деніміз
сау болғаны. Дені сау адам деп ауырмайтын адамдарды айтамыз

Пайдалы жемістер

Сабақтың ортасы
8 минут

Жаңа сабақ
«Денсаулық» туралы видео көрсету.
Балалар бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:
Денсаулық – зор байлық. Заттың атын білдіретін сөздер.
Ереже
ЗАТТЫҢ АТЫН БІЛДІРЕТІН СӨЗДЕРГЕ КІМ? КІМДЕР? НЕ? НЕЛЕР? СҰРАҚТАРЫ ҚОЙЫЛАДЫ.
Балалар сендер денсаулыққа қатысты мақалдар білесіңдер ме?
1.Тазалық - саулық кепілі,
2.Саулық - байлық кепілі.
3.Демі бардың – емі бар .
4.Денсаулық – зор байлық.
«Сиқырлы қапшық» ойыны
Ойын барысы: Қапшықтың ішінде тазалық құралдары бар. Оқушылар алып, заттардың атын үш тілде айтып, буынға бөледі.

Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. «Сұрақ – жауап» әдісі
Мәтінді мәнерлеп оқыту, сұрақтарға жауап алу.

2-жаттығу. Талдау жасау
Тазалық – денсаулық кепілі
Әрі қарай өзім жалғастырып өтемін Денсаулық – байлық негізі.
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті
2 минут Видеоролик арқылы сергіту жасайды.
Топ – топ басайық әні Сергіту сәті
Аяқталуы
16 минут

Қызықты тапсырма
3 минут «Менің сөзім»әдісі бойынша топтық жұмыста тапсырма беру.

Топтық жұмыс. Постер қорғау
1 – топ: Денсаулыққа пайдалы заттарды жарнамалау.
2 – топ: Денсаулық ұғымына сәйкес сөз тіркестерін табу.
3 – топ: Суретті тиісті сөздермен сәйкестендіру.

3 – жаттығу «Қарама-қайшылықты шешу» әдісі
Ұсынылған заттар мен құбылыстарды әр қырынан қарау;
Ақын, әнші той бастар,
Шешен адам сөз бастар.
Батырлар бар қол бастар,
Көпті көрген қол бастар
4 – жаттығу Қызықты тапсырма
Әріптер мен сандарды пайдаланып, жасырынған сөзді тап. Сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құра.
53436 – шымыр
Шымыр сөзіне қатыстырып әр оқушының өз ойын білу.

Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

«Бағдаршам» белгілері
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлаймын. Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырмын. Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарым.
- Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?
- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?
- Сендер қандай азамат болып өсулерің керек?
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты (тапсырмалар іске асты ма)?
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім
және неге?
Денсаулық туралы қарапайым ережелерді есте сақтаңдар, менің соңымнан қайталаңдар.
Балалар тәрбиешімен бірге ережелерді қайталайды.
- күніне кем дегенде 2 рет тіс жуу керек.
- Ұқыпты таза жүру керек.
-Әрдайым спортпен шұғылдану керек
-Дұрыс тамақтану керек.
-Күнде жуынып жүру керек.
-Әрдайым жеміс-жидек, көкөністерді жуып жеу керек.

Бастауыш сынып мұғалімі Байманова Патима Базарбаевна
Сабақты өткізу әдісі туралы қысқаша сипаттама:

1.Сабақтың түрі. Жаңа білімді меңгерту сабағы. Жаңа сабақ материалдары бойынша алдын-ала үйге тапсырмалар беріліп, ізденуге, зерттеуге, бір-бірін оқытуға бағыттадым. Бұл сабақта оқушылар бір-бірін оқытып, топпен моделдеу жұмысын атқарды. Мұнда теориялық білім практикалмен ұштастырылды.

2.Сабақтың сипаттамалық кезеңі. Сабақтың жаңа білімді меңгерту түрін таңдап алу барысында сабақтың құрылымы сабақтың мақсатына және типіне сәйкес болды. Оқу құралдарды сабақта тиімді пайдаландым және сабақты тәжірибемен байланыстырдым. Сабақ мазмұнын бағдарламаға, сабақ міндеттеріне сай құрып, оған дидактикалық өңдеулер жасадым. Оқушыларға шығармашылық-ізденіс тапсырмалар бердім.

3.Сабақты өту әдісі мен формасының ерекшеліктері. Сабақта көрнекілік және иллюстрациялық әдісті пайдаландым. Оқушының белсенділігі мен өз бетінше әрекет етуін жоғарылату мақсатында дидактикалық негізгі функцияны – проблемалық-ізденімпаздық іс - әрекет тәсілдерін пайдаланып, оқушылардың шығармашылық іс - әрекетін дамытуды қарастырдым.

Сабақ беру әдіс- тәсілдерімді, көрнекіліктер мен құралдарды оқу материалының мазмұнына, сабақ мақсаттарына, сынып мүмкіндігіне, оқушы іс-әрекетін белсенділендіру міндетіне мүмкіндігінше сәйкестендірдім. Сабақта дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдарды, техникалық жабдықтарды(интерактивті тақта, компьютерлер,) тиімді пайдаландым.

4.Оқушылар меңгерген білімін, іскерлігін, дағдысын қалыптастыру. Сабақ бастамас бұрын психологиялық ахуал орнаттым. Жаңа тақырыпты ашу мақсатында АКТ – ны пайдаланып, видеоролик көрсеттім. Оқушылар сабақтың барлық кезеңдерінде белсенділік пен ұйымшылдық көрсетті. Оқушылар мені, бір-бірлерін тиянақты тыңдап, интерактивтегі материалдарды , кітаптағы материалдарды өз беттерінше топта жұмыс істеу барысында дұрыс қолдана білді. «Өрмекші» әдісі оқушылар бір – біріне сұрақтар қоя отырып бірінің ойын бірі толықтырып, сын тұрғысынан ойлауын дамытады. Сабақ тақырыбы бойынша оқушыларға өздігінен білім алуға жағдайлар туғыздым, яғни оқушылар туындаған проблемалық сұрақтарды алған білімдерін, дағдыларын қолдана отырып, жұмыс жасады. Кейбір оқушылар топпен жұмыс жасау кезінде белсене араласты.Топпен жұмыс оқушының жаңа ақпаратты өзі білетін білімімен салыстыра отырып, тақырыптың мағынасын түсініп оқуына қол жеткізеді. Оқушылар өз тобының алдындағы жауапкершілігін сезініп, тапсырманы сапалы орындайды. Сабақ барысында оқушыларды жұлдызшалармен сабақтың әр кезеңінде бағалап отырдым. Оқушылардың сабақта алған білім, білік, дағдылары бойынша алған бағаларына қарап сабақ өз деңгейде өтті деп есептеймін. Сабақ жоспары толық орындалды. Оқушылар шығармашылықпен, өз беттерімен жұмыс атқара отырып, сабақта тиісті дәрежеде білім алды.

5.Үйге берілетін тапсырманың мөлшері мен қиындығы, көлемі. Оқушыларға үйге тапсырманы сыныпта орындалған жұмыстарына байланысты қайталау, дамыту мақсатында бердім. Онда үй тапсырмасын қалай орындау жолдарын, орындау барысында неге көңіл бөлу керектігін оқушыларға түсіндірдім. Үй тапсырмасында оқушылардың шығармашылықпен жұмыс атқаруларына да мән бердім.Қызығушылықтарын арттыру мақсатында үй тапсырмасына «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында шағын әңгіме жазып келуге бердім.

V.Жалпы қорытындылар мен ұсыныстар. Таңдалып алынған көрнекілік құралдар проблемалық оқыту талаптарына сай болды. Қолданылған әдістер және жұмыс түрлері сабақ міндеттеріне сай болды, дұрыс үйлестірілді.

Келесі сабақтарда оқушылардың білімінің маңызды даму деңгейі мен кезекті даму аумағын есепке алуым қажет. Оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру жолындағы іс-әрекеттерді нақтылай түсуім қажет

Категория: Мектеп

 

Ғылыми жұмыс: «Батырлар ерлігі, ұрпаққа өнеге»

Автор: admin от 18-05-2018, 22:31, посмотрело: 820

1 Ауданы: Мақтарал ауданы, Қоғалы ауылы
Мектебі: Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі
Тақырыбы: «Батырлар ерлігі, ұрпаққа өнеге»
Аты-жөні, тегі: Басымбек Қылыш Алтынбекұлы
Сыныбы: 7 - сынып оқушысы
Жылы: 2018ж
Жетекшісі: Хидирова Карима Асқарбайқызы

Мазмұны

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім
1.Ұлы Отан соғысының ардагерлері
2. Ерлігі Каримов Басымбектің - ұрпаққа өнеге
3. Каримов Басымбектің марапаттаулары

ІІІ.Қорытынды

Мақсаты:
Ұлы Отан соғысының майдангері Каримов Басымбектің өмірін, еңбек жолын зерттеу.

Кіріспе
Менің жұмысымның тақырыбы «Батырлар ерлігі - ұрпаққа өнеге» деп аталады. Бұл жұмысты жазуды қолға алудағы басты мақсатым – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын негізге ала отырып қазақ халқының басына өткен қиын – қыстау сәт туғанда еліне қорған бола білген жаужүрек азаматтардың ерлігін кейінгі ұрпаққа насихаттау.
Отан үшін аянбай еңбек етіп, халық марапатына бөленген азаматтар қатарында менің атам Каримов Басымбек те бар.
Мен есімді білгелі көп кісілерден сұрапыл соғыс қиындықтары мен ондағы жанкешті ұлдардың ерліктері жайлы айтатын әңгімелері қызықтыра бастады.Атамның көзін көрген қариялар атам жайында айтып мені өздеріне еріксіз баурайтын. Осыдан кейін өзім атамның құжаттары мен естеліктеріне қанығып, таныса бастадым.Үлкен кісілерден атам жайында білген қағазға түсіруге қызығушылықпен сұрай бастадым. Соғысқа барғаны мен елге аман-есен оралғаны жайында кеңірек білуге тырыстым. Зерттеу жұмысты ел арасында ерлігімен көзге түсіп, халық әлі тани қоймаған ерлерді танытуды алдыма міндет етіп қойдым.

Даңқ мемориалы 2005жыл

Негізгі бөлім

1.Ұлы Отан соғысының ардагерлері

Соғыс жаңғырығы жылдан - жылға алыстап барады... Ол туралы үлкендерден, көнекөз қариялардан естіп жүреміз. Кинолардан, деректі фильмдерден көреміз. Әйтсе де өткенге көз жүгіртпей, болашаққа бағдар жасау мүмкін емес. ХХ ғасырдың орта кезінде болған алапат соғыс Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Кеңес Одағының тарихындағы Ұлы Отан соғысы болды. 1941 жылы маусымның 22 – сінде Гитлерлік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасағаны баршамызға аян.
Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды Жеңіс бізге миллиондаған адамдардың төгілген қанымен келді. Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кетті. Ұлы Отан соғысы тарихы туралы қаншама шығарма жазылып, қаншама кино түсіріліп жатса да оның тарихына еш уақытта нүкте қою мүмкін емес.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Қоғалы ауылынан Ұлы Отан соғысына 10 адам қатысып, Ұлы Отан соғысы ардагері атанды. Олар:
Әлімбетов Сиқымбай
Каримов Басымбек
Пайызов Слам
Тлеубаев Жиенбек
Патсаев Рысқұл
Батыров Абдрахман
Кушанов Құдайберген
Есеналиев Бабатай
Әтейев Сәтбек
Мырзабеков Сыдық
Ұлы Отан соғысының тарихында біздің ауылдың ержүрек батырларының есімі ерлігіне лайық ерекше құрметпен аталады. Сол бір аспан мен жер күңі-реніп, отқа оранған сұрапыл жылдарда қайтпас қайсарлықтың, ерен ерлік пен өрлік- өжеттіктің өшпес өнегесін көрсетіп, сол тұстағы алып ердің ең жоғары наградасына ие болған батырларымызды жерлестері ерекше мақтан тұтады.

2. Ерлігі Каримов Басымбектің - ұрпаққа өнеге

Каримов Басымбек 1924 жылы Өзбекстан Республикасы Ворошилов колхозында дүниеге келген. Балалық шағы сол жерде өткен. Басымбек ата 17 жасында, яғни 1941 жылы күз айында майданға елін, жерін қорғау үшін аттанды. Ол Калининградта шайқасты, оның қасында 5- 6 қазақ болды. Адамдар оққа ұшып жатты. Молдавия жерінде Рокосовский полкінде қызмет атқарып жүргенде Жуков пен кездескен. Басымбек ата Эстония, Латвия, Польша, Венгрия және Румынияда фашистермен шайқасты.Жауға қарсы кеудесін оққа төсеген. Кеңес әскерінің Чехославакия бағытындағы шайқастарда жеңіске жетіп, жауды Днепр өзеніне дейін шегінуге мәжбүр етуі бүкіл майдан шебін батысқа қарай жүздеген шақырым шегеруге мүмкіндік жасады. Елу күнге созылған осы бір қиян - кескі ұрыста немістер 30 дивизиясынан айрылды, сол кездегі соғыс тажалы атанған немістің «тигр», «пантер» атты 1500 дей танкілері, 3000 нан астам, 3500 сомолеті жойылды. Жау жағының жарты миллионға жуық жауынгері Курск түбінде жер жастанды. Немістің қанқұйлы армиясы енді қайтып Кеңес еліне беттеместей болып осы Курск доғасында жеңілді. Чехословакияға барғанда соғыс аяқталды. 1943 жылы Басымбек ата Калининград майданындағы 367 атқыштар полкінде болатын. Таң алды жау пулемет, автомат, зеңбіректерден оқ нөсерін төкті. Оған қарсы біздің «катюшалар» бірінен соң бірі атылып, фашистердің есін шығарды. Жауынгерлер жалғалмалы көпір жасап, арғы бетке өтті. Нағыз кескілескен ұрыс басталып, Басымбек ата да жауға ұмтылды. Кенет жарылған гранат денесіне тиіп жарақаттанды. Қасындағы адамдардың арасында аман қалды. 1945 жылы шілде айында еліне оралды. Ауылға келген соң Атакент қалашығында МТС те тракторшы механик болып жұмыс атқарған Әкеден 4 ұл, 3 қыз бар. Басымбек атаның Дербісек деген ағасы соғыста қайтыс болған. Соғыстан келген соң жеңгесіне қосқан. Осылай отбасын құрады. Марияш деген әйелден Алтыншаш, Алтынай деген қыздары дүниеге келген. Кейіннен Танкөз деген әйелге үйленіп, Қуанышбек, Ақмарал, Алтынбек, Асылбек атты ұл – қыздары бар. 1967 жылы наурыз айында Қоғалы елді мекеніне көшіп келген. Осы елде келген соң егіс алқабында қарауыл болып жұмыс атқарған. Басымбек ата 2002 жылы 3 сәуір күні дүниеден өтті. Қазір атадан өрбіген ұл-қыздардан 20 немере, 26 шөбере өсіп келеді.
Мен атамның арқасында осындай бейбіт заманда өмір сүріп жүрмін.

3. Каримов Басымбектің марапаттаулары

Каримов Басымбек Тәуелсіз мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Басшылары Кеңесінің 1995 жылғы 26 мамырдағы шешіміне сәйкес «Кеңес одағының Маршалы Г. К. Жуков медалімен» марапатталды.
Сонымен қоса Ұлы Жеңістің 20 жылдығы, 25 жылдығы, 30 жылдығы, 35 жылдығы, 40 жылдығы, 45 жылдығы, 50 жылдғы, 55 жылдығы құрметіне «1941-1945жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагері» мерекелік медалдерімен марапатталды.

Қорытынды

Сонымен сөзімді жинақтай келе мынандай түйін жасағым келеді. Мен біздің ауылдың батыры, атам туралы ауылмыздың ақсақалы Әлмахан атадан естігенімді зерделеп жаздым.
2005 жылы Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналып мектепте мәрмәр тастармен көмкерілген «Даңқ мемориялы» ашылды. Естелік тақтада ауылдағы соғыс ардагерлерінің, еңбек ардагерлерінің тізімі, ал алдында мәңгі алау жанып тұр.

Ойымызды түйіндей келе айтарымыз, ата – бабаларымыздың асыл мұрасын көздің қарашығындай сақтап, өзімізге өнеге тұтсақ, олардың есімін қадірлесек бұл жастар үшін тәрбие бастауы болары сөзсіз.
Халқына қадірлі абзал азамат, біздің ауылдың ер батырының жарқын бейнесі оның ұлағатын көрген ұрпақтары мен шәкірттерінің жүрегінде мәңгі сақталады.

Категория: Мектеп

 

ҚМЖ 5 сынып: Үйсіндер туралы жазба деректер

Автор: admin от 18-05-2018, 13:06, посмотрело: 5762

1 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
5.3В Үйсіндер мен қаңлылар
Күні :
Сынып : 5«А » Мектеп: «Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» кмм
Мұғалімнің аты-жөні: Хидирова Карима
Қатысқандар:15 Қатыспағандар: жоқ
Сабақтың тақырыбы: Үйсіндер туралы жазба деректер
Осы сабақта қол жеткізген оқу мақсаттары 5.3.1.2 – ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру;
5.1.2.2 – әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіру;

Сабақтың мақсаты :
Барлық оқушылар: Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген үйсін мемлекеттік бірлестігінің құрылуы мен Үйсін мемлекетіндегі әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіру.
Оқушылардың басым бөлігі: Қытай деректеріндегі үйсіндер туралы әңгімелеу
Кейбір оқушылар: Тарихи деректердегі үйсіндердің ерекшеліктерін сипаттау
Бағалау критерийі Үйсін мемлекеттік бірлестігінің құрылу тарихын анықтайды.
Әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін айта алады.
Тілдік мақсаттар Негізгі сөздер мен терминология: «Аққу әні», гуньмо, Усунь-го, Чигучен, Шижұн ханша, Сыма Цян, Чжан Цян, «Ши Цзи»
Талқылауға арналған сұрақтар :
1. Қытай авторлары үйсіндердің өмірін қалай сипаттады?
2. «Аққу әні» үйсіндердің тұрмысы туралы қандай мәлімет береді?
3. Үйсіндердің орналасқан жерін картадан көрсет
Құндылықтарға баулу «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының алтыншы құндылығы: Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы
Пәнаралық байланыс География, дүние жүзі тарихы
АКТ – ні қолдану дағдылары Білу, қолдану, түсіну, мәселелерді шешу дағдылары қалыптасады.
Алдыңғы білім Дүниетану 4 сынып. Қазақ жеріндегі ежелгі мемлекеттік бірлестіктер
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланғанкезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы
12 минут Ұйымдастыру кезеңі.
Ынтымақтастық атмосферасын орнату.
Оқушыларды топқа бөлу. Сынып оқушыларын 1,2,3 сандары арқылы топтарға бөлу. Оқушылар сандар арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу.
1-топ 2-топ 3-топ

Үй тапсырмасын сұрау: « Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі
Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге бөлініп , бір – біріне сұрақ қояды:
1.Сақтардың көрші халықтармен байланысы
2.Александр Македонскийдің сақтарға жорығы
3.Сақтардың сауда байланыстарының маңызы
4.Сақтар өз еркіндіктері мен бостандықтары үшін кімдермен күресуге мәжбүр болды?
5.Неліктен басқа билеушілер сақтрды бағындыруға құмар болды?
Оқушылар 3-топ құрайды

«Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі

Сабақтың ортасы:
Негізгі бөлім
10 минут

6 минут

6 минут Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
1-тапсырма. Топтық жұмыс.
Визуальды әдіс: АКТ-дан «Үйсіндер» туралы видеоролик көрсетіледі. https://www.youtube.com/watch?v=WOSlWwjeJmU
Тапсырма: Видеороликті топ болып талқылау.
Дескриптор:
1.Үйсіндер туралы жазба деректерді біледі
2.Үйсін мемлекетінің қалай құрылғандығын біледі
3.Үйсіндердің айналысқан кәсібі мен әлеуметтік өмірін айтады
Жұптық жұмыс: Сәйкестендіру кестесі
Үйсін қоғамындағы әлеуметтік топтарға сипаттама беріңіз.

Гуньмо
(күньби)

Малшылар, егіншілер және қолөнершілер. Құлдар да болған. Олар негізінен соғыс тұтқындарынан тұрған. Олардың еңбегі көбінесе үй шаруашылығында пайдаланылды

Бектар, ру басылары, ауқатты
адамдар
Ол өзіне қараған ел -жұртты балаларына бөліп беріп, мұрагерлік жолмен иеленді. Мемлекеттің ең жоғарғы билешісі

Қарапайым
Бұқара Әскербасылар мен шонжарлар. Сарай маңындағы лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған.
Дескриптор:
1.Үйсін қоғамындағы күнбидің рөлін түсіндіреді
2.Үйсін қоғамындағы бектар, ру басылары, ауқатты адамдардың рөлін сипаттайды
3.Үйсін қоғамындағы қарапайым бұқараның рөлін сипаттайды
Жеке жұмыс.
"Сіз қаншалықты сенесіз?" әдісі арқылы оқушыларға кесте таратылады .Оқушылар сұрақтарды жеке жұмыс жасап, сынып ұжымымен талқылайды
Сұрақтар сенемін сенбеймін
1.Қытай деректерінде «Усунь-го» - «Үйсін мемлекеті» деп аталады. +
2. Усуньго Қытай тілінен аударғанда «жер» дегенді білдіреді +
«аспан»
3. Чжан Цянның хабарлауы бойынша үйсіндердің 120мың түтіні, 630мың адамы, 188 000 әскері болған. +
4.Қытай тарихшысы Жан Чянның «Хан әулеті» еңбегінде «Усунь» этнонимі ең алғаш айтылады. + Сыма Цянның «Ши Цзи» еңбегінде
5. Жазба деректерде Үйсіндер Қазақстанның Жетісу өлкесі, Шу, Талас өңірі, Ыстықкөл және Қытайдың солтүстік батыс аймағында тұрды деп айтылады +
Дескриптор:
1.Үйсіндер туралы Қытай жазба деректерімен танысады
2.Үйсіндердің мемлекеттік шекарасын анықтайды
Топтық жұмыс
АКТ

Жұптық жұмыс Сәйкестендіру кестесі

Оқулық Қазақстан тарихы NIS 2017ж
106-107 беттер

Жеке жұмыс.
"Сіз қаншалықты сенесіз?" әдісі

Сабақтың соңы
6 минут

Үйге тапсырма Кері байланыс :

Үйсіндердің жазба деректері туралы тірек сызба құрастырып келу Кері байланыс
Қосымша ақпарат
Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?
Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
Кейбірі: «Бас қатырғыш»
Үйсін............................СНЙҮІ
Тайпа......................АЙПАТ
Күнби.....................ИНҮКБ
Қытай....................ТЙАҚЫ
Шижұн.....................НҰЖИШ
Барлығы: «Тарихи сынақхат»
Үйсіндерде .......................көп, байларында .........мың жылқы бар. Өте ержүрек, ........................., батырлары да көп. Сатқындарды ............... жазалайды. Қуатты мемлекет. Бағалау – оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?
Мұғалім тарапынан қадағалау, бақылау, түзету жұмыстары
Өзін – өзі бағалау;
Өзара бағалау;

Бағалау

Барлығын Әліде Түсінген
түсіндім сұрақтар жоқпын
бар Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау :
Указканы дұрыс пайдалану;
АКТ мен жұмыс барысында оқушылардың денсаулық және техника қауіпсіздігін сақтау ережелерімен таныстыру;
Сергіту сәті. «Оркестр» жаттығуы .
Мен – дирижер, тыңдаушылар –оркестр. Қолымды төмендетіп сақтар десем ақырын шапалақтайды, жоғарылатып үйсіндер десем қатты шапалақтайды.
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралаушаралары
тиімді болдыма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердімбе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне
неліктен ?

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Категория: Мектеп

 
 
 

"Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру"бойынша атқарылған іс-шаралар

Автор: admin от 10-01-2018, 00:03, посмотрело: 1456

0 Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінде мұғалімдер арасында өткізілген жиналыс
Хаттамасы
№ 3
Атамекен а/ә «22» қараша 2017.ж
Қоғалы ауылы
Қатысқандар-45
Күн тәртібі:
1. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған рухани жаңғырудың өзекті мәселелерімен таныстыру

Тыңдалды:
Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары А.Қасымбеков өз сөзінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы бағдарламалық мақаласындағы негізгі бағыттарын жүзеге асыруда Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын Жолдауында «Тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат біздің қоғамымызды одан әрі ұйымдастыра түсетін басты фактор болуға тиіс» Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол-әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Қазіргі әлемдегі технологиялық дәстүрді түбегейлі өзгерту экономикалық өсімнің жаңа моделіне өтуді талап ету. Президенттің қай жолғы жолдауын алсаңыз да, халықтың тұрмысын жақсартып, ел экономикасын көтерумен қатар, жастарды білім мен ғылымға шақыратынын көреміз.
Расында да жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты-сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Еліміз Тәуелсіздік алған жылдарда біраз қиыншылықтарды бастан өткергенмен, бүгінде оның бәрі артта қалған жасампаз, бақуатты елге айналды.
Мектеп мұғалімі Р.Мұхымбай баяндама жасады. Ол өз баяндамасында, қазіргі заманғы технологиялық ортаның 21 ғасырдағы ғылыми және білім беру ерекшеліктеріне байланысты 2017ж аяғына дейін ғалымдардың көмегімен барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырыпқазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқауын қабылдау керек.


1. Бәсекеге қабілеттілік.
2.Прагматизм
3.Ұлттық бірегейлікті сақтау
4. Білімнің салтанат құруы
5.Қазақстанның революциялық кемес эволюциялық дамуы.
6. Сананың ашықтығы

Компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты маңызды факторларға ие болу керек. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру»сияқты бағдарламалар-ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды білім мен жаңа технологияға тарту екенін нақтылап айқындады.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Маликова сөз алып, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы бағдарламалық мақаласындағы негізінде «Қазақстандағы 100 жаңа есім» -Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, ауылымыздың әртүрлі жастағы тұрғындары мен түрлі этнос өкілдерінің тарихын насихаттауды қолға алу.
«Жаныңда жүр жақсы адам» - Тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен өнерімен озып шыққан азаматтардың жүріп өткен жолдарын таныстыру. Сондықтан, оларды телевизиялық деректі туындылардың кейіпкеріне айналдыруымыз керек. Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек. Үш жоба мәселесі бойынша оқушылардың ізденуіне кең жол ашу.
Шешім:
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы бағдарламалық мақаласындағы негізінде
алты жоба мәселесі бойынша Қазақстанда заманауи дарынды адамдарды қоғамда таныстырылсын.

Жиналыс төрағасы: Ж.Мұғалбеков
Хатшысы: З.Тілеубаев

Категория: Мектеп