» » Страница 3

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Инновация апталық жоспары

Автор: admin от 6-01-2018, 05:19, посмотрело: 989

0 «БЕКІТЕМІН»
Мектеп директоры:________________
Ж.Мугалбеков
«Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
13.11.2017 – 18.11.2017 ж. аралығында өтетін инновация апталығының іс – жоспары


№ Іс – шара атуы Түрі мерзімі Сыныбы Жауапты

1 «Химиялық элементтер» Ашық сабақ 13.11 7 Мусаева К.
2 Есептерді шешуде векторларды қолдану Ашық сабақ 14.11 9Ә Құралбаева Ә.
3 «Қарахан мемлекеті» Ашық сабақ 15.11 7 Байбаков Е.
4 «Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу» Ашық сабақ 15.11. 7сынып Бөлекбаев С.
5 «Екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмі» Ашық сабақ 16.11 2А Исаева Г.
6 Дулат Бабатайұлы «О Ақтан жас,Ақтан жас» өлеңі Ашық сабақ 16.11 5Ә Қазыбаева Н.
7 «Менің сыныптас достарым. Ы дыбысы мен әрпі» Ашық сабақ 17.11 1А Темірбекова Ұ.
8 «Сүйектердің байланыс түрлері» Ашық сабақ 17.11 8 Турлыбекова Ж.
«Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» - мектепішілік семинар
9 «Сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру» Мастер класс 18.11.Пед.ұжым Муталиева А.
10 Оқушылардың зейінін қалыптастыру тренинг 18.11 Пед. ұжым Мұхымбай Р.
11 «Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып зейіні мен жадысын жақсарту» Коучинг 18.11
Пед. ұжым Турлыбекова Ж.
12 «Жаңартылған білім беру мазмұнының басты ерекшеліктері мен маңызы» Өз практикасынан 18.11.
Пед.ұжым А.Қасымбеков
П.Байманова
Ф.Мирзаева
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: А.Қасымбеков
Қ.Байбутаева

Категория: Мектеп

 

Мектепшілік инновация апталығында оқыған баяндамасы

Автор: admin от 6-01-2018, 05:10, посмотрело: 682

0 Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,
«Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Байбутаева Кундуздың оқыған баяндамасы

Мұғалім деген - мамандық, ұстаз деген - қасиетті ұғым
Мұғалім неліктен өзгеруі керек?
Бүгінгі жастар – «Мәңгілік елдің» болашағы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында басты мақсатымыз-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы, ол-«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті деген. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық.
Н.Ә. Назарбаев «Еліңнің ұлы болсан, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысын болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып−көркею жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет.» деген еді.Казіргі кезде барлық салады көп өзгерістер бар.Заман талабына сай адамның өзі де өзгеру керек.
Жолдауда «Мәңгілік Қазақстан» жобасында Қазақстан Республикасының әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын саласының бірі-ғылым мен білімге өте үлкен мән берген. Ал оны жүзеге асыратын – ұстанымы берік, білімді, жаңа форматтағы мұғалім.
Н.Ә.Назарбаев «Жаңа адамды жаңашыл мұғалім ғана тәрбиелейді» дегендей қазіргі заман ағымына сай тұлға тәрбиелеу үшін мұғалімде өзгеру керек болып тұр. Өз білгенімізді бала бойына сіңіріп, жақсы тәрбиеленген, алғыр, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеуіміз керек. Қазіргі кезде жан-жақтан берілетін ақпарат құралдары көп болғандықтан оқушылар оны тез қабылдайды. Соған байланысты мұғалім де жаңа заман талаптарына сай болу керек.Ұстаздар қауымы өздеріне жүктелген міндеттерге мойынсұнып, үздіксіз жұмыс жүргізуіміз керек.
Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш,шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болып, өзгеру керек.Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді.
Ұстаз алдындағы басты міндет ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдіниетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай,интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, білімді, жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу.
Қазіргі ұстаз қандай болуы керек?
Қазіргі заман мұғалімі:
- оқыту мен тәрбиелеу технологияларының қыр- сырын меңгерген
- шығармашыл
- мақсат қойып, оны шеше білетін
- балаларды және өз мамандығын сүйетін
- Өз ісіне берілген
- Біліктілігін көтеріп, оқып- үйренуден талмайтын
- Шыншыл, адамгершілігі мол
- Салауатты өмір салтын ұстанатын
Оқушылардың оқуға, білімге деген ынтасын ояту үшін мұғалім өзінің оқытатын пәнін терең білуі, өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы, жаңа педтехнологияларды меңгеріп, оқытуда жүзеге асыруы керек. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес.Мұғалім үнемі өз сабақтарында жаңа технологияларды қолданып, қайткенде де сабағында оқушылардың қызығушылықтарын оятып, таным белсенділіктерін арттыруға тырысуы керек. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік,адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін -өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазақстан Республикасының 2010-2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында бастауыш сынып оқушыларын оқытуға ерекше мән берген.Онда бастауыш мектепте қажетті біліктер мен дағдыларды игеруге оқу, жазу, санау, шығармашылықпен ойлау қабілеттерін дамытатындай оқу әрекетін ұйымдастыру атап көрсетілген және оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндігін ашу, білігін қалыптастыру көзделген.
Қазіргі таңда мұғалім оқушыға алдын- ала бәрін өзі дайындап бермеуі тиіс, оқушы өзі ізденуі қажет.Ал мұғалім оның оқуын, ақыл-ой дамуын ұйымдастыруы, оған басшылық жасау қажет. «Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ» десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселелердің бірі- білім беру, ғылымды дамыту, жан –жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Ұстаз үшін нәтижеге жету – шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала- ертеңгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағыны өте жоғары. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез –келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интербелсенді тақтаны пайдалана алатын, онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.Мұғалімдер жаңалықтардан қалмай, жасы мен қызметіне қарамай, үнемі білім алып, ақпараттық дәуірдің белсенді мүшесі болуы керек. Жаңа технологияларды игеруде әр ұстаздың қабілеті әртүрлі.Ұстаздың бойында өмірге, еңбекке, жаңалыққа адамдармен қатынасқа бағыттылықтың болуы оның құнды қасиеті ретінде саналады.Ал білім алуға бағыттылығы өзіндік баға беруден басталады.Мен не істедім?, неге қол жеткіздім? Бүгін не үйрендім деген сұрақтарды мұғалім өзіне де жиі қою керек..Мұндай рефлексия ұстазға өзінің өткенінен болашағына қарай жоғарылау жолында өзін- өзі жетілдіріп, өзін- өзі дамытуына шығармашылық биіктерге жетелейді.Жүйедегі жаңа өзгерістер үнемі жаңаша ойлайтын, жаңа формация мұғалімдерді қалыптастыратыны сөзсіз. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі оқытуды жаңаша ұйымдастыру немесе технологияландыру болып табылады. Қазіргі заман талабына, оқушылардың қажеттіліктеріне сай болу үшін ұстаз әр уақытта жаңаша сабақ өткізу формаларын, АКТ технологияларын оқып үйренуі қажет.
Биылғы жыл еліміздің түбегейлі жаңғыру жылы десек те болады. Жыл басында Елбасымыз Н.А.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жолдап, еліміздің жаңғыруының жолдарын айқындап берді. Ал Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында туған жеріміз гүлденіп,туған еліміз ғажайып түрге еніп келеді.Рухани жаңғырудың еліміз үшін орны ерек,жөні бөлек екені белгілі.Елбасымыздың бастамасын басшылыққа алып, рухани жаңғыру жұмысын үздіксіз жүргізуге тиіспіз.
Елбасымыздың «Мәңгілік Елге» бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі мамандық жолында білімді шәкірт дайындаудан шаршамайық. Әлемнің озық елдері арасында Қазақстанның білімді жастарының орны ерекше болып шарықтай берсін.Ол үшін мұғалім заман талабына сай өзгеру керек.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Байбутаева Кундуз Абдуллаевна





Категория: Мектеп

 

Тарих пәні 10 сынып суреттер

Автор: admin от 5-01-2018, 09:35, посмотрело: 1209

0
Тарих пәні 10 сынып  суреттер
Тарих пәні 10 сынып  суреттер
Тарих пәні 10 сынып  суреттер
Тарих пәні 10 сынып  суреттер
Тарих пәні 10 сынып  суреттер
Тарих пәні 10 сынып  суреттер
Тарих пәні 10 сынып  суреттер
Тарих пәні 10 сынып  суреттер
Тарих пәні 10 сынып  суреттер
Тарих пәні 10 сынып  суреттер

Категория: Мектеп

 

Тарих пәні 10 сынып

Автор: admin от 5-01-2018, 08:13, посмотрело: 1396

0 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
ХІІІ-ХVғасырдың I жартысындағы Қазақстан. Мектеп: «Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» кмм

Күні:15.12.2017 ж Мұғалімнің аты-жөні:Маликова Қ
Сынып: 10 «Ә» Қатысқандар:14 Қатыспағандар:
Сабақ тақырыбы Монғол ұлыстары билігі дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің саяси дамуының ерекшеліктері.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 10.3.1.6.-картаны қолдану арқылы ХІІІ-ХVғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру.
10.3.1.5.- Жошы –Қыпшақ ұлысы державасы-Алтын орда мемлекетін сипаттау.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Монғол мемлекетінің ХІІІ-ХVғасырлардағы ішкі және сыртқы саясатын білу.
Оқушылардың басым бөлігі: Жошы –Қыпшақ ұлысы державасы- Алтын орда мемлекетіне сипаттама беру.
Кейбір оқушылар:Картаны қолдану арқылы ХІІІ-ХVғасырлардағы мемлекеттегі саяси үдерістерін ерекшелігін ажырату.
Бағалау критерийлері 1. Монғол империясының территориялық аумақтарын картадан көрсетеді.
2. Жошы –Қыпшақ ұлысы державасы- Алтын орда мемлекетін сипаттайды
Тілдік мақсаттар Шыңғысхан, Үгедей, Шағатай, Қараша-хажиб,империя, уәзір, құрылтай.
1.Шыңғысханның Қазақстан мен Орта Азияға жорық жасаған жылы?
2. Ертіс бойындағы сол қанатты басқарған билеуші кім?
3.Шыңғыс әулеті мен моңғол көшпелі ақсүйектерінің жалпы империялық жиналысы қалай аталады?
Құндылықтарды дарыту Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің біртұтастығы.
Пәнаралық байланыстар География, әдебиет, дүние жүзі тарихы
АКТ қолдану дағдылары Іздену, қолдану, түсіну,мәселелерді шешу дағдылары қалыптасады.
Алдыңғы білім Қазақстан аумағындағы моңғолдар шапқыншылығы
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы


1.Ұйымдастыру
2. Топқа біріктіру стикер арқылы
І-топ « Ондықтар»
ІІ-топ «Жүздіктер»
ІІІ-топ « Мыңдықтар »
3.Үй тапсырма
Зымыран сұрақтары
1.Шыңғысханның өмір сүрген жылдары?
2.Шыңғысханның шын есімі?
3.Қашан Монғол империясы құрылды?
4.Шыңғысхан империясы неше түменге бөлінді?
5.Үш әскери – әкімшілік аймақты ата?
Дескриптор
Шыңғысханның өмір сүру жылдарын, шын есімін біледі.
Монғол империясының құрылған жылын, үш әскери- әкімшілікті атай біледі. Қазақстан тарихы
7сынып Алматы Атамұра 2017
Қазақстан картасы
Сабақтың ортасы

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру «Монғол ұлыстары билігі дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің саяси дамуының ерекшеліктері»
Ой қозғау
Оқушылар «Монғол ұлыстары билігі дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің саяси дамуының ерекшеліктері» тақырыбындағы
бейне материалды тамашалайды.
(Видеофильм)
Визуалды әдіс. Көре отырып, топтық жұмыста постер қорғайды.
Топтық жұмыс
Кластер әдісі арқылы тапсырманы орындау
1 топ: «Ондықтар»
1. Шыңғысханның жорықтарын атаңыз


2-топ: «Картамен жұмыс»

3 топ: «Жүзім шоқтары»
Дескриптор
Шыңғысханның жорығын атап, картадан көрсете біледі
Жұптық жұмыс
Тірек –сызбаны толтыру арқылы Отырар опаты мен Отырар шайқасы туралы түсінектеме беріңіз


Дескриптор
Отырар опаты мен Отырар шайқасын ажырата біліп әңгімелейді
Жеке жұмыс
Не артық ?кестесіндегі түйін сөздердің артығын алып тастау
Қайырхан Шыңғысхан Кир
Отырар Чигучин Баласағұн
1219 – 1220жж 1218ж 1219 – 1225жж
Дескриптор
Салыстырмалы түрде артығын алып тастайды

плакат, маркер тірек – сызба кесте
Сабақтың соңы



Кері байланыс
«Екі өлшемді күнделік» әдісі.
1.Бүгінгі тақырыпта маған әсер еткен оқиғалар......
2.Әсер еткен оқиғаларға менің өзіндік ойым.........
Үйге тапсырма
Контур картасында Шыңғысханның жорықтарын, бағыт жолдарын анықтап көрсету және әңгімелеу. кері байланыс парақшалары


Саралау
Барлығына:
Тарихи тұлғаларды сәйкестендір.
1.Шыңғысхан А) Отырар әміршісі
2.Қайырхан Ә)Отырар сатқыны
3.Қараша Б)Моңғол империясы
Кейбіріне:«Тұлғаға хат»жазу
Қайырхан, Шағатай
Шыңғысхан, Үгедей Бағалау
Мұғалім тарапынан қадағалау,бақылау, түзету жүргізіледі.Бір – бірін бағалайды.Өзін – өзі бағалау жүргізіледі.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ – ны дұрыс пайдалану.Указканы дұрыс қолдану.
Сергіту сәтін ұйымдастыру
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Тексерілді: 15.12.17.ж.

Категория: Мектеп

 

Мектеп мұғалімдері

Автор: admin от 15-02-2017, 04:05, посмотрело: 848

2

Категория: Мектеп

 

Мектеп директоры

Автор: admin от 15-02-2017, 00:33, посмотрело: 819

0

Категория: Мектеп

 

Ж.Сүлейменов атындағы ЖОМ

Автор: admin от 11-05-2016, 05:44, посмотрело: 2034

12                                                                                                                       
                                                                                                                                                                                 Бекітемін:                            
                                                                                                                                                                           Мектеп директоры:   
                                                                                                                                                                           Ж.  Мұғалбеков
 
 
                 1 күн
    Тақырыбы :
 
1-сабақ: Бірлескен және топтық жұмыс.Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.
2-сабақ: Сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару. Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін негіздеу. Мұғалім мен оқушының көзқарастары.
Мақсаты:
 
Мұғалімдер  топта  ұйымдастыру әдістемесіне  талдау жасайды және ынтымақтыстықта оқыту туралы қорытынды шығарады.
Оқу нәтижесі:
 
Мұғалімдер топта  және сапалы түрде жұмыс істейтіндердің арасындағы айырмашылдықты ескере отырып, шағын топтағы жұмыс моделін құрады және оқыту мен оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу керектігі жөнінде негіздеме айтады.
Түйінді идеялар:
 
Мұғалімдердің бір-бірімен бірлескен жұмысының бірінші сабағын ұйымдастыру сапасы оқудың бұдан әрі қарай жүретінін түбегейлі әсер етеді. Осыған байланысты сергіту сәтінен (разминка) бастап, тренерлер сабақтарында қолданатын оқыту мен оқу тәсілдерінің негізінде тиісті модельді құру арқылы шағын топтардағы жұмысты ұйымдастыру әдістемесіне мысалдар келтірген маңызды.
Сабақ барысы
Уақыты
Тапсырмалар түрлері
Мектеп тренерінің іс-әрекеті
Мұғалімнің іс-әрекеті
Ресурстар
1 күннің  (1сабағы )
15 мин
«Достық» танысу шеңбері
Шеңбер құрып, танысу жолдарын айтады.
Өздерінің жетістігі мен қуанышы туралы айтып бөліседі.
 
«Тұлға ізі» әдісі арқылы топқа бөлу
Тренердің көмегімен топқа бөліп отырғызу.
 
Өзіне ұнаған түс алып, жаңа 1 күнмен құттықтап бір-біріне береді.Алған  түсімен топқа бөлініп отырады
Гүл дестесі
 
 
Сауалнама
Сауалнама алу.
 
20 мин
«Бумеранг» әдісі бойынша  ой қозғау:
Тапсырма: Топ ережесін құру
1.Топта қалай жұмыс істеу керек?
2.Топ жұмысы нәтижелі болу үшін не істеу қажет?
 
Сұрақ-жауап.
Топтық жұмыс:
Топ ережесін құрады;
СТО әдәсі
Постер,
Маркер.
Түрлі түсті қағаздар, т.б.
10 мин
Сұрақ :
Үлгі көрсету. Слайд №1
1.Топ ережесін осы күнге дейін пайдаланғандарыңыз бар ма?
2.Тағы қандай топ ережесін құруға болады?
Сұраққа жауап бере отырып топ ережесі туралы ойларын толықтырады.
СТО әдісі,
Слайд №1
 (2 сабағы )
10 мин
Миға шабылу:
 
Слайд №2-4: тренердің көмегімен толықтыру.
1.Топ мүшелері қанша адамнан тұрады деп ойлайсыздар?
2. Топ мүшелері бір-біріне қалай қолдау  көрсететін болады?
3.Жұмыстың соңғы нәтижесін қалай ресімдейсіз?
4.Топ мүшелеріндегі ілгерілеуді қалай  қадағалауға болады?
Әр топтың ақылдаса шешкен жауаптарын айтады
СТО әдісі
Слайд №2.
 
20 мин
Оқыту және оқу әдістемесін не үшін өзгеріс енгізу керек деп ойлайсыздар?
Ал МАНда былай депті:
Өз бетінше оқып тану әдісі:
 
«Бағдарламаның теориялық негіздері»
«Мұғалімнің ұстамы»
«Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім»
«Сапалы және табысты оқыту»
Қатысушылар тақырыпты топпен оқып,  спикер арқылы бір-біріне түсіндіреді
МАН 4-8 бет
15 мин
қорытындылау
Слайд №5-8
Мектеп тренері арқылы бағдарламаның теори ялық негіздерін түсіндіру
Қатысушылар қосымша түсінік алады
Слайд №3, МАН
 (3 сабағы )
10 мин
«Жарайсыңдар!» әуенімен қатысушыларды сергіту сәтіне шақырады.
Үлестірмелі қағаздар арқылы топқа бөлу.
Бірлескен түрде сергіту сәтіне қатысты
Музыка
10 мин
Ойын. 
 
Ортаға қатысушылардың ішінен ерікті шақырылады. Тапсырма: Ерікті қатысушыны жан-жақты сипаттама беріп, суреттеу, кейіптеу, мінездеме беру.
Сұрақ: Бұл әдісті қалай атауға болады?
Берілген тапсырма арқылы қатысушылар топтың түйінді идеясын айтады.
 
10 мин
 «Қасқыр мен бұзау»  
Бейнесюжет көрсету  
 
Қатысушылар бейнефильм  (үзіндіні) көреді.
Бейнефильм
15 мин
Топтарға бейнефильм бойынша тапсырмалар беру.
Тақырыпқа сәйкес ресурстар таратылады.
Тапсырмалар бойынша қатысушылар сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыра отырып, бірлескен жұмыс жасайды.
Тапсырма
 (4 сабағы )
25 мин
1-топ:«Баяндап берушілер»
 
 
 
 
2-топ: «Зерттеушілер»
 
 
 
 
 
3-топ:                                 «Сұрақ құрастырушылар мен бейнелеушілер»
 
 
4-топ:
«Сілтеме табушылар мен дәнекершілер»
 
Тапсырмасы: Бейнефильмнен көрген сюжеттің мазмұнына өз көзқарастарын қосып, баяндау.
 
Тапсырмасы:
Бейнефильм кейіпкерлеріне мінездеме бере отырып, сюжеттегі іс-әрекеттерге антоним, синоним сөздерін табу.
Тапсырмасы:   Сюжетке жоғары деңгейлі сұрақтар дайындау және сюжет бойынша сурет салу.
 
Тапсырмасы:          Бейнефильм мазмұнына сәйкес мақал-мәтел, афоризмдер,
қанатты, нақыл сөздер тауып, сәйкестігін дәлелдеу және сюжетті бүгінгі өмірмен байланыстыру
Бейнефильм бойынша «Топтық тергеу» стратегиясы бойынша  тапсырмалармен сын тұрғысынан ойлана отырып, жұмыстарын жасайды.
Маркер ,
Түрлі түсті қағаздар, А4, постер,т.б.
10 мин
«Топтық тергеу» әдісінің құрылымен таныстыру
Слайд №8-9
«Топтық  тергеу» әдісін теориялық тұрғыдан таныстыру Слайд №8-9
 
10 мин
Рефлексия :
Жаттығу "Кездескенше"  (Барлық қатысушылар шеңбер жасап түргеп тұрады)
-Менің қолымда кішкентай ғана сиқырлы күн бар. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлады.Оны сіздер бір-біріңізге бере отырып, бүгінгі сабақ туралы өз әсерлеріңізді қалай болғаны жайлы айтып, пікірлеріңізді білдіресіздер, әрине, осымен бірге әріптестеріңіздің бағалап, атына өз тілектеріңізді жолдайсыздар.
Қатысушылар өз ойларын білдіреді және бірін-бірі бағалайды.
 
 
 
 
                                 Мектеп тренері:                                        Муталиева А.У.

Категория: Мектеп

 
Назад Вперед