» Страница 6

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 
 
 

"Рухани жаңғыру" аясында мектеп психологтарының "Мен шабыт беремін" апталығынан көріністер

Автор: admin от 15-01-2018, 23:05, посмотрело: 1211

13 «Бекітемін»

Мектеп директоры: _______________
Ж.Мугалбеков

«Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2017-2018 оқу жылындағы «Мен шабыт беремін...» атты психология апталығының жоспары

Мақсаты: Психологиялық қызметтің жұмысын насихаттау, мектеп ұжымының ауызбіршілігін қалыптастыру, оқушылардың шығармашылығын, белсенділігін арттыру.
№ Өткізілетін іс-шаралар Ұраны Мерзімі, уақыты, қатысушылар Жауапты
Сейсенбі б «Түрлі түсті күн»
Апталықтың ашылуы:
1. «Мейірімді болса жүрек орындалар тілек» ұстаздарға арналған тренинг.
2.«Сымбатты болу шартымыз...» (Флеш – моб)
«Әрбір бұлтты күннен кейін, міндетті түрде күн шығады!» 19.12.2017ж. 800-830
Мұғалімдер 1040-1050 7 сынып оқушылар Ж. Каликова М. Оспанова

Сәрсенбі
«Бақытты күн»
1.«Бойжеткен әдемі жүр, сыпайы күл!» фотосуреттер көрмесі.

2. «Мектеп – ортақ үйіміз» мектептің жалпы суреті. «Әрбір адам, өз бақытының жаршысы»
20.12.2017 ж.
Күн бойы
8-11 сыныптар 5-11 сыныпта Ж. Каликова М. Оспанова Сынып жетекшілер
Бейсенбі
«Ата – аналар күні»
1. «Ананың алақаны балаға
айдынды қоныс» тренинг
 Баяндама: «Мектеп пен
отбасы арасындағы байланыс – заман талабы»  Ата – анаға жадынама тарату.
1. Ата-аналар мен сынып жетекшілер арасында өткізілетін
«Білім мен тәрбие егіз ұғым» интеллектуалды психологиялық ойын сабақ «Тәрбие отбасынан басталады» 21.12.2017ж.
1130-1300
Ата-аналар

1000-1100
1500-1600
1-4 сынып жетекшілері және ата-аналар Ж. Каликова М. Оспанова
Сынып жетекшілер
Жұма
«Жарқын болашақ күні»
1.«Мамандық білгірлері» кәсіби бағдарлау сайысы.

2. «Алынбайтын асу жоқ» тақырыбында эссе жазу


2.«Реніш» тақырыбындағы психологиялық сабақ.
«Болашақ бүгіннен басталады!»
22.12.2017ж.
11 сынып
1500-1630

1-11 сынып оқушылары


4 сынып
1100-1200 Ж. Каликова
М. Оспанова
Сынып жетекшілер
Сенбі
«Қарым – қатынас күні»
Апталықты қорытындылау:
1. «Сиқырлы сезім» атты
ойын-сауық кеші.
2. Апталыққа белсене
қатысқан оқушылар мен ұстаздарды марапаттау.


« Қарым – қатынас, өмір атты тағамның ең қажетті тұздығы»

23.12.2017ж.

1500-1800
1-11 сынып
оқушылары
Мұғалімдер Ж. Каликова
М. Оспанова
Ф. Асқар
Ш. Смадиярова
Сынып жетекшілер



Дайындаған: Ж. Каликова
М. Оспанова













Мектебімізде 2017-2018 оқу жылындағы желтоқсан айының 19-23 күндері аралығында
«Мен шабыт беремін...» атты психология апталығы болып өтті.
Бірінші күні апталықтың ашылуы болды. Апталықтың әрбір күніне ұран айтылып, ат қойылды.
1 күні «Түрлі түсті күн» , Ұраны: «Әрбір бұлтты күннен кейін, міндетті түрде күн шығады!». Мектеп педагог-психологы Ж. Каликова «Мейірімді болса жүрек орындалар тілек» атты ұстаздарға тренинг жүргізді. Ұстаздар сол күні сабақтарын көтеріңкі көңіл - күймен бастады.
Апталықтың ашылу салтанатында оқушылар «Сымбатты болу шартымыз...»
атты флеш – моб биледі. Мектеп іші шарлармен безендірілді. Әрбір сыныпқа ақын, жазушы, ғұламалардың нақыл сөздері және көңіл күй көтеретін суреттер ілінді.
2 күні «Бақытты күн» Ұраны: «Әрбір адам, өз бақытының жаршысы».
8-11 сынып оқушылары арасында «Бойжеткен әдемі жүр, сыпайы күл!» атты фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды.
5-11 сынып оқушылары арасында «Мектеп – ортақ үйіміз» атты мектептің жалпы суреттері ілінді.
3 күні «Ата – аналар күні» Ұраны: «Тәрбие отбасынан басталады».
Мектебіміздің психологы М. Оспанова ата-аналарға «Ананың алақаны
балаға айдынды қоныс» атты тренинг жүргізді. Мектеп педагог-психологы Ж. Каликова «Мектеп пен отбасы арасындағы байланыс – заман талабы» тақырыбында баяндама оқыды. Сол жерде ата – аналарға жадынама таратылды.
Психолог М. Оспанова ата-аналар мен сынып жетекшілер арасында «Білім мен тәрбие егіз ұғым» атты интеллектуалды психологиялық ойын сабақ өткізді.
4 күні «Жарқын болашақ күні» Ұраны: «Болашақ бүгіннен басталады!»
Ж. Каликова 11 сынып оқушыларымен «Мамандық білгірлері» кәсіби бағдарлау сайысын өткізді.
Сол күні 1-11 сынып оқушылары «Алынбайтын асу жоқ» тақырыбында эссе жазып тапсырды. Мамандар оқушылардың эсселерін тексеріп шығып, үздіктерін белгілеп берді.
М. Оспанова 4 сынып оқушыларына «Реніш» тақырыбында психологиялық сабақ өткізді. Сабаққа оқушылар белсене қатысты.
5 күні «Қарым – қатынас күні» Ұраны: « Қарым – қатынас, өмір атты тағамның ең қажетті тұздығы».
Апталықты қорытындылауда 1-11сынып оқушылары аралығында «Сиқырлы сезім» атты ойын-сауық кеші ұйымдастырылды. Кеште әсем әндер мен билер, көріністер көрсетілді. Бірнеше психологиялық жаттығулар жүргізілді.
Апталыққа белсене қатысқан оқушылар мен ұстаздар марапатталып, ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Cырласайық женеше! 07.03.2017ж.

Автор: admin от 14-01-2018, 01:19, посмотрело: 652

2
Cырласайық женеше!  07.03.2017ж.
Cырласайық женеше!  07.03.2017ж.
Cырласайық женеше!  07.03.2017ж.
Cырласайық женеше!  07.03.2017ж.
Cырласайық женеше!  07.03.2017ж.
Cырласайық женеше!  07.03.2017ж.

Категория: Галерея

 
 
 

"Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру"бойынша атқарылған іс-шаралар

Автор: admin от 10-01-2018, 00:03, посмотрело: 1455

0 Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінде мұғалімдер арасында өткізілген жиналыс
Хаттамасы
№ 3
Атамекен а/ә «22» қараша 2017.ж
Қоғалы ауылы
Қатысқандар-45
Күн тәртібі:
1. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған рухани жаңғырудың өзекті мәселелерімен таныстыру

Тыңдалды:
Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары А.Қасымбеков өз сөзінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы бағдарламалық мақаласындағы негізгі бағыттарын жүзеге асыруда Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын Жолдауында «Тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат біздің қоғамымызды одан әрі ұйымдастыра түсетін басты фактор болуға тиіс» Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол-әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Қазіргі әлемдегі технологиялық дәстүрді түбегейлі өзгерту экономикалық өсімнің жаңа моделіне өтуді талап ету. Президенттің қай жолғы жолдауын алсаңыз да, халықтың тұрмысын жақсартып, ел экономикасын көтерумен қатар, жастарды білім мен ғылымға шақыратынын көреміз.
Расында да жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты-сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Еліміз Тәуелсіздік алған жылдарда біраз қиыншылықтарды бастан өткергенмен, бүгінде оның бәрі артта қалған жасампаз, бақуатты елге айналды.
Мектеп мұғалімі Р.Мұхымбай баяндама жасады. Ол өз баяндамасында, қазіргі заманғы технологиялық ортаның 21 ғасырдағы ғылыми және білім беру ерекшеліктеріне байланысты 2017ж аяғына дейін ғалымдардың көмегімен барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырыпқазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқауын қабылдау керек.


1. Бәсекеге қабілеттілік.
2.Прагматизм
3.Ұлттық бірегейлікті сақтау
4. Білімнің салтанат құруы
5.Қазақстанның революциялық кемес эволюциялық дамуы.
6. Сананың ашықтығы

Компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты маңызды факторларға ие болу керек. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру»сияқты бағдарламалар-ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды білім мен жаңа технологияға тарту екенін нақтылап айқындады.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Маликова сөз алып, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы бағдарламалық мақаласындағы негізінде «Қазақстандағы 100 жаңа есім» -Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, ауылымыздың әртүрлі жастағы тұрғындары мен түрлі этнос өкілдерінің тарихын насихаттауды қолға алу.
«Жаныңда жүр жақсы адам» - Тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен өнерімен озып шыққан азаматтардың жүріп өткен жолдарын таныстыру. Сондықтан, оларды телевизиялық деректі туындылардың кейіпкеріне айналдыруымыз керек. Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек. Үш жоба мәселесі бойынша оқушылардың ізденуіне кең жол ашу.
Шешім:
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы бағдарламалық мақаласындағы негізінде
алты жоба мәселесі бойынша Қазақстанда заманауи дарынды адамдарды қоғамда таныстырылсын.

Жиналыс төрағасы: Ж.Мұғалбеков
Хатшысы: З.Тілеубаев

Категория: Мектеп

 

Жаңа жылдық мерекеден қөрініс

Автор: admin от 9-01-2018, 23:38, посмотрело: 628

0
Жаңа жылдық мерекеден қөрініс

Категория: Галерея

 

Жаңа жылдық мерекеден қөрініс

Автор: admin от 9-01-2018, 23:26, посмотрело: 674

0
Жаңа жылдық мерекеден қөрініс
Жаңа жылдық мерекеден қөрініс
Жаңа жылдық мерекеден қөрініс
Жаңа жылдық мерекеден қөрініс
Жаңа жылдық мерекеден қөрініс
Жаңа жылдық мерекеден қөрініс
Жаңа жылдық мерекеден қөрініс
Жаңа жылдық мерекеден қөрініс
Жаңа жылдық мерекеден қөрініс
Жаңа жылдық мерекеден қөрініс
Жаңа жылдық мерекеден қөрініс
Жаңа жылдық мерекеден қөрініс
Жаңа жылдық мерекеден қөрініс
Жаңа жылдық мерекеден қөрініс
Жаңа жылдық мерекеден қөрініс
Жаңа жылдық мерекеден қөрініс
Жаңа жылдық мерекеден қөрініс

Категория: Галерея