» Страница 7

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 
 

М.Жұмабаев 8 сынып

Автор: admin от 6-01-2018, 05:34, посмотрело: 699

0

Категория: Мектеп дәстүрі

 

М.Жұмабаев 8 сынып

Автор: admin от 6-01-2018, 05:30, посмотрело: 939

0 Мерзімі:
Сыныбы:8
Пәні: қазақ әдебиеті
Тақырыбы М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы
Мақсаты «Батыр Баян» дастанының мазмұнын білу,түсіну. Топтаса отырып дастанның мазмұннын талдау. Алған білімдерін жинақтау.
Жалпы мақсат Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Күтілетін нәтиже «Батыр Баян» дастанының мазмұнын біледі,түсінеді. Топтаса отырып дастанның мазмұнын талдайды. Алған білімдерін жинақтайды.
7 модульдің қолданылуы АКТ , “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер «Миға шабуыл» әдісі, «Топтастыру» әдісі, «Ақылдың алты қалпағы» әдісі, тестпен жұмыс
Қолданылатын көрнекіліктер Постер, маркерлер, портрет, стикерлер, ноутбук, алтын ерже, смайликтер, қанатты сөздер
Ұйымдастыру кезеңі (3м) Оқушыларды түгелдеу. Стикердің түсіне қарай топқа бөлу. Оқушылар стикердің түсіне қарай топқа бөлінеді.
Сабақ кезеңдері Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Білу

Қызығушылық
тарын ояту (2) Эпиграф : «Мағжан-ақындардың ақыны» С.Мұқанов
«Миға шабуыл» әдісі

Үй тапсырмасын сұрау. Талқылау үшін сұрақтар беріледі .
«Миға шабуыл» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрақ жауап арқылы пысықтау
Мағжан Жұмабаев туралы не білеміз?
Қандай поэмалары мен өлеңдері бар?
Жаңа сабақтың тақырыбын оқушыларға аштырамын. Топ мүшелері сұрақтарға жауап береді
Түсіну (10м) «Топтастыру» әдісі
Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқушыларға түрткі сұрақтар қойылады. Балалар, ақынның тарихи тақырыпқа жазған, ерліктің, елдіктң, намыстың символына айналған поэмасы қалай аталады?
Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар!. Бұл поэма «Батыр Баян» деп аталады. Яғни біздің бүгінгі өтілетін жаңа тақырыбымыз «Батыр Баян» поэмасы жайында болмақ. Топтарға тапсырма беріледі. Поэманың мазмұнын топтаса отырып постер жасайды. Топтың спикері талдауға шығады. Топпен жұмыс жасау арқылы оқушылар постер жасайды. Топтың спикері тақтаға шығып талдайды.

Қолдану (7м) «Ақылдың алты қалпағы» әдісі бойынша жұмыс
Топқа арналып жаңа тақырып төңірегінде тапсырмалар береді .
Ақылдың алты қалпағы әдісі бойынша Батыр Баянның інісі Ноян мен қалмақ қызы Құралайды өлтіргені дұрыс па? деген сауалға жауап іздейді. Жұппен жұмыс жасайды
Сергіту сәті (2м) «Көңілді күн» атты жаттығу жасау Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау бейнероликтегідей жаттығулар жасайды.
Талдау (10м) Көрініс Оқушыларға «Батыр Баян» поэмасына көрініс құрдыртады.
Оқушылар рөлге кіріп, кейіпкерлерді сомдайды.
Жинақтау (5м) Тест арқылы тақырыпты сабақты жинақтау Жаңа тақырыпқа қатысты тест сұрақтарын беремін.
1. Мағжан поэмасын атаңыз.
а) Манас батыр
ә) Батыр Баян
б) Ержүрек Темірұл
2. Мағжанның қанша поэмасы бар?
а) 4
ә ) 2
б) 3
3. Мағжанға баға берген кім?
а) Абай
ә) М. Әуезов.
б) Ш. Құдайбердиев.
4. Мағжан қандай әдебиеттен сусындады?
а) Солтүстік, оңтүстік
ә) Батыс, Шығыс
б) Америка, Англия
5. Бес арыстың бірін ата.
а) Ш. Уәлиханов.
ә) Ы. Алтынсарин.
б) М. Дулатов.
6. Мағжанның алғашқы ұстазы кім?
а) Ахметдин Ақанов
ә) Ғалымжан Ибрагимов
б) Мұхаметжан Бегішов
7. Мағжанның өлеңдер жинағы қандай атпен басылып шықты?
а) Маржан
ә) Шолпан
б ) Гүлдер
Түйінді ой. Әр топ топтаса ойлау арқылы түйінді ой айтады.
Мына сұрақтарды қамтып өту керек.
Бұл оқиға қай ғасырда, қай жылдарда болған?Ол кезең қандай кезең еді?
Поэманы оқи отырып, балалар, нені түсіндіңдер? Қазақтың батырлары қандай болу керек?Поэманың бізге берер тәрбиелік мәні бар ма? Поэма қалай аяқталады? Тест сұрақтарына жауап беру, жаңа тақырыпты талдау арқылы жинақтайды
Бағалау (3) Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ)
Бағалау парақшаларын тарату Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату Өзін -өзі бағалау. Топтар бір-бірлерін бағалайды
Үйге тапсырма(1м) «Батыр Баян» поэмасынан үзінді жаттау Тапсырманы күнделікке жазып алады.
Рефлексия (2м) Стикерлерді толтыру Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну Ұсынылған стикерді толтыру

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Инновация апталық жоспары

Автор: admin от 6-01-2018, 05:19, посмотрело: 988

0 «БЕКІТЕМІН»
Мектеп директоры:________________
Ж.Мугалбеков
«Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
13.11.2017 – 18.11.2017 ж. аралығында өтетін инновация апталығының іс – жоспары


№ Іс – шара атуы Түрі мерзімі Сыныбы Жауапты

1 «Химиялық элементтер» Ашық сабақ 13.11 7 Мусаева К.
2 Есептерді шешуде векторларды қолдану Ашық сабақ 14.11 9Ә Құралбаева Ә.
3 «Қарахан мемлекеті» Ашық сабақ 15.11 7 Байбаков Е.
4 «Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу» Ашық сабақ 15.11. 7сынып Бөлекбаев С.
5 «Екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмі» Ашық сабақ 16.11 2А Исаева Г.
6 Дулат Бабатайұлы «О Ақтан жас,Ақтан жас» өлеңі Ашық сабақ 16.11 5Ә Қазыбаева Н.
7 «Менің сыныптас достарым. Ы дыбысы мен әрпі» Ашық сабақ 17.11 1А Темірбекова Ұ.
8 «Сүйектердің байланыс түрлері» Ашық сабақ 17.11 8 Турлыбекова Ж.
«Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» - мектепішілік семинар
9 «Сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру» Мастер класс 18.11.Пед.ұжым Муталиева А.
10 Оқушылардың зейінін қалыптастыру тренинг 18.11 Пед. ұжым Мұхымбай Р.
11 «Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып зейіні мен жадысын жақсарту» Коучинг 18.11
Пед. ұжым Турлыбекова Ж.
12 «Жаңартылған білім беру мазмұнының басты ерекшеліктері мен маңызы» Өз практикасынан 18.11.
Пед.ұжым А.Қасымбеков
П.Байманова
Ф.Мирзаева
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: А.Қасымбеков
Қ.Байбутаева

Категория: Мектеп

 

Мектепшілік инновация апталығында оқыған баяндамасы

Автор: admin от 6-01-2018, 05:10, посмотрело: 681

0 Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,
«Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Байбутаева Кундуздың оқыған баяндамасы

Мұғалім деген - мамандық, ұстаз деген - қасиетті ұғым
Мұғалім неліктен өзгеруі керек?
Бүгінгі жастар – «Мәңгілік елдің» болашағы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында басты мақсатымыз-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы, ол-«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті деген. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық.
Н.Ә. Назарбаев «Еліңнің ұлы болсан, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысын болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып−көркею жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет.» деген еді.Казіргі кезде барлық салады көп өзгерістер бар.Заман талабына сай адамның өзі де өзгеру керек.
Жолдауда «Мәңгілік Қазақстан» жобасында Қазақстан Республикасының әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын саласының бірі-ғылым мен білімге өте үлкен мән берген. Ал оны жүзеге асыратын – ұстанымы берік, білімді, жаңа форматтағы мұғалім.
Н.Ә.Назарбаев «Жаңа адамды жаңашыл мұғалім ғана тәрбиелейді» дегендей қазіргі заман ағымына сай тұлға тәрбиелеу үшін мұғалімде өзгеру керек болып тұр. Өз білгенімізді бала бойына сіңіріп, жақсы тәрбиеленген, алғыр, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеуіміз керек. Қазіргі кезде жан-жақтан берілетін ақпарат құралдары көп болғандықтан оқушылар оны тез қабылдайды. Соған байланысты мұғалім де жаңа заман талаптарына сай болу керек.Ұстаздар қауымы өздеріне жүктелген міндеттерге мойынсұнып, үздіксіз жұмыс жүргізуіміз керек.
Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш,шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болып, өзгеру керек.Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді.
Ұстаз алдындағы басты міндет ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдіниетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай,интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, білімді, жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу.
Қазіргі ұстаз қандай болуы керек?
Қазіргі заман мұғалімі:
- оқыту мен тәрбиелеу технологияларының қыр- сырын меңгерген
- шығармашыл
- мақсат қойып, оны шеше білетін
- балаларды және өз мамандығын сүйетін
- Өз ісіне берілген
- Біліктілігін көтеріп, оқып- үйренуден талмайтын
- Шыншыл, адамгершілігі мол
- Салауатты өмір салтын ұстанатын
Оқушылардың оқуға, білімге деген ынтасын ояту үшін мұғалім өзінің оқытатын пәнін терең білуі, өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы, жаңа педтехнологияларды меңгеріп, оқытуда жүзеге асыруы керек. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес.Мұғалім үнемі өз сабақтарында жаңа технологияларды қолданып, қайткенде де сабағында оқушылардың қызығушылықтарын оятып, таным белсенділіктерін арттыруға тырысуы керек. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік,адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін -өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазақстан Республикасының 2010-2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында бастауыш сынып оқушыларын оқытуға ерекше мән берген.Онда бастауыш мектепте қажетті біліктер мен дағдыларды игеруге оқу, жазу, санау, шығармашылықпен ойлау қабілеттерін дамытатындай оқу әрекетін ұйымдастыру атап көрсетілген және оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндігін ашу, білігін қалыптастыру көзделген.
Қазіргі таңда мұғалім оқушыға алдын- ала бәрін өзі дайындап бермеуі тиіс, оқушы өзі ізденуі қажет.Ал мұғалім оның оқуын, ақыл-ой дамуын ұйымдастыруы, оған басшылық жасау қажет. «Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ» десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселелердің бірі- білім беру, ғылымды дамыту, жан –жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Ұстаз үшін нәтижеге жету – шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала- ертеңгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағыны өте жоғары. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез –келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интербелсенді тақтаны пайдалана алатын, онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.Мұғалімдер жаңалықтардан қалмай, жасы мен қызметіне қарамай, үнемі білім алып, ақпараттық дәуірдің белсенді мүшесі болуы керек. Жаңа технологияларды игеруде әр ұстаздың қабілеті әртүрлі.Ұстаздың бойында өмірге, еңбекке, жаңалыққа адамдармен қатынасқа бағыттылықтың болуы оның құнды қасиеті ретінде саналады.Ал білім алуға бағыттылығы өзіндік баға беруден басталады.Мен не істедім?, неге қол жеткіздім? Бүгін не үйрендім деген сұрақтарды мұғалім өзіне де жиі қою керек..Мұндай рефлексия ұстазға өзінің өткенінен болашағына қарай жоғарылау жолында өзін- өзі жетілдіріп, өзін- өзі дамытуына шығармашылық биіктерге жетелейді.Жүйедегі жаңа өзгерістер үнемі жаңаша ойлайтын, жаңа формация мұғалімдерді қалыптастыратыны сөзсіз. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі оқытуды жаңаша ұйымдастыру немесе технологияландыру болып табылады. Қазіргі заман талабына, оқушылардың қажеттіліктеріне сай болу үшін ұстаз әр уақытта жаңаша сабақ өткізу формаларын, АКТ технологияларын оқып үйренуі қажет.
Биылғы жыл еліміздің түбегейлі жаңғыру жылы десек те болады. Жыл басында Елбасымыз Н.А.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жолдап, еліміздің жаңғыруының жолдарын айқындап берді. Ал Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында туған жеріміз гүлденіп,туған еліміз ғажайып түрге еніп келеді.Рухани жаңғырудың еліміз үшін орны ерек,жөні бөлек екені белгілі.Елбасымыздың бастамасын басшылыққа алып, рухани жаңғыру жұмысын үздіксіз жүргізуге тиіспіз.
Елбасымыздың «Мәңгілік Елге» бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі мамандық жолында білімді шәкірт дайындаудан шаршамайық. Әлемнің озық елдері арасында Қазақстанның білімді жастарының орны ерекше болып шарықтай берсін.Ол үшін мұғалім заман талабына сай өзгеру керек.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Байбутаева Кундуз Абдуллаевна





Категория: Мектеп

 

География пәні 7 сынып

Автор: admin от 6-01-2018, 04:21, посмотрело: 822

0 [center]География пәні 7 сынып
География пәні 7 сынып
География пәні 7 сынып
География пәні 7 сынып

Категория: Мектеп дәстүрі

 

География пәні 7 сынып

Автор: admin от 6-01-2018, 03:45, посмотрело: 1550

0 ОҚО, Мақтарал ауданы, Қоғалы ауылы,
«Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» КММ.
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Бөлім 1 Мектеп: Ж.Сүлейменов ЖОМ
Күні: 11. 09. 2017ж Мұғалімнің аты-жөні: Мұхымбай Р
Сынып:7 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:-
Сабақтың
тақырыбы:
Зерттеулер және зерттеушілер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) 7.1.1.2 Саяхатшылар мен зерттеушілердің география
ғылымының дамуына қосқан үлесін сипаттайды және
баға береді
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар істейді:
• Картадан саяхатшылар мен зерттеушілердің
зерттеу бағыттарын анықтап, кескін картада
көрсету.

Оқушылардың басым бөлігі істейді:
• Жеке саяхатшылардың бағыттарын анықтай
отырып, ғылымға қосқан үлесін талдау.
Кейбір оқушылар істейді:
• Қазақ Географиялық Қоғамының жұмысына баға
беру.
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Бағалау критерийі
- Картадан саяхатшылар мен зерттеушілердің
зерттеу бағыттарын анықтап, кескін картада
көрсетеді.

- Жеке саяхатшылардың бағыттарын анықтай
отырып, ғылымға қосқан үлесін талдайды.

- Қазақ Географиялық Қоғамының жұмысына баға
береді.

Тілдік мақсат Тыңдалым
Оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес тыңдалым стратегиясын пайдалану арқылы берілген тапсырмаға байланысты, яғни Картадан саяхатшылар мен зерттеушілердің зерттеу бағыттары жайлы бейне таспада көргендеріне өз ойын нақты жеткізу және сөздік қорын молайту
Оқылым
Оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес оқылымның стратегиясын пайдалану арқылы «Ұлы Географиялық ашылулар» заманындағы /XVғ.соңы -ХVІІІ ғ.ортасы /саяхатшылардың жүріп өткен бағытын ажыратады
Айтылым
Қазіргі кездегі Қазақ Географиялық Қоғамының қызметін салыстыра отырып айтады
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Бір саяхатшы немесе зерттеушінің ғылымға қосқан үлесін SWOT анализ арқылы жазады
SWOT –талдау әдістемесі SWOT – шешімдер
S
Жақсы жақтары
W
Әлсіз жақтары
O
Мүмкіндіктер
T
Қауіп-қатерлер жазады
Құндылықтарға баулу Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана, Зайырлы қоғам және жоғары рухният,Салауатты өмір салтын сақтау, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Тарих пәнімен анықтағанда саяхатшылардың жүріп өткен жолдары болғандықтан тарих пәнінің мұғалімімен келісе отырып, тарих пәнімен байланыстырамын
Тақырып бойынша алдыңғы білім Жаратылыстану пәні бойынша саяхатшылар мен зерттеушілерді, олардың жүріп отырған жолдарын біледі
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз
Ресурстар


Сабақтың басы

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу
Ынтымақтастық атмосферасын орнату.
Психологиялық тренинг: Жүректен жүрекке) Оқушылар бір – біріне жылы лебіздер білдіреді

- Оқушыларды түгелдеймін
- Сабақтың мақсатын оқушылармен бірлесе отырып анықтаймын;
- Тапсырмалармен және жетістік критерийлерімен таныстырамын.
- Қағаз қиындылары арқылы топқа бөлінеді. Қағаз қиындыларын араластырып оқушыларға таратып беру керек, оқушылар қағаз қиындыларынан бүтін құрастырып, сол бойынша саяхатшылардың атауымен топ құрайды. (пазл бойынша).


Сабақтың ортасы
(30 минут)
7 минут

8 минут

2 минут

7 минут

3 минут
8 минут

2 минут Топтарға «Гүл сыйлау» әдісі арқылы алдыңғы бөлімді қайталауға арналған тапсырма беріледі.Топ арқылы оқушылар ойласып жауап береді.

Бағалау: Берілген тапсырманы орындауына қарай оқушыларды мақтап, мадақтап көңіл күйді білдіретін смайликтер мен бағалаймын

Жаңа сабақты түсіндіру
Тапсырма№1. «Ұлы Географиялық ашылулар» заманындағы /XVғ.соңы -ХVІІІ ғ.ортасы /саяхатшылардың жүріп өткен бағытын атлас картадан анықтай отырып, кескін картаға түсіріңіз. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы бейне таспада көрген жолдарын картаға түсіреді

Оқушыларға ой тастау:
а) Жалпы саяхатшылар мен зерттеушілердің жүріп өткен жолдарына тоқталыңыз
ә)Саяхатшылардың атқаратын қызметі қандай?
Критерий Дескриптор
Картадан саяхатшылар мен зерттеушілердің
зерттеу бағыттарын анықтап, кескін картада
көрсетеді. - саяхатшылардың жүріп өткен бағытын картадан анықтайды;
- кескін картаға саяхатшыларың жүріп өткен бағытын
географиялық нысандармен сәйкестендіреді,
- кескін картаға саяхатшыларың жүріп өткен бағытын
белгілейді;
- кескін картаға түсіреді

Бағалау. Оқушыларды марапаттаймын, кері байланыс беремін. «От шашу» әдісі арқылы бағалаймын

Тапсырма№2. Бір саяхатшы немесе зерттеушінің ғылымға қосқан үлесін SWOT анализ арқылы талдаңыз.
SWOT –талдау әдістемесі
Критерий Дескрипторлар
Жеке саяхатшылардың бағыттарын анықтай
отырып, ғылымға қосқан үлесін талдайды. - жеке саяхатшының немесе зерттеушінің ғылымға қосқан
- үлесінің жақсы жақтары арқылы талдайды
- әлсіз жақтарын талдайды
- мүмкіндіктерін талдайды
- қауіп – қатерлерін талдайды
Бағалау:
• Берілген тапсырманы орындауына қарай дұрыс болса бас бармақ қойылады

Тапсырма№3 «ДЖИГСО» әдісі арқылы Қазіргі кездегі Қазақ Географиялық Қоғамының қызметіне баға беріңіз:
a. Қазақ География Қоғамы қашан құрылды?
ә. Қазақ География Қоғамы қандай жобалармен жұмыс жасауда?
б. Қалай ойлайсыз, қазіргі Қазақ География Қоғамының зерттеулері, болашақта
Қазақстан табиғатында болатын өзгерістерді алдын алуға көмектесе ме?
Критерий Дескриптор
Қазақ Географиялық Қоғамының жұмысына баға
береді - Қазақ Географиялық Қоғамының құрылған жылын жазады;
- Қазақ Географиялық Қоғамының жұмыс жасап жатқан
- жобаларын атайды;
- Зерттеулердің Қазақстан табиғатында болатын өзгерістердің
- алдын алуға көмегі болатын жағына болжам жасайды

Бағалау:Берілг ен тапсырманы орындауына қарай оқушыларды мақтап, мадақтап екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалаймын

Көңіл күйді білдіретін смайликтер


«Ойлан,жұптас,
бөліс» әдісі


Бейнетаспа, интерактивті тақта

SWOT –талдау әдістемесі
S
Жақсы жақтары
W
Әлсіз жақтары
O
Мүмкіндіктер
T
Қауіп-қатерлер
Бас бармақ әдісі
Соңы

5 минут

Рефлексия. «Тазалық»


Бағалау парақшалары арқылы топ басшысы топ мүшелерін бағалайды.


Үйге тапсырма: Эссе Кері байланыс

Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Пәнаралық байаныс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Көңіл күйді білдіретін смайликтер
«Бас бармақ» әдісі, «Тазалық» әдісі
«Плюс, минус, қызықты» (Эдвард де Боно 1968ж) әдісі Тарих пәнінің мұғалімімен келісе отырып, тарих пәнімен байланыстырамын,
Компьютерді, интерактивті тақтаны қосқанда қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін айтамын.
Сабақ арысында барлық оқушыны қадағалап назардан тыс қалдырмаймын

Сабақ бойынша рефлексия

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.




Сабақтың бұданда жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?




Тексерілді: А. Қасымбеков

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Қазақстан тарихы 11 сынып

Автор: admin от 6-01-2018, 00:38, посмотрело: 838

0
Қазақстан тарихы 11 сынып
Қазақстан тарихы 11 сынып
Қазақстан тарихы 11 сынып
Қазақстан тарихы 11 сынып

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Қазақстан тарихы 11 сынып

Автор: admin от 6-01-2018, 00:31, посмотрело: 3285

0 Сабақ жоспары
САБАҚ: Қазақстан тарихы Мектеп: Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі
Күні: 05.05.2017ж Мұғалімнің есімі: Хидирова Карима
СЫНЫП: 11 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы және оралмандар мәселесі
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Оқушылар Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы және оралмандар мәселесі туралы біледі, білімдерін өздігінен талдап, қорытынды жасауға дағдыланады.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Мәтіннің мәнін толық түсінеді
Оқушылардың басым бөлігі:
Өз ойларын еркін, нақты жеткізе алады
Кейбір оқушылар:
Шет елдегі қазақтар мен Қазақстандағы қазақтардың өмірін салыстырып, бір-бірімен байланыстыра алады
Тілдік мақсат Оқушылар:
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Құрылтай, оралман, квота
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Көшіп келушілерге квота не үшін қажет?
Шетелдерден квотасыз көшіп келушілерге қандай қиыншылықтар туындайды?
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
Қазақтар не үшін шет елдерге көшіп кеткендігі туралы айта аласыз ба?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Құрылтайдың басты мақсаты
Алдыңғы тақырып Қазақ диаспорасының қалыптасу тарихы
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі.

Басталуы
Ұйымдастыру кезеңі.
Ынтымақтастық атмосферасын орнату.
Топқа бөлу – қазақша, орысша, ағылшынша сөздер бойынша топқа бөлінеді, топ ережелерін басшылыққа алып, топтық жұмыс жасайтындары айтылады.
Топ атаулары «Кеше», «Бүгін», «Ертең»

Қазағымның әр төбесі, әр белесі ертегі,
Басып қалсаң топырағын бір ертегі шертеді
Мұхтар Шаханов

«Сен білесің бе?» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.
1.Диаспора дегеніміз не?
2.Ирредента деген не?
3.Қытайдағы қазақ иррендентасының қалыптасуы қай кезде басталды?
4.Ресейдегі қазақ ирредентасының қалыптасуы
Оқушылар 3-топ құрайды, топ ережесін сақтайды. Топтар бөлінеді.

«Сен білесің бе?» әдісі
Ортасы Жаңа сабақ
Жаңа сабақ бойынша «Шетелдегі қазақтар» тақырыбында видеоролик көрсетіледі.
Оқушыларға ой тастау. Оралмандар дегеніміз кімдер? Олар жайлы не білеміз?
«Үш қадамды сұхбат» әдісі бойынша топтарға тапсырмалар беріледі.

«Кеше» тобына «Қазақтардың дүниежүзілік басқосуы және Қазақстандағы құрылтайлар» тарауы
«Бүгін» тобына «Қазақтардың атамекеніне оралу кезеңдері» тарауы
«Ертең» тобына «Оралмандар мәселесі» тараулары бөлініп беріледі.

«Кубизм» әдісін пайдалана отырып, оқушылар сұрақтарға жауап береді.
«Мозайка» әдісі бойынша берілген сұрақтарға жауап беріп, Қазақстанның картасын құрастырады.
Шығармашылық тапсырма. Қазақ тілі, тарих, шығармашылық жұмыстармен байланыстыру
1-топқа: Өлең шығару
2-топқа: Эссе жазу
3-топқа: Тест құрастыру

«Ой түрткі» әдісі бойынша математикалық есеп беріледі. Есепті шығару арқылы шыққан жылда қандай оқиға болғандығын айтады.
1991*2-1000-990=1992
Алматы қаласында қазақтардың І Дүниежүзілік құрылтайы өтті
950*2+95=1995
«Қазақстан Республикасында тұратын шетел азаматтарының құқықтары туралы» Заң шықты.
2005*3-4200+190=2005
Астана қаласында Қазақтардың ІІІ Дүниежүзілік құрылтайы болып өтті.
1005*2+1=2011
Қазақтардың ІV Дүниежүзілі құрылтайы өтті.


«Семантикалық карта» арқылы сабақты қорытындылау.
№ Сұрақтар 1992ж 1993ж 15 сәуір 1995ж 1996ж 1997ж
1 Стамбулда Түркі халықтарының құрылтайы өткізілді +
2 ҚДА ұсынысымен шетелдегі қандастарымызға мемлекеттік қолдау көрсету бағдарламасы қабылданды +
3 «Иран Ислам Республикасынан және басқа мемлекеттерден отандастарымызды көшіріп алуды ұйымдастыру шаралары және иммиграция квотасы туралы» қаулыға қол қойылды +
4 «Қазақстан Республикасында тұратын шетел азаматтарының құқықтары туралы» Заң шықты +
5 Қазақстан Республикасының «Көші-қон туралы» Заңы қабылданды +

«Кезбе тілші» әдісі бойынша сыныптағы оралман оқушылардан сұхбат алу
Видеоролик көрсету


«Үш қадамды сұхбат» әдісі


«Кубизм» әдісі

«Мозайка» әдісі

Шығармашылық тапсырма

«Ой түрткі»әдісі

«Семантикалық карта»

«Кезбе тілші» әдісі
Аяқталуы Рефлексия. «Тазалық»
Бағалау парақшалары арқылы топ басшысы топ мүшелерін бағалайды.
Үйге тапсырма: Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы және оралмандар мәселесі «Тазалық»
Қосымша ақпарат.
Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
Деңгейі жоғары оқушыларға күрделі тапсырмалар беремін. Түртіп алу Әдебиет, математика
Ноутбук
Рефлексия
Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
.
Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Тексерілді: Қасымбеков А

Категория: Мектеп дәстүрі