» Страница 2

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Ғылыми жұмыс: Сандар сырының құпиясы қайда жатыр?

Автор: admin от 23-05-2018, 00:27, посмотрело: 2218

1 Оқушының аты-жөні: Дербіс Зарина Қарсыбайқызы
Туылған күні,айы,жылы: 01.09.2001 ж.
Мекен-жайы: Атамекен а/ә, «Қоғалы» е/м
Мектебі: «Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» КММ
Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Сандар сырының құпиясы қайда жатыр?
Жұмыстың дайындалған бағыты,секциясы: Математикалық модельдеу, « Математика»
Бастаған жылы: 2015 жыл
Сыныбы: 10
Мақсаты: Осы ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты ғасырлар бойы қалыптасқан сандарға байланысты наным-сенімдерінің құриясын ашып, олардың әлемдегі сырына қанығу
Ұраны: «Дүниенің барлығы сандардан тұрады»


Аты-жөні: Қалдыбекова Назипа
Әкесінің аты: Сапарбекқызы
Туған жылы: 26 қаңтар 1985 жылы
Бітірген оқу орны: Халықаралық Қазақ –Түрік Мемлекеттік Университеті
Лауазымы: Математика пәнінің мұғалімі
Еңбек өтілі: 4 жыл


Мазмұны
І.Кіріспе
«Сандар сырының құпиясы қайда жатыр?»
ІІ.Негізгі бөлім
1.Сандар тарихы
2.Сандар сыр шертеді
3.Сандар қасиеті
4.Зерттеу жұмысымда қол жеткізген деректерім
ІІІ.Қорытынды
Ұсыныстар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Аннотация


Кіріспе
Гипотеза:
Математика пәнінің элементтері - қазақ халқының танымдық мұрасы мен мәдениетінде бірге дамыған ілім.
Тақырыптың өзектілігі:
Санның адам өміріндегі рөлінің маңыздылығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Ал осы сандардың қайдан, қалай шыққандығына және ол сандардың әрқайсысының өзінше бір мағынаны білдіретіндігіне күнделікті тіршілікте біз аса мән бере бермейміз. Осы жұмысты оқу арқылы біз сандар әлеміне саяхат жасаймыз.
Бұнда оқушылар сандар жайлы білімдерінің артуы арқылы сандардың сиқырлы құпиясын білуге қызығушылығы арта түседі. Зерттеу жұмысының өзектілігі де осында жатыр.

Ғылыми жобаның мақсаты:
Осы ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты ғасырлар бойы қалыптасқан сандарға байланысты наным-сенімдерінің құриясын ашып, олардың әлемдегі сырына қанығу.
«Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің бағдарламасында: «Көп ғасырлы мәдениеттің тіршілігі топырақта тыныстап жатса, тарихи өткені шырынмен қоректенсе, сонда ғана ұлттық жаңғырту орын алады»- дей келіп, «Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарай танып - бағамдауға болады. Демек, Қазақстанның мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатына екі түрлі міндет жүктелді: бірі: - өзіндік этникалық мәдениетті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін нығайту, екінші жағы – төл мәдениетті оңтайлы өрістете отырып, жалпы адамзат мәдениетіне ену үшін тиімді жағдай жасау».
Ендеше ұлтымыздың сан ғасырлар бойы сенімі мен ұстанымы болып келген сандар сырының киелі ұғымдарына шолу жасап, олардың өмірдегі қолдану аясына, күнделікті тұрмыстағы атқаратын роліне тоқтала отырып, тұжырым жасау әрбірімізді қызықтырары сөзсіз.
Сондықтан біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерінің пайда болу кезеңін тамашалаймыз. Жан жағымызға қарасақ сандар тек қана математика емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда маңызы зор. Қарап отырсақ, осы қарапайым он сан болмаса біз телефонда соға алмаймыз. Жалпы таным проблемасымен ескілікті наным - сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп кездеседі. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған.

Жобаның міндеті:
- Сандар сырымен танысу
- Әрбір сандардың орнын көрсету
ІІ. Негізгі бөлім
1. Сандар тарихы.
Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі – математика. Математиканың алғашқы бесіктерінің бірі Мысыр елі болды. Адамзат даналығының ойлап тапқан жаңалығы ол – жазу. Қазіргі әлем халықтары жазуды жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай жазып жүр. Неге? Өйткені олар бұл әдісті соқаның қозғалысынан алған екен. Осы жазулардың негізінде пайда болған таңбалардың бірі цифр. Цифр дегеніміз – сөздерді қағаз бетіне қондыру үшін қолданылатын әріптер қандай қажет болса, сандарды жазу үшін керекті таңбалар. Цифр деген сөздің төркіні арабтың «Әс-сифр» деген сөзінен алынған, ал оның мағынасы үнді халқының бос орын – «Сунья» деген сөзінің аудармасы екен.
Күнделікті өмірімізде қолданылатын сандар шамамен бұдан 1500 жыл бұрын Үндістанда пайда болған. Әуелі сандар сызықшамен белгіленген. Кейін қалыптаса келе қазіргі таңдағы біздер қолданып жүрген сандар пайда болды. Адам баласы қазіргі біз түсінетін сандарды үйренуге талай ғасырларды бастан кешірген. әуелі олар табиғи сандарды (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9) меңгерсе, нөлдің пайда болуынан сандарға революция жасалған, сөйтіп сандарды игеруде жаңа жүйелерді өмірге әкелді.
0 – «цифр» деген мағынаны береді. Ежелгі Үнді жерінде цифр – «сунья», арабтарда «сифр» сөзімен түсіндіріледі, яғни «бос орын», «түк жоқ» деген мағынаны білдірген. Ғылым мен өнердің қайта өркендеген дәуірінде (ХҮ-ХҮІ ғасырларда) математикалық еңбектер латын тілінен аударылып, «сифр» сөзі сол қалпы қалдырылған. Тек алғашқы әрпі ғана «ц» болып өзгертілген. Нөл таңбасы басқа сандарға елеулі өзгерістер әкеліп, санау, есептеу, сату және уақытты белгілеп берді.
Бір санын үйрену үшін саннан бұрын заттың белгілерін, қасиеттерін салыстырғанын олардың бізге жеткен халық педагогикасынан-ақ байқаймыз. Мысалы, Ай, Күн – біреу, өзі де біреу. Осы бір санның сөздік баламалары – жеке, дара, жалғыз, сыңар, жалқы, саяқ деген ұғымды білдірген.
Екі санын да осы тәріздес меңгерген, ол санның сөздік баламалары – жұп, қос, егіз болса, жұптан тұратын ұғымдар – екі көз, екі құлақ, қол мен аяқ болған. Сонымен бірге сан, сансыз, қыруар, көп, мол деп санауға болмайтын заттарды атаса, ол заттардың ең кішкентай бөлшектерін кішкентай, титімдей, бір тамшы,

бір мысқал, құйтымдай десе, енді бірде жазықтарды – даладай, ат төбеліндей, түйнектей, алақандай десе, судың мөлшерін – терең, таяз, бөлшек ұғымдарды – жарым, жарты деген.
2. Сандар сыр шертеді
0 саны. Бұл сан абсолюттік символы. Шексіздік белгісі және жаратылмаған әлемнің саны болып табылады. Бұл барлық заттардың бастамасы. Графикалық жоба бойынша сақина немесе дөңгелек ретінде белгіленеді.
1 саны. Бір санын қазақ халқының ұғымында Алла жалғыз, Алладан басқа тәңір жоқ. Қай тілде болсын бірлік сөзінің түпкі түбірі саналады. Адам өмірін басқаратын, әр пенде ұмтылатын сан болып есептеледі. 1 санының омонимдері «намыс», «ұтыс» болып саналады.
2 саны. Күні-түні демалмайтын екеу: Ай және Күн. Қосылу, толықтыру символы. Жақсы мен жаман, ер мен әйел, күн мен түн, ақ пен қара. Екі санына қазақ халқының көзқарасы міне осындай болып келеді.
3 саны. Жалпы түркі халықтарында, соның ішінде қазақ халқында үш саны қасиетті болып есептелінеді. Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл. Үш жүз: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз. Үш құсты аққуды, қарлығашты, байғызды өлтіруге болмайды. Үш адамның ниеті бұзық өтірік айтатын, сөзінде тұрмайтын, аманатқа қиянат жасайтын. Адам Атаны жаратқанда жіберген үш қасиет ақыл, ұят, сабыр. Үш нәрсенің үш нәрсесіз болуы: басы бар, ақылы жоқ іс, ғылымы бар, амалы жоқ іс, байлығы бар, қайырсыз іс қылушы. Қазақтың үш биі Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би. Ел басқарған, азулы сөздер айтып, ел арасындағы дау-дамайларды шешіп отырған қазақтың үш биі. Аптаның үшінші күні, яғни сәрсенбінің сәтті күні деп сапарға шығатын болған. Осы күні басталған істің бәрі де сәтті болады.
Қазақ халқынан өзге де ұлттарда үш саны қасиетті болып саналған. Бір мен екінің қосындысы ретінде қандай да бір істің бастамасын да, жалғасын да білдіреді. Қытайларды үш саны біраз құбылыстың символикасы болып табылады. Жарықтың үш көзі – Жұлдыз, Күн, Ай. Үш бастау – Аспан, Жер, Адам. Отбасының үш элементі – еркее, әйел, ұрпақ. Үш саны қытайлардың түсінігінде Марс арқылы басқарылады және жалынға теңеледі. «Өсу» сөзінің синонимі.
4 саны. Қазақта төрт құбыласы сай, яғни «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген мәтел екеуінің мағынасы бір болып келеді. Ертеде бұл сан тұрақтылық пен беріктілік, әділдіктің белгісі болған. Ол шаршы болғандықтан, әлемнің төрт бұрышын, жылдың төрт мезгілін, табиғаттағы төрт құбылыс – от, жер, су, ауаны білдірген. Төрт аяғы тең жорға, төрт тұрманы түгел сай деген сандық мәндер арқылы айтылатын ұлағатты ұғымдар бар.


Төрт кітап: Мұсаның кітабы – Таурат, Дәуіттің кітабы – Забур, Исаның кітабы – Інжіл, Мұхаммед пайғамбардың кітабы – Құран. Төрт асыл: иман, намаз, ілім, мейір-шапағат.
Төрт дария: Ніл, Фират, Жейхун (Амудария), Сейхун (Сырдария). Қазақта Жаратқан Иеміз Адам Атаны жаратқанда өлім, ләпсі, ашу, нәпсіні, яғни төрт нәрсені адаммен бірге жерге жібереді деген ұғым бар. Сонымен бірге дүниеге жаңа келген нәрестенің тағдырына жақсылықты, жамандықты, рызықты және өмірді жазған. Төрт түлік мал, яғни қой мен ешкі, сиыр, жылқы, түйе. Төрт түлік мал қазақтың бірден-бір күн көріс көзі болып табылған. Қазақ халқының өмірін төрт түлік малсыз елестету мүмкін емес.
5 саны. Жоғарыда айтылған төрт бастаманың ортасында орналасып, жан-жағын басқарып тұрады. Қазақта бес нәрсені баянсыз – бұлттың көлеңкесі, еңбексіз келген байлық, қоқақтың достығы, жалған мадақ, опасыздың махаббаты деп түсінген. Қазақ халқы тілді, дінді, тарихты, дәстүрді, атамекенді бес анық деп атаған. Абай атамыздың өлеңінде «Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой, Бес асыл іс көнсеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ, Бес дұшпанды білсеңіз.» деп, бес саны жайлы айтып кеткен.
6 саны. Қазақта адамның күнделікті өмірде алты парызы бар. Біріншісі адамдардың бір-біріне сәлем беруі, екіншісі шақырса бару, үшіншісі кеңес сұраса – ақыл қосу, төртіншісі кез келген адамның сұрағына жауап беру, бесіншісі ауырып қалған адамның көңілін сұрау, алтыншысы қайтыс болған адамның жақындарына көңіл айту. Ақыл, білім, жомарттық, әділдік, шыншылдық, кең пейіл – адамның алты асқары. Алты саны дүниенің жаралуын білдіреді.
7 саны. Қазақтардың таным-түсінігінде жеті санының алар орны ерекше. Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі, соның ішінде қазақтар ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаған. Біздің ата-бабаларымыз жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң жүйелерін жеті санымен сәйкестендірген. Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады.
Жеті қазына – қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады: жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан, майланғыш ау, өткір кездік. Ер жігіттің жүйрік аты – қанаты. Құмай тазысы – абыройын асырар сенімді серігі. Мылтығы – қаһарлы оты. Қақпаны – серті, ауы - әдіс-айласы, кездігі – сұсы. Халық Жеті қазынаны өмір қажетіне негіз етіп таратқан.

Қазақ халқының Жеті қазынаны – «жеті ырыс» деп атауының да мәні осында.Аптаның жеті күні. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Құдай бірінші күні жарықты, екінші күні аспанды, үшінші күні жерді, төртінші күні Күн, Ай және жұлдыздарды, бесінші күні балықтар мен құстарды, алтыншы күні аңдар мен адамдарды жаратқан, жетінші күні дем алған деген діни аңыздар бар. Аңыз әңгімелерге сүйенсек бұл әлемді жаратуға арналған жеті күн деп аталады.
Табиғаттың керемет туындыларының бірі – кемпірқосақ. Кемпірқосақ күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасында пайда болады. Біз неге кемпірқосақ туралы әңгіме қозғадық, себебі кемпірқосақ жеті түстен тұрады екен. Олар: қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін.
Жеті ата – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентай кезінен жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақ бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Ағайындықтары жеті атаға толмай жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толғанның өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру ақсақалдары бір пәтуаға келіп, боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған. Ататек атаулары: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Бұдан әрі туыстық атаулар: жүрежат, туажыт, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді.
Жеті жұт. Бұлар: құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс, топан су, зілзала (жер сілкіну). Жеті жоқ: жерде өлшеу жоқ, аспандай тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллаһта бауыр жоқ, жылқыда өт жоқ. Жеті жетім: тыңдамаған сөз жетім, киюсіз тозған бөз жетім, иесіз қалған жер жетім, басшысы жоқ ел жетім, аққу, қазсыз көл жетім, жерінен айырылған ер жетім, замандасы қалмаса бәрінен де сол жетім. Жеті ғашық. Халықтың ән - жыр эпостарында жеті ғашық мынадай екі нұсқамен беріледі: а) Ләйлі - Мәжнүн, Жүсіп - Зылиха, Фархад - Шырын, Тахир - Зухра, Арзу - Қамбар, Уәлик - Ғарра, Уәки - Күлшаһ; ә) Ләйлі - Мәжнүн, Жүсіп - Зылиха, Фархад - Шырын, Баһрам - Күләнда, Сейпілмәлік - Бәдіғұл, Бозжігіт - Анула, Зияда - Хорлы.
Жеті санына әлем халықтары көзқарасымен қарар болсақ, онда бұл санды Пифагоршылар Афинамен байланыстырған. Ежелгі Египет философиясы мен астрономиясында ол өмірлік екі санның үш пен төрттің қосындысы деп қарастырылды. Үш адам - әке, шеше, бала өмірдің негізін қалайды. Ал төрт – бұл жарық, жел, жаңбыр, ылғалдылық жерді жеміс беруге дайындайды. Пифагордың ой қорытуы бойынша, үш пен төрттің қосындысы (үшбұрыш пен төртбұрыш символдары)

аяқталғанның, тамамдалғаның, қорытындының белгісі деп санаған. Сондықтан жеті саны қасиетті сан, өйткені адам баласы қоршаған ортаны (жарықты, дыбысты, иісті, дәмді) басындағы жеті «тесік» (екі көз, екі құлақ, мұрынның екі танауы, аузы) арқылы түйсінген.
Жапондарда жеті қайырымды құдай, адам өмірінде жеті рет сәттілік болады. Христиан дінінде жеті саны – сенім, үміт, қайырымдылық, әділеттілік, сабырлық, ақылдылық және рухтың күші. Жеті саны – жалпы жер бетіндегі халықтар ұғымы бойынша қасиетті сан.
8 саны. Көне заман адамдары сегіз санын сенімділіктің, шыңдалудың шыңы деп есептеген. Сегіз саны сегіз төбесі бар кубты білдіреді. Сегіз санының құпиясы әлемдегі мәңгілік үздіксіз қозғалысты білдіреді. Сегіз саны – мәңгілік символы. Символдық белгісі қос квадрат, егер оны бөлсе онда ол тең екі бөлікке бөлінеді. Тағы да бөлгенде, ол тең төрт бөлікке бөлінеді (2, 2, 2, 2). Сегі саны дыбысталуының арқасында ерекше құрметке ие. Сегіз санының омонимі – «гүлдену». Бұл қытайлардың ең сүйікті саны. Сондықтан «Арты гүлденуге әкелсін» деген ниетпен 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының ашылу уақыты 8-ші айдың 8-ші жұлдызы сағат 8-ден 8 минут 8 секунд өткен мезгілде белгіленеді.
9 саны. Қазақ халқының Аллаһ Тағаланың бұйрығын екі етпей орындайтын тоғыз періштелер: 1. Жәбірейіл – пайғамбарларға Аллаһ Тағаланың сөзін хабарлаушы. 2. Мекайіл – барлық адамға, мақұлыққа берілетін ырыстың уәкілі. 3. Әзірейіл – барлық адамның, жан-жануарлардың жанын алатын Құдай уәкілі. 4. Ысырайыл – ақырзаманға дейін сұлыны алып жүретін періште. 5. Дардайыл – ай, күн, жұлдыздардың уәкілі. 6. Ысмайыл – жер бетіндегі киелілердің жебеушісі. 7. Зұлқайыл – қиямет күнінде адамдарды алып баратын періште. 8. Ахрайыл – барлық дария, көл, өзен, бұлақ суларының періштесі. 9. Мәлік – жеті тозақтың уәкілі. Сонымен бірге қазақтарда тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Халықтар түсінігі бойынша қателіктер мен кемшіліктер бірлестігі. Тоғыз санының қасиетіне тоқталсақ, ана құрсағында нәресте тоғыз ай, тоғыз күн өсіп жетіледі. Бұл сан адамның ғұмырында пайда болып, жарық дүниеге келетінге стүрлері мен наным-сенімдерінде тоғыз саны қасиетті болып есептелінген. Тоғыз санының омонимі – «ұзақ өмір».
10 саны. Ертеде Тәуке хан «Не жаман?» деген сұраққа бір жауап берсе, үш жүздің билерінің бірі жауап берер деп, үш парақ қағазға бірден онға дейінгі сандарды жазып, үш биге жіберіпті. Сонда Қазыбек бидің берген жауабы мынадай болған екен: 1. Бірлігі кеткен ел жаман. 2. Егесіп өткен ер жаман. 3. Төсектен қашқан ер жаман. 4. Шідерден шошыған ат жаман. 5. Білік адамнан белгілі бала тумаған жаман. 6. Аймағын билей алмаған адам жаман. 7. Жетем деген мақсатына жете алмаған жаман. 8. Серкесіз бастаған қой жаман.

9. Төскейге шыға алмаған кәрілік жаман. 10. 60-та қыздай қосылған бәйбішеден айырылған жаман.
12 саны. Тек қазақ халқында ғана емес, барлық халықтар үшін он екі саны – қасиетті сан. Қазақтар он екі жылды бір мүшел дейді. Алғашқы мүшел жас қана он үш жыл, оған он екі жастан қосып отырсаң келесі мүшел шығады.
Қазақтар мүшел жасты өмірдің қиын, қауіп-қатерге толы кезеңі деп түсінген. Қазақ жыл санауда он екі жылдың әрқайсысына он екі жануар аты берілген. Он екі саны көптеген циклды таңбалайды – он екі ай, он екі жыл, он екі қарақшы, он екі сағат... Қазақтың сандық мәндер арқылы айтылатын ұлағатты ұғымдары өте көп. Он екіде бір нұсқасы жоқ, он екіде бір гүлі ашылмаған, он екі саққа жүгіртті, он екі құрсау жез айыр, он екі қарыс, он екі мүше. Он екі сан «табыс», «тоқтық» ұғымдарын білдірген. Санның омонимі – «оңай ұтыс».
13 саны. Қазақ халқы үшін Аллаһ Тағаланың барлық күні сәтті. Тек, ниетің оң, ісің адал болсын. Алайда өзге халықтардың наным-сенімі бойынша, қазақтар да кейінгі кезде он үш санын сәтсіз санға балайтында шығарды. Біздіңше, бұл наным-сенім қазақтар үшін емес. Қазақта алғашқы мүшел жас осы он үшке тура келеді. Сол себепті халқымыз: «Он үште отау иесі», - деп ұлын ардақ тұтады.
Кезінде император Наполеон, мұнай алпауыты Пол Гетти, АҚШ президенттері Герберт Гувер мен Франклин Делано Рузвельт он үш санын қатерлі санаса, Диана ханшайым мінген автокөлік Париждің жер асты жолындағы он үшінші бағанаға барып соқтығысқан. Он үш санын қатерлі көргендіктен. Ағылшын теңізшілері әлі күнге дейін айдың он үшінші жұлдызында кемеге мінбейді, американдық кейбір авиакомпаниялар мұндай күні өз кестелерінен ұшуды алып тастаған. Ал, енді еуропалықтардың түсінігінше айдың он үшінші жұлдызы жұмаға сәйкес келсе, ол күн «қара жұма» деп саналады. Жалпы, «қара жұма» он бір жылда бір - ақ рет қайталанатын көрінеді.
40 саны. Қырық санына байланысты оның қасиетін ашатын мағыналы тіркестер көп көлемде таралған. «Қызға қырық үйден тыйым» дегенде ұғатынымыз қыз әдебіне деген көзқарас. Той жасап, қуаныш қызық болар болса, қазақ елінің бұрыннан қалыптасқан ұғымында «Отыз күн ойын, қырық күн тойын жасады» деген сөз қолданысы бар. Ер азаматтарға байланысты «Отызында орда бұзған, қырқында қыр аспайды» дейді. «Қырықтың бірі - қыдыр» деп үйге келген қонақ өзімен бірге ырыс, үйге құт әкеледі деп түсінген. 60 саны. Вавилон аңыздарында бұл сан үлкен мәнге ие. Оны олар «құдай саны» деп атаған.
Міне, әдетте соншалықты маңыз берілмей, өз жөнімен қолданыла беретін сандардың бәрінің мән - мағынасы бар екен. Қазақ халқының наным - сенімімен басқа халықтардың наным - сенімін салыстыра отырып аңғарсақ, сандар сырының

құпиясының соншалықты тереңде жатқанын байқаған болармыз.
3. Сандар қасиеті
ХҮ ғасырларда атақты Корнемей Агриппа сандық және астрономиялық сәйкестіктер туралы жазба жұмыс жасаған. Содан бері астрологтар планеталық әсерлерді бағалап, маңызды сандық астрологиялық ақпарттарды жинақтаған.
Жұлдыз - жорамалшылардың пайымдауынша әр планеталардың өзінің сандық мағынасы бар. Мысалы Меркурий – 4, Нептун – 9 сандарымен байланысты. Меркурий материалдық жетістік әкеледі, 4 санының иелеріне интеллектуалды нұр мен шығармашылық әкеледі. Ал Нептун адамға күшті психологиялық энергия береді. Ол да үлкен жетістікке, қабілетін аша біледі. Жылдың әр айының әр күніне байланысты бақытты, бақытсыз күндері анықталған. Әр адамның туылған күні, айына, жылына байланысты өз санын есептеп шығаруға болады.
Адамның өз саны ай ішіндегі сәтті күндері:
1 1, 10, 19, 28
2 2, 11, 20, 29
3 3, 12, 21, 30
4 4, 13, 22, 31
5 5, 14, 23
6 6, 15, 24
7 7, 16, 25
8 8, 17, 26
9 9, 18, 27
Қатерлі 3 цикл адам өмірінің сандарға байланысын дәлелдейтін тағы бір мысал: денедегі биоырғақтың үш циклдан тұратындығы, олардың 23, 28, 33 күндік екендігі. Бұл жөнінде Владимир Мезенцев былай деп жазады: «Біздің ағзамызда болып жататын аса күрделі ырғақ (ритмика) құбылысының аса күрделі көріністерін зерттей отырып, кейбір ғалымдар адамның биоырғағында үш цикл (оралым) жайында жазады. Бұл 23 күндік физикалық цикл, 28 күндік эмоциялық (сезім) цикл, 33 күндік ой - парасат циклы. Бұл сандардың қай - қайсында болса да күндердің тең жартысы плюс - күндерге, екінші жартысы минус күндерге жатады. 23 күндік физикалық циклда алғашқы он бір жарым плюс - күндердің үлесіне тиеді; мұндай күндері, мысалы, спортпен мықтап шұғылдануға, әртүрлі жорықтар жасауға әбден болады.

Келесі он бір жарым күн бұл саяхат, спорт, тағы басқа едәуір күш керек ететін шараларға жарамайды, өйткені адам мұндай күндері тез шаршағыш келеді. 28 күндік эмоциялық (сезім) циклының алғашқы он төрт күнінде адамның көңіл күйі өте жақсы жүреді, ал келесі он төрт күннің ішінде ол өзінен - өзі жабырқап, көңілі түсіңкі болады. Ой - парасат циклы «қызықты» және «зерігу» күндеріне бөлінеді.
Ғалымдардың атап көрсетуінше, плюс-күндерден минус-күндерге өтетін сын кезеңінің адамға неғұрлым зор маңызы бар. сандар сырын зерттей келіп, ғаламдық даму үздіксіз өсіп отырса да әрбір адам баласының белгілі бір жағдайларда сандар құдіретіне сеніп, өзінің жоспарлаған жұмысын белгілі бір сандар жүйесінің өзіне тән құпиясын сақтай орындауды әдетке айналдырғандарына толық көзім жетті.
Өйткені зерттеу жұмысы барысында танысқан болжамдар, ғылыми көзқарастар, жүргізілген сауалнамалар нәтижесі кез келген адамның белгілі санды сәтті немесе сәтсіз деп қарап, өз жұмысын сол сандар жүйесіне орай жүзеге асыратындығына толық көзім жетті. Ендеше сандар жайлы ғылым тоқтамақ емес, үнемі дамып, толығып отырады.

4. Зерттеу жұмысымда қол жеткізген деректерім

ІІІ. Қорытынды.
Дегенмен, сандар сырын зерттей келіп, ғаламдық даму үздіксіз өсіп отырса да әрбір адам баласының белгілі бір жағдайларда сандар құдіретіне сеніп, өзінің жоспарлаған жұмысын белгілі бір сандар жүйесінің өзіне тән құпиясын сақтай орындауды әдетке айналдырғандарына толық көзім жетті. Өйткені зерттеу жұмысы барысында танысқан болжамдар, ғылыми көзқарастар, жүргізілген сауалнамалар нәтижесі кез келген адамның белгілі санды сәтті немесе сәтсіз деп қарап, өз жұмысын сол сандар жүйесіне орай жүзеге асыратындығына толық көзім жетті. Ендеше сандар жайлы ғылым тоқтамақ емес, үнемі дамып, толығып отырады.
Сан – ел өмірі экономикасының көрсеткіші. Сондықтан адам өмірінің қай саласы болмасын санмен өлшенеді, сансыз ойыңды жеткізу мүмкін емес, сөзбен сапырылысқан заттық ұғымдардың бәрі де санмен араласып келсе, сан адам ғұмырымен дүниеге келіп, аяқталады.
Сөзімді түйіндей келе алдағы уақытта осы тақырып көлеміндегі зерттеу жұмыстары ары қарай жалғасын тапса деген оймен төмендегі жобаларды ұсынамын.

Оқушы ғылыми ізденіс үстінде

Ұсыныстар:
1. Сандар сыры жайлы ғылыми еңбектер кітап болып басылып, көпшілікке ұсынылса;
2. Сандар жайлы киелі ұғым бар екені баршаға аян, олай болса олар жайлы жорамал жасау қолға алынса;
3. Ұлттық ерекшелігімізге байланысты қолданылатын сандық ұғымдар құиясы мектептің тәрбие саласына арнайы енгізілсе.
4. Қазақстан Республикасында «нумерология» ғылымы дамымаған, осы ғылымды біздің елімізде дамытуды қолға алса.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Алдамұратова Т.А. «Математика» Алматы «Атамұра» 2001 ж.
2. Ахметжанова Ф.Р., Дүсіпбаева Қ.С. «Қасиетті сандар қатысқан ескіліктері» ғылыми басылым, Өскемен 2001 ж.
3. Әлімбай Т.Р. «Математикадан тыс жұмыстар» Алматы «Рауан» 1992 ж.
4. Бақытбек М. «Жас Алаш» газеті Алматы 2001 ж.
5. Интернет беттерінен.

Аннотация
«Сандар сырының құпиясы» атты ғылыми жобада жас зерттеуші сандардың шығу тарихынан бастап, олардың қай мемлекетте пайда болғандығына ерекше көңіл аударып, түркі халықтары арасында оның ішінде қазақ халқының сандарға қатысты киелі, қасиетті ұғымдарын аша білген. Зерттеу барысында өзіндік көзқарасын білдіріп, ұтымды ұсыныстар жасаған. Халық арасындағы күнделікті тұрмыста кездесетін сандар құпиясын ғылыми болжамдармен салыстырмалы түрде қарастырып,кең көлемді жұмыс жасаған.
Жетекшісі: математика пәнінің
оқытушысы Қалдыбекова Н.С.

Аннотация
Уделяя особое внимание истории возникнования цифр, их первоначальное употребление, юный исследователь в своём научном исследовании «Тайна чисел» сумел раскрыть принципиальные особенности применения чисел у тюркского народа, а том числе и казахского. В ходе исследований выразил свой взгляд, внёс позитивные предложения. В работе был проводён сравнительный анализ широкого применения чисел в быту и научных предположений. Работа была выполнена в большом объёме.
Руководитель: учитель истории Калдыбекова Н.С.


Annotation
This science work is called «The secret of of number». The young researcher have found a lot of materials about became history of numbers and has searched the mean of Kazakh numbers. The young researcher has found the secret of numbers and how use in Kazakh peoples’ life and has searched for science numbers.
Subject of match
Teacher: N.Kaldibekova

Пікір
Қоршаған әлем адамзатқа өз сырын толық ашпаған.Қуантатыны білім,ғылым дамуымен қатар мектеп оқушылары жаңа көзқарасы,жаңа ойлар,ізденістер ,білуге деген құштарлығының артып келе жатқаны.Сондай оқушылардың бірі«Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10 «А»сынып оқушысы Дербіс Зарина Қарсыбайқызы өзінің «Сандар сыры қайда жатыр?» тақырыбындағы ғылыми жұмысын назарымызға ұсынып отыр.
Зертеу жұмысы кіріспеден ,негізгі мәселені қарастыратын төрт тараудан ,қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.Кіріспеде тақырыптың өзектілігі,мақсаты мен міндеттері және жұмыстың құрылымы талапқа сай жазылған.
Бірінші тарауда сандар тарихы,екінші тарауда сандар сыр шертеді сандар туралы қызықты мағлұматтар беріледі. Үшінші тарауда қазақ халқы үшін сандардың қасиеттерінің мән-мағанасы жан-жаұты ашылып көрсетілсе,төртінші тарауында ізденіс барысында өзінің қол жеткізген деректері жайлы ойларымен зерделейді.
Қорытынды бөлімінде жоғарыда аталған тарау мен тараушаларды түйіндеп,өзіндік тұжырымдама жасалған.
Қорытынды:Дербіс Зарина өз жұмысында ұлтымыздың сан ғасырлар бойы сенімі мен нанымы болып келген сандар сырының киелі ұғымдарына шолу жасап ,олардың өмірдегі қолдану аясына үлкен мән бере қарастырған.Біраз сандар сырларына қанығып ,ғылыми болжамдарға,ұстанымдарға назар аударып,өз қатарларына сандардың өмірде алатын орынын түсіндіре білген.
Дербіс Зарина ізденіс жұмыстарын қарапайым түсініктерден бастаған.Болашақта ғылыми жұмысын жандандырып,халық қазынасының тереңіне бойлап ,қасиетті сандар сырына қанығатындығына сенім білдіремін.

Пікір беруші «Сырдария»университетінің доценті.т.ғ.к

Категория: Мектеп

 

Бастауышпен қоштасу.

Автор: admin от 22-05-2018, 23:58, посмотрело: 1517

2
Бастауышпен қоштасу.
Бастауышпен қоштасу.
Бастауышпен қоштасу.
Бастауышпен қоштасу.

Категория: Галерея

 

Ашық сабақтан көрініс

Автор: admin от 22-05-2018, 23:54, посмотрело: 975

1
Ашық сабақтан көрініс
Ашық сабақтан көрініс
Ашық сабақтан көрініс
Ашық сабақтан көрініс

Категория: Галерея

 

Іс-шаралар

Автор: admin от 22-05-2018, 23:48, посмотрело: 954

2
Іс-шаралар
Іс-шаралар
Іс-шаралар
Іс-шаралар
Іс-шаралар
Іс-шаралар
Іс-шаралар
Іс-шаралар
Іс-шаралар
Іс-шаралар

Категория: Галерея

 

«7 мамыр-Отан қорғаушылар күні»

Автор: admin от 21-05-2018, 02:41, посмотрело: 1117

2 «Бекітемін»
Мектеп директоры:--------------
Ж.Мұғалбеков
2.05.2018.ж
«Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
«7 мамыр-Отан қорғаушылар күні» мерекесіне
арналған іс-шаралар жоспары

№ Іс-шаралар атауы
Мерзімі Жауаптылар
1 Мектепте «7 мамыр-Отан қорғаушылар күні «Отан үшін күрес, Ерге тиген үлес» атты мерекесіне арналған іс шаралар жоспарын жасап бекіту 2- 4.05. ДТІЖО
ҚББП
Сынып жетек
2 Мектепте мерекеге арналған мейрам қарсаңында сенбіліктер өткізу, көріктендіру, көгалдандыру, және безендіру мақсатында сенбіліктер жүргізу 4-5.05. ДТІЖО
Сынып жетек

3 Мектепте «7 мамыр - Отан қорғаушылар күні» мерекесіне арналған «Ерлік пен елдіктің иесіндей батырлық пен батылдықтың киесіндей» атты ашық тәрбие сағаттарын өткізу 5.05 Байбаков Е
4 Мектепте салтанатты жиналыстар мен концерттер өткізу, ескерткіш пен мүсінтасқа гүл шоқтарын қоюды ұйымдастыру. «Ерлік елге мұра» атты тәрбие сағаты 5. 05. ҚББП
Тәлімгер
5 Мектепте мереке күндері соғыс және тыл ардагерлері үшін атаулы қайырымдылық іс-шараларын өткізу. Отан қорғаушылар ескерткіштерін жөндеу және қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру 5-8.05. Марденова З
ҚББП
6 Өңірлерде орналасқан әскери бөлімдердің жауынгерлік жарыс озаттарын-әскери қызметшілерді қабылдауды ұйымдастыру 5.05. Кенжеханов Б


Дайындаған: Қ.Маликова


«Бекітемін»
Мектеп директоры:--------------
Ж.Мұғалбеков
4.05.2018.ж
«Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
«7 мамыр-Отан қорғаушылар күні, 9-мамыр-
Ұлы Жеңіс күні» мерекесіне арналған іс-шаралар
жоспары

№ Іс-шаралар атауы
Мерзімі Жауаптылар
1 Мектепте «7 мамыр-Отан қорғаушылар күні 9-мамыр-Ұлы Жеңіс күн» мерекесіне арналған «Отан үшін күрес, Ерге тиген үлес» атты іс шаралар жоспарын жасап бекіту 2- 4.05. ДТІЖО
ҚББП
Сынып жетек
2 Мектепте мерекеге арналған мейрам қарсаңында сенбіліктер өткізу, көріктендіру, көгалдандыру, және безендіру мақсатында сенбіліктер жүргізу 4-5.05. ДТІЖО
Сынып жетек

3 Мектепте «7 мамыр - Отан қорғаушылар күні» тақырыбында көрме, тәрбие сағаттары, дөңгелек үстелдер өткізу мерекесіне арналған «Ерлік пен елдіктің иесіндей батырлық пен батылдықтың киесіндей» атты ашық тәрбие сағаттарын өткізу 5.05
4 Мектепте салтанатты жиналыстар мен концерттер өткізу, ескерткіш пен мүсінтасқа гүл шоқтарын қоюды ұйымдастыру. 5. 05. ҚББП
Тәлімгер
5 Мектепте мереке күндері соғыс және тыл ардагерлері үшін атаулы қайырымдылық іс-шараларын өткізу. Отан қорғаушылар ескерткіштерін жөндеу және қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру 5-8.05. Марденова З
ҚББП
6 Мектепішілік оқушылар арасында спорттық сайыстар ұйымдастыру 5.05. Мейірбеков Х
7 Мектепішілік оқушылар арасында «Автомат шашып, жинау, Саппен жүріп өту» шараларын өткізу 8.05. Кенжеханов Б


Дайындаған: Қ.Маликова

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Ата - аналар жиналысы

Автор: admin от 21-05-2018, 02:39, посмотрело: 968

1 «Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Халықаралық отбасы күніне арналған «Білімді ұлт-сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» жалпыұлттық ата-аналар арасында өткізілген жиналыс

Атамекен а/ә Хаттамасы № 5 «15» мамыр 2018 ж.
Қоғалы ауылы Уақыты:1830



Қатысқандар - 142 Ата-аналар, ұстаздар, жергілікті өкілдік атқарушы органдар, демеушілер, аудандық әдістемелік кабинет әдіскері.


Күн тәртібі:

1. Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру –тәрбие негізі;
2. 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау;
3. Оқу жылының қорытындылары, оқушылардың білім сапасы;
4. Мектептегі қамқоршылық кеңестердің қызметі;
5. Отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту;
6. Оқу процесін цифрландыру;
7. Оқулықтарды әзірлеу және 100 үздік оқулықты аудару мәселелері.

Тыңдалды:
1-мәселе бойынша: мектеп директоры Ж. Мұғалбеков жиналысты ашып, Халықаралық отбасы күніне арналған «Білімді ұлт-сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» жалпыұлттық ата-аналар арасында өткізілген жиналысты жүргізіп отырды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру –тәрбие негізінің мақсаты айқын бағыты белгілі, ол әлемдегі ең дамыған 30елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдылықтары оған жеткізетін жолдар бар. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі тиіс деді.Аудандық білім бөлімінің есепшісі Сапарбаев Айболат және әдіскер Ғалымжан Сапаров жиналысқа қатысып өз пікірлерін білдірді, Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға айтып өтті.
2-3 мәселелер бойынша: Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары А.Қасымбеков Қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімі Министрліктің «Орта білім беру ұйымдарында 2017-2018 оқу жылын аяқтау туралы» бұйрығымен анықталады. 2018 жылдың білім алушылары қорытынды аттестаттауды бес емтихан түрінде, оның ішінде біреуін таңдау бойынша тапсырады. Қорытынды өткізу нысандары:
1) Ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан
2) Алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан
3) Қазақстан тарихы бойынша ауызша ауызша емтихан
4) Қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу
5) таңдау бойынша пәннен тестілеу өткізіледі. Мектепте оқушылардың білім сапасы 1-11сынып аралығында білім сапасы 53% пайызды құрап отыр. Ал, «Серпін-2050» бағдарламасына ЖОО-лар мен коледждердегі әр мамандық туралы толығырақ танысу үшін www.serpin-2050.kzсайтына кіріп,оқуға болады. Сонымен қатар,сайттағы «Сұрақ-жауап»бөлімінде талапкер көңілінде жүрген бірқатар сұрақтарға жауап берілген:Мемлекеттік мәңгілік ел жастары-индустрияға» атты бағдарламасы туралы негізгі ақпарат:
Аталмыш бағдарлама бойынша жеті облыстағы жоғары оқу орындары (әрі қарай ЖОО)қатысады; Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар. 2017-2018 оқу жылында «Мәңгілік ел» жастары индустрияға жоғарғы оқу орындарына гранттар бөлінеді.
4-мәселе бойынша әлеуметтік педагог З.Марденова Қамқоршылық кеңестің құру ережелерімен таныстырып,оның мақсатымен таныстырды.Жыл бойында өткен «Мектепке жол» «Қамқорлық»айлығы тағы да басқа қайырымдылық шаралары барысында қамқоршылық кеңес мүшелерінің белсене қатысқандығы туралы айтып өтті.
5.мәселе бойынша мектеп психологтарына баланың психологиялық және физиологиялық дамуына, күйсіздік, салдыр-салақтық, селқостық немесе керісінше баланың агрессияшылдығы, құбылмалы мінез-құлқы, жайбарақаттық күйден кенеттен қозуы, нашар зейін қоюына байланысты оқуда проблемалардың болуы, басқа балаларға ойындарға қатысты баланың жоғарғы төбелескіштілігі, агрессияшылдығы мектепте күнделікті тығып қоюы, алдау, өтірік, немесе нашар баға алған кезде өткір эмоциялық әрекет етуі немесе үйге баруға қорқу. Ата-ананың немесе мұғалімдердің тарапынан балаға қатігездікпен қарау жағдайы анықталған жағдайда балаға қатысты қатыгез қарым - қатынас анықталған жағдайда дереу мектеп басшына жедел хабарлау, бір сағаттың ішінде ақпаратты жазбаша нысанада берілу керек.
Балаға қатыгездікпен қарау жағдайы анықталған кезде, баланың өмір сүру жағдайы және тәрбиелеуін зерделеу үшін құқық қорғау, қорғаншылық және қамқоршылық органдарына мектеп басшысы дер кезінде телефон арқылы хабарлау керек.
6. мәселе бойынша информатика пәнінің мұғалімі А.Кенжеева елімізде жүргізіліп жатқан цифрландыру барысында тоқталып, маңыздылығын түсіндірді.
Сөйледі:
Жарыс сөзге шыққандар:
1.Қамқоршылық кеңесінің орынбасарлары:М.Сералиев,Д.Қалдыбеков, кеңес жұмысы барысыназ қамтылған көп балалы қамқорлықтағы оқушылар әлеуметтік көмекпен мүмкідігінше қамтылып жүргендігі туралы атап өтті.

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Тәрбие: «Білім айдары»

Автор: admin от 21-05-2018, 02:37, посмотрело: 850

1 Шығыс№137 Мақтарал ауданының білім бөліміне
12.03.2018.ж. Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Білім айдары» білім саласына қатысты кез келген заңсыз фактілер бойынша жасалынған іс-шаралар туралы

МӘЛІМЕТ

«Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Білім айдары» білім саласына қатысты кез келген заңсыз фактілер бойынша ұсыныстарды осы айдар мен желідегі мына 87758692121 арқылы қосыла аласыздар.
Мектепте әр бір сынып жетекші ата - аналар жиналысын жасап «Білім айдары» ашылғандығын WhatsApp желісінде қосылғандығын туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата –аналарға білім саласына қатысты кез келген заңсыз фактілер бойынша ақпаратты білім жүйесін жақсарту бойынша ұсыныстарды осы айдар бойынша жібере аласыздар. Сіздің белсенділік танытуыңыз білім саласындағы қызмет көрсетудің сапасын арттыру және нәтижесін жақсартудағы үлкен үлес қосатыныңызға сенеміз. «Білім айдары» жадынамасын мектеп алдындағы кіре берісіне және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының кіре беріс жеріне орналастырып іліп қойылды.


Мектеп директоры: (қолы бар) Ж.Мугалбеков
Орындаған : З.Тлеубаев

Категория: Мектеп дәстүрі

 

2 сынып: Дені саудың – жаны сау

Автор: admin от 19-05-2018, 00:54, посмотрело: 3138

1 Пән: қазақ тілі
5-бөлім: Дені саудың – жаны сау
Күні: 9.01.2018ж
Сынып: 2 «Ә»
Мектеп: Ж.Сүлейменов
Мұғалімнің аты-жөні: Қапалова Гүлжан
Қатысқандар саны: 13
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
Сабақ мақсаттары Мәтін бойынша түсінбеген сөздерді белгілеу, қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдылану.
Бағалау критерийлері • Тыңдаған материалдан түсінбеген сөзді белгілейді;
• Мәтін бойынша сұрақ құрастырады;
• Қойылған сұрақтарға толық жауап береді.
Тілдік мақсаттар Комментатор, бағдарлама, спортшы, сұхбат, жанкүйерлер, жарыс, сұхбат барысында тыңдарманның назарын аударту мағынасында қолданатын сөздер, т.б.

Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік
/интернационализм Еңбек және шығармашылық
Пәнаралық байланыстар Дүниетану, әдебиет, денешынықтыру, математика
Бастапқы білім
Спорт туралы хабар тамашалаймыз

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар

Сабақтың басы
7 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Таңғы шеңбер
«Сөйлемді аяқта» жаттығу.
Оқушылар шеңберге тұрып, «Мен кеше .... көрдім» деп өткен күні не көргендерін айтады.

(Ұ) Мақсаты: Сұрақ-жауап арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
- Адам нені көреді?
- Қайдан көреді?
- Біз қандай тарау өтіп жатырмыз?
- Денсаулық деген не?
- Спорт туралы хабарды қайдан білеміз?
- Қандай телебағдарламаларды білесіңдер?
- Бүгінгі сабақта не туралы өтеміз?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Бағалау критерийлерін шығару.
слайд
Сабақтың ортасы

5 мин

2 мин

3 мин

3 мин

15 мин
Негізгі бөлім
(Ұ, МК) Бейнежазба көру.
Мақсаты: мәтін мазмұны бойынша жаңа сөздерді талқылау, қойылған сұрақтарға жауап беру.
• Оқушылар түсініксіз сөздерді жазады, жаңа сөздер талқыланады.
• Бағдарламада мағлұмат қалай берілгенін талқылау.
- Бағдарламадағы мағұлмат қалай берілді?
- Қандай сөздер түсініксіз?
- Неліктен?
- Комментатордың дауысы қандай?
- Сен комментатор болсаң қалай сөйлер едің?
- Бағдарламада не жайлы болды?
Сергіту сәті

(Ж) «Сен маған-мен саған»
Мақсаты: өзара ақпарат алмасу,дұрыс сұрақ қою және оған толық жауап беруге дағдылану.
Жұпта жақсы көретін спортшылар туралы бөліседі.
Әңгімелесу кезінде мынадай сұрақтар қояды:
- Сен қандай спорт түрлерін жақсы көресің?
- Сол спорт бойынша атақты спортшыларды танисың ба?
- Атақты спортшы болу үшін не істеу керек?
- Адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?
(Ұ) Проблемалық сұрақ
- Балалар, сендер жұпта не істедіңдер?
- Сұрақтарға жауап бергенді қалай айтады?
- Сұхбатты кімнен алуға болады?
(Ұ. Т) Бейнежазбаны көру.
Мақсаты: мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.
Ильин туралы бейне көру. Илья Ильин - Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев
Бейнеден көрген сұхбаттағы сұрақтарды еске түсіру.
Сол сұрақтарға жауап беру.
Алынған сұхбат пен мәтінде берілген ақпаратты салыстыру.
Дифференциация
Бір топ Ильин туралы сұхбат қоюға сұрақтар дайындайды. карточкалар

Сабақтың соңы
5 мин Сабақты қорытындылау
Рефлексия
«Сөйлемді аяқта» сабақтан алған әсерлерін мұғалімнің бастаған сөзін жалғастыруы керек.
«Мен үшін бүгінгі сабақта.../ұнады/ұнамады, /қызықты болды/қызықсыз болды/. Себебі,...» слайд

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейі жоғары оқушыларға қойылым дайындауға беріледі Өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады
Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Қорытынды бағалау
Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаймын.

1:
2:
Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаймын.
1:
2:
Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?

Категория: Мектеп

 

Еңбекқорлық пен еріншектік

Автор: admin от 19-05-2018, 00:52, посмотрело: 960

1 Мерзімі: 12.02.2018ж
Мұғалімі: Қапалова Г
Тақырыбы: Еңбекқорлық пен еріншектік
Мақсаты: Оқушылардың «еңбек» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- еңбекқор мен еріншек туралы түсінік беру;
- еңбекке қызығушылықтарын арттыру;
- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: ақ қағаздар, оқулық, дәптер.
Шаттық шеңбері:
Балалар шеңбер құрып тұрады. «Болайықшы осындай» әнін бәрі бірге айтады.
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүл толады.
Қайырмасы:
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы досым – ай...
1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
Оқу құралдарына назар аудару. 2.Тыныштық сәтi.
«Нұрға бөлену» (5 мин)
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізі ашуға болады.
Рахмет.

Үй тапсырмасын пысықтау:
Әңгімелесу
Оқушылардың еңбекқорлық пен еріншектік туралы түсініктерін білу мақсатында әңгімелесу сұрақтары:
- Еңбектену адамға не үшін қажет?
- Еңбекқорлық адамды тағы қандай қасиеттерге баулиды?
- Өзіңді еңбекқормын деп санайсың ба?

Түйіндеу
Еңбекқор адам айналасына да сыйлы, беделді болады. Еңбекқорлық адамды шыдамдылыққа, табандылыққа, ұқыптылыққа, мақсат қоюға, адамдармен дұрыс қарым - қатынас жасай білуге және шығармашылыққа жетелейді.
Мәтінмен жұмыс
В. А. Сухомлинскийдің «Еңбексүйгіш пен Еріншек» ертегісін оқып беру. Балалардың түсініктерін байқау үшін сұрақтар қою:
- Еңбексүйгіш пен еріншектің әрекеттерін салыстырып, ерекшеліктерін айтып беріңдер.
- «Нағыз адамның өткен жылдары өшпейді» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Еңбексүйгіштің бойындағы жақсы қасиеттерді атап беріңдер?
Балалардың жауаптарын мұғалім түйіндейді:
- Еңбекті сүйетін адам көп еңбектенеді. Өз еңбегінің арқасында ұрпағына, халқына мұра қалдырады. Ал еріншек жалқаулығының нәтижесіңде өз күнін әрең көреді.
Тапсырма

Берілген кестеге еріншек пен еңбекқорға тән белгілерді бөліп жазыңдар.

Сергіту сәті
Қырға шықсаң өрлеп, (Қолдарын кезек – кезек жоғары көтереді)
Мұның аты – Еңбек. (Екі қолын жаяды)
Кесте тіксең, зерлеп, (Оң қолын ине ұстап, тіккен қимылды көрсетеді)
Мұның аты – Еңбек. (Екі қолын жаяды)
Сабағыңды жөндеп (Жанындағы көршісіне қарап сол қолын жаяды)
Әзірленсең – Еңбек. (Екі қолын жаяды)
Қиындықтың бәрін (Құшағын ашады)
Еңбек қана жеңбек. (Екі қолын жаяды.)

Тапсырма. Топпен жұмыс

1.«Адал еңбек» дегенді қалай түсінесіңдер?
2.«Еңбектің жемісі» дегенді қалай түсінесіңдер?
3.«Өз еңбегіңнің жемісі неліктен тәтті?» дегенді қалай түсінесіңдер?

Түйіндеу
Адал еңбек адамды табысқа, бақытқа, қуанышқа жеткізеді.
Адам еңбектің дәмін өзі тер төккенде ғана жақсы сезінеді.
Жасаған еңбегің еш кетпей, пайдалы болғаны өзіңе ғана емес, айналаңдағы адамдарға да, қоғамға да пайдалы, жемісті болады.
Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады.

Дәйексөз
«Еңбек – қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап»
Абай.
Адам, ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш – қуатын, ақыл - ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең, мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.

Еңбектің пайдасы:
тәрбиелейді,
жігерлендіреді,
күш береді,
қуантады,
бақытты етеді,
өмір сүруге үйретеді,
үнемшіл болуға үйретеді,
ширатады,
шынықтырады.

Жаңа ақпарат
Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөлінеді.
Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам өмірде құрметке бөленеді.

Қорытындылау

Сабақтың соңғы тыныштық сәті
Баяу әуен қою.

- Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық! Енді бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қанадай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Мен осынау әсемде көрікті әлемді сүйемін. Егер барлық жасаған әрекетіміз дұрыс болса, біздің жан дүниемізде жан тыныштығы орнайды. Тыныштық, ол - жүрегіңді тыңдау. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көздеріңізді ашуға болады.

Адам бойындағы ең бір жағымсыз қылық – еріншектік, ондай адамның іске мойны жар бермейді. Осыған байланысты Абай атамыз 38 – қарасөзінде «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі – надандық, екінші - еріншектік, үшінші – залымдық – деген екен.
Жүректен жүрекке
Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір – біріне жақсылық тілеп, ізгі тілек айтады.

Тексерілді:Кері қайту

Берілген кестеге еріншек пен еңбекқорға тән белгілерді жазыңдар

еріншек еңбекқор

«Еңбектің жемісі» дегенді қалай түсінесіңдер?

«Өз еңбегіңнің жемісі неліктен тәтті» дегенді қалай түсінесіңдер?

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып зейіні мен жадысын жақсарту

Автор: admin от 19-05-2018, 00:50, посмотрело: 828

1 Мерзімі: Тұрлыбекова Жамила Мейрамбековна Коучинг
Сабақ тақырыбы Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып зейіні мен жадысын жақсарту

Жалпы мақсаты: Оқытуда жас ерекшеліктеріне сәйкес зейін мен жадыны жақсартудың маңыздылығын анықтайды, тиімді әдіс-тәсілдерді сипаттайды.
Оқу нәтижесі: Зейін мен жадыны жақсартудың басқа жолдарын айтады.
Зейін мен жадыны ажыратады.
Түйінді идеялар: Жас ерекшеліктеріне сәйкес зейін мен жадыны анықтайды.
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі
Сабақта қолданатын материалдар: Слайд, маркер, түрлі – түсті стикерлер, суреттер, бояу құралдары, А4 қағаздары, интерактивті тақта.
Оқыту әдістер: Жаңа әдістер, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, АКТ, СТО, оқыту үшін бағалау, диалогтік оқыту,оқытуды басқару және көшбасышылық.
Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап беру, үлестірмелі материалдарды орындау, постер қорғау.
Ұйымдастыру:

Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу
«Тазару» жаттығуы

5 минут

Топқа бөлу
3 минут

2 минут

Ой қозғау.
Қызығушылығын ояту.

5 минут

Бейнекөрсетілім
8 минут
1 - тапсырма
Топтық жұмыс.
«Галерея» әдісі
20 минут

2 - тапсырма
«Айырмашылықты тап»

5 минут

Сергіту сәті
«Бұзық телефон»

7 минут

"Жадыны дамытуға арналған пасьянс"

15 минут

Қорытынды

Рефлексия Коучтың іс-әрекеті
Мұғалімнің іс-әрекеті Уақыт
Коучинг сабақтың қатысушылырымен сәлемдесу.
Терең дем алып , демді барынша қайта шығарыңыз . Денеңізді босатыңыз . Өзіңізге былай деңіз : Мен өмір сүруіме кедергі келтіретін барлық өкпе , реніштен тазарғым келеді . Мен барлық қысымнан осылайша босаймын . Барлық ескі реніш , өкпелерден құтылғым келеді . Мен жанға рахат жайбарақаттылықты сезінемін . Мен өз қалпымдамын . Өз өмірімнің ағынымен барамын Барлық өкпені ұмыттым , кештім .

Қазіргі уақыттағы эмоционалдық көңіл күйлеріне байланысты алдарындағы смайликті таңдау. Сабақтың соңында осы смайликтарды қайта таңдату.

Капитан, капитан, палуба, суда 1,2,3,4, адам арқылы топқа бөлемін.

Сабақтың мақсаты мен нәтижесін таныстыру.

Презентация «Бас миының қыртысы»

1. «Жады дегенді қалай түсінесіз?»
2.Зейін мен жадының қандай айырмашылықтары бар?
3. Біз зейін қойып тыңдамасақ ақпаратты қаншалықты есте сақтай аламыз?
2. «Есте сақтау қабілетін оңай әрі тез жақсарту үшін не істеу керек?»
Слайдтан сурет көрсетіп, сұрақ қоямын:
Мына суретке мұқият қарап алыңыздар, содан соң өз ассоциацияларыңызда қағазға түсіріңіздер.
(әр мұғалімінің суретті түрліше қабылдауы – танымының түрлі деңгейін көрсетеді)
Бейнекөрсетілім көрсетіп,ұстаздарға сабаққа қатысты сауалдарын ұсындым.
Бейнекөрсетілімнен не ой түйдіңіз?
І топ: 10 жасар баланың танымымен
қабылдаңыз

ІІ топ: 20 жасар жігіттің танымымен қабылдаңыз
ІІІ топ: 5-6 жасар баланың танымымен қабылдаңыз.

Енді бір сәт тақтаға назар аударайық. Осы интерактивті тақтадан көріп отырған суреттерден сіздер қандай айырмашылық көріп отырсыздар. Мұғалімдер суретке зейін аудара отырып айрмашылықтарын табады.

Біздің мектеп ұжымындағы әйел қауымын аудандық кәсіподақ комитеті 7 — наурыз 2017 жылы сағат 13:00 – де облыстық мәдениет сарайында өтетін 8 – наурыз халықаралық әйелдер күніне орай МУЗарт тобының концерттік кешіне шақырады.

Есте сақтау қабілеттерді дамытудың тағы қандай әдістерді білесіз?

Келесі біздің жаттығуымыз зейін мен жады туралы ақпаратты оқып танысамыз.Оқылу уақыты 2 минут. Ақпаратты есте сақтауға 2 мин уақыт береміз.
1. Ал енді кім айтып береді зейінді қалай дамытамыз?
2. Эпизодтық жадыға не жатады.?
Естеріңізге сақтай алдыңыздар ма?
Көп ұпай жинаған топқа жұлдыз беріледі 2 мин кейін мұғалімдер есте сақтаған нысандарды көбірек айтуларына қарай ұпай жинайды

Қызықты мәліметтер «Сен білесіңбе?»

Бүгінгі сабақ барысында біз қандай
іс - әрекеттер жасадық?
«ТВ шоу» әдісі

«Бес саусақ» арқылы музыка ырғағымен бағалайды: бас бармаққа – ұнағаныңызды, сұқ саусаққа – неге жеткендігіңізді, ортан терекке – нені үйренгіңіз келетінін, шылдыр шүмекке – сіз үшін жаңалық, кішкентай бөбекке – қосарыңызды мына А4 қағазға қолыңызды салып, әр саусаққа жоғарыда аталған бойынша бүгінгі коучингке баға берулеріңізді сұраймыз.
Сабақтың соңында смайликтарды қайта таңдату.

Мұғалімдердің арасында қарым – қатынас нығаяды. Жағымсыз көңіл – күйден арылады.

Мұғалімдер топқа бөлінеді.

Сабақтың мақсатымен танысады.

Слайдтан көрсетіледі.

Мұғалімдер өз ойларын айтады.Тақырыпты топтық талқылауға салады

Бейнекөрсетілім көреді.
Топтар «түйінді идея» постер дайындайды. Идеяны топтағы 1 адам қорғайды.

Бағалаушылар топ идеясын қорғаушыларды бағалайды.

Мұғалімдер суретке қарап отырып айырмашылықтарын табады.

Сергіту сәтіне ұйымшылдықпен қатысу.
(1 топтан 2 адам шығады)

Бағалаушылар топ идеясын қорғаушыларды бағалайды.
Бес саусақ әдісі арқылы өз ойларын жазады.

Категория: Мектеп дәстүрі