» Материалы за Май 2018 года » Страница 4

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Тәрбие сағаты: 5 сынып. "Менің Отаным Қазақстан"

Автор: admin от 18-05-2018, 23:29, посмотрело: 3193

3 Тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан
Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, Астана қалаларына байланысты суреттер, слайд
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі, оқушыларды түгелдеп, тәрбие сағатының тақырыбы мен мақсатын таныстырамын.

І-жүргізуші:

Естігенде көк аспанның астында,
Тік тұрындар айтылғанда Әнұран.
Бар қазақтың үніндей шарықта,
Шарықташы, Әнұраным, шарықта!
Оны айтуға, жас ұлан, жалықпа.

ІІ жүргізуші:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

І жүргізуші: Армысыздар қадірлі де ұлағатты ұстаздар!

ІІ жүргізуші: «Менің Отаным – Қазақстан» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

І жүргізуші: Біздің Отанымыз - Қазақстан деп аталады

ІІ жүргізуші:
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.

І жүргізуші:
Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.

ІІ жүргізуші:
Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет.
Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.

Мұғалім: Балалар, «Отан дегеніміз не?»
-Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінеміз?
(ой - пікірлерін тыңдау)
- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.

1-оқушы: Отан дегеніміз- адамның туып- өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отан- ҚР-сы.
2-оқушы: Біздің Отанымыз-ҚР-ның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қарат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамыз өсімдікке, жануарларға , қазба байлыққа бай.
3-оқушы: Осы ҚР-ның жас ұланы екенімді мақтан етем. Оның бай тарихын зердеме түйіп, ертеңгі азаматы болу үшін білім аламын, еңбек етемін. Кешегі тарих жолында елдің ел болуына қызмет еткен халқымыздың асыл ұлдарына ұқсап өсемін.
4-оқушы: Отаным менің кең- байтақ, әрі бай. Онда әр түрлі халықтар тұрады. Олар бір-бірімен тату, дос. Қазақ халқы ешуақытта соғыс тілемейді бейбітшілік үшін күреседі.
Мұғалім: Қазақ халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын, өлең өрнектерімен өрнектеп терең мағыналы сөз өнері арқылы, өлең-жырымен тәлім-тәрбиесін зор ойлар айта білген. Қазақтың мақал-мәтелдерінің айтары - өсиет, ұлағат, тәлім, парасат.

І-жүргізуші:
Ал, ендеше оқушылардың Отан туралы дайындаған өлеңдеріне кезек беріп, тыңдай отырайық.
1 - оқушы:
Көп аузынан түспейтін, Отан - сенің ата - анаң,
Отан деген немене?, Отан - досың, бауырың.
Оның тұлға түс кейпін, Отан - өлкең, астанаң,
Достым білгің келе ме? Отан - аудан, ауылың.
2 - оқушы:
Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Сүйемін мен Отанымды,
Гүл жайнаған жерімді.
Сүйемін мен ата - анамды,
Мені өсірген елімді.

3 - оқушы:
Тас жаратын семсердей тілімдесің
Жүрегімде, дінімде, ділімдесің.
Байлығым, бақытымсың, ардақты Отан
Ойым да, түнім де, күнімдесің.

4 - оқушы:
Отан - менің өзегім,
Қиының болса төземін.
Алдағы бақыт шақтарды,
Жүрегіммен сеземін.
5 - оқушы:
Отаным - менің өзегім,
Қырыңды шарлап, кеземін.
Білу керек әр ұрпақ,
Бес саусақтай өз елін.
6 - оқушы:
Отаным - мәңгі қорғаным,
Қалаймын бақыт қонғанын.
Сүйемін және сондықтан,
Өзенін, көлін, орманын.
7 - оқушы:
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің тірегім,
Құшағыңда гүл атам.
8 - оқушы:
Ата, Әжем, Әкем, анам -
Төртеуі де «Отан!» маған
Төртеуі де «Ботам» дейді
«Ер азамат атан!» дейді
Мақтанамын Отаныммен,
Отаныма «Ботамын»мен
9 - оқушы:
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан!
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің, сен Отан!

ІІ-жүргізуші:

Кең байтақ Қазақстан менің туған өлкем, оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы, жасыл жайлауы - менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны анамдай сүйемін.
10 - оқушы:
Біз жас ұлан - Отан ана өркені
Үміт артқан болашағы, ертеңі.
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.
11 - оқушы:
Отан дейміз кең - байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

12 - оқушы:
Қазақстан - көк байрақты ел едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің мақтанышым, тірегім,
Өзің менің қуанышым, бақытым

13 - оқушы
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын.

Бәрі: Ол біздің - Қазақстан!
Гүлниза : «Отан» М. Мақатаевтың өлеңін оқиды.

І-жүргізуші:
Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері- Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.

І-жүргізуші:
Ия Ту, Елтаңба, Әнұран.
Енді осы рәміздер туралы қысқаша айтып берейін.
Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді. Егемен ел болдық. Биыл 27 жыл. Әрбір азат елдің өзінің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады. 1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері қабылданды. Олар Қазақстан Республикасының Әнұраны, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, Қазақстан Республикасының Туы.

1-оқушы:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашан да
Биікке іліп қояды.
Туымызға жас туған
Бір қарамай өтпейді.
Сол көк тудың астында
Көгереміз көктейміз.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

2- оқушы: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің, белгісі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлиханов.

3-оқушы: Өзіңдікі- елің де,
Өзіңдікі – жерің де.
Өзіңдікі- өзің еккен бақ,
Тәуелсіздік төрінде!

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

ІІ-жүргізуші:

Хор: «Атамекен»

Мұғалім:
- Балалар, біздің туған жеріміз, кіндік қанымыз тамған жер қалай аталады?
- Қоғалы
Туған жеріміз Қоғалы біздің Отанымыз Қазақстанның кішкентай ғана бір бөлшегі болып есептеледі. Біз осы жерде өмір сүріп жатырмыз.

І-жүргізуші:
Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер біледі екенбіз?
1. Туған жер - тұғырың
Туған ел - қыдырың. Айша
2. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық. Нұрдаулет
3. Туған жер – алтын бесік. Алмасбек
4. Туған жердің топырағы да ыстық. Дариға
Мұғалім: Ал енді Қазақстан елінде қанша облыс бар? Ия, дұрыс айтасыңдар. 14 облыс бар. Қазір сол облыстарды рет-ретімен орналастырамыз.

Алматы- жері жайсаң облыс,
Ақтөбе- өлке ақ тарысы-мол ырыс,
Атырау-мол қазақстан мұнайы,
Жамбыл-жайлау, қазыналы, шұрайлы.
Жезқазған-кен, бұзылмаған қаймағы,
Көкшетау- көп көгілдір көл аймағы.
Қарағанды-қара алтынның қоймасы.
Қостанай-құт қызыл бйдай қамбасы,
Қызылорда-күрішті сыр сағасы,
Орал-көне Ақ Жайықты жағасы.
Өскемен-өр шығыста Алтай аясы,
Павлодар- қара Ертістің саясы,
Семей-аңыз, Шыңғыстаудай қорғанды.
Ақмола- Арқада ыстық алқабы,
Шымкент- ыстық оңтүстігім мақталы.

ІІ-жүргізуші:

Ән: «Біз Отанның ұланымыз!»
Орындайтын «Жігіттер» тобы
І-жүргізуші:
Би: Қыздар биі

І-жүргізуші:
Ән: «Қазағым»
Орындайтын: Иса Ақбота

Қорытынды: М.Мақатаевтың «Үш бақытым» әнімен қорытындылаймыз.

Ең бірінші бақытым –халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын қор болмайымын.
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым тілі менің
Тас жүректі тіліммен тілімдеймін
Кей-кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші Отан деген
Кім мықты?- десе біреу Отан дер ем
Оты сөнген жалында жан барсың ба?
Ойланбай- ақ кел дағы от ал менен!

ІІ-жүргізуші:

Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.
Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет.

І-жүргізуші:

Осымен бүгінгі «Менің Отаным - Қазақстан » атты тәрбие сағатымыз аяқталды.
Сау болыңыздар!

Категория: Мектеп дәстүрі

 

1 сынып. Ашық сабақтан көрініс.

Автор: admin от 18-05-2018, 23:26, посмотрело: 1007

2
1 сынып. Ашық сабақтан көрініс.
1 сынып. Ашық сабақтан көрініс.
1 сынып. Ашық сабақтан көрініс.
1 сынып. Ашық сабақтан көрініс.

Категория: Галерея

 

Тәрбие сағаты: Батырдың аты өлмейді

Автор: admin от 18-05-2018, 22:48, посмотрело: 3432

1 Сабақтың тақырыбы: Батырдың аты өлмейді

Сабақтың мақсаты: 1.Ұлы Отан соғысы,оның зардаптары,Ұлы жеңістің мән-маңызы туралы мағлұмат беру.
2.Оқушылардың тіл байлықтарын, ойын ұштау.
3.Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа , шыншылдыққа баулу.

Көрнекіліктер:Интерактивті тақта, батырлар суреті.

Мұратбек:
Құрметті ата-аналар,ұстаздар бүгінгі 1 «Ә»сыныбының «Батырдың аты өлмейді» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Сіздерді 9-мамыр Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймыз! Аталарымыздың, әжелеріміздің ерлігімен келген бұл Жеңіс мерекесі ұрпағымыздың есінде мәңгі сақталады. Бүгінгі өткізілгелі отырған тәрбие сағатымыз да осы Ұлы Жеңістің келбетін насихаттауға арналған.

Сүндет:Ұлы Отан соғысында Жеңіске жеткенімізге биыл 70 жыл толып отыр. Осы жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан тарихындағы жарқын беттерге айналды.
Ұлы жеңістің тарихтан алатын орны ерекше. Бүкіл кеңес халқының 20-25 млн-нан астам ержүрек ұлдары мен қыздары құрбан болды. Бұл соғыста миллиондаған әйелдер жесір,балалар әкесіз қалды. Аналар ұлдарынан айырылды, оның құрбандығына шалынбаған отбасы қалмады.
Фашистік қарақшылар 1710 қала мен жұмысшы поселкелерін, 70 мың село мен деревняны құртып жіберді.Осы соғысқа Қазақстаннан 1млн.70мың адам қатысса,олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты, бірі хабар- ошарсыз кетті.Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын.
1941 жылдың маусымы,
Күндердің аса қиыны.
Тарқатып елдің базарын,
Соқты да соғыс құйыны.
Орманы көкпен таласқан,
Өксіді өмір адасқан,
Қан-жоса боп қара жер
Қақырап түсті көк аспан.

Мұратбек: Дәл осынау жадыраңқы жай күйі,
Болса дағы қай ғасырдың қай күні.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

Сүндет: 1941 жылы 22маусым күні,таңғы сағат 4-те таңшапағы жаңа арайлап келе жатқан кезде фашистік Германия тұтқиылдан Кеңес Одағына опасыздықпен басып кірді.
Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау келіп,
Қырғын соғыс басталған.

Мұратбек: 9 мамыр мерекесі барлығымыз үшін ең бір қымбат тарихи күн екені күмәнсіз. Біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің қандай бағамен келгенін ешқашан ұмытпаймыз. Біз Отанымыздың бейбітшілігі мен тәуелсіздігі үшін өз өмірлерін қиған аяулы жандарды мәңгілік естен шығармақ емеспіз.

Сүндет: Кешегі неміс - фашист басқыншыларымен болған қырғын соғыстағы жеңіс оңайлықпен келмеді. Талай ардақты азамат елі, жері үшін жанын қиды.
Бұл мереке әрқайсысымыз үшін жақын да қымбат мереке.
Жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын.
Өкінішке орай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарларымыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңе ұмытылмауы тиіс! Себебі, бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!

Жасұлан: Оқ борады күні-түн
Жатты жерді от қарып.
Алға қарай ұмтылды,
Батыр қазақ оқты алып.
Туын жықпай қолдағы,
Опат болды елі үшін.
Кеудесімен қорғады,
Азаттықтың жеңісін.

Алия: Жүргенімде қуанышпен қамданып,
Керек – жарақ заттарымды қолға алып,
Жиырма екінші сағатында қырық бірдің
Батыстан дауыл соқты долданып.
Таң алдында сағат бесті соққанда
Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да,
Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау
Шекараға келіп салды ойранды.
Слайд:
Сүндет: 1 - оқушы: Бауыржан Момышұлы 1910 - жылы 24 желтоқсан Жамбыл облысы, Көлбастау ауылында момын шаруа отбасында дүниеге келген. Кеңес жазушысы 1942 - жылдан бері КПСС мүшесі. Даңқты жауынгер, гвардия полковнигі, хатшы, аты аңызға айналған батыр. Президент жарлығымен қаһарман атанды.

Бауыржан Момышұлы - қара басы,
Халқымыздың болған адам садағасы.
Бауыржан Момышұлы – қазақ деген,
Ғаламат ұлы сөздің баламасы.

Халқындай ол да бағлан, ол да батыр
Халқындай ол да кеніш, ол да тақыл.
Қайыспас қара емендей қайран ерді,
Халқына теңеу мәні сонда жатыр.

Мұратбек: Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ бүкіл халық жан тәнімен өз Отанын қорғауға аттанды.Солардың арасында Бауыржан Момышұлы,Талғат Бегелдинов,Рақымжан Қошқарбаев,Мәлік Ғабдуллин сынды аталарымыз ерлік көрсетсе,Мәншүк Маметова,Әлия Молдағұлова сынды әжелеріміз Отаны үшін жандарын құрбан етті.

Кешіп өтіп кешегі от жалыннан
Дүниеге ерлігімен танылған,
Кең жауырынды,Талғардай тік иықты.
Бөрі кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан.
-деп ақын ағаларымыз суреттегендей Бауыржан атамыз сұрапыл соғыстың басынан аяғына дейін қатысқан.Бауыржан атамыздың ерлігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес,ол соғыста жауынгерлерге басшылық еткен. Батыр атамыз 207 рет ұрысқа қатысып,5 рет өлімші болып жараланған екен.

Аружан: Қайтпаған дауылдан
Кек алған жауынан
Халқымның қастерлі
Жайсаңы Бауыржан.
Қазақтың қаны үшін
Жүрегі ауырған
Елімнің намысын
Қорғаған Бауыржан.
Жаралғандай жалыннан
Жайсаң батыр-Бауыржан,
Естігенде есімін
Жау есінен жаңылған.
Слайд:
Нұрлан: Еске алып туған жер, ана жарын
Биік ұстап абырой, намыс, арын.
Отан үшін аянбай соғысты олар
Кеудесінен ұрса да отты жалын.

Жасұлан: Қан кешкенде майданда бабаларым
«Қан көрмесін ұрпағым, бабаларым»
Тілек еткен ұрысқа түсіп алмай
Тауып алып қан - жаса жараларын.

Жібек: Ал,Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов - Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері. 1922 жылы 5-тамызда Сарыарқаның кең-байтақ даласында, Ақмола облысының Майбалық ауылында туған.
Батыр Талғат ағамыз
Құртып талай жау мысын
Мейірімді кескін жүз
Ерге біткен мінезі
Кеудесінде қос жұлдыз
Екі рет батыр - бір өзі.
Темірлан: Батырлықтың қашанда тұрағы – елі
Жүрегінде батырдың тұрады елі.
Өшпес ерлік, өнеге, тағылымның
Біз боламыз әркезде мұрагері.

Жібек: Жиырма сегіз, жиырма сегіз – бір ғалам,
Анау жаудың танктері лаулаған.
Ресей кең, Отан кең, артымызда Москва.
Шегінуге хақымыз жоқ, хақымыз жоқ бір қадам.

Нұрасыл: Орыс, қазақ, қырғыздан,
Құрылған бұл шағын топ.
Жауға үрей туғызған
Жайпап түсер жалын боп.
Слайд:
Темірлан: Қошқарбаев Рақымжан (1924 —1988 жж.)
– Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық Қаһарманы 1924 ж. 19 қазанда Ақмола облысы Ақмола ауданында дүниеге келген.1942 ж. әскерге алынған. Соғыс кезінде асқан ерлік көрсеткен. 1988 ж. 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды.
Өр тұлғалы келбетті
Қошқарбаев Рақымжан
Сын сағатта ерлепті,
Ер сүйсінген батыр жан.
Слайд
Көрініс: Алия
Алия: Кіруге рұқсатпа?
Комиссар: Кіріңіз
Алия: Жолдас комиссар мені соғысқа жіберуіңізді өтінемін
Комиссар:Соғысқа
Алия: Ия, соғысқа
Комиссар:Қайдан келдіңіз?
Алия: Ленинградтан
КОМИССАР: Бұрыннан осында тұрасыз ба?
Алия: Жоқ, мен Қазақстанда туып өскенмін, қазақ қызымын
Комиссар. :Ә, онда қазақ қызы екенсің ғой, өте жақсы. Бірақ мен сені соғысқа жібере алмаймын
Алия: Неге?
Комиссар:Өте жассың ,баласың
Алия: Жоқ, мен бала емеспін.
Комиссар:Жасың нешеде?
Алия: Он жетідемін
Комиссар:Он жеті көп емес қой
Алия: Мен мылтық ата да, дәл тигізе де аламын
Комиссар: Солай де
Алия: Мен майданға кетемін. Мен фашисттерді қз қолыммен өлтіремін
Комиссар: Онда сені майданға жібереміз
Алия: Отаным үшін қызмет етемін!
Алия: Бұл соғысқа ер азаматтар ғана емес,қыздар да өз еріктерімен сұранып барған.Солардың ішінде Шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк те бар.
Қазақтың жауынгер батыр қызы Әлия Молдағұлова Ақтөбе облысы,Қобда ауданында дүниеге келген. Ол әке-шешесінен жастайынан айрылып,ағасының тәрбиесінде болады.Кейін Ленинградқа көшіп ,сол жердегі балалар үйінде тәрбиеленеді.
1941жылы Әлия 15 жаста болған.
1942жылы өз еркімен снайпер мектебіне оқуға түсіп,оны жақсы
бітіріп шыққан.
1943 жылы соғысқа аттанған.
1944 жылы 19 жасында соғыста мерт болған.
Қош айтып оқу-ойынға,
Әжесін тастап қария.
Қол бұлғап туған Отанға
Майданға кетті Әлия.
Би: Жігіттер «КАТЮША»
Аружан: Жер мен көктің арасын
Шарпығанда қалың өрт.
Әлия орыс қаласын
Азат етіп болды мерт.
Ол жеңісті көрген жоқ
Келді кейін азат күн.
Бірақ мәңгі өлген жоқ
Батыр қызы қазақтың.
Әлияны бұл күнде,
Барлық бала біледі.
Әлия аты-көңілде,
Әпкеміз деп жүреді.

Алия: «Алтын жұлдыз»
Көкте зырлап барады
Алтын жұлдыз.
Жерде тұрып қарады
Әлия қыз.
Алтын жұлдыз алысқа
Кетті ағып,
Кетті ағып,жас қызға
Бір ой салып.
Алтын жұлдыз зымырап
Кетті алыс,
Кетті алыс мылтық ап
Бір жап-жас қыз...
Майдан кешті мылтық ап
Әлия қыз,
Өр төсінде жарқырап
Алтын жұлдыз.
Ән: «Әлия» Орындайтын: Жақсылық Іңкәр
Слайд
Жансая: Мәншүк Мәметова (Жиенғалиқызы) 1922жылы Батыс Қазақстан қазіргі Орал облысының Орда ауданында туған. Мәншүктің ата-анасы ерте қайтыс болған.
1942 жылы Алматы қаласындағы медицина институтында оқып жүрген.Олда өз еркімен сұранып соғысқа аттанған.Ақырғы оғы қалғанша жауды қырып,ерлікпен қаза тапқан.
Сонау жылы жер көкті
Соғыс бұлты торлаған
Сонда Мәншүк әпкеміз
Жаудан елді қорғаған.
Үстінде сұр шинелі
Дулығасы болаттан
Мәншүк әпке күн түні,
Жауға оқты боратқан.

«Гүл» Іңкәр:
Мәншүк атыс толасында,
Жүр орманның арасында.
«Мені ал,мені ал» деп алуан гүл
Қолына оның таласуда.
Тығылып гүл омырауға,
Сұрағандай жанға сауға.
Ант еткендей тұрды Мәншүк
Гүлді жауға таптатпауға.

Арман: Жау еңсесін жаншып төмен,
Қуған оның жатыр ізі.
Есіңде ме Мәншүк деген,
Қазақтың жас батыр қызы.
Әпкеміз деп жүреді,
Атын аңыз жыр қылып
Елдің батыр түлегі,
Әр жүректе тұр күліп.

Ән: «Мәншүк» Орындайтындар: Аружан, Тоғжан, Жібек
Жібек: Жанымдай сүйем халықты,
Ерлері мәңгі даңқты
Өнеге тұтып өсемін.
Әлия,Мәншүк,Мәлікті.
Аттары әнге ұласқан
Нұркен боп ашық тұр аспан,
Табылар Мәншүк,Әлия
Қарасаң әр бір кластан.
Слайд:
Іңкәр: Қасым Қайсенов, Талғат Бигельдинов, Нүркен Әбдіров, Мәлік Ғабдуллин, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Рақымжан Қошқарбаев сияқты аты аңызға айналған ағаларымыз бен апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазды.
Кетпес олар естен мәңгі,
Кектері тұр кеудемізде,-
Ерлік даңқы - жеңіс таңы
Жарқыратып келді бізге

Арман: Тастар көкке атылды,
Орман шулап, тау құлап,
28 батырды жеңе алмады жау бірақ.
Жамылды жер тұманды,
Өрт ішінде қалды бақ.
28 қыранды жеңе алмады жау бірақ.
Оқ астында зулаған,
Туған жермен бір болып,
Жау алдында тұр олар
28 мың болып,
28 батырын ұмытпайды ел мәңгілік.

Мұратбек: Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болды.
1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды.
1945 жылы 9-мамырда бұрын-соңды болмаған мың зеңбірек, 30 дүркін салют атылды.
Міне, жеңіс күні осылай келген екен.
Дүние жүзі халқы бостандық алды.
Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті.
Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты.
Зұлымдық,басқыншылық тізе бүкті.
Бірлік,ерлік,халықтар достығы нығая түсті.
Айтып болды дүние талай әнді,
Аспан жүзін таң алды арай алды.
Жетсек деген арманға жетті-дағы,
Жеңіс деген бір сөзден ел оянды.

Іңкәр: Кетпес олар естен мәңгі,
Кектері тұр кеудемізде,-
Ерлік даңқы – жеңіс таңы
Жарқыратып келді бізге.
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді ән болып.
Жеңіс келді қалама,
Келді ауылға сән көрік.
Жеңіс күні құтты болсын,
Құтты болсын аталар
Ұмытпайды ешқашан да,
Жауынгерді балалар.
Би: «Ән сал сарбаз».

Жібек: Алақай ай,әйгілі
9 май бүгін
Алғаш күні шаттықтың
Соңғы күні қайғының.
Ұлы күшке сенген күн
Фашистерді жеңген күн
Қырмызы гүл, қызыл гүл
Құшақтарға енген күн.
Ән: «Отаным» Орындайтын: Мұратбек
Нұрасыл:«Жеңіс күні»
Ойлап-ойлап тұрдым көп,
Сұрақ қойдым білгім кеп:
-Қуанышты мереке-
Жеңіс күні қай күн?-деп.
Атамнан да сұрадым,
Әкемнен де сұрадым,
Ағамнан да сұрадым,
Анамнан да сұрадым.
Тосты бәрі құлағын:
-Дұрыс,-десті сұрағың.
-Бейбіт күннің бәрі де
Жеңіс күні шырағым!

Нұрлан: Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші,
Арамызда ардақ болып жүріңдерші!
Құрметтейік жеңісті мамырдағы,
Бақыттан рахаттанып күліңдерші!
Ардагер аталарға мың алғыс!
Қызығын сыйлаған бұл дүниенің.
Келешек ұрпағының бақыты үшін,
Батырлықпен қорғаған жаудан жерін.

Ән: «Жойылсын соғыс» Орындайтын: Алия

Сүндет: «Күн көзін бұлт баспасын»
Енді соғыс болмасын!
Қабаққа қайғы қонбасын,
Жер бетін өрт шалмасын.
Әр күні бейбіт таң атып,
Әлпештеп жұртты оятып,
Әр күні көкке күн шықсын!
Күрсінбесін аналар!
Күле берсін балалар!
Соғыс өрті жанбасын,
Сәбилер жетім қалмасын!
Есігіне әр үйдің
Бесігіне сәбидің
Мәңгілік бақыт орнасын
Болмасын соғыс болмасын!
Мәңгілік бақыт орнайды
Болмайды соғыс болмайды.

Темірлан: Саған құрмет – бейбітшілік сақшысы.
Сен тұрғанда қуырылар жау апшысы.
Саған миллион жүректердің салюті.
Саған сөздің шұрайлысы, жақсысы.


Ән: «Әр қашан күн сөнбесін» Хор
Күн әдемі көк әлемі
Бұл суреті жас баланың.
Ақ қағазға салған өзі
Жазылған бар сөзі.

Әр қашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман.

Аружан: Отанымызды жаудан қорғау жолында қасық қан қалғанша шайқасқан Кеңес Одағының батырларына бас иеміз!

Сүндет: Жеңісті қолдан бермеген батыр ата-әжелеріміздің көпшілігі жеңіске жеткендерін көрген жоқ,бірақ қасық қаны қалғанша Отаны үшін,болашақ ұрпақ үшін шайқасты, бүгінде солардың арқасында
тыныш та бейбітшілік заманында өмір сүріп жатырмыз. Төбемізде Тәуелсіздіктің көк туы желбіреп тұр..
Ән: «Көктудың желбірегені». Орындайтын: Ахметқанов Темірлан

Слайд: Ауылымыздың Ардагерлері

Сүндет: Сен неткен Отан — анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай бер Ұлы Отаным — қазақ елім.
Мұратбек: Желбіре, көгілдір Ту, көк аспанда,
Не жетсін жөні келіп жарасқанға.
Сен менің құдіретім, кием-дағы,
Айбардың айтсын сөзді адасқанға.
Ән: «Атамекен» Орындайтын: Жансая
Сүндет: 1945 жылдың 9 мамыры. Герман фашизмінің күйрей жеңілген күні. Жеңіс! Ұлы Жеңіс!
2 - жүргізуші: Жеңістің туы жалтылдап,
Жығылмай мәңгі тұрады.
Сол тумен өскен аршындап,
Ерлердің бізбіз ұланы!

Мұратбек: Құрметті көрермендер бүгінгі Ұлы Жеңіс күніне арналған концерттік бағдарламамызды аяқтауға рұқсат етіңіздер. Келіп тамашалағандарыңызға көптен – көп рахмет.

Қортынды: Ал, балалар! Ендігі жерде біз бар мүмкіндігімізді Отанымызды нығайтуға, егеменді еліміздің ертеңінің жарқын болуына арнауымыз керек.Отандарыңды сүйіп қадірлей біліңдер. Ата-баба дәстүрін, әдет-ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болыңдар. Оңайлықпен келмеген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын. Жақсы оқып, еліміздің тәрбиелі, Отанын сүйетін нағыз азамат болып өсе беріңдер.
Құрметті ата-аналар, ұстаздар осымен 1 «Ә»сыныбының «Батырдың аты өлмейді» атты тәрбие сағатын аяқтай отырып, баршаңызға бақыт, бірлік тілейміз. Әрқашан еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деген ниетпен қортынды сөзді ата-аналар мен ұстаздарға береміз.

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Математика: Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту

Автор: admin от 18-05-2018, 22:46, посмотрело: 1771

1 Тақырыбы: 43-сабақ. Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмі. 15+28; 43–15
Сабақтың мақсатын қоямын. Мектеп: Ж.Сүлейменов
Күні: 23.11.2017 ж Мұғалімнің аты-жөні: Байманова П
2 «Ә» сынып
Пәні: математика Қатысқандардың саны: 13
Қатыспағандардың саны:
Оқу мақсаттары 2.1.2.8.екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмін қолдану.
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар:
екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмін қолданады.
Көпшілік оқушылар:
екі таңбалы сандарды жазбаша қосу жəне азайту тəсілдерін қолданады.
Кейбір оқушылар:
барлық есептеулерді қатесіз орындап, осы түрдегі есептерді шығару мысалдарын табады немесе құрастырады.
Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады:
екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмі бойынша өз əрекетін түсіндіруді.
Пəндік лексика жəне терминология.
Мақсат, сабақ мақсаты, ондық арқылы ауысып, екі таңбалы сандарды жазбаша қосу жəне азайту тəсілдері.
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер. Талқылау.
Алгоритмге сəйкес екі таңбалы сандарды жазбаша қосу мен азайтуды орындау.
Жазу.
Жазбаша қосу мен азайту тəсілдерінің жазбасы.
Тірек білім Қосындыны санға азайтуға арналған есептер.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-əрекет Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут Ширату: Зейінді бір жерге шоғырландыру жаттығуы «Таңғы шеңбер»
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Көрші»
Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың мүшесі екендігін сезінуі, бір – біріне жылулық сыйлауы.
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Солжақтағы көршіңе бір жымиып.
Бүгінгі сабақ барысы,
Біз үлкен бір отбасы.
Топқа бөлу: Киімдер бейнеленген карточкалар ұсыну. Оқушылар таңдаған киімдерге сай топтарға бөлінеді.
«Көршілер» қимыл қозғалыстар арқылы жаттығу жасайды

1-топ:
2-топ:
3-топ:

Ортасы

20 минут
Ынталандыру.
Өткен ғасырдың басында белгілі педагог В.А.Сухомлинский «оқудан артта қалу тек нашар денсаулықтың нəтижесі» екенін байқады.
Оқушылардан бұл пікірді олардың қалай түсінетінін жəне олардың осы пікірге келісетінін сұраймын. Оқушылар жақсы денсаулық – сəтті оқудың кепілі, ал дене шынықтыру жəне спортпен айналысу денсаулықты нығайтып, интеллектуалдық, дене бітімнің жəне көңіл-күйдің дамуына əсер етеді деген қорытындыға келеді.
Сондықтан дене шынықтыру мектеп бағдарламасына міндетті пəн ретінде ендірілген. Оқушылар дене шынықтыру сабағы спорт алаңында өтетіледі. Дене шынықтыру сабағы жеңіл жəне қызықты өтуі үшін спортзал спорттық құралдармен жабдықталуы қажет. Оқушыларға оқулықтағы суретке қарап, спорт ойындарының түрлері туралы айтуын ұсынамын. Оқушыларға өздерінің мектебіндегі спортзалды сипаттауды ұсынамын.
Балалар біз бүгінгі сабағымызды ойын түрінде өткіземіз. Жарыса отырып қақпаға доп соғамыз. Сабақ соңында қай топ допты көп жинаса, сол топ жеңімпаз болады. Ол үшін тапсырмалар жазылған доптың шарттарын дұрыс орындауымыз керек.
Тапсырма дұрыс орындалса доп қақпаға салынады

Білу және түсіну
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

1-тапсырма бойынша практикалық жұмыс жүргізіледі, оқушылар суретте көрсетілген спорт ойындарының əрқайсысының мақсатын атайды. Мұғалім оқушының сабақтағы негізгі мақсаты қандай жəне оған қалай қол жеткізуге болады деген сұрақ қояды.
Өзектендіру.
Оқушылар осы суретте берілген өрнектердің мəнін есептеп шығарады.

Мақсат қою (проблемалық жағдай).
1-тапсырмада оқушылар тапсырманың иллюстрациясына қарап, сабақ мақсатын тұжырымдауға тырысады.
Оқушылар өткен сабақтағы мысалдармен ұсынылған мысалдарды салыстыра отырып, бүгінгі сабақтың мақсаты: ондықтан аттау жағдайы үшін есептеудің жазбаша тəсілдерін қолдануға үйрену деген қорытындыға келеді.

Жаңаны ашу.

Туындаған проблемалық жағдайдан шығу үшін оқушыларға оқулық бетінен жазбаша есептеулерді қалай жүргізуге болатынын қарап, түсіндіру ұсынылады. 2-тапсырманы топпен орындау ұсынылады. Соңында оқушылар өз түсіндірмелерін ұсынылған есептеу алгоритмімен салыстырады.
1-топ: «Галерея» әдісі бойынша 15+28, 43-15 қосу және азайту алгаритмінің моделін құрастырады.
2-топ: «Класстер» әдісі бойынша 15+28, 43-15 қосу және азайту алгаритмін баған түрінде орындайды.
3-топ: «Постер» әдісі бойынша 15+28, 43-15 қосу және азайту алгаритміне диаграмма құрады Постер жасату.
Оқушылар өз ойларын постерге жазып оқып береді.
Түсіндіре отырып бастапқы бекіту.
Қолдану
Дәптермен жұмыс.
Топтық жұмыс.
Талдау
Жаңа тақырыпты Жигсо әдісі арқылы тақырыпты бөліктерге бөліп, оқуға тапсырма береді. Топтағы бір нөмірлі балалар бір мысалды қарастырып, бірге отырып талқылап, өз топтарына келіп түсіндіреді.
Оқушылар сандар мен шамаларға арналған жазбаша есептеу тəсілдерінің алгоритмін пайдалана отырып, амалдарды орындайды.
3-тапсырманы ұсынамын.
Қателік жіберген оқушыларды анықтаймын.
Қиындықтан шығудың жолын көрсетемін.
Тапсырма орындалғаннан кейін мұғалім оқушыларды табыс критерийімен таныстырады. Оқушы сəтті орындалған тапсырманы бағалайтын өлшемнің тұсына қанатша белгісін (٧) қояды.
Бағалау критерийі:
Есептеулерді бағанмен дұрыс жаза аламын.
Ондықтан аттап қосу жəне азайту алгоритмін қолдана аламын.
Жауапты оқимын.
Тексеру жүргіземін.
Сергіту сәті:
Баспен – 1 – ді жазамыз,
Оң иықпен – 2 – ні жазамыз,
Сол иықпен – 3 – ті жазамыз,
Оң бөксемен – 4 – ті жазамыз,
Сол бөксемен – 5 ті жазамыз,
Оң тіземен – 6 –ны жазамыз,
Сол тіземен – 7 – ні жазамыз,
Оң аяқтың ұшымен – 8 –ді жазамыз,
Сол аяқтың ұшымен – 9 –ды жазамыз,
Қолды көтереміз, 3-рет шапалақтаймыз!
Өтілген материалмен жұмыс.
«Менің сөзім» әдісі бойынша топтық жұмыста тапсырма беру.
Оқулықтағы 4-тапсырмада оқушылар саннан қосындыны азайту жəне қосындыдан санды азайту ережелерін еске түсіріп, есептерді əртүрлі тəсілдермен шығарады.
«Жариялау» әдісі
(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)
Оқулықтағы 5-тапсырма есептеулер жүргізбей, өрнектерді салыстыру арқылы орындалады.
Оқушылар қорытынды жасайды:
 өрнектерде бірдей бір қосылғыштан болған жағдайда, екінші қосылғышы ірірек өрнек ірі болып табылады;
• азайғыштар бірдей болған жағдайда, азайтқышы кем өрнек артық болып табылады.

Тапсырма дұрыс орындалса доп қақпаға салынады
Үйге: 6-тапсырма
оқушылар тапсырмада берілген шамаларды көрсетілген бірліктерде беруі тиіс.
200 кг = ц 4 ц = кг
Тапсырманы жемісті орындау үшін оқушылар ұзындық жəне салмақ өлшем бірліктерінің сандық қатынасын білуі тиіс.
 (1дм = 10см; 1м = 10дм; 1м = 100см; 1ц =100кг). Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады,ойланады

Аяқталуы
10 минут
Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 1 балл.
Топтың аты:

Оқушының аты-жөні Суретпен жұмыс «Постер» әдісі «Өз сөзім» әдісі «Джигсо» әдісі «Жариялау» Жалпы балл
1
2
3
4
5
6

«Рефлексиялық шеңбер»
Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.
Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?
Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?
Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?
Сабақта қандай қиындықтар туындады?
Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен? Бағалау парақшасы

Рефлексиялық шеңбер

Категория: Мектеп

 

Сауат ашу: Дені саудың – жаны сау

Автор: admin от 18-05-2018, 22:44, посмотрело: 3390

1 Күні: 4.05.2017Ж
Сынып: 1 «Ә»
Пәні: сауат ашу Қатысқандар саны: 13
Қатыспағандар саны:
Мұғалімі: Байманова П
Сабақтың тақырыбы Дені саудың – жаны сау
Денсаулық-зор байлық.
Заттың атын білдіретін сөздер.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Денсаулық – здорове – health
Спорт – спорт - sport
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут Мейірімді жүрекпен (жүректерін ұстайды)
Ақ пейілді тілекпен (қолдарын көкке көтереді)
Амандасып алайық (бір-бірінің қолдарын ұстайды)
Бір жадырап қалайық (бір-біріне қарап күлімдейді)
Еңбек етіп ерінбей,
Жақсы баға алайық! (бас бармақтарын көрсетеді)
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

«Өрмекші» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау.
Ой ашу: блиц-турнир сұрағы.
а) Тіс тазартатын құралдар (щетка, паста)
ә) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)
б) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ (дене тәрбие)
в) Жалқаудың досы (еріншектік, ұйқы)
г) Адам өміріне ең қажет (ауа, су, жылу, жарық, тамақ)
ғ) тазалық кепілі (денсаулық)
Балалар денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Дені сау деп қандай адамдарды айтамыз?
Дұрыс,балалар деніміз сау болу үшін біз пайдалы тағамдарды жеуіміз керек және үнемі спортпен шұғылдануымыз керек.
Жаңа ақпарат

Қандай пайдалы жемістерді білесіңдер?

Жемістер бойынша оқушыларды топқа бөлемін.
1 – топ
2 – топ
3 – топ
Шаттық шебері

Көзіміз ауырмаса, басымыз ауырмаса, құлағымыз ауырмаса, аяғымыз ауырмаса онда деніміз
сау болғаны. Дені сау адам деп ауырмайтын адамдарды айтамыз

Пайдалы жемістер

Сабақтың ортасы
8 минут

Жаңа сабақ
«Денсаулық» туралы видео көрсету.
Балалар бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:
Денсаулық – зор байлық. Заттың атын білдіретін сөздер.
Ереже
ЗАТТЫҢ АТЫН БІЛДІРЕТІН СӨЗДЕРГЕ КІМ? КІМДЕР? НЕ? НЕЛЕР? СҰРАҚТАРЫ ҚОЙЫЛАДЫ.
Балалар сендер денсаулыққа қатысты мақалдар білесіңдер ме?
1.Тазалық - саулық кепілі,
2.Саулық - байлық кепілі.
3.Демі бардың – емі бар .
4.Денсаулық – зор байлық.
«Сиқырлы қапшық» ойыны
Ойын барысы: Қапшықтың ішінде тазалық құралдары бар. Оқушылар алып, заттардың атын үш тілде айтып, буынға бөледі.

Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. «Сұрақ – жауап» әдісі
Мәтінді мәнерлеп оқыту, сұрақтарға жауап алу.

2-жаттығу. Талдау жасау
Тазалық – денсаулық кепілі
Әрі қарай өзім жалғастырып өтемін Денсаулық – байлық негізі.
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті
2 минут Видеоролик арқылы сергіту жасайды.
Топ – топ басайық әні Сергіту сәті
Аяқталуы
16 минут

Қызықты тапсырма
3 минут «Менің сөзім»әдісі бойынша топтық жұмыста тапсырма беру.

Топтық жұмыс. Постер қорғау
1 – топ: Денсаулыққа пайдалы заттарды жарнамалау.
2 – топ: Денсаулық ұғымына сәйкес сөз тіркестерін табу.
3 – топ: Суретті тиісті сөздермен сәйкестендіру.

3 – жаттығу «Қарама-қайшылықты шешу» әдісі
Ұсынылған заттар мен құбылыстарды әр қырынан қарау;
Ақын, әнші той бастар,
Шешен адам сөз бастар.
Батырлар бар қол бастар,
Көпті көрген қол бастар
4 – жаттығу Қызықты тапсырма
Әріптер мен сандарды пайдаланып, жасырынған сөзді тап. Сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құра.
53436 – шымыр
Шымыр сөзіне қатыстырып әр оқушының өз ойын білу.

Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

«Бағдаршам» белгілері
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлаймын. Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырмын. Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарым.
- Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?
- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?
- Сендер қандай азамат болып өсулерің керек?
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты (тапсырмалар іске асты ма)?
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім
және неге?
Денсаулық туралы қарапайым ережелерді есте сақтаңдар, менің соңымнан қайталаңдар.
Балалар тәрбиешімен бірге ережелерді қайталайды.
- күніне кем дегенде 2 рет тіс жуу керек.
- Ұқыпты таза жүру керек.
-Әрдайым спортпен шұғылдану керек
-Дұрыс тамақтану керек.
-Күнде жуынып жүру керек.
-Әрдайым жеміс-жидек, көкөністерді жуып жеу керек.

Бастауыш сынып мұғалімі Байманова Патима Базарбаевна
Сабақты өткізу әдісі туралы қысқаша сипаттама:

1.Сабақтың түрі. Жаңа білімді меңгерту сабағы. Жаңа сабақ материалдары бойынша алдын-ала үйге тапсырмалар беріліп, ізденуге, зерттеуге, бір-бірін оқытуға бағыттадым. Бұл сабақта оқушылар бір-бірін оқытып, топпен моделдеу жұмысын атқарды. Мұнда теориялық білім практикалмен ұштастырылды.

2.Сабақтың сипаттамалық кезеңі. Сабақтың жаңа білімді меңгерту түрін таңдап алу барысында сабақтың құрылымы сабақтың мақсатына және типіне сәйкес болды. Оқу құралдарды сабақта тиімді пайдаландым және сабақты тәжірибемен байланыстырдым. Сабақ мазмұнын бағдарламаға, сабақ міндеттеріне сай құрып, оған дидактикалық өңдеулер жасадым. Оқушыларға шығармашылық-ізденіс тапсырмалар бердім.

3.Сабақты өту әдісі мен формасының ерекшеліктері. Сабақта көрнекілік және иллюстрациялық әдісті пайдаландым. Оқушының белсенділігі мен өз бетінше әрекет етуін жоғарылату мақсатында дидактикалық негізгі функцияны – проблемалық-ізденімпаздық іс - әрекет тәсілдерін пайдаланып, оқушылардың шығармашылық іс - әрекетін дамытуды қарастырдым.

Сабақ беру әдіс- тәсілдерімді, көрнекіліктер мен құралдарды оқу материалының мазмұнына, сабақ мақсаттарына, сынып мүмкіндігіне, оқушы іс-әрекетін белсенділендіру міндетіне мүмкіндігінше сәйкестендірдім. Сабақта дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдарды, техникалық жабдықтарды(интерактивті тақта, компьютерлер,) тиімді пайдаландым.

4.Оқушылар меңгерген білімін, іскерлігін, дағдысын қалыптастыру. Сабақ бастамас бұрын психологиялық ахуал орнаттым. Жаңа тақырыпты ашу мақсатында АКТ – ны пайдаланып, видеоролик көрсеттім. Оқушылар сабақтың барлық кезеңдерінде белсенділік пен ұйымшылдық көрсетті. Оқушылар мені, бір-бірлерін тиянақты тыңдап, интерактивтегі материалдарды , кітаптағы материалдарды өз беттерінше топта жұмыс істеу барысында дұрыс қолдана білді. «Өрмекші» әдісі оқушылар бір – біріне сұрақтар қоя отырып бірінің ойын бірі толықтырып, сын тұрғысынан ойлауын дамытады. Сабақ тақырыбы бойынша оқушыларға өздігінен білім алуға жағдайлар туғыздым, яғни оқушылар туындаған проблемалық сұрақтарды алған білімдерін, дағдыларын қолдана отырып, жұмыс жасады. Кейбір оқушылар топпен жұмыс жасау кезінде белсене араласты.Топпен жұмыс оқушының жаңа ақпаратты өзі білетін білімімен салыстыра отырып, тақырыптың мағынасын түсініп оқуына қол жеткізеді. Оқушылар өз тобының алдындағы жауапкершілігін сезініп, тапсырманы сапалы орындайды. Сабақ барысында оқушыларды жұлдызшалармен сабақтың әр кезеңінде бағалап отырдым. Оқушылардың сабақта алған білім, білік, дағдылары бойынша алған бағаларына қарап сабақ өз деңгейде өтті деп есептеймін. Сабақ жоспары толық орындалды. Оқушылар шығармашылықпен, өз беттерімен жұмыс атқара отырып, сабақта тиісті дәрежеде білім алды.

5.Үйге берілетін тапсырманың мөлшері мен қиындығы, көлемі. Оқушыларға үйге тапсырманы сыныпта орындалған жұмыстарына байланысты қайталау, дамыту мақсатында бердім. Онда үй тапсырмасын қалай орындау жолдарын, орындау барысында неге көңіл бөлу керектігін оқушыларға түсіндірдім. Үй тапсырмасында оқушылардың шығармашылықпен жұмыс атқаруларына да мән бердім.Қызығушылықтарын арттыру мақсатында үй тапсырмасына «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында шағын әңгіме жазып келуге бердім.

V.Жалпы қорытындылар мен ұсыныстар. Таңдалып алынған көрнекілік құралдар проблемалық оқыту талаптарына сай болды. Қолданылған әдістер және жұмыс түрлері сабақ міндеттеріне сай болды, дұрыс үйлестірілді.

Келесі сабақтарда оқушылардың білімінің маңызды даму деңгейі мен кезекті даму аумағын есепке алуым қажет. Оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру жолындағы іс-әрекеттерді нақтылай түсуім қажет

Категория: Мектеп

 

Ғылыми жұмыс: «Батырлар ерлігі, ұрпаққа өнеге»

Автор: admin от 18-05-2018, 22:31, посмотрело: 819

1 Ауданы: Мақтарал ауданы, Қоғалы ауылы
Мектебі: Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі
Тақырыбы: «Батырлар ерлігі, ұрпаққа өнеге»
Аты-жөні, тегі: Басымбек Қылыш Алтынбекұлы
Сыныбы: 7 - сынып оқушысы
Жылы: 2018ж
Жетекшісі: Хидирова Карима Асқарбайқызы

Мазмұны

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім
1.Ұлы Отан соғысының ардагерлері
2. Ерлігі Каримов Басымбектің - ұрпаққа өнеге
3. Каримов Басымбектің марапаттаулары

ІІІ.Қорытынды

Мақсаты:
Ұлы Отан соғысының майдангері Каримов Басымбектің өмірін, еңбек жолын зерттеу.

Кіріспе
Менің жұмысымның тақырыбы «Батырлар ерлігі - ұрпаққа өнеге» деп аталады. Бұл жұмысты жазуды қолға алудағы басты мақсатым – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын негізге ала отырып қазақ халқының басына өткен қиын – қыстау сәт туғанда еліне қорған бола білген жаужүрек азаматтардың ерлігін кейінгі ұрпаққа насихаттау.
Отан үшін аянбай еңбек етіп, халық марапатына бөленген азаматтар қатарында менің атам Каримов Басымбек те бар.
Мен есімді білгелі көп кісілерден сұрапыл соғыс қиындықтары мен ондағы жанкешті ұлдардың ерліктері жайлы айтатын әңгімелері қызықтыра бастады.Атамның көзін көрген қариялар атам жайында айтып мені өздеріне еріксіз баурайтын. Осыдан кейін өзім атамның құжаттары мен естеліктеріне қанығып, таныса бастадым.Үлкен кісілерден атам жайында білген қағазға түсіруге қызығушылықпен сұрай бастадым. Соғысқа барғаны мен елге аман-есен оралғаны жайында кеңірек білуге тырыстым. Зерттеу жұмысты ел арасында ерлігімен көзге түсіп, халық әлі тани қоймаған ерлерді танытуды алдыма міндет етіп қойдым.

Даңқ мемориалы 2005жыл

Негізгі бөлім

1.Ұлы Отан соғысының ардагерлері

Соғыс жаңғырығы жылдан - жылға алыстап барады... Ол туралы үлкендерден, көнекөз қариялардан естіп жүреміз. Кинолардан, деректі фильмдерден көреміз. Әйтсе де өткенге көз жүгіртпей, болашаққа бағдар жасау мүмкін емес. ХХ ғасырдың орта кезінде болған алапат соғыс Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Кеңес Одағының тарихындағы Ұлы Отан соғысы болды. 1941 жылы маусымның 22 – сінде Гитлерлік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасағаны баршамызға аян.
Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды Жеңіс бізге миллиондаған адамдардың төгілген қанымен келді. Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кетті. Ұлы Отан соғысы тарихы туралы қаншама шығарма жазылып, қаншама кино түсіріліп жатса да оның тарихына еш уақытта нүкте қою мүмкін емес.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Қоғалы ауылынан Ұлы Отан соғысына 10 адам қатысып, Ұлы Отан соғысы ардагері атанды. Олар:
Әлімбетов Сиқымбай
Каримов Басымбек
Пайызов Слам
Тлеубаев Жиенбек
Патсаев Рысқұл
Батыров Абдрахман
Кушанов Құдайберген
Есеналиев Бабатай
Әтейев Сәтбек
Мырзабеков Сыдық
Ұлы Отан соғысының тарихында біздің ауылдың ержүрек батырларының есімі ерлігіне лайық ерекше құрметпен аталады. Сол бір аспан мен жер күңі-реніп, отқа оранған сұрапыл жылдарда қайтпас қайсарлықтың, ерен ерлік пен өрлік- өжеттіктің өшпес өнегесін көрсетіп, сол тұстағы алып ердің ең жоғары наградасына ие болған батырларымызды жерлестері ерекше мақтан тұтады.

2. Ерлігі Каримов Басымбектің - ұрпаққа өнеге

Каримов Басымбек 1924 жылы Өзбекстан Республикасы Ворошилов колхозында дүниеге келген. Балалық шағы сол жерде өткен. Басымбек ата 17 жасында, яғни 1941 жылы күз айында майданға елін, жерін қорғау үшін аттанды. Ол Калининградта шайқасты, оның қасында 5- 6 қазақ болды. Адамдар оққа ұшып жатты. Молдавия жерінде Рокосовский полкінде қызмет атқарып жүргенде Жуков пен кездескен. Басымбек ата Эстония, Латвия, Польша, Венгрия және Румынияда фашистермен шайқасты.Жауға қарсы кеудесін оққа төсеген. Кеңес әскерінің Чехославакия бағытындағы шайқастарда жеңіске жетіп, жауды Днепр өзеніне дейін шегінуге мәжбүр етуі бүкіл майдан шебін батысқа қарай жүздеген шақырым шегеруге мүмкіндік жасады. Елу күнге созылған осы бір қиян - кескі ұрыста немістер 30 дивизиясынан айрылды, сол кездегі соғыс тажалы атанған немістің «тигр», «пантер» атты 1500 дей танкілері, 3000 нан астам, 3500 сомолеті жойылды. Жау жағының жарты миллионға жуық жауынгері Курск түбінде жер жастанды. Немістің қанқұйлы армиясы енді қайтып Кеңес еліне беттеместей болып осы Курск доғасында жеңілді. Чехословакияға барғанда соғыс аяқталды. 1943 жылы Басымбек ата Калининград майданындағы 367 атқыштар полкінде болатын. Таң алды жау пулемет, автомат, зеңбіректерден оқ нөсерін төкті. Оған қарсы біздің «катюшалар» бірінен соң бірі атылып, фашистердің есін шығарды. Жауынгерлер жалғалмалы көпір жасап, арғы бетке өтті. Нағыз кескілескен ұрыс басталып, Басымбек ата да жауға ұмтылды. Кенет жарылған гранат денесіне тиіп жарақаттанды. Қасындағы адамдардың арасында аман қалды. 1945 жылы шілде айында еліне оралды. Ауылға келген соң Атакент қалашығында МТС те тракторшы механик болып жұмыс атқарған Әкеден 4 ұл, 3 қыз бар. Басымбек атаның Дербісек деген ағасы соғыста қайтыс болған. Соғыстан келген соң жеңгесіне қосқан. Осылай отбасын құрады. Марияш деген әйелден Алтыншаш, Алтынай деген қыздары дүниеге келген. Кейіннен Танкөз деген әйелге үйленіп, Қуанышбек, Ақмарал, Алтынбек, Асылбек атты ұл – қыздары бар. 1967 жылы наурыз айында Қоғалы елді мекеніне көшіп келген. Осы елде келген соң егіс алқабында қарауыл болып жұмыс атқарған. Басымбек ата 2002 жылы 3 сәуір күні дүниеден өтті. Қазір атадан өрбіген ұл-қыздардан 20 немере, 26 шөбере өсіп келеді.
Мен атамның арқасында осындай бейбіт заманда өмір сүріп жүрмін.

3. Каримов Басымбектің марапаттаулары

Каримов Басымбек Тәуелсіз мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Басшылары Кеңесінің 1995 жылғы 26 мамырдағы шешіміне сәйкес «Кеңес одағының Маршалы Г. К. Жуков медалімен» марапатталды.
Сонымен қоса Ұлы Жеңістің 20 жылдығы, 25 жылдығы, 30 жылдығы, 35 жылдығы, 40 жылдығы, 45 жылдығы, 50 жылдғы, 55 жылдығы құрметіне «1941-1945жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагері» мерекелік медалдерімен марапатталды.

Қорытынды

Сонымен сөзімді жинақтай келе мынандай түйін жасағым келеді. Мен біздің ауылдың батыры, атам туралы ауылмыздың ақсақалы Әлмахан атадан естігенімді зерделеп жаздым.
2005 жылы Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналып мектепте мәрмәр тастармен көмкерілген «Даңқ мемориялы» ашылды. Естелік тақтада ауылдағы соғыс ардагерлерінің, еңбек ардагерлерінің тізімі, ал алдында мәңгі алау жанып тұр.

Ойымызды түйіндей келе айтарымыз, ата – бабаларымыздың асыл мұрасын көздің қарашығындай сақтап, өзімізге өнеге тұтсақ, олардың есімін қадірлесек бұл жастар үшін тәрбие бастауы болары сөзсіз.
Халқына қадірлі абзал азамат, біздің ауылдың ер батырының жарқын бейнесі оның ұлағатын көрген ұрпақтары мен шәкірттерінің жүрегінде мәңгі сақталады.

Категория: Мектеп

 

ҚМЖ 5 сынып: Үйсіндер туралы жазба деректер

Автор: admin от 18-05-2018, 13:06, посмотрело: 5762

1 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
5.3В Үйсіндер мен қаңлылар
Күні :
Сынып : 5«А » Мектеп: «Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» кмм
Мұғалімнің аты-жөні: Хидирова Карима
Қатысқандар:15 Қатыспағандар: жоқ
Сабақтың тақырыбы: Үйсіндер туралы жазба деректер
Осы сабақта қол жеткізген оқу мақсаттары 5.3.1.2 – ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру;
5.1.2.2 – әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіру;

Сабақтың мақсаты :
Барлық оқушылар: Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген үйсін мемлекеттік бірлестігінің құрылуы мен Үйсін мемлекетіндегі әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіру.
Оқушылардың басым бөлігі: Қытай деректеріндегі үйсіндер туралы әңгімелеу
Кейбір оқушылар: Тарихи деректердегі үйсіндердің ерекшеліктерін сипаттау
Бағалау критерийі Үйсін мемлекеттік бірлестігінің құрылу тарихын анықтайды.
Әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін айта алады.
Тілдік мақсаттар Негізгі сөздер мен терминология: «Аққу әні», гуньмо, Усунь-го, Чигучен, Шижұн ханша, Сыма Цян, Чжан Цян, «Ши Цзи»
Талқылауға арналған сұрақтар :
1. Қытай авторлары үйсіндердің өмірін қалай сипаттады?
2. «Аққу әні» үйсіндердің тұрмысы туралы қандай мәлімет береді?
3. Үйсіндердің орналасқан жерін картадан көрсет
Құндылықтарға баулу «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының алтыншы құндылығы: Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы
Пәнаралық байланыс География, дүние жүзі тарихы
АКТ – ні қолдану дағдылары Білу, қолдану, түсіну, мәселелерді шешу дағдылары қалыптасады.
Алдыңғы білім Дүниетану 4 сынып. Қазақ жеріндегі ежелгі мемлекеттік бірлестіктер
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланғанкезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы
12 минут Ұйымдастыру кезеңі.
Ынтымақтастық атмосферасын орнату.
Оқушыларды топқа бөлу. Сынып оқушыларын 1,2,3 сандары арқылы топтарға бөлу. Оқушылар сандар арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу.
1-топ 2-топ 3-топ

Үй тапсырмасын сұрау: « Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі
Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге бөлініп , бір – біріне сұрақ қояды:
1.Сақтардың көрші халықтармен байланысы
2.Александр Македонскийдің сақтарға жорығы
3.Сақтардың сауда байланыстарының маңызы
4.Сақтар өз еркіндіктері мен бостандықтары үшін кімдермен күресуге мәжбүр болды?
5.Неліктен басқа билеушілер сақтрды бағындыруға құмар болды?
Оқушылар 3-топ құрайды

«Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі

Сабақтың ортасы:
Негізгі бөлім
10 минут

6 минут

6 минут Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
1-тапсырма. Топтық жұмыс.
Визуальды әдіс: АКТ-дан «Үйсіндер» туралы видеоролик көрсетіледі. https://www.youtube.com/watch?v=WOSlWwjeJmU
Тапсырма: Видеороликті топ болып талқылау.
Дескриптор:
1.Үйсіндер туралы жазба деректерді біледі
2.Үйсін мемлекетінің қалай құрылғандығын біледі
3.Үйсіндердің айналысқан кәсібі мен әлеуметтік өмірін айтады
Жұптық жұмыс: Сәйкестендіру кестесі
Үйсін қоғамындағы әлеуметтік топтарға сипаттама беріңіз.

Гуньмо
(күньби)

Малшылар, егіншілер және қолөнершілер. Құлдар да болған. Олар негізінен соғыс тұтқындарынан тұрған. Олардың еңбегі көбінесе үй шаруашылығында пайдаланылды

Бектар, ру басылары, ауқатты
адамдар
Ол өзіне қараған ел -жұртты балаларына бөліп беріп, мұрагерлік жолмен иеленді. Мемлекеттің ең жоғарғы билешісі

Қарапайым
Бұқара Әскербасылар мен шонжарлар. Сарай маңындағы лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған.
Дескриптор:
1.Үйсін қоғамындағы күнбидің рөлін түсіндіреді
2.Үйсін қоғамындағы бектар, ру басылары, ауқатты адамдардың рөлін сипаттайды
3.Үйсін қоғамындағы қарапайым бұқараның рөлін сипаттайды
Жеке жұмыс.
"Сіз қаншалықты сенесіз?" әдісі арқылы оқушыларға кесте таратылады .Оқушылар сұрақтарды жеке жұмыс жасап, сынып ұжымымен талқылайды
Сұрақтар сенемін сенбеймін
1.Қытай деректерінде «Усунь-го» - «Үйсін мемлекеті» деп аталады. +
2. Усуньго Қытай тілінен аударғанда «жер» дегенді білдіреді +
«аспан»
3. Чжан Цянның хабарлауы бойынша үйсіндердің 120мың түтіні, 630мың адамы, 188 000 әскері болған. +
4.Қытай тарихшысы Жан Чянның «Хан әулеті» еңбегінде «Усунь» этнонимі ең алғаш айтылады. + Сыма Цянның «Ши Цзи» еңбегінде
5. Жазба деректерде Үйсіндер Қазақстанның Жетісу өлкесі, Шу, Талас өңірі, Ыстықкөл және Қытайдың солтүстік батыс аймағында тұрды деп айтылады +
Дескриптор:
1.Үйсіндер туралы Қытай жазба деректерімен танысады
2.Үйсіндердің мемлекеттік шекарасын анықтайды
Топтық жұмыс
АКТ

Жұптық жұмыс Сәйкестендіру кестесі

Оқулық Қазақстан тарихы NIS 2017ж
106-107 беттер

Жеке жұмыс.
"Сіз қаншалықты сенесіз?" әдісі

Сабақтың соңы
6 минут

Үйге тапсырма Кері байланыс :

Үйсіндердің жазба деректері туралы тірек сызба құрастырып келу Кері байланыс
Қосымша ақпарат
Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?
Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
Кейбірі: «Бас қатырғыш»
Үйсін............................СНЙҮІ
Тайпа......................АЙПАТ
Күнби.....................ИНҮКБ
Қытай....................ТЙАҚЫ
Шижұн.....................НҰЖИШ
Барлығы: «Тарихи сынақхат»
Үйсіндерде .......................көп, байларында .........мың жылқы бар. Өте ержүрек, ........................., батырлары да көп. Сатқындарды ............... жазалайды. Қуатты мемлекет. Бағалау – оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?
Мұғалім тарапынан қадағалау, бақылау, түзету жұмыстары
Өзін – өзі бағалау;
Өзара бағалау;

Бағалау

Барлығын Әліде Түсінген
түсіндім сұрақтар жоқпын
бар Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау :
Указканы дұрыс пайдалану;
АКТ мен жұмыс барысында оқушылардың денсаулық және техника қауіпсіздігін сақтау ережелерімен таныстыру;
Сергіту сәті. «Оркестр» жаттығуы .
Мен – дирижер, тыңдаушылар –оркестр. Қолымды төмендетіп сақтар десем ақырын шапалақтайды, жоғарылатып үйсіндер десем қатты шапалақтайды.
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралаушаралары
тиімді болдыма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердімбе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне
неліктен ?

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Категория: Мектеп

 

Ашық сабақ: Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы және оралмандар мәселесі

Автор: admin от 18-05-2018, 00:32, посмотрело: 3263

1 САБАҚ: Қазақстан тарихы Мектеп: Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі
Күні: 30.04.2018 Мұғалімнің есімі: Хидирова Карима
СЫНЫП: 11 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы және оралмандар мәселесі
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Оқушылар Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы және оралмандар мәселесі туралы біледі, білімдерін өздігінен талдап, қорытынды жасауға дағдыланады.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Мәтіннің мәнін толық түсінеді
Оқушылардың басым бөлігі:
Өз ойларын еркін, нақты жеткізе алады
Кейбір оқушылар:
Шет елдегі қазақтар мен Қазақстандағы қазақтардың өмірін салыстырып, бір-бірімен байланыстыра алады
Тілдік мақсат Оқушылар:
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Құрылтай, оралман, квота
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Көшіп келушілерге квота не үшін қажет?
Шетелдерден квотасыз көшіп келушілерге қандай қиыншылықтар туындайды?
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
Қазақтар не үшін шет елдерге көшіп кеткендігі туралы айта аласыз ба?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Құрылтайдың басты мақсаты
Алдыңғы тақырып Қазақ диаспорасының қалыптасу тарихы
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі.

Басталуы
Ұйымдастыру кезеңі.
Ынтымақтастық атмосферасын орнату.
Топқа бөлу – қазақша, орысша, ағылшынша сөздер бойынша топқа бөлінеді, топ ережелерін басшылыққа алып, топтық жұмыс жасайтындары айтылады.
Топ атаулары «Кеше», «Бүгін», «Ертең»
Қазағымның әр төбесі, әр белесі ертегі,
Басып қалсаң топырағын бір ертегі шертеді
Мұхтар Шаханов
«Сен білесің бе?» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.
1.Диаспора дегеніміз не?
2.Ирредента деген не?
3.Қытайдағы қазақ иррендентасының қалыптасуы қай кезде басталды?
4.Ресейдегі қазақ ирредентасының қалыптасуы Оқушылар 3-топ құрайды, топ ережесін сақтайды. Топтар бөлінеді.
«Сен білесің бе?» әдісі
Ортасы Жаңа сабақ
Жаңа сабақ бойынша «Шетелдегі қазақтар» тақырыбында видеоролик көрсетіледі.
Оқушыларға ой тастау. Оралмандар дегеніміз кімдер? Олар жайлы не білеміз?
«Үш қадамды сұхбат» әдісі бойынша топтарға тапсырмалар беріледі.
«Кеше» тобына «Қазақтардың дүниежүзілік басқосуы және Қазақстандағы құрылтайлар» тарауы
«Бүгін» тобына «Қазақтардың атамекеніне оралу кезеңдері» тарауы
«Ертең» тобына «Оралмандар мәселесі» тараулары бөлініп беріледі.
Шығармашылық тапсырма. Қазақ тілі, тарих, шығармашылық жұмыстармен байланыстыру
1-топқа: Өлең шығару
2-топқа: Эссе жазу
3-топқа: Тест құрастыру
«Ой түрткі» әдісі бойынша математикалық есеп беріледі. Есепті шығару арқылы шыққан жылда қандай оқиға болғандығын айтады.
1991*2-1000-990=1992
Алматы қаласында қазақтардың І Дүниежүзілік құрылтайы өтті
950*2+95=1995
«Қазақстан Республикасында тұратын шетел азаматтарының құқықтары туралы» Заң шықты.
2005*3-4200+190=2005
Астана қаласында Қазақтардың ІІІ Дүниежүзілік құрылтайы болып өтті.
1005*2+1=2011
Қазақтардың ІV Дүниежүзілі құрылтайы өтті.
«Семантикалық карта» арқылы сабақты қорытындылау.
№ Сұрақтар 1992ж 1993ж 15 сәуір 1995ж 1996ж 1997ж
1 Стамбулда Түркі халықтарының құрылтайы өткізілді +
2 ҚДА ұсынысымен шетелдегі қандастарымызға мемлекеттік қолдау көрсету бағдарламасы қабылданды +
3 «Иран Ислам Республикасынан және басқа мемлекеттерден отандастарымызды көшіріп алуды ұйымдастыру шаралары және иммиграция квотасы туралы» қаулыға қол қойылды +
4 «Қазақстан Республикасында тұратын шетел азаматтарының құқықтары туралы» Заң шықты +
5 Қазақстан Республикасының «Көші-қон туралы» Заңы қабылданды +
«Кезбе тілші» әдісі бойынша сыныптағы оралман оқушылардан сұхбат алу
Видеоролик көрсету

«Үш қадамды сұхбат» әдісі

Шығармашылық тапсырма

«Ой түрткі»әдісі

«Семантикалық карта»

«Кезбе тілші» әдісі
Аяқталуы Рефлексия. «Тазалық»

Үйге тапсырма: Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы және оралмандар мәселесі


Тексерілді: Қасымбеков А

Бағалау парақшалары арқылы топ басшысы топ мүшелерін бағалайды.
Үйге тапсырма: Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы және оралмандар мәселесі «Тазалық»

Қосымша ақпарат.
Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
Деңгейі жоғары оқушыларға күрделі тапсырмалар беремін. Түртіп алу Әдебиет, математика
Ноутбук
Рефлексия
Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
.
Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Категория: Мектеп дәстүрі

 
Назад Вперед